Этнопедагогиканың негізі ұлттық тәлім - тәрбие




Презентация қосу
Этнопедагогикалық
ой - пікірлердің шығу
тарихы және дамуы.

Мейірман Балнұр
Жоспары:
I.Кіріспе
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.
II. Негізгі бөлім
1.1. Ерте кезден бастау алған этнопедагогика
1.2. Араб-шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы,, орта
ғасыр ғұламалары мен ойшылдарының тәлімгерлік ой
пікірлері.
1.3. XI-XII ғасырларда қазақ жерінде түркі тілінде жазылған
этикалық- педагогикалық трактаттардың таралуы.
1.4. XIII – XX ғасырда этнопедагогиканың дамуы.
1.5. Соңғы ғалымдар.
III.Қорытынды
Дала даналары мен ғұламаларының ой – пікірлері.
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ .
Қазақ этнопедагогикасының қайнар бұлағы біздің заманымызға
дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол
ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке
ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Себебі,
қазақ халқы, жалпы адамзат баласы пайда болған кезден бастап-
ақ ұрпақ тәрбиесімен айналысқан. Қазақ халқының өте әрідегі
ата-бабаларының өмір сүрген кезінен (VI ғ., Түрік қағанаты)
бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан
рухани мұраларының бірі – халықтық педагогика. Халықтық
педагогикамен қатар «этнопедагогика» атауы жиі қолданылады.
Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін
қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым
саласы. Ол халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен
байланыстырып отыратын өткел іспеттес ғылым.
Этнопедагогиканың негізі ұлттық тәлім – тәрбие.
Ерте кезден бастау алған этнопедагогика.

Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы
ертедегі тастағы жазулардан (Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөк т.б.) басталады. Одан кейінгі
қолжазба, баспа арқылы бізге жетіп, оқу-жазу үрдісімен этнопедагогиканың арқауы болған –
тәлімдік ойлар тарихы өзектестігімен ұлттық педагогиканың (этнопедагогиканың) дамып,
ғылым болып қалыптасқанын көрсетеді. Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму
тарихы қазақтың жазу мәдениеті негіздерімен байланысты (руна жазуы, араб жазуы, латын
жазуы, кириллица жазуы). Ұлттық (этностық) тәлім-тәрбие негіздері ежелгі тас жазуынан
көрінеді.
Араб-шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы,, орта ғасыр
ғұламалары мен ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері .

IX-X ғасырларда ұлы Түркі қағанаты бірнеше мемлекеттерге (Қарлұқ, Түркеш, Қарахан,
Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б.) бөлініп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен
Қазақстан территорияларына үстемдік жүргізулеріне әкеліп соқты. Арабтар ислам дінін
уағыздаумен бірге ғылым мен білім де әкеледі, нәтижесінде түркі халықтарының ұлы
ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Иассауи,
Баласағұн және басқалары араб тілі мен мәдениетін меңгерді. Оның үлкен прогрессивтік
маңызы болды. Кӛптеген шаһарларда діни медреселер ашылды, ғылым мен білім деңгейі
артты. Медреселер діни ілімдермен ғана шектеліп қалмай, арифметика, медицина,
жақаннама (философия), дінтану, астрология сияқты әлемдік маңызы зор дәріснама беруді
басты мақсат етті. Бұл жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген,
Шығыстың екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950)
еңбегіне ерекше тоқтала кетуге тура келеді. Бірнеше ұлттың тілін білген, ғылым-білім іздеп,
бар өмірін сол жолға сарп етіп, артында қыруар еңбек жазып қалдырған әл- Фараби
бабамыздың тәлімдік-ұстаздық еңбегі ұшан теңіз. Оның сан- салалы трактаттарында
(«Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сӛздері», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолында»,
«Риторика» («Шешендік өнер негіздері»), «Қайырлы қала тұрғындарының кезқарастары
туралы трактат» т.б.) педагогикалық, психологиялық, философиялық, дидактикалық және
әдіснамалық ой-пікірлері баяндалған.
Бұл еңбектерінде оқыту әдістерінің ұғынықты, дәйекті, жүйелі, көрнекі
болуына, сондай-ақ дағды, әдет, қабілет, икем, мінез, бақыт т.б. тәлім-
тәрбиелік ұғымдарға түсінік береді. Көз жеткізу, иландыру, мойынұсындыру
тәрізді әдіс- тәсілдерге талдау жасайды.
Қожа Ахмет Иассауи
Мәдени тарихымыздан ерекше орын алатын «Диуани Хикмет» атты кітап жетпіс жыл
бойы діни-мистикалық еңбек деп біржақты бағаланып, беті ашылмай келген, ал
шындығында ӛзінің ақыл-парасат, өсиеттілігімен бүкіл Шығыс елдерінің ғалымдарын
таңдандырған, XI ғасырда ӛмір сүрген әрі ақын, әрі ғалым-философ, тарихшы Қожа
Ахмет Иассауи бабамыздың ғылыми еңбегін бүгінде ыстық ілтипатпен ауызға аламыз.
Иассауидің еңбектерін белгілі шығыстанушылар А.Вамбери, П.Ахмеров, В.Бартольд,
М.Массон т.б. бұдан әлденеше жыл бұрын зерттеп, өз пікірлерін ортаға салып келсе,
бұл бағытта оның туған топырағы Қазақстанда арнайы зерттеу еңбектерінің шықпауы
ӛкінішті-ақ. Иассауи еңбектерінде баса айтылатын, адамды тура жолға бастаушы
жаратушы күшке табыну, оның хақтығына тағзым ете отырып, қиянатсыз, бейкүнә,
адал жандарды тәрбиелеу жайлы тұжырымдар ғылыми зерттей түсуді қажет етеді. Бұл
жерде Иассауидің софылық еңбектері ӛзінен кейінгі ақын-жазушылардың дүниетану
көзқарастарына, қала берді жазба әдебиеттеріміздің шырқау биігі атанған Абайға да
азды-кӛпті әсерін тигізгенін айта кету қажет. Иассауи айтқандай, Абай да «құдай – хақ,
иман – парыз» дей отырып, «жақсылық-жамандықты жаратқан құдай, бірақ қылдырған
құдай емес. Ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес. Байлықты, кедейлікті
жаратқан құдай. Бай қылған, кедей қылған құдай емес... құдайдан қорық, пендеден ұял,
балаң бала болсын десең, оқыт... Иман, обал, сауап бар жерде әділет бар... Хақтың
жолы осы», - деп, халықты имандылыққа, мейірімділікке, әділеттілікке, оқу-ағарту
ісіне үндеген.
XI-XII ғасырларда қазақ жерінде түркі тілінде жазылған
этикалық- педагогикалық трактаттардың таралуы.
Жүсіп Баласағұнидің «Құдатғу білік» («Құтты білік») атты кітабы сол кездегі түркі
тілдес халықтардың дүнияуи тақырыпта алғаш жазылған ескерткіші еді. Мұнда адамға
білімнің қажеттігі, оның тірліктегі мәні, бақыт туралы адамның іс- әрекетінің оң мен
терісі, тілден келетін пайда мен зиян, ел билеуші ӛкімдерге қажетті асыл қасиеттер,
әртекті жұртшылық ӛкілдерінің тілін таба білу т.б. хақындағы ой-толғамдар, сондай-ақ
отбасы мен неке, ұл мен 19 қыздың өнегелі тәрбиесі, баламен ата-ананың қарым-
қатынасына байланысты мәселелер жан-жақты сөз болған.
Орта ғасырдан бізге жеткен тағы бір жазба ескерткіш – түркі тілдерінің
сөздігі, халықтың сөз қолданыс үлгілерінің топтамасы іспетті Махмұт
Қашғаридың «Диуани лұға-ат-түрік» атты еңбегі болды. Бұл сөздікте
этнопедагогикалық және моральдық-психологиялық мазмұндағы қызықты
топшылаулар аз емес.
Осы өңірден шыққан екінші бір ойшыл – Ахмет Жүйнекидің (XII ғ.) «Хибатул
хикайқ» («Ақиқат сыйы») атты шығармасында ілім-білімді игеру ісінің халық үшін
пайдасы, оның көзқарасының бұқарашылық сипаты, гуманистік ой-пікірлері айқын
сипатталады. Ол сол замандағы адамдардың бойындағы ұнамды, ұнамсыз моральдық-
этикалық қасиеттерін атап қана қоймай, сонымен бірге бірсыпыра пайдалы кеңестерін
де ұсынды. Мысалы, «Егер билікке қолың жетсе, мақтанба, асып-таспа», «Бастық
болсаң, жайсаң бол», «Кәріге де, жасқа да құрмет к ӛрсет», «Айтар лебізінді алдымен
ойланып ал» т.б. ұлағатты өсиетнамаларын айтады.

Тілді тыю - әдептілік пен
тәртіптіліктің шарты

Білімді не айтады тыңдап
көріңіз!
Әдептің басы - аузын бағу.
Өшіктірме жанды, білгін бұл
тіл,
Жараласа жазылмас, бітер оқ
жарасы.
XIII - XX ғасырда этнопедагогиканың дамуы

Қазақстан мен Орта Азия жеріне XIII ғасырдың басында Шыңғыс ханның жаулап алушылары
басып кірді. Көп ұзамай, бұл аймақ моңғолдардың ұлан-асыр империясының құрамына енді.
Орыс жылнамаларында мұны Алтын Орда дәуірі деп атайды. Шыңғыс хан шапқыншылығына
ұшыраған қазақ даласы алаулаған өрт құшағында қалды. Көне мәдениет көздері – Отырар,
Сығанақ, Исфиджаб қалаларын жалын жалмады. Моңғол шапқыншылығы Қазақстанның мәдени
жағынан дамуын бірнеше ғасырға кешеуілдетті, оның дербес мемлекет болып, егемендік алу
өрісін барынша шектеді. Алтын Орда ыдырап, қазақ даласы Ресей қол астына қарағанға дейін
(1731 ж.) қазақ жері кескілескен шайқастардың, қанды майданның үлкен арнасына айналды. Жат
жерлік басқыншылар ондаған қалалар мен елді мекендерді жермен-жексен етті. Осы өлкеде
тұратын халықтардың экономикасы да, рухани өмірі де қатты күйзеліске ұшырады. Әл-Фараби
дүниеге келген Отырар қаласы, ондағы атақты кітапхана, медресе, керуен сарайлары т.б.
мәдениет ошақтары жойылып кетті. Атақты астроном Ұлықбектің әлемде теңдесі жоқ
обсерваториясы – ортағасырлық үлкен ғылыми жетістік болып саналды. Алтын Орда
мемлекетінің кезеңдерінде пайда болған «Бабырнама» («Бабыр дастаны»), ал Хорезмидің
«Мухаббатнама», Саиф Сарайдың «Қырық бір батыр жыры», «Гүлстан бит турки», Құтыптың
«Хұсрау Шырын» сияқты туындылары сӛзсіз жас ұрпақтарға тәлім-тәрбиелік ықпалын тигізді.
Бұл кезеңдердегі тәлім-тәрбие кӛріністері негізінен әскери-жауынгерлік бағытта өрбіді. Ел қорғау
мәселелері ұлы ойшылдар мен ақындар шығармаларының өзегі болды. Ата-аналар ұрпақтарының
ең алдымен қайратты, епті және намысқой, өнерлі болып өсулерін талап етіп отырған.
Қазақтың жазу мәдениетінде Қорқыт атаның тәрбиелік мәні зор
жырлары мен мақал-мәтелдері, әлемнің екінші ұстазы атанған әл -
Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалатын, кӛркемдік мәнді
білдіретін ұлағатты сөз ретінде әдептілік пен имандылық, мейірімділікті
білдіретін іс-әрекеттердің, ізгі мінез-құлықтардың кӛркем көріністерінде,
ұлттық мәдениет пен ғылым, білім, поэзия, музыка жөніндегі
тұжырымдары, Ахмет Иассауидің діни тәрбиенің мәні туралы ойлары,
Жүсіп Баласағұнидің кемелді ел болу жолдарын көрсетуі, Мұхаммед
Хайдар Дулатидің ұлы тәлімгерлік ойлары, Абайдың өсиеттері,
Ыбырайдың педагогикалық ойлары, Шоқанның ел мәдениетін арттыру
үшін істеген әрекеттер, Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық білім беру
жүйесі, Мағжан Жұмабаевтың қазақ педагогикасын түзуі, Жүсіпбек
Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын зерлей бастауы, кейінгі
ғалымдардың қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде қалыптастырып,
пән ретінде оқытуға ұсынуы ұлттық педагогиканың (халық педагогикасы
мен педагогикалық ойлардың), яғни қазақ этнопедагогикасының дамып,
қалыптасу жолдарын көрсетеді.
Соңғы ғалымдар

Әдібай Табылдиев
Қ. Ж. Қожахметова Қ. Жарықбаев
С.Қалиев «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен
тарихы» атты еңбегінде XV-XIV ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-
жырауларының поэзиясынан халықтың салт-дәстүрін, ой-арманы мен
тілек мақсатын айқындап берген. Себебі, жыраулар толғауларынан
халқымыздың небір тағылымдарға толы ойлары, мұң-мұқтажын, ой-
толғаныстары, қуаныш-сүйініші, болашақ ұрпаққа айтар өнегелі өсиеті
берілген. Ғалымның ойынша, олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің,
ұлағатты ұстаздарының ролін атқарады. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
- бүгінгі Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың негізгі
іргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дүниеге келген
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди», «Жаханнама»,
Қадырғали Жалайырдың «Жамиғат тауарих», халық тағылымы:
«Қазақтар шежіресі» ұрпақ үшін зор тәлім-тәрбиелік мәні бар
шығармалар екенін баяндаған.
Ғалымның бұл дәуірді сипаттай келе мал шаруашылығы, ою-өрнек пен
зергерлік бұйымдар жасау, кілем, алаша тоқу, ер-тұрман, құмған, ыдыс-
аяқ жасау, музыкалық аспаптар жасау сияқты қасиеттер жедел дамып,
жастарға еңбек және эстетикалық тәлім-тәрбие берудің негізгі құралына
айналғаны туралы ойын білдіреді. Жоғарыда аталған еңбекте С.Қалиев
қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелеріне кеңінен
тоқталып, этнопедагогикалық ұғымдарға ғылыми анықтама берген.
Қазіргі кезде этнопедагогика мен халық педагогикасы ұғымдары туралы
әртүрлі анықтамалар бар екені бергілі. Сондықтан жоғарыда аталған
еңбегінде бұл ұғымдарға арнайы тоқталған.
Дала даналары Олардың этнопедагогикалық ой - мақсаттары
мен
ғұламалары
Күлтегін (684 - Ұрпақты ерлікке, бірлікке тәрбиелеу
731)
Қорқыт ата Әйел ананы, ер азаматты тәрбиелеу, жауыздықпен, опасыздықпен
күресу т.б.
Әл - Фараби Ғылымдар негіздерін жасау, этика, эстетика, музыка, поэзия
сәулеттерін ашу, тәрбие мен білім бірлестігінің мәнін ашу т.б.
Ахмет Яссауи Дін тәрбиесінің құдіретін уағыздау, ардың биіктігін, жан мен тәннің
тазалығын, тақуалық пен білімдарлықтың мәнін ашып көрсету т.б.

Жүсіп Баласағұн Елді кемелдендіру, елді басқару жолдарын көрсету, ақыл, парасат,
қанағат, әділдік бейнелерін ашу т.б.
М.Х. Дулати Ел басқарушының қасиеттерін айқындау, ұрпақты күнәлардан
сақтандыру, имандылық пен кісіліктің мәнін ашып көрсету т.б.
М. Қашғари Жас ұрпаққа халықтың асыл қасиеттерін үйрету, түркі тілдес
халықтардың бірлігін уағыздау, тіл құдіретін ашып көрсету.
Өтейбойдақ Ұлттық тәрбие мен психологияның, медицинаның негіздерін ашу.
Абай Құнанбаев Өнер, білім, тіл, мәдениет келешегіне сәуле беру, ұлттық тәрбиенің
ұрықтарын шашу.
Ыбырай Алтынсарин Халыққа білім беру, ұлттық педагогиканың, балалар әдебиетінің негізін қалау.

Шоқан Уалиханов Ұлттық ғалымдардың негіздерін жасау, ұлттық мәдениеттің тарихан жасап,
болашаққа жол ашу.
Ахмет Байтұрсынов Ұлттық ғылымдардың негіздерін жасау қазақ тілі ғылымы мен
журналистикасының керегесін қалау.
Мағжан Жұмабаев Ұлттық педагогиканың, қазақ поэзиясының негіздерін жасау.

Жүсіпбек Аймауытов Ұлттық психологияның қазақ романының бастау бұлағын ашу.

Міржақып Дулатов Ұлттық тәрбиенің, ұлттық журналистиканың, балалар әдебиетінің қайнар
бастауларын ашу.
Шәкәрім Құдайберді ұлы Қазақ поэзиясы, ұлттық тәрбие мәселелері туралы ойларды іске асыру.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Ұлттық тәрбие мәселелерін, қазақ поэзиясын, ұлттық мәдениетті көтеру.

Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетін дамыту, филология ғылымының негіздерін қалау, ұлттық
тәрбиенің шаңырағын көтеру.
Төлеген Тәжібаев Ұлттық психология ғылымын дамыту, ұлттық мәдениетті өркендету.

Құлжанова Нәзипа Мектепке дейінгі тәрбиенің негіздерін қалау, қазақ әйелдеріне білім беру
мәселесін қозғау.
Соңғы ғалымдар Қазақ этнопедагогикасының теориясын жасау ( С. Қалиев), ғұламалардың
этнопедагогикалық ойларын сараптау ( Қ. Жарықбаев) , қазақ
этнопедагогикасының методологиясын түзу (С.Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова),
қазақ этнопедагогикасының оқу бағдарламасын, оқу құралын, әдістемесін түзу
(Ә. Табылдиев) т.б.
Назарларыңызға
Рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңдері және даму тарихы
ЭТНОПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Этнопедагогика оқулықтары
Қазақ халқының рухани адамгершілік дәстүрлерінің тұлға тәрбиесіндегі аксиологиялық аспектісі
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ - ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасуы
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ - ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ ТУРАЛЫ
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен бағыттары
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері
Пәндер