Жастар өте амбициялы
Презентация қосу
Z ұрпағының
психологиялық потретін
құру
Орындаған: Аймагамбетов Ғ
Молдабеков М
Қабылдаған:Айжарыков Г
Ұрпақ теориясы
1990-жылдардың басында АҚШ социологы Уильям Штраус пен Нил
Хоуви екеуі әлеуметтану саласына жаңаша түсінік әкелді. Y-ұрпақ,
Z-ұрпақ, Альфа-ұрпақ деген ұғымдарды негіздемек болды. Жаңа
ұрпақ келе жатыр деп адамзат буынын латын қарпімен белгіледі.
Шындап келгенде, әлеуметтанушы мамандарының көбі ұрпақ
буынын бұлай бөлуді қаламайды. Ғылыми негізі мен дәлелдеме
дерегі жоқ дегенді алға тартады. Бірақ бұл ұғым ғылыми ортадан
бөлек салада жиі қолданылып кетті. Әсіресе, маркетинг пен саясат,
білім мен басқа әлеуметтік салада қолдануға жеңіл ұғымға
айналды.
Аталған бейресми теорияға сенсек, дәуір табалдырығын аттағалы тұрған ұрпақ – Z-ұрпақ екен. Оны
"зумер", "зед" деп атайды қысқаша. Бұған 1990 жылдардың соңы мен 2000-жылдардың басында туған
жеткіншектер жатады. Қазір бұлардың алды жоғары оқу орнын бітіріп жатса, соңы мектепте жүр.
Z-ұрпаққа тән қасиет
Зед-ұрпақты кейде "сандық ұрпақ", "цифр-адам" деп те атайды. Бұл ұрпақ көбіне балалық шағын
компьютердің алдында, ойыншықтың орнына сандық гаджет ұстап өскен ұрпақ. Олар өзінің алдындағы
ұрпақ сияқты материалдық құндылықты жоғары қоймайды. Креативті идея мен эмоцияға берілгіш келеді.
Әрдайым мотивация қажет.Бұл ұрпақтың өкілдері табиғатынан креативті, шығармашыл, идея тудырғыш,
амбициясы жоғары келеді. Жаңа ортаға оңай бейімделеді. Жаңашылдықты тез қабылдайды. Орта, жер
мен ел ауыстырудан қорықпайды. Барынша еркін жүргенді
Бір қызығы, бұл ұрпақтың мінез-құлқы өзінен бұрынғы ұрпаққа
тура қарама-қарсы. Егер Y-ұрпақ тұрақтылықты ұнатса, бұлар
тұрақтылықты жақсы көре қоймайды.
Жұмыс таңдау, карьера
Z-ұрпақ жұмыс таңдауға келгенде біршама кірпияз. Алдыңғы ұрпақ сияқты табыс тапсам
болды, кез келген жұмысты істей беремін немесе карьера қуып, жетістікке жетемін дегеннен
аулақ. Егер бұрынғы ұрпақ "бос жүрмеу керек, әйтеуір жұмыс істеу керек, табыс табу керек"
десе, Z-ұрпақ үшін жұмыс істеу, жұмыс табу аса маңызды емес.
Егер бұрынғы ұрпаққа жұмыссыз жүру ұят болса, бұларға ондай ұғым жат. Бірінші кезекте
жұмыс емес, "ол жұмыс маған не береді?" деген ой. Бос жұмысқа уақыт құртқысы келмейді,
үйренері бар, мотивация берерлік жұмыстарды қош көреді.
Егер бұрынғы ұрпақ бәрін төменнен бастап, карьера баспалдағынан өтіп барып,
еңбекақысын өсірсе, бұл ұрпақ ондай емес. Бірден жалақысы жоғары жұмысқа орналасқысы
келеді.
Жас ұрпақты ең алдымен компанияның құндылығы, маңыздылығы толғандырады. Ірі
компанияның жетістікке жетуіне көмектескісі, сол ірі ұйымның бір кірпіші боп қаланғанды құп
көреді.
Жұмыс таңдау, карьера
"Жастар өте амбициялы. Ата-
анасы сияқты карьералық
жетістікке 10-20 жыл жүріп жеткенді
қаламайды.Мансап баспалдағынан
жылдам өткісі келеді. Тез жетістікке
жетуді қалайды. Кейде жұмыс
берушінің өзіне талап қоятын
сәттері болады. Бірақ бұл ұрпақ
басшы болуға аса ұмтылмайды.
Бір емес, бірнеше жұмысты қатар
алып жүргісі келетіндер көп.
Оларға вертикалды емес,
горизонталды карьералық өсім
маңызды", - дейді Ресейдегі Ancor
қаржылық қорының вице-
директоры Алексей Миронов.
Еңбек нарығы өзгеріп барады
Қазір еңбек нарығына жастар, яғни, Z-ұрпақтың өкілдері келе бастады. Соған орай, еңбек нарығының да
біртіндеп өзгергенін байқауға болады. Қазір еңбек нарығында келесідей тренд басымдық алды.
• Жұмыс берушілер қызметкерді уақытша немесе белгілі бір уақытқа ғана
қабылдайтынын түсінді. Бұрынғыдай бір қызметкер бір мекемеде өмір бойы жұмыс
істейді деген түсінік жоқ. Жастар жұмыс ауыстыруға, жаңа орта табуға бейім келеді.
Зумер-ұрпаққа бір жерде 10-15 жыл істеген тиімсіз. Байқасаңыз, жастар жағы үнемі
жұмыс іздеумен жүреді.
• Қашықтан жұмыс жасау белең алды. Гибридті жұмыс графигіне ауысып жатқандар
көп. Зерттеушілердің айтуынша, алдағы уақытта жастардың 41 пайызы қашықтан
жұмыс істеуге ниетті болмақ.Жұмыс берушілерге де қашықтан жұмыс істеген тиімді.
Кеңсеге шығын кетпейді.Z-ұрпақтың өкілдері икемді. Бірнеше жылдан кейін еңбек
нарығының 40 пайызы зумер-ұрпақ құраған сәтте, жұмыс уақыты икемді графикке
көшпек.
• Компаниялық мәдениет қалыптаса бастады. Яғни, компания басшылығы әлеуметтік
бастамаларға қолдау білдіруші институтқа айналуды шындап қолға алды. Z-ұрпақ
волонтерлікке бейім. Сондықтан түрлі экологиялық, әлеуметтік бастамаларға
"Зумерлер 30-40 жасқа толғанда, бизнес ашары, белгілі бір компанияның
басшылығына келері анық. Сол кезде де, өзінің психологиясына салып, икемді
жұмыс кестесін жасап, қазіргі графиктен бөлек қызметтік тізім жасауы мүмкін",
- делінген Ресейдегі Unity компаниясының жүргізген зерттеуінде.
Көшбасшылық қабілет:
Көшбасшы бола білу барлық буын
өкілдері үшін маңызды: соның ішінде Y
және Z буындарының 61% үшін
маңызды болса, X буыны–57%. Олардың
тұрғылықты жері бойынша да
айрамашылық байқалған. Мысалы,
Скандинавия елдерінде Y буынының
өкілдері көшбасшылыққа аса
қызығушылық танытпаса, Мексикада
керісінше: норвегиялықтар 47%, ал,
мексикандықтар 76%. Ең жоғары
көрсеткішті АҚШ (77%) жастары
көрсеткен. Менеджмент саласы
бойынша үш буын өкілдері де тікелей
басқарудан гөрі, коучинг, яғни үйрету
тәсілі арқылы басқаруды жөн санайды.
Сонымен қатар, Z буыны
Көшбасшылыққа ұмтылатын ер адам мен әйелдер арасындағы айырмашылық:
• X буыны — 63% ер азамат пен 52% әйелдер көшбасшылыққа ұмыталады;
• Y және Z буыны — ер азаматтардың 63%-ы әйел адамдардың 61%-ы көшбасшы болуды
қалайды.
X буынына жататын әйел адамдар үшін көшбасшылық кәсіптің дамуына өз үлесін қосатын
мүмкіндігі мен өз тәжірибесімен бөлісе алатындығы арқылы қызықты болса, Y буыны
көшбасшылықты коучингпен байланыстырады. Ал, Z буыны үшін жауапкершілік
маңыздырақ. Үш буынның ер азаматтары жоғары жалақыны басты себеп еткен.
Одан бөлек, зерттеушілер көшбасшылық жолда оларға
кедергі болатын нәрселерді анықтады. Әйел адамдар
күйзелісті бірінші орынға қойды, кейінгі сатыға өздеріне
деген сенімсізідік пен ер-әріптестеріне қарағанда төмен
көрсеткішге қол жеткізу қорқынышын қойған. Ал,
Қытайда миллениал әйелдер дамуға мүмкіндіктің
аздығын алға тартса, АҚШ-та өз мақсаттарын шындыққа
айналдыра алмаудан жасқанады. Ал, Швецияда шектен
тыс жұмыс істеу қорқынышы бар.
Кәсіпкерлік
Зерттеу бойынша барлық буын
өкілдері жеке кәсіпкерлікпен
айналсуға қызығатынын
көрсетті. Z буының әрбір
төртінші студенті өз бизнесін
ашқысы келетінін айтты. Ал,
егер халықаралық компанияда
жұмыс істеу мен өз ісін ашу
мүмкіндігі туса қайсын таңдар
едіңіз деген сауалға Z
буынының өкілдері біріншісін
таңдаса, қалған екеуін
екіншісін жөн санайды.
Әлемдік ірі корпорацияларда
жұмыс істеу бойынша ең аз
Технология
Болашақта кеңсе қызметкерлері үшін
таптырмас жаңа технологиялық құрал туралы
сұраққа «Зеттер» виртуальды шынайылық деп
жауап қатты. X буыны болса, виртуальды
шынайылық адамға айтарлықтай әсер
бермейтінін, болашақта бағдарламамен
қамтамасыз ету, кодтау маңызды дағдыға
айналатынын айтты.
Ал, технологияның адамдарға кедергі келтіре
ме әлде көмектесе ме деген сауалға
Ұлыбритания, Норвегия мен Швеция
тұрғындары кедергі десе, Дания мен Мексика
көмекші деген пікірге тоқталған.
Қазақстанда:
Қазақстанда нақты статистикалық дерек жоқ
болса да, өмірдің өзі көрсетіп жатқандай.
Отбасын құруға, есеюге асықпайтын буын Z
ертерек жұмыс істеп, өз мансабын
қалыптастыруға тырысып бағады. Бірнеше
жылдан соң, бұл буын өкілдері
көшбасшылыққа келіп, аға буынды жаймен
ығыстыра бастайды. Олардың талабы бір –
жауапкершілік, әділеттілік пен еркіндік.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz