Психологиялық түсінік бойынша - Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект




Презентация қосу
Тұлғааралық
қабылдау әсерлері

Орындаған: Аймагамбетов
Ғалымбек
Тобы: Усз-ТТ-21
Қабылдаған: Айжарыков Ғабит
Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын
ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты
сипаттайтын ұғым. Адамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму
жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды
әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі...
Адамдармен қарым-қатынас жасай білу – ол қант немесе кофе сияқты
сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі
басқа нәрселерден артық төлеймін. - Джон Дэвисон Рокфеллер.
Психологиялық түсінік бойынша - Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей
алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі
нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “менен”
ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір
мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі
бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық
шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады.
Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше
қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір
келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.
Тұлғааралық қатынас - Тұлғааралық қатынас — этно психологияда әрбір
тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-
дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-
қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын
арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу;
сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет,
сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.
Тұлғалық белгілер - Тұлғалық белгілер
— адамның даралық ерекшеліктерін
көрсететін, психологиялық және
физиологиялық элементтерін және оның
ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір
бойы қалыптасатын психофизиологиялық
жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы —
негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері"
деген ғылыми анықталған терминді
қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға
қасиетінің теориясы тұлға дамуының
құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын
қарастырады.
Тұлғаның бағыттылығы - Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және
нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның
бағыттылығы оның мүдделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және
бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері
тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен
қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зиятты, ақыл-ойы, еркі,
сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.

Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-
әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады.
Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды:
«Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен
өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін
адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен
қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады».
Топ ішіндегі тұлғааралық өзара
әрекеттесулер мен өзарақатысуларды
зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі
әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ
аталмыш топтың құрамына енетін
адамдардың өзараәрекеттесулерін
терең білу.
Сонымен барлық өндіріс адамдардың
бірігуін талап етеді. Алайда ешқандай
адамзатқауымы егер өз құрамындағы
адамдарарасында байланыс орнамаса,
олардың арасында өзара түсіністікке қол
жетпесе толыққанды бірлескен іс-
әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы,
мұғалім оқушыларға бір нәрсені үйрету
үшін қарым-қатынасқа түсуі керек.
Оңашалану (изоляция)
жағдайында адамның дауыстап,
өз-өзімен, қоршаған заттармен,
жануарлармен және ойдан
шығарылған әңгімелесушілермен
сөйлесетіні байқалған. Осы
тәріздес жағдайларға өз еркімен
немесе кездейсоқтықта қоғамнан
және тұлғааралық қарым-
қатынастан айрылған адамдар
мысалы: (теңіздер мен мұхиттарда
жалғыз саяхаттаған, полярлық
жағдайда қыстағандар, үңгірлерді
зерттеушілер,жер сілкінісі кезінде
үйінділер астында, елсіз аралдарда
қалғандар, жеке камераға
қамалғандар т.б.) дәлел болады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
жасаудың қажеттілігі мен маңызын
жапондықтардың жеке басын тәрбиелеп
жетілдіру әрекетіндегі істерінен айқын
аңғаруға болады. Адам өзінің бойындағы
қабілеті мен іскерлігін жетілдіруді «Дзен» деп
атап, оны неғұрлым өзін-өзі сынап көреді
екен. Мұндай сынақ адамның денесі мен
рухани жағынан дамып жетілу жолындағы
күрделі қиындықтарды жеңуге тура келеді.
Бұл сынақ бойынша адамның ешкіммен
қарым-қатынас жасауына тыйым салынып,
оны 10 тәулік бойы елсіз даланың үңгірінде
тіршілік етуге баулитын көрінеді. Бұл жапон
тілінде «Моритао» делініп, адам өзімен-өзі
тілдесуге де тыйым салынатын көрінеді.
Мұндай жағдайда адамның рухани дамуы
тежеліп, жалғыздық тіршіліктің ащы дәмін
тататын болады.
Ғылымда басқа адамдармен нақтылы
қарым-қатынас жасаудың өзі іс-
әрекетнәтижесіне кері әсер ететіндігін
дәлелдейтін басқа да фактілер
анықталған. Осыған орай әлеуметтік
ингибиция феномені айқындалған.
Әлеуметтік ингибиция (латынның
inhebere – тежеу, тоқтату) яғни басқа
адамдардың (шынайы немесе қиялдағы)
қатысуының орындалып жатқан іс-
әрекеттің сапасы мен жылдамдығының
нашарлауына әкеледі.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесу
тәсілдерінің жүйесі. Қарым-қатынастың мазмұнын ең алдымен, хабар алмасу,
мұғалімнің әр түрлі коммуникативті құралдарынаң көмегімен оқушылармен өзара
түсіністік пен өзарақатынастарды ұйымдастыруы құрайды.Оқытушылар мен оқушылар
ұжымының қарым-қатынас процесін ұйымдастырмайынша, педагог қызметінің
дидактикалық және тәрбиелік міндеттерін жемісті түрде іске асыту мүмкін емес.
Сонымен, педагог қызметіндегі қарым-қатынас дегеніміз: біріншіден, жеке оқу
міндеттерін шешу құралы ретінде; екіншіден тәрбие процесін әлеуметтік психологиялық
қамтамассыз ету жүйесі ретінде; үшіншіден, оқытушылар мен оқушылардың оқу мен
тәрбиенің табысты болуына негіз болатын өзарақатынастарының белгілі бір жүйесін
ұйымдастыру тәсілі ретінде, төртіншіден, оқушы тұлғасын онсыз тәрбиелеу мүмкін емес
процесс ретінде көрінеді. Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз- мазмұны хабар
алмасу, оқу-тәрбиелік ықпал ету және өзара түсіністікті ұйымдастыру болып табылатын,
педагог пен оқушылар ұжымы арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі, тәсілдері мен
дағдылары. Педагог осы процестің инициаторы болады, оны ұйымдастырады және
басқарады.
Педагогикалық қарым-қатынас бір жағынан, оқу-тәрбие процесінің эмоционалдық фоны, ал
екінші жағынан оның тікелей мазмұндық сипаттамасы болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің
жүйесі. Қарым-қатынастың мазмұнын ең алдымен, хабар алмасу, мұғалімнің әр түрлі
коммуникативті құралдарынаң көмегімен оқушылармен өзара түсіністік пен өзарақатынастарды
ұйымдастыруы құрайды.Оқытушылар мен оқушылар ұжымының қарым-қатынас процесін
ұйымдастырмайынша, педагог қызметінің дидактикалық және тәрбиелік міндеттерін жемісті түрде
іске асыту мүмкін емес. Сонымен, педагог қызметіндегі қарым-қатынас дегеніміз: біріншіден, жеке
оқу міндеттерін шешу құралы ретінде; екіншіден тәрбие процесін әлеуметтік психологиялық
қамтамассыз ету жүйесі ретінде; үшіншіден, оқытушылар мен оқушылардың оқу мен тәрбиенің
табысты болуына негіз болатын өзарақатынастарының белгілі бір жүйесін ұйымдастыру тәсілі
ретінде, төртіншіден, оқушы тұлғасын онсыз тәрбиелеу мүмкін емес процесс ретінде көрінеді.
Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз- мазмұны хабар алмасу, оқу-тәрбиелік ықпал ету және
өзара түсіністікті ұйымдастыру болып табылатын, педагог пен оқушылар ұжымы арасындағы
өзара әрекеттестік жүйесі, тәсілдері мен дағдылары. Педагог осы процестің инициаторы болады,
оны ұйымдастырады және басқарады.
Педагогикалық қарым-қатынас бір жағынан, оқу-тәрбие процесінің эмоционалдық фоны, ал екінші
жағынан оның тікелей мазмұндық сипаттамасы болып табылады.
Қарым-қатынастың үш жағы. Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты
түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады:
коммуникативті, интерактивті, перцептивті (1,2 схема).
Қарым-қатынастың осы үш жағын бірлікте қарастыру қажет. Қарым-қатынастың коммуникативті
жағы (тар мағынада) – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, яғни, білім,
идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік). Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.
Перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі), соның
негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Осы үш жақтың бірлігінде қарастырылатын қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті және оған
қатысушы адамдардың өзара қатынастарын ұйымдастыру тәсілі болып табылады. Қарым-
қатынастың заңдылықтарын білу және қарым-қатынас дағдылары мен қабілеттерін дамыту
әсіресе педагогтар үшін өте маңызды, өйткені олар оқушыларды өздерімен бірлесіп әрекет етуге
жемісті түрде тарта алған жағдайда, тәрбиешінің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін
өзара әрекеттестік пен өзара түсінушілікті жолға қоя білгенде, яғни толыққанды педагогикалық
қарым-қатынасты жүзеге асыра алғанда ғана кәсіби міндетін табысты түрде атқара алады.
Сонымен қатар, жеке тұлғааралық қарым-қатынас: императивті, манипулятивті және диалог
болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас – авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-
қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері - әсер етілетін
обьект, «пассивті» обьект болып есептелінеді.
Көптеген іс-әрекетте, мәселен, әскери өмірде, кейбір шытырман, қиын-қыстау жағдайларда
осындай қарым-қатынас қажет. Мұндай қарым-қаитынастың орынсыз, этикаға сыймайтын кездері
де болады: өте жақын адамдар арасында, тәрбиелік, педагогикалық, т.б. қарым-қатынастарда.
Түсініспеушілік барьерлерінің бірнеше түрлері болады:
1) фонетикалық барьер жатады. Әр түрлі тілде, диалектіде сөйлеу, тілдегі кемістік (немесе дикция),
тілдің граматикалық құрылымының өзгеруі. Өте тез сөйлеу, сөзді анық айтпау, қосымша
дыбыстардың болуы да осыған себеп болады.
2) семантикалық барьер сөз мәнінің ерекшеліктері (тезаурус) әр түрлі жаргондар, слэнгтер. Әр түрлі
ортаның өзіне тән «мини-тілі» болады. Өздерінің қалжыңдары, тілінің оралымдары, т.с.с. Мұндай
барьерлерден аттай білу мұғалімдер, дәрігерлер, басшылар үшін өте қажет.
3) стилистикалық барьер – коммуникатор тілінің стилі жағдайға сәйкес келмегенде немесе
реципиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес болмағанда көрінеді.
Мысалы, балаларға берілген мәлімет қызықты, түсінікті тілде емес, қиын ғылыми тілде айтылса,
осындай құбылыс байқалады. Сондықтан коммуникатор өзінің реципиенттерінің көңіл-күйі,
жағдайларын сезіне білуі керек, қарым-қатынас жағдайларының өзгерістерін тез сезінеп, соған
байланысты өзгерістер енгізуі қажет.
4) логикалық барьер коммуникатордың ұсынған логикалық тұжырымдары өте күрделі болғанда
туындайды. «Ерлер логикасы», «әйелдер логикасы», «балалар логикасы», т.б. логикалар туралы
айтуға болады.
Қарым-қатынастағы әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерге саяси, діни, кәсіби ерекшеліктерді жатқызуға
болады. Қарым-қатынас процесіндегі мәлімет алмасу деңгейлері екі түрде іске асырылады:
вербалды, вербалды емес.
Қарым-қатынас және тіл.
Қарым-қатынасты жалпыны өндіру, өзара әрекет ету мен
бірлескен іс-әрекет процесінде адамдарды біріктіру ретінде
түсіну, бұл жалпының ең алдымен қарым-қатынас құралы
ретінде тіл болып табылатындығын жорамалдайды.
Тіл қарым-қатынасқа түсушілер арасында коммуникацияны
қамтамасыз етеді, өйткені хабарды айтушы (хабарды сөз
мағынасында кодтайды) және сол хабарды қабылдаушы
декодировка жасайды, яғни сол мағыналарды ашып, сол
хабардың негізінде өзінің мінез-құлқын өзгертуі қажет.
Ақпаратты басқа адамға беруші адам (коммуникатор) және
оны қабылдайтын адам (реципиент) қарым-қатынас пен
бірлескен іс-әрекет мақсаттарын іске асыру үшін мәндер
кодификациясы мен декодификациясының бір жүйесін
пайдалануы, яғни «бір тілде» сөйлеуі тиіс. Егер коммуникатор
мен реципиент кодификацияның әр түрлі жүйесін
пайдаланса, онда олар өзара түсіністік пен бірлескен іс-
әрекет табысына қол жеткізе алмайды. Егер қолданылған
белгілер (сөздер, жесттар, иероглифтер және т.с.с.) арқылы
бекіген мәндер қарым-қатынасқа түсуші адамдарға таныс
болса ғана, ақпарат алмасу мүмкін болады.
Мән (мағына) – бұл қоршаған болмысты тануға көмектесетін элемент ретіндегі белгінің,
таңбаның мазмұндық жағы. Құрал арқылы адамдардың еңбек іс-әрекеті іске асады, белгілер
(таңбалар) олардың танымдық іс-әрекеті мен қарым-қатынасын жүзеге асырады.
Сөздік белгілер жүйесі қоғамдық тарихи тәжірибені меңгеру және беру құралы ретіндегі тілді
құрайды.
Тіл қоғамдық тәжірибені жинау мен беру құралы ретінде еңбек процесінде пайда болды және
қоғам тапқа бөлінбей тұрған кезеңде дами бастады. Айтарлықтай маңызды ақпараттарды бір-
біріне беру үшін адамдар белгілі бір мағынаны құрайтын ыбыстарды пайдалана бастады.
Қарым-қатынас кезінде дыбыстарды пайдалану әсіресе, адамдардың қолдары еңбек заттары мен
құралдарынан босамай, ал көздері сол заттарға қадалған жағдайларда қолайлы болды.
Дыбыстар арқылы ойларын жеткізу сондай-ақ, қарым-қатынасқа түсушілер арасындағы қашықтық
айтарлықтай болған жағдайда, қараңғыда, тұманда ыңғайлы болды.
Тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау арқылы жеке адамның миындағы әлемнің бейнесі басқа
адамдардың миында бейнеленетін немесе бейнеленіп қойғандармен толығып отырады –
ойлармен алмасу, ақпараттармен алмасу.
Сөздің белгілі бір мағынасы, яғни заттық әлемге қатысы болады. Мәндер (мағыналар) жүйесі
адамның бүкіл өмірінің барысында дамып және байып отырады, оның мақсаттытүрде қалыптасуы
– орта, сондай-ақ жоғары білімінің орталық звеносы.
Вербалды қарым-қатынас техникасы
Вербалды емес қарым – қатынас жүйесі өте
маңызды болғанымен , ол тек ойды айқындап,
нақтылайды және нақты бір ақпаратты эмоция
арқылы білдіреді.
Ал вербалды қарым – қатынас құрамы күрделі
болып табылады.
Лексика (гр "lekikos" – сөздік) – бір тілде
барлық сөздердің жиынтығы деген ұғымды
білдіреді. Оны сөздік құрам деп те атайды.
Фразеология (гр"phrasis" – сөздік манерасы)
тұрақты сөз тіркесі.
Грамматика (гр"gramma" - әріп жазу) – тіл
құрамы, тіл формаларының жүйесі, сөз
айтудың әдісі, синтаксистік конструкция тіл
қарым-қатынасының негізін құраушы.
Синтаксис (гр "syntaxis" – орын тәртіп құру) –
сөз, сөз тіркесін сөйлем құрастырудың тәсілі.
Дикция (лат "dictio" – оқылу, айтылу) –
сөздердің оқылу және айтылу манерас
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Тұлғалық белгілер
Тұлғаның әлеуметтануы
Тұлға
Мектепке дейінгі жастағы баланың тұлғалық дамуы
Ересектік шақ
Дәрігер тұлғасы. Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар
Тұлға теориясы
ТҰЛҒА ТҰТАС АДАМ ЖҮЙЕСІНДЕ
Тұлғаның теориялары
ТҰЛҒА ИНДИВИД
Пәндер