Қазақстандағы орталыққа карсы күштер мен ұлттық сананың өсуі




Презентация қосу
№6-тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Қазақстандағы орталыққа карсы күштер мен ұлттық сананың өсуі

Орындаған: Садуакасов Н
Тургунбаев Б
Сираж А
Тексерген: Мынбай А

Ақтау 2022
Жоба жоспары

1. КСРО-ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар.
2. Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері. Орталық биліктің оқиғаға берген әділетсіз бағасы.
3. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның жартыкештігі. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен
партиялардың пайда болуы.
4. Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы. Тіл туралы заңның қабылдануы мен
оның маңызы.
5. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
КСРО-ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі өзгеріс қажеттігі айқын сезіле бастады.1985
жылы наурыз айында КОКП Орталық Комитетінің пленумында Бас хатшы болып М.С. Горбачев сайланды. Ол сол жылдың
сәуір айында өзінің «қайта құру» бағытын айқындайды. Кеңестер Одағының жаңа басшылығының жариялаған әлеуметтік-
экономикалық қайта құруға бағытталған бағыт, кейін уақыт көрсеткендей, оның алдындағы өкімет басшылары сияқты өзін
демократиялық реформатор етіп көрсетуге бағытталған талпыныс еді. Оның алғашқы төрт жылында (1985-1989 жж.)
жеделдету концепциясын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нәтижесіз бастамалар басталды. Жеделдетудің басты қадамы
ретінде өндірістік құрылымды, құрал-жабдықтарды, техникалық жүйелерді жаңарту идеясы ұсынылды. Бұл идеяны
ұсынушылар – академик-экономист А.Г. Аганбегян және т.б. тұтыну жабдықтарын сатып алуға бөлінетін валютаны
азайтып, үнемделген қаржыны сырттан машина жасау өнімін сатып алуға жұмсауды ұсынды. Жоба авторлары бұл шара
1990 ж. қарай құрал-жабдық және машина жасаудың азаматтық салаларының құрал-саймандарының 90% әлемдік стандарт
деңгейіне жеткізуге мүмкіндік әперіп, еңбек өнімділігін күрт өсіріп, жеделдетуге алып барады деп сенді. Аграрлық салада
да ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін ендіру ауыл шаруашылық өндірісін жеделдетеді деп есептеді. Бірақ та,
іс жүзінде, жеке меншіктің, нарықтық қатынастың толық қанды ендірілмеуі жеделдету тұжырымдамасын қиялға
айналдырып жіберді. Өндіріс өнімінің тапшылығы заводтар мен фабрикаларды өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға
ынталандырмады. Өйткені товардың жетіспеушілігі оның сапасына деген сұранысты жоққа шығарды. Сондықтан да
заводтар мен фабрикалар шетелдік құрал-жабдықты сатып алу арқылы жеделдетуге бағытталған партиялық бағытты
барынша орындамауға тырысты. Шет елдерден валютаға сатып алынған құрал-жабдықтар іске асырылмай, заводтар мен
фабрикалар алаңында, темір жол станциялары мен қоймаларда қар мен жаңбыр астында жатты. Жеделдету тұжырымдамасы
өзінің жарамсыздығын ауыл шаруашылығында да көрсетті. Бұл салада оның жүзеге асырылмауының басты себебі меншікке
байланысты болды. Мемлекеттік колхоздық-совхоздық жүйе ғылыми-техникалық революцияның, жаңа технология мен
егіншіліктің ғылыми жүйесінің жетістіктерін қабылдауға дәрменсіз болды. Арендалық әдістерді енгізу еңбеккерлердің
қаржы мен еңбек нәтижелерін иемдену, табылған табысты бөлу принципін өзгертпеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек
нәтижесінен шеттетілген колхоздар мен совхоз еңбеккерлерінің еңбек өнімділігін арттыруға құлқы болмады.
Маскүнемдікпен және тәртіпсіздікпен күрес қайта құрудың алғашқы жылында еңбек өнімділігін шамалы ғана арттыруға
қол жеткізді. Оның есесіне маскүнемдікпен күрес мемлекеттік бюджетті азайтып, тұтыну саласындағы жағдайды
шиеленістіріп жіберді. Халықаралық аренада кеңестік басшылық өз беделін өсіру мақсатында 1985 жылы ядролық сынақты
біржақты тоқтатты. Келесі бір оң қадам 1979 ж. желтоқсанда басталған ауған жанжалын тоқтату болып табылады
Кеңестер Одағы 1988 жылы өз әскерін Ауғаныстаннан шығара бастап, оны 1989 жылы ақпанда аяқтады. Ауғаныстандағы соғыс елге жыл
сайын 5 млрд. сом шығын әкеліп отырған болатын. Бұл соғыс Қазақстанға соқпай өткен жоқ. Республикадан оған 21979 адам қатысып, оның 780-і
қаза тауып, 393-і мүгедек болып, 22-і хабарсыз кетті. Бұл шаралар Кеңестер Одағының әлемде беделін біршама өсірді. Кеңес-Қытай қатынасы
жақсарды. Бірақта, КСРО әлі де болса бұрынғысынша орасан мол армия мен әскери-өнеркәсіп комплексін ұстап отырды. 1987 жылдан бастап
ядролық сынақты қайтадан бастады. «Қайта құру» тұжырымдамасы ұлт мәселесін де одан әрі шиеленістіре түсті. Қазақстанда Одақтың барлық
жерлеріндегі сияқты басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды.
Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес
қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия
комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа
берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде
көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді
шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтеруге,
болып жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. ХХ ғ. 80 жылдары Қазақстанда ұлттық табыс кісі басына шаққанда
Одақтық деңгейден 12% кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік
құрылыстар салуда да ілгерілеу болған жоқ. Мысалы, 80-жылдары Одақ бойынша 10 мың адамға жыл сайын 75 пәтер салынса, Қазақстанда тек –
69, Одақта әрбір 10 мың адамға 404 дәрігерден келсе, мұнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар
мекемелерімен қамту 53% ғана болды. Экологиялық жағдай төтенше түрде күйзеліске түсті. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы ведомствалық
мүдде қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асуына кедергі жасады. Соның нәтижесінде көптеген территория, су мен ауа бассейндері
ластанды. Қазақстанның бірқатар аймақтары экологиялық зардап шегіуші аудандарға айналды. Табиғи ортаны қорғау жұмысының
жеткіліксіздігінен көптеген қалаларда ауаның ластануы өте жоғары деңгейге жетті. Әсіресе, Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарында
экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында көптеген аурулар тарап, балалар өлімі өсті. Міне, осымен байланысты 1986 жылғы
ақпан айында болып өткен Қазақстан Компартиясы ХҮІ съезінде жасаған баяндамасында, ол кезде республика Министрлер Кеңесінің төрағасы
болып істеген Н.Ә.Назарбаев және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар мұндай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген
күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақтылы шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, проблемалық
мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.
Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері. Орталық биліктің оқиғаға берген әділетсіз бағасы.

Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі,
республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық
Комитетінің бесінші Пленумы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші
хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлады. Ертеңіне 17 желтоқсан күні
орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық
білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа-өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен, «Менің Қазақстаным»
әнін айтып алаңға шықты. Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды, ұлттық саяси қайраткерлердің
басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып қалуға
тырысты. 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға «Ұлтшыл,
маскүнем» деген кінә тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден 100,
Ташкенттен 300, Челябіден 203, Новосибирскіден 203, Свердловскіден 225, Тбилисиден 450 адам тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86»
жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы
дайындықтан өткен иттерді жіберген. Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау
басталды. 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам
жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.
Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның жартыкештігі. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың
пайда болуы.

Қазақ зиялы қауымының шығармашылық-мәдени мұраларының ақталуы республикада 1988 жылдың басынан бастап өз күшіне ене
бастады. 1988 жылдың басында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жанында сталиндік репрессиялардың құрбаны болған
халқымыздың ардақты ұлдарының саяси және шығармашылық-мәдени қызметтеріне оң баға беру туралы арнайы Комиссия құрылып, өз
жұмысын бастады. Комиссияның шешімдері бойынша 50-ші жылдардың соңында ақталған, алайда қайсыбір "объективтік" себептерге
байланысты 60-80-ші жылдары кеңінен насихатталуға бәлендей құлық көрсетіле қоймаған қазақ зиялыларымен қатар бұған дейін есімдерін
атауға да тиым салынған ғасыр басындағы ұлт зиялылары, олардың қоғамдық-саяси, тарихи-әдеби және мәдени-шығармашылық мұралары
халқымен қайта қауыша бастады. Саяси қудалау кезіндегі, яғни, 1937,1938 жылдардағы жариялануға тиым салынған шығармалар мен ұлт
көсемдерін ақтауға ұмтылыс басталды. «1988 жылы қаңтарда Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменовтің
сұрауы салуы бойынша Қазақ ССР-нің Бас прокуроры Ғ.Б.Елемесов „Алашорда" қайраткерлерінің үстінен жүргізілген тергеудің заңсыз
жүргiзiлгенiне наразылық бiлдiрiп, Қазақ ССР Жоғарғы сотына ұсыныс жасады. 1988 жылы 4 қарашада Жоғарғы соттың қылмысты iстер
жөнiндегi алқасының мәжiлiсiнде «Кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан „Алашорда" қайраткерлерінің
контрреволюциялық, террористік астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне» қатысты сот үкімі қайта қаралды. Оған Қазақ КСР Жоғарғы
сотының төрағасы Т.К.Аймұхамбетов, Жоғарғы соттың мүшелерi К.Т.Кенжебаев, Е.Л.Грабарник және Қазақ КСР Бас прокуроры
Ғ.Б.Елемесов қатысты. Сол кездегі Құқықтық комиссияның төрағасы, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі, жазушы
Т.Жұртбайдың Жоғарғы соттың мүшесі К.Кенжебаевқа берген әдеби сараптамалық қорытындысы бойынша «Алашорда» қайраткерлерінің
шығармалары мен ғылыми еңбектерінде кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізілмегені расталды. Соның нәтижесінде Қазақ КСР-нің
Қылмыстық және праволық Кодексінiң 375-бабын басшылыққа ала отырып Жоғарғы сот: СССР Халық Комиссарлар Советiнiң жанындағы
ОГПУ-дің ІҮ коллегиясының 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Байтұрсынов Ахмет, Дулатов Міржақып, Аймауытов
Жүсiпбек, Есполов Мирза-Ғазы, Ғаббасов Халел, Әдiлев Дiнмұхамед, Бiрiмжанов Ғазымбек, Юсупов Ахмед-Сафа, Жұмабаев Мағжан,
Омаров Елдес, Битiлеуов Дамолла, Болғанбаев Хайретдин, Байтасов Абдолла, Жәленов Кәрiм және тағы басқалар жөнiндегi қаулысының
күшi жойылсын, олардың iс-қимылдарынан қылмыстық әрекеттер табылмағандықтан да тергеу барысы тоқтатылсын. Қазақ ССР
прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын. Қазақ ССР-нiң Жоғарғы соты - Т.К.Аймұхамбетов. Коллегия мүшелерi - Е.Л.Грабарник,
Қ.Т.Кенжебаев», - деген шешім шығарды
Көп ұзамай, Қазақстан Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің араласуымен Ғылым академиясында
арнайы комиссия құрылды, сол комиссияның шешімі бойынша Алаш қайраткерлерін саяси және шығармашылық тұрғыдан ақтау туралы
арнайы қаулы шықты Осылайша жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, М.Тынышбаев,
Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, Ш.Құдайбердиев т.б. көптеген Алаш қайраткерлері мен ғылыми-
шығармашылық зиялы қауым өкілдері саяси, азаматтық тұрғыда ақталды.
Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы.

Тәуелсіздік жылдары президенттік басқару жүйесімен өмір сүріп келе жатқан Қазақстан өзін тек жақсы жағынан к ӛрсетті. Бұл жүйе даму мен алға
басудың кепіліне айналды деуге де болады. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы тарағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялады. Ал өзінің іргелі мемлекет
ретінде даму жолында президенттік басқару жүйесінің тек жемісін жеді. Бұл Қазақстан үшін ең дұрыс, ең үздік таңдау болғаны сөзсіз. Әлемде
президенттік басқаруды таңдаған көптеген дамыған елдер бар. Ол елдер де қарыштап дамып барады. Осы уақыт ішінде республикалық бас-қару
формасына көшкен мемлекеттердің басым көпшілігінде Президент лауазымы енгізілуі оның өміршеңдігін және институттық-саяси жетілгендігін
көрсетеді. Ұлыбританияның бұрынғы премьері Маргарэт Тэтчерден: «Елді басқарудың қай жүйесі тиімді?» деп сұрағанда ол: «Тәтті нанды дайындау
үшін – президенттік басқару формасы, ал сол тәтті нанды бөлу үшін – парламенттік басқару формасы тиімді болады» деп жауап қайырыпты. Яғни жаңа
мемлекет құруда президенттік жүйе, ал оны басқаруда парламенттік жүйе тиімдірек болады дегені. Біздің ойымызша, бұл жердегі мәселе елді
басқаратын адамға көп байланысты. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған еңбегі
ерекше. Біріншіден, Қазақстан басшысы – мемлекеттің негізін құраушы тұлға. Ол өз елін Кеңес Одағының күйреуі, Азиялық дағдарыс және соңғы
жылдардағы жаһандық құлдыраудан аман алып шыққан көшбасшы.
Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Кеңестер Одағының ыдырауы және ТМД құрылуы.

Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған
декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы
болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-
нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда,
Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і
Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ
КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі,
басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық
және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның
ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы
саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң
шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі
Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында
ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне
тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта
жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды
1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ның ыдырау үрдісі тез қарқынмен жүзеге аса бастады. 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минскіде
Беларусь, РКФСР, Украина республикаларының басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың күшін жойғанын
жариялады. Сонымен қатар Тəуелсіз Мемлекеттер Одағының (ТМО) құрылғандығын мәлімдеді. 1991 жылғы 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта
Азия мен Қазақстанн басшылары бас қосып, Минскіде қабылданған шешімдерді қолдайтындықтарын білдірді.
1991 жылдың желтоқсанына дейін КСРО-ның құрамында болған республикалардың бəрі мемлекеттік тəуелсіздігін жариялады. Қазақстанда
тəуелсіздік алуға қарсы күштер белең алды. Орыс автономиясын құру немесе солтүстік облыстарды Ресейге қосу идеялары көрініс берді.
Тəуелсіздік туралы заңды қабылдауды референдумға салу талаптары алға тартылды.
1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп өзгертілді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда
бүкілхалықтық сайлауда 98,78% дауыспен Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 10 желтоқсанда Н.Ə.Назарбаев Республика
сарайында салтанатты түрде ант қабылдады.
Н.Ə.Назарбаев еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында «Қазметаллургқұрылыс» тресінде жұмысшы болып бастады.
1969 жылы партиялық қызметке ауысып, Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінің бөлім
меңгерушісі, қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болды.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Wikipedia
2. https://www.melimde.com/jariyalili-pen-demokratiyani-nasihattau-barisinda-odati-
respub-v2.html?page=11
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ !!!

Ұқсас жұмыстар
Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
Ұлттық мемлекет құру жолындағы қазақ халқының қозғалыстарының бастаулары
Қазақ шаруалары
Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі
Агрометеорологиялық болжамдар
Философия және Рухани жаңғыру
Ресей империясының қоныстандыру саясаты
Қазақстан мен Орталық Азияда Кеңес үкіметін орнату
Ғылым философиясы
Пәндер