Алматыдағы Эдуард Баум мұрасы
Презентация қосу
Алматыдағы Эдуард Баум
мұрасы
«Баум тоғайы»
Адрес
г. Алматы, проспект Суюнбая, 211
Тарихы
Тоғай туралы алғашқы ескермелер 1854 жылы,
мемлекеттік қазына тоғайы – мемлекеттік
тәлімбақ көшетінен қала ішінде орналасқан
тұрғындар тегін көшеталады алды, ал орман
танушы ғалымдар көшет отырғызу жөнінде
тегін нұқаулықтар берді. Тоғай – қала тұрғызу
мақсатында құрылған деген ақпараттар да
кездеседі, қарағашпен теректер тез
өсетіндіктен құрылыс жабдықтары ретінде
қолдануы мүмкін. Агроном-орман танушы,
ғылым кандидаты, Эдуард Оттович Баум Верный
қаласына 1868 жылы келді. 1877 ж. Э.О. Баум
тоғайда өсіру және отырғызу жұмыстарын
басқарды. Ол уқытта Верненская деп аталатын
және қайғылы жағдайда болатын. Э.О.Баум
оған жаңа өмір сыйлады. Онның басшылығымен
төменгі тоған және арық жолдары салынды.
Э.О.Баум жетекшілігімен әр ширекке сайын
белгілі бір ағаштардың тұқымдары қондырылды.
Э.О.Баумның тоғайдағы жұмыстары табысты
аяқталғаннан бастап, қала сыртындағы керкмет
паркке «Баум тоғайы» деген атау берді.
Заңды мәртебесі
Алматы қаласы әкімшілігінің 2017 жылғы 20- желтоқсандағы №4/550 қаулысына сәйкес «Алматы қаласы
коммуналдық меншігіндегі» РММ » Іле-Алатау МҰТП» коммунналдық меншікке Алматы қаласы табиғи паркіне
«Баум Тоғайы» деп шешім қабылданды.
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2017
жылғы 26-қыркүйектегі №593 қаулысымен бекітілген ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы заңының
14-бабы 2-тармағының 7-тармақшасына және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың тізбесін бекіту туралы 37-тармағына сәйкес «Баум Тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткіші болып
бекітілді.
ҚР МТЕ-нің Орман кодесне сәйкес «Баум Тоғайы» мемлекеттік орман қорының ерекше қорғалатын орман
аумағына жатады. (44бап)
ҚР Үкіметінің 2006жылғы 28- қыркүйек №932 қаулысымен бекітілген Өсімдік әлемінің бірегей жеке нысаны
ретінде, ерекше ғылыми және тарихи –мәдени маңызы бар мемлекеттік республикалық табиғи қорық қоры
нысанының тізбесіне кіреді.
Аумақтың сипаттамасы
Мемлекеттік табиғат ескерткіші «Баум Тоғайы» Алматы қаласы, Туркісіб ауданы Сейфуллин мен Суюнбая
көшелерінің арасында биіктігі 750м, теңіз деңгейінен орналасқан. Көлемі 139,5086га. құрайды. Аймақ Алматы
қаласының барлық аудандарына қол жетімді.
Тоғай солтүстіктен оңтүстікке қарай 3,5км, ені 0,4-0,8км созылып жатыр. Оның шекаралары шығыстан
теміржол веткасымен, оңтүстік және солтүстіктен тұрғын уй құрылысымен, батыстан өзенмен шектеседі.
Баум Тоғайы Алматы қаласының ең жасыл бөлікті аймағын қамтиды, сонымен қатар қала үшін маңызы зор.
Алматы соның ішінде бірегей және бағалы экологиялық мәдени , эстетикалық тұрғыдан алғанда орман үшін
қызмет етеді , үлкен қала оны сақтап қорғайды.
Өсімдіктер әлемі
Ағаш және бұта өсімдігі. Баум тоғайын қалпына келтіру және сақтау
жобасының шеңберінде жүргізілген тауарлық-материалдық құндылықтардың
нәтижелері бойынша зерттеу аймағында ағаштардың 49 түрі тіркелді,
олардың 7-і қылқан жапырақты және 42-і жапырақты.
Жапырақтылар арасында 8 жұмсақ жапырақты, 16 – қатты жапырақты, 18
жемісті және сәндік түрлері бар. Ағаш-бұта қабат түрлерінің жалпы
құрамында ағаштың тек 11 түрі және ерекше табиғи аймақ пен биік
белдемде бұталардың 4 түрі бар. Қалған 38 ағаш және 11 бұта Солтүстік
Тянь-Шань тау бөктеріне тән емес инорионды өсімдіктер болып табылады.
Шөпті өсімдіктер. Жоғары шөпті өсімдіктердің түрлерінің саны шамамен 118
түр. Сондай-ақ, тоғайға 1 түрі фермен (спор), ал төменгі өсімдіктерден - 7
түрлі саңырауқұлақтар және бірнеше мүк түрлері келесі кезең
жұмыстарында анықталады. Флористикалық және фитоценотикалық
әртүрлілік су тасқынының экожүйелерінде байқалады. Негізгі
территорияларда өсімдіктердің құрамы аз, ал арамшөптер кең таралған.
ӘКЕ ЖОЛЫ МЕН АҒА ІЗІН ҚУҒАН
Эдуард Баумның (1850-1921) әкесі – көп жыл Пензада тұрып, бау-бақша училищесін басқарған
Балтық немісі Оттон Баум (1813-1876). Эдуард Баумның мамандық таңдауына әкесінің қызметі
ықпал еткен. Ол әуелі Петров егіншілік және орман шаруашылығы академиясын, кейін Петербург
егіншілік институтын бітірген.
Верный қаласына әуелі Эдуардтың ағасы – Оттон Баум (1842-1892) келген. Мамандығы физик-
математик болғанымен, ол Верныйда бау-бақша саласында жұмыс істеген. Верный қазынашылық
бауының бас бағбаны, кейін директордың орынбасары болып еңбек еткен, бағбандар мектебін
басқарған.
Кей деректерге сәйкес, Эдуард Баум Верный қаласына 1874 жылы, ал тағы бір деректер бойынша,
1875 жылы келген. 1876 жылдың қыркүйегінде оны облыстық орман қорықшысы, кейін аға
қорықшы-бақылаушы етіп тағайындаған. Верныйда өзі құрған орман мектебін басқарған. Верный
қалалық думасына өкіл болып сайланып, облыстық кеңестің қала істері жөніндегі мүшесі болған.
Верный ағарту ісі жанашырлары қоғамын басқару арқылы қоғамдық жұмыстармен белсене
айналысқан. Эдуард Баум жыл сайын 15 сәуірде «Ағаш егу мерекесін» өткізу арқылы да Верный
тұрғындарын табиғатқа сүйіспеншілікке баулып, қаланы көгалдандыру ісіне үйреткен. 1902 жылғы
мереке кезінде Кіші Алматы өзені арнасы бойына ағаштың әр түрінен 1500-ден аса көшет егілген.
Оған совет үкіметі тұсында да жұмыс табылып, Жетісу орман бөлімшесін басқарған, бірінші
шақырылған Алматы облыстық кеңесі атқару комитетіне мүше болған. Кезінде профессор-
натуралист Владимир Шнитников «Эдуард Баум – нағыз орман жанашыры еді, оның әр ағашын өз
қолымен егіп, баптағандай мәпелейтін» деп жазған.
ЭДУАРД БАУМНЫҢ ЕҢБЕГІ
Эдуард Баумның басшылығымен әрі оның тікелей қатысуымен Жетісу
өңірінде Ақсай, Колпаковский, Іле, Каменка, Тастақ сияқты тоғайлар бой
көтерді. Ол үлкен селекциялық жұмыстар жүргізіп, өлкеде бұрын өспеген
ағаш-бұталарды Жетісуға жерсіндірді (ағаштың 61 түрі, бұтаның 52 түрі,
алманың 74 сорты, алмұрттың 49 сорты және өзге де жеміс ағаштары).
Оның Алматыда қалдырған ең үлкен мұрасы – өзінің есімімен аталатын
Баум тоғайы. Көпке дейін тоғайдың негізін Эдуард Баум салды деп
есептеліп келді. «Алма-Ата» (1983 жылғы басылым) энциклопедиясында
тоғай тіпті 1892 жылы пайда болды деп көрсетілген. Бірақ өлкетанушылар
мен мұрағатшылардың ізденістері тоғайдың ағайынды Баумдар Верныйға
келмей тұрып пайда болғанын көрсетеді. 1904 жылғы құжатта Верный
тоғайын (сол замандағы атауларының бірі) 1868 жылы облыстың әскери
губернаторы Герасим Колпаковскийдің жарлығымен Үлкен және Кіші
Алматы станцияларының казактары еге бастаған деп жазылған. Қала
Верный деп аталған тұста оны «Алферов тоғайы» деп те атаған.
Тоғайды облыс орман шаруашылығы қарауына бергеннен кейін оны дамытуға
Эдуард Баум зор үлес қосты. 1877 жылдан бастап тоғайға жетекшілік етті.
Кейін бүкіл Жетісу өлкесіне тараған қарағаштың алғашқы тұқымы тоғайға сол
жылы егілген еді. Тоғай тәлімбағында (питомник) өсірілген көшеттер кейін
Жетісу жерінде орман өсіру ісіне үлкен үлес қосты.
Эдуард Баум қайтыс болғаннан кейін тоғай оның есімімен атала бастады.
Азаттық тілшісі әңгімелескен алматылық өлкетанушы Александр Воронов
тоғайға Эдуард Баумның есімін беру туралы ұсыныс жазылған мәтінді өз
көзімен көргенін айтады. Ол кейін тиісті қаулы қабылданған шығар деп
жорамалдайды. Алматылық тағы бір өлкетанушы Владимир Проскурин
керісінше, «тоғайға Баум есімін беру туралы ресми құжат жоқ» дейді.
Баум тоғайына оңтүстік-
батыс жақтан
кіреберісте автокөлік
және мотоцикльмен
жүруге тыйым
салынатыны ескертілген
жазу ілінген. Алматы, 7
желтоқсан 2015 жыл.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz