ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАР
Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ: ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАР
Мемлекеттік стандарт – елдің
құзырлы мемлекеттік органы бекітетін тауарлар
мен қызмет түрлерінің стандарты, сондай-ақ
стандарттау объектілері нормаларын, ережелерін,
оларға қойылатын талаптарды белгілейтін,
құзырлы мемлекеттік орган бекіткен
нормативтік-техникалық құжат.
Қазақстанда мемлекеттік стандарт дамуының жаңа
кезеңіне жол ашты. Бұл заңдар 1999 және 2000
жылдары толықтырылды. Осы заңдарға сәйкес
Қазақстан Үкіметі стандарттау жұмыстарын реттеудің
нормативтік құжаттарын дайындады. Қазақстанның
Мемлекеттік стандарт органы 1994 жылдан бері
Стандарттау жөніндегі халықараралық ұйымға (ІSO)
мүше. Қазақстанның стандарттау жүйесі стандарттау
мен сертификаттау жөніндегі ұлттық бағдарламаға
негізделген, Қазақстан кәсіпорындары ІSO-ның
халықараралық стандарттары бойынша жұмыс
істейді.
Қазіргі таңда мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік
қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету
стандарттары негізінде жүзеге асырылады.
Сондықтан ветеринария саласы бойынша ҚР Ауыл
шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 6
мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен «Ветеринария
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
стандарттары» бекітілген. Экспорттау кезінде орны
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге
ветеринариялық сертификат беру үшін өтінішті
қабылдау ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Арал аудандық аумақтық
инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық инспекторы және оның орынбасары
арқылы жүзеге асырылады
Мемлекеттік қызметті алу үшін төмендегідей құжаттар
тапсыру қажет:
- Қосымшаға сәйкес көрсетілген нысан бойынша өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Өнімдер мен шикізаттарды тасымалдаған кезде
ветеринариялық зертхана берген сараптама актісі;
- Тірі жануарлар тасымалдағанда ветеринариялық паспорт
көшірмесі;
- Ветеринариялық сертификат бланкісі үшін төленгендігін
растайтын құжат (квитанция)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту тапсырған
құжаттар тасымалданатын объектіге сәйкес келмеген
жағдайда; тасымалдайтын көлік құралының ветеринариялық
талаптарға және қауіпсіздік қағидаларына сай келмегенде;
тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды ескере отырып, орны
ауыстыралытын объектіні экспорттауға рұқсат болмаған
жағдайда жүзеге асырылады.
Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды,
өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау
және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты;
Ветеринариялық сертификат электрондық нысанда ресімделеді, бланкке басып
шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және
мөрмен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін
қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің
уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ)
куәландырылған электрондық құжат нысанында ветеринариялық сертификатты
алу орны, күні мен уақыты туралы хабарлама жолданады.
ҚР мемлекеттік стандарттау жүйесі атқару, сертификациялау
және метрология саласындағы басты орган болып табылады
және олардың еліміздегі дамуына қолданылуына, өркендеуіне
жауап береді. Мемлекеттік стандарттау жүйесі стандарттау
бойынша заңды актілердің, нормативтік құжаттардың негізгі
қоры саналады. Бұл қор 4 деңгейі жүйедегі құралған:
1. Техникалық заң шығарушы деңгей.
2. Техника-экономикалық информацияны топтастырғыш.
Мемлекеттік стандарт деңгейі.
3. Салалар стандарттарды және ғылыми-техникалық (ежелгі(
инженерлік стандарттар деңгейі.
4. Кәсіпорын стандарттары және техникалық шарттар
деңгейі.
Мемлекеттік стандартты тек қана ҚР-ның стандарттау және
метрологиялық комитеті бекітеді. Мемлекеттік стандарт
барлық мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар үшін қолданылады.
Мемлекеттік стандарт үлкен өнімділіктегі өндірістерге салалық
және көп ретті қолдануларға өнім саласын үйлесімді
қамтамасыз етуге. Өнердің, ғылыммен техникалық әртүрлі
аймақтарында өзара байланысты және өлшем бірлікті
қамтамасыз етуге ережелер нормалар талаптар түсініктер
ретінде орнатылады. Бұдан шығатын қорытынды мемлекеттік
стандарттау объектілері болып саналатындар:
1. Біртекті өнімдердің біріктірілген топтары.
2. Біртекті өнімнің шағын топтары.
3. Нақты өнім.
Студенттерге қойлатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік стандарт дегеніміз не ?
2. Қазақстанда мемлекеттік стандарт дамуының жаңа кезеңіне қай
жылдары толықтырылды?
3. Қазақстанның Мемлекеттік стандарт органы қай жылдан бері
Стандарттау жөніндегі халықараралық ұйымға (ІSO) мүше ?
4. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
стандарттары» қашан бекітілген ?
5. Мемлекеттік қызметті алу үшін қандай құжаттарды тапсыру қажет?
6. Мемлекеттік стандарттау жүйедегі құрылған қорларын атаңыз?
7. Мемлекеттік стандартты кімдер қолданады?
8. Мемлекеттік стандарттау объектілері болып саналатындарды ата.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz