Кәсіпкерліктің ұйымдық - құқықтық нысандары
Презентация қосу
Кәсіпкерліктің ұйымдық-
құқықтық нысандары
Шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл – экономикалық
агенттер, экономикалық бірлестіктер (ұлттық шоттар жүйесінде –
институционалдық бірліктер), олар өзінің атынан активтерге
қожалық ете алады, міндеттемелер қабылдай алады, талаптар
қояды, басқа бірліктермен экономикалық қызмет пен
операцияларды жүзеге асырады. Алайда ұйымдық-құқықтық
көзқарас тұрғысынан алғанда басты орынды жүйелі
ұйымдастырылған субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар:
фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылықтары, шаруашылық
серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар
және басқалары алады. Бұрын таралған «зауыт», «фәбрик»,
«кәсіпорын» (салалар бойынша) атаулары сиректеу қолданылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің едәуір бөлігі – қоғам
тіршілігін қамтамасыз ету көзі – материалдық қоғамдық өнім
жасалатын материалдық өндіріс сферасында айналысатындықтан
бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі
болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы
жүйесінің аса маңызды буыны ретінде қоғам экономикасының
іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және
материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материалдық,
еңбек және қаржылық ресурстардың көпшілік бөлігі
шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс
үдерісін қамтамасыз етеді.
Толып жатқан шаруашылық жүргізуші субъектілер әр түрлі
белгілері бойынша сыныпталады және оларды осы немесе
өзге түрі бойынша межелеудің негіздемесі қаржыны
ұйымдастырудың сипатына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамына
материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және
рыноктық экономика жағдайларында өзінің қызметін
коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын
өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар
(фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, ша-руашылық
серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар
және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша
сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың
негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі
мүмкін.
Межелеудің ең жалпы белгісі шаруашылық жүргізуші субъек-
тілерді қызмет сфераларының біріне – материалдық немесе
материалдық емес (қызметтер сферасы) сфераға жатқызу болып
табылады.
Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік
субъектілерінің құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасы
заңнамасымен кепілденілген.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақ-стан
Республикасы Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық
жүргізуші субъектілердің құқықтық тәртібіне айтарлықтай
өзгерістер енгізді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық
нысандары мен олардың мөлшерін ажырата білген жөн.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық
нысандары меншік нысанымен – мемлекеттік, жеке меншікпен
(әр түрлілігімен) анықталады. Мөлшері бойынша шаруашылық
жүргізуші субъектілер шағын, орта және ірі болуы мүмкін.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады.
Мысалы, экономиканың нақты секторының жекеше шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің қаржылық қорлары мына көздер есебінен құрылады:
меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс, банк кредиттері;
бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар); мемлекеттік
кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен
және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады;
кооперативтерде – кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының
қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен
шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас
нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы
активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде
жұмыскерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік
акционерлік қоғамдарда да осылай.
«Шаруашылық серіктестіктері туралы» заңға сәйкес шаруашылық
серіктестігі – жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың)
салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру
деп есептелетін және заңи тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым.
Шаруашылық серіктестігінің мынандай нысандары белгіленген:
1) толық серіктестік;
2) сенім серіктестігі;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5) акционерлік қоғам;
Сенім серіктестігі өзінің бүкіл мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері
бойынша қосымша жауапкершілікті ниеттестікпен алып жүретін
қатысушыларды және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатыспайтын
жауапкершілігі шектелінген қатысушыларды кіріктіреді.
Толық серіктестіктің табысы мен залалдары қатысушылар
арасында, серіктестіктің жарғылық қорына салған олардың
салымдарының мөлшеріне үйлесімді түрде бөлінеді;
жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен сенім серіктестігінде
де осылай бөлінеді.
Қаржылық қатынастардың акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір
ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық
қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді.
Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының
әр алуандығы мүмкіндік туғызады. Қаржыны ұйымдастыруға
акциялар категорияларының (кәсіпорынның акциялары, еңбек
ұжы-мының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары),
олардың түрлерінің (артықшылықты, жай акциялар) әр
алуандығы әсер етеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz