Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысы: 2018 ж. №1464 және 2021 ж. №750 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер


Slide 1

"Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйегіндегі № 1464 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 750 бұйрығы.

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Палата өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы", "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Жарғыны басшылыққа алады.

Slide 5

Палатаның қызметінің мақсаты мен негізгі түрі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң көмегін көрсету болып табылады.

Slide 6

Палата функциялары:

Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді;

Кәсіптік мінез-құлық қағидалары мен Кәсіптік әдеп кодексін белгілейді;

Палата мүшелігіне қабылдау қағидалары мен шарттарын белгілейді;

Уәкілетті органмен келісу бойынша заң көмегін көрсету стандарттарын, заң көмегі сапасының өлшемшарттарын белгілейді және палата мүшелерінің оларды орындауын қамтамасыз етеді;

Палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды есепке ала отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;

Slide 7

Заң консультанттары палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

Палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

Заң консультанттары палатасының мүшелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

Мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді;

Slide 8

"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Жарғыда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасының мүшелерін жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарайды;

Орта білімнен кейінгі, жоғары заң білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыруға жәрдемдеседі;

Практиканы қорытады және заң көмегін одан әрі жетілдіру мен дамыту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді;

Заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізеді;

Slide 9

Заң консультанттары палатасына мүше етіп қабылдау осы Жарғының ережелері сақтала отырып жүзеге асырылады.

Азаматтық істер бойынша жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету түрінде заң көмегін жүзеге асыратын адамдар үшін заң консультанттары палатасына мүшелік міндетті болып табылады.

Жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң көмегін көрсететін жеке тұлға Палата мүшесі болып табылады.

Заң консультанттары палатасы палата мүшелеріне қойылатын қосымша талаптарды көздеуі мүмкін.

Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі.

Заң консультанттары палатасына кіру үшін атестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

Мүшелік, Палатаға мүшелікке қабылдау және оны жоғалту шарттары, тәртібі

Slide 10

Палатаға мүшелік атқарушы органға заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылдау туралы жеке жазбаша өтініш берумен ресімделеді. Өтініште азаматтың тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетілуге тиіс, егер өтініш беретін адам заңды тұлғамен еңбек қатынастарында тұрса, онда қосымша заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері мен банктік деректемелері көрсетіледі.

Slide 11

Палатаның құқықтары

Slide 12

Палатаның құқықтары

Slide 13

Палатаның құқықтары

Slide 14

Палатаның құқықтары

Slide 15

Палатаның құқықтары

Slide 16

Палатаның құқықтары

Slide 17

Палатаның құқықтары

Slide 18

Палатаның құқықтары

Slide 19

Үміткер заң консультанттары палатасына кіру үшін:

Жоғары заң білімі туралы құжатты;

Жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының жоқтығы туралы анықтаманы;

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар екенін растайтын құжаттарды;

Аттестаттау нәтижелерін ұсынады.

Палата мүшелеріне қабылдау туралы шешімді Палатаның алқалы басқару органы қабылдайды.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Ортаңғы топ (4-5 ж.) үшін Денсаулық білім беру саласының дене шынықтыру үлгілік оқу бағдарламасы
2014-2018 ж. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің стратегиялық жоспары: геодезия мен картографияның жағдайы және негізгі мәселелері
Кенжебай Нұрбибі Кемалқызының педагогикалық тәжірибе портфолиосы - Ж. Жабаев атындағы №234 мектеп, 1 «А» сыныбы, 2021-2022 оқу жылы
Ж. Қараев пен Ж. Кобдикованың оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі: теориясы, тәжірибесі және оқушылар шығармашылығын қалыптастырудағы ықпалы
Ш және Ж дыбыстарының артикуляциясы мен логопедиялық түзету әдістемесі
ХІХ-ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы: 1867-1868 ж. әкімшілік реформалары мен 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісі
Алтынбек Қоразбаев (1948 ж.) - өмірбаяны, шығармашылығы және мәдени мұрасы
Ақтөбе қаласының білім беру жүйесінің кадрлық әлеуеті мен көрсеткіштерін мониторингі (2018-2021 жж.)
Ж. Пиаже теориясы және ойындардың бала психикасы мен тіл дамуына ықпалы
Қазақ тілін оқыту методикасы: Сағира Рахметова мен Ж. Нұржанованың әдістемелік құралдары мен тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz