Қазіргі оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы және тұлға қалыптастырудың педагогикалық қағидаттары


Slide 1

Қазіргі таңдағы оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы

Махаш Айжан ЖХМ-011

Slide 2

Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады. Тәрбиенің барлық түрлері мектептің тұтас педагогикалық процессінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Оқушылар мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құңдылықтарымен танысады. Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді. Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтиды.

Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалык өзгерістерге және тәрбие жұмысының көптүрлілігіне байланысты азаматтық, саяси, ұлтаралық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шьнықтыру, құқықтық, экологиялық, экономикалық тәрбие түрлерін ажыратады. Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады. Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.

Slide 3

Тәрбие принципі - бұл тәрбие процесін ұйымдастыруға, әдістерге, мазмұнына қойылатын негізгі талаптар көрсетілген жалпы қоғамдық құбылыс.

1. Тәрбиенің қоғамдық бағыттылығы.

2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы.

3. Тәрбиеде жағымдылыққа сүйену.

4. Тәрбиенің гуманизациясы.

5. Тұлғалық қатынас.

6. Тәрбиедегі қарым-қатынас бірлігі.

Тәрбие заңдылықтары - бұл тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға өнімді нәтижеге жетуге мүмкіндігін жүзеге асыратын, тәрбие процесіндегі тұрақты, қайталанатын және маңызды байланыстар.

Slide 4

Қазіргі демократиялық қоғамда еркін, шығармашылықпен ойлай білетін адамды қалыптастыру міндетіне сәйкес қазіргі білім беру мазмұнында тұжырымдаманың кеңінен танымал үш түрі бар. Сол білім мазмұнының тұжырымдамасының бірінде ғылымдардың негізіне педагогикалық бейімделуіне мектепте оқыта отырып жеке тұлғаның шығармашылыққа деген қабілеттілігі еркін таңдауды іске асыра білуге, адамдарға деген әділ қарым-қатынас сияқты жеке тұлғаның қасиеттері. Қазіргі демократиялық қоғамда адамның өз еркімен толық өмір сүруіне емес бұл әдіс оқушыларды ғылыммен және өндіріспен араластыруға бағытталған. Бұл жерде адам өндірістік фактор ретінде қарастырылады. Әрбір объектіде белгіленген негізгі білімге қойылатын талап және норма білім сапасын анықтайтын эталон спеттес негізінен білім стандарты оқу процесіне қатысты іс-әрекетті ұйымдастыруды реттейтін жалпы орта білім сапасынынң белгіленген нормаға сәйкес оған қойылатын талапқа сай бағытталуы тиіс.

Жалпы орта білім беру стандартына қойылатын талаптар: қажеттілігіне мүмкіндігіне сәйкес қызығушы жақтың әлеуметтік-мәдени жағдайын ескеру; соңғы нәтиженің нормаға сәйкес бағдарлы болуы; білім саласы бойынша стандарттың құзырлық келісімін сақтау.

Әр түрлі әлеуметтік институттарға қарайтындығына байланысты отбасылық, мектептік, мектептен тыс, конфессиялық (діни), балалар, жасөспірімдер ұйымдарындағы, арнайы білім беру мекемелеріндегі тәрбие түрлері болып бөлінеді.

Slide 5

Педагогикалық балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қайта кұру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың оған жауапкершілік, белсенділік, іздемпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.

Мектепке дейінгі ұйымда әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың формалары әр түрлі факторларға байланысты өзгеріске түседі, жаңаланады. Негізгі факторлар:

білім саласындағы мемлекеттік саясат, заңдық актілер мен құжаттар;

тұлғалық және кәсіби-әрекеттік көрсеткіштерді диагностикалық өлшеу процесінде анықталған мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, олардың әдістемелік сауаттылығы;

ұжымдағы моральдық-психологиялық климат, әдістемелік жұмысты жүргізудің материалдық-техникалық мүмкіндіктері.


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиялары: әдістері мен қолдану кезеңдері
Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдаудың мәні, мазмұны және формалары
Мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдаудың теориясы мен тәжірибесі
Тұлғаның өзін-өзі дамуы және оқу-тәрбие үдерісіндегі белсенді интерактивті әдістер
Мұғалімнің зерттеушілік қабілеті мен кәсіби құзыреттілігі: оқу-тәрбие үдерісіндегі нәтижеліліктің шарты
Оқу-тәрбие процесіндегі әдіс-тәсілдер: классификациясы және педагогикалық функциялары
Оқушыларда патриоттық тәрбие қалыптастырудың теориялық негіздері, әдістемесі және тәжірибелік-эксперименттік нәтижелері
Спорттық ұжымда тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық қағидаттары мен психологиялық негіздері
Оқу-тәрбие процесінде ойын элементтерін қолданудың педагогикалық негіздері мен әдістемесі
Ынтымақтастық педагогика: теориясы, принциптері және оқыту-тәрбие үдерісіндегі қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz