Шерниязға қарссы мысқыл
Презентация қосу
ШЕРНИЯЗ
ЖАРЫЛҒАСҰЛЫ
(1807-1867)
Жоспары:
o Өмірі мен
шығармашылығы;
o Шернияз-суырып салма
ақын;
o Ақынның толғау-
термелері;
Өмірі мен
шығармашылығы
1.Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Жарыпшыққан бойында өмірге келген.
2. Кете руынан шыққан. Арғы атасы
Байтілеу ауқатты болса да, өз әкесі еті тірі
ел ағасы болған.
3. 15 жасына ақ ділмар, шері атанады.Сол
жасында домбырашы Абылмен кездеседі;
4. Исатай мен Махамбет көтерілісіне
қатысады;
5.Махамбетті ұстауға үгіттейді,бірақ
Махамбет атына еш кір келтірмейтінін
сипаттайды.
Оразғали Сүйінбекұлы айтуынша
Шернияздың Қашанғанмен
кездесіп, тіл қағысқаны туралы бір
аңыз айтады.
Қашаған:
Менің атым Қашаған,
Денемді артық жасаған.
Шынтуайтқа келгенде
Үш алыпты баса алам.
Шернияз:
Қашаған болсаң қияға,
Бар күшіңді аяма.
Ұзын құрық,жүйрік ат,
Қашқанменен қоя ма?
Деп бір ауыз сөзбен тоқтатып
кетіпті.
Шернияз-суырып салма ақын.
Ханға қарсы айтылған;
Исатай оброзын жырлау;
тақырыптары
Өлеңдерінің
Адамгершілік, бірлікке,
жақсылыққа арналған;
Адам өмірін суреттеу;
Мысқыл,кексін, жамандығына
арналған ;
Шернияздың Исатай, Махамбет пен Баймағанбетке арнап
айтқан өлеңдері тұтастай бір сюжетке құрылған
шығарма тәрізді. Қолжазба нұсқаларында әртүрлі
айтылғанмен, олардың жалпы мазмұны бір. Ол
Баймағанбетті іздеп келуден басталады. Күздің бір суық
күнінде таңертең желі басында жүрген Баймағанбетке
келіп сәлем берген Шернияз жалаңаяқ, табанынан суық
өткен соң тымағын басып тұрыпты. “Тәйт, бас киімді
аяққа баса ма екен, сен кімсің?”- депті оған Баймағанбет.
Сонда Шернияз:
Бай-еке, Сіз бір аққан бұлағымыз,
Зарлаған біз бір жетім лағыңыз.
Лыпадан тал бойымда ешнәрсе жоқ,
Жалғыз-ақ жарты күйген тымағымыз.
Аяғым тоңғаннан соң басып тұрмын,
Үсіп кетіп барады құлағымыз, – депті.
Екінші бір нұсқада:
Он мүшем аман болса, күн көремін,
Құлағым аяғымның садағасы, – деген де
жолдары бар.
Ол заманда (хандық билік тұсында) ел билеушілердің
халыққа сөзі өтімді шешен, ақын адамды қасына ұстау
салты болған. Солар арқылы билеушілер сөзін елге
жеткізіп, оларды үгіт-насихат жұмыстарына пайдаланған.
Баймағанбет те Шернияздан басқа Жылқышы, Марабай
сияқты ақындарды ұстаған. Осы мақсатпен Баймағанбет
тілі қанша ащы болса да, дұшпаны Исатайды қанша
мақтаса да, кешірім жасап, Шерниязды қасында
қалдырған.
Бірде Баймағанбет “Сен Исатайды көп айтасын, мақтайсың.
Оның несі артық еді” деп сұрапты. Шернияздың “Па, шіркін,
Исатайдай сабаз тумас”, “Сағынам, ауызға алсам, Исатайды”,
“Исатай – ел еркесі, ел серкесі” деген өлеңдері осылай туған.
Олардың ішінде мынандай жолдар бар.
Сағынам, ауызға алсам, Исатайды!
Ер тумас ел бағына ондай жайлы.
Қарадан халқы сүйіп “ханым” деген,
Жігіт ед төрт тұрманы түгел сайлы.
...Ер тумас ел бағына Исатайдай,
Мінезі толқушы еді толған айдай,
Тарлан боз, торғыл ала жылқы біткен
АҚЫННЫҢ ТОЛҒАУ- ТЕРМЕЛЕРІ
Сондай-ақ Шернияздың бiрнеше термесi бiзге мəлiм. Сонымен бiрге
бiрқанша қысқа қайырылатын өлеңдерi, арнаулары да бар. Бұл терме-
толғаулар Шернияздың тек жай, қарапайым ақын емес, өмiрдi кеңiнен шолып,
оған баға бермек болған, өзiнше пiкiр айтуға ұмтылған ақын екендiгiн
бiлдiредi.
Аттан аттың несi кем,
Өзi тарлан көк болса,
Ерден ердiң несi кем,
Хандардан ханның несi кем,
Халыққа əдiл ерiк болса,- дегендей риторикалық сұраумен
термелеп келедi де, өзiнiң бақылауынша қорытынды пiкiр де айтады. Осы
термесiнiң бiр жерiнде:
Ай, жiгiттер, жiгiттер,
Жердiң жүзiн қарасаң,
Мұнша неге кең болған.
Жетi мүше денемiз
Бiр бiрiне тең болған.
Төрт аяқты хайуандар
Неге адамнан кем болған?
Жарық үшiн күн болған,
Тыным үшiн түн болған,- деп түйедi.
Шернияздың əйелi өлiп, өзiнiң бала шағаларымен
отырғанда, бiр сыйлы
қонақтар келiп қонады. Қызы қонақтарға қойдың қолын асады. Қонақтар
оған риза болмай, өзара күңкiлдесiп:
«Шернияздан бала тумаған екен» дейдi.
Шернияз оны сезiп қалып:
Қонағым, балалар бiлмеген соң қол асыпты,
Асса да бала қолды мол асыпты.
Дүниеге қолдан бұрын сан келмейдi,
Асса да бала қолды жол асыпты,- дептi. Шернияздың əзiл-
қалжың өлеңдерге де тапқыштығын,тез шығаратындығын дəлелдейтiнө
леңдерi көп.
Шернияздың Қызбен айтысы (үзінді)
Шернияз:
Алашқа атың шыққан бір қыз
десем, Нағыздың өзі екенсің Шернияз бен қыз. ОҒК
айнымалы, Қызбын деп және ӘӨИ қолжазба
әлдеқандай бола берме, Сендей қорларында
қыз қажеті жоқ қолаңсалы. сақтаулы. ӘӨИ
қорына (700-бума)
тапсырған Сапарғали
Бегалин. Ол Ештай
Сәлімов деген кісіден
жазып алған.
Қыз:
Антологияға «Айтыс»
Шай, шекер – менің асым,
жинағы (2-том, 1988,
жегенім – бал,
91-95-б.) бойынша
Берейін бес қалампыр, аузыңа
берілді.
сал. Өзіңше сен де бізді
кемітесің,
Беу жігіт, теке сасып, әдіре қал?!
Шернияз: Айтысты қарай келе:
Алашқа атың шыққан бір қыз Шерниязды Қыздың өзі
десем, Нағыздың өзі екенсің шақырады. Кете руынан
көргенсіздің. шыққанын бетіне басып,
Шерниязға қарссы мысқыл
Қыз: түрде айтады. Шернияз
Жоғары көтерілген біздің талай, бірақ, құдаша деп сыпайы
Әнекей, ашулансаң сөзің солай. түрде келе отырып қыздың
Сөзіме ашулансаң, еліңе кет, ашуын сынау мақсатында
Барында аттың қоңы еліңе жет. бойындағы сұлулықты
айтып, көз тастаандай
Шернияз: болады. Бірақта қыз ашуын
Мінгенім мен астыма қалың сауыр, бірден шығарып, жігітті
Мінсем де, жайдақ ерсіз болмас таңдап өзі алатынын
жауыр. айтады. «Қасыңа
Кетермін, Тәңір айдаса, мен еліме, жақындасам, исің жаман,
Бола ма атым өлсе, саған ауыр? Өртенгір, насыбайды неге
атасың?»-дей келе
Шернияздың мінін айтады.
Қорытынды сұрақтар.
1. Шернияздың Абылмен кездесуі.
2. «Махамбет батырдың Шернияз шешенге
айтқан жұмбағы» қай жылы басылды?
3. Шернияздың жерленген жерін тапқан
әдебиетші және қай жылы?
4. Алмажан Азаматқызының «Жетім қыз» атты
дастанынығ байланысы неде? Екінші нұсқасын
кім тапты?
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.Х.Сүйіншіәлиев «Қазақ
әдебиетінің тарихы»
2.М.Мағауин, М.Байділдаев «Бес
ғасыр жырлайды»
3. М.Жолдасбеков «Айтыс ІІ-том»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz