Рибоза дезоксирибоза Крахмал целлюлоза сахароза



№1Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік колледжі
Химия пәнінен қашықтықтан сабағыма шақырамын
Оқытушы: Буршакбаева Сандугаш Булатовна

Көмірсулар
Bilim. land көмірсулар, біз пайдаланған көмірсуларға не болады?

Көмірсулар
Моносахаридтер
(гидролизденбейтін қантты заттар)
Дисахаридтер
(гидролизденіп, моносахаридтердің екі молекуласын түзеді)
Полисахаридтер
(гидролизденіп моносахаридтердің көп молекуласын түзеді)
Глюкоза
Фруктоза
Рибоза дезоксирибоза
сахароза
Крахмал
целлюлоза

Тізбектегі көміртек атомының санына орай моносахаридтер тетрозаға (С4), пентозаға (С5), гексозаға (С6), т. б. бөлінеді.
Глюкоза С6H12O6- кең тараған моносахарид. Ол көп мөлшерде
жүзім шырынында және піскен жемістер мен балдың құрамында
кездеседі. Жануар организмінде, адам қанында 0. 1% глюкоза
болады. Bilim. land -глюкоза фруктоза құрылымы

Глюкоза - бес атомды альдегидоспирт.
Сонымен қатар глюкоза тұйықталған α, β түрде болады.
С1 мен С2 гидроксилдер сақинаның бір жағында болса альфа, ал екі жағында болса бетта форма болады. Глюкозаның судағы ерітіндісінде β формасы басым болады.
α глюкоза → альдегидті формасы → β глюкозаның
Глюкозаның тізбекті және циклды изомер түрлері таутамерлер д. а. Глюкоза алтымүшелі мен қатар бес мүшелі цикл де түзе алады, бірақ ол алты мұшелімен салыстырғанда тұрақсыздау болады.

Алынуы
Табиғатта глюкоза фотосинтез нәтижесінде түзіледі
2) Ең алғаш А. М. Бутлеров формальдегидтен синтездеді:
6HCOH → C6H12O6
3) Өнеркәсіпте крахмалды гидролиздеп алады:
(С6H10O5) n + nH2O = n C6H12O6

1. Күміс-айна реакциясы:
2. Тотығу-тотықсыздану реакциясы
тотықсыздануу
тотығу
Химиялық қасиеттері:
Глюкон қышқылы
Глюкон қышқылы

4. Ашу реакциялары
Спирттік ашу
Сүт қышқылды
Майлық ашу
3. Мыс(ІІ) гидроксидімен қыздырғанда
қызыл
сары

Қолданылуы: глюкоза адам ағзасында зат алмасу процесіне қатысады. Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында глюкозаға ыдырайды.
Адам ағзасында глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады. Тірі ағзада глюкоза оттегімен тотығады, нәтижесінде энергия бөлінеді:
С6H12O6 + O2 = CO2 + H2O + Q осындай энергия бөлетіндіктен медицинада денсаулықты нығайтқыш дәрі ретінде қолданады. Кондитер өнеркәсібінде, ауылшаруашылығында сүт өнімдерін алуға, сыра жасауда қолданады.
Фруктоза- глюкозаның изомері С6H12O6 көп атомды кетоспирт. Ол ашық және тұйық бес мүшелі тізбекті құрылымда болады. Фруктозаны жеміс қанты деп те атайды. Балдың құрамында көп болады. Глюкоза мен қанттан тәтті.

Рибоза мен дезоксирибоза моносахарид пентозалардың маңызды өкілдері.
Рибоза -С5H10O5 мен дезоксирибоза С5Н11О4- суда жақсы еритін,
Тәтті кристалл заттар.
Дисахарид сахароза С12H22O11.
Сахароза көптеген өсімдіктерде, қант қызылшасында, қант қамысында,
сәбізде, қауында, қайын мен үйенкінің шырындарында болады. Ол ақ
түсті кристалды зат, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, сахарозаны балқытып, содан соң қатырса, аморфты мөлдір масса карамель түзіледі. Сахароза күміс айна реакциясына түспейді бұл оның құрамында альдегид тобының болмайтындығын дәлелдейді. Сахароза гидролизденіп, екі моносахарид глюкоза мен фруктоза түзеді. С12H22O12 + H2O = C6H12O6 + C6H12O6
глюкоза фруктоза
Сахарозадан кондитер өнеркәсібінде жасанды бал алады. Өнеркәсіпте қант
қызылшасынан және қант қамысынан алады. Сахароза этил спиртін алуда маңызды зат болып табылады. Оны полисахаридтерден гидролиздеу арқылы алуға болады:
(С6H10O5) n + nH2O → n/2 C12H22O11
Сахарозаның изомері лактоза сүт қанты.
С12H22O11 + H2O → C6H12O6 + C6H12O6
Лактоза глюкоза галоктоза

Полисахаридтер - крахмал (C6H10O5) n табиғатта кен тараған. Күріште 80%, жүгеріде 70-75%, картопта 20% крахмал болады. Крахмал табиғи полимер. Қарапайым буыны -C6H10O5-
Крахмалды алу. Өндірісте крахмалды картоптан немесе жүгеріден алады.
Картоптан крахмал алу үшін оны ұнтақтап турап, сүзгіге салып, сумен шаяды.
Ыдыстарда тұндырып, кейін бөліп алып, кептіреді. Крахмал суық суда ерімейді, ал ыстық суда ісініп, клейстер түзеді. (Bilim. land → полисахарид → 2 бет)
ХЭНДМАГ тәжірибе (қолға арналған сағыз) .
Сапалық реакция: крахмал йод ерітіндісімен қою көк түс береді.
Минералды қышқылдың немесе ферменттердің әсерінен гиролизденіп, глюкоза түзеді.
крахмал → декстрин → мальтоза → глюкоза
Крахмал -негізгі азығымыздың бірі. Бірақ оны организм бірден сіңіре алмайды. Тағамның құрамындағы майлар әуелі гидролизге ұшырайды. Гидролиз процесі ферменттердің әсерінен ауызда басталады, одан әрі асқазан мен ішекте жалғасады. Түзілген глюкоза ішектен қанға сіңіп, одан бүкіл организмге тарайды. Глюкозаның артық мөлшері гликогенге “жануар крахмалына ” айналып, бауырда қор болып жиналады. Организмде гликогеннің жиналуы шектеулі. Адам салмағының 1кг 50-60г гликоген жиналған соң, одан артық мөлшері майға айналып, адам толысып кетуі мүмкін.

Тамақ дайындаған кезде крахмал декстринге айналады. Нан өнімдерін жәнек картопты пісірген кезде крахмалдың аздап гидролизденуінен декстрин түзіледі. Өнеркәсіпте крахмалды гидролиздеп, сірне мен глюкозаға айналдырады. Ол үшін крахмалға сұйытылған күкірт қышқылын қосып қыздырады. Күкірт қышқылының артық мөлшерін бормен бейтараптап, кальций сульфатына айналдырып, бөліп тастайды. Егер гидролизді соңына дейін жүргізбесе, декстрин мен глюкозаның қоспасы сірне алынады. Сірнеден кондитер тағамдарын, кәмпиттер, мармеладтар, джем, тосап жасайды.

Целлюлоза да крахмал сияқты табиғи полмер полисахарид. Оның
молекулалық формуласы да крахмал сияқты. Целлюлозаны клетчатка деп те
атайды. Ол өсімдіктер клеткасы қабықшасының негізгі құрам бөлігі. Едәуір көп
тараған биополимер. Мақта талшығында 98% ға дейін, ағаш сүрегінде 50%
Жуық, жасыл жапырақтарда, шөпте 10-25% болады. Целлюлозаның
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz