Рибосомаларды кіші тығыз денешіктер түрінде 1955 жылы



РИБОСОМА
Орындаған: Олжабай Ажар
Қабылдаған: Ешимбетова Г.

Жоспар:
Негізгі сипаттама
Құрылысы
Қызметі

Рибосома (лат. rіbes - ағыс және грек. some- дене) - ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады.

Рибосомаларды кіші тығыз денешіктер түрінде 1955 жылы Паладе ашты. Электрондық микроскоптың көмегімен ашылған рибосомаларды тығыз бөлшектер немесе Паладтың гранулалары деп атайды. 1958 жылы Робертс оны рибосома деп атаған. Рибосомаларды тек электронды микроскоп арқылы ғана көруге болады.

Ақуыз молекуласынын синтезіне бірнеше рибосомалар қатысады, оны полисома деп атайды.
Рибосомалар химиялық құрамы жөнінен нуклеин ақуызына жатады, яғни рибосоманың құрамы рибонуклеин қышкылы мен ақуыздан тұрады деген сөз. Оның құрамында р-РНҚ-ның мөлшері 50- 63%-ке дейін болады. Рибосоманың негізгі затының бірі ақуыз дедік, ендеше әрбір прокариоттық рибосомадағы оның орташа мөлшері 55, ал эукариоттық рибосомада 100 түрлі ақуыз болады. Рибосомадағы көптеген ақуыз р-РНҚ-ның белгілі бөлігімен байланысты және онын құрамына тек ақуыз синтезі кезінде ғана кіреді.

Рибосоманың құрылысы
Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр жасушада шамамен 1000-нан 1-ға дейін Рибосомалар болады. Шамамен диам. 20 нм-дей. Рибосомалар екі класқа бөлінеді: 70S және 80S (S-седиментация коэфф., Сведберг бірлігі) . 70S Рибосома ядросы жоқ прокариоттар жасушаларында, ал 80S Р-лар эукариоттардың цитоплазмасында болады. Химиялық құрамы жағынан Р-лар РНІ-нан және ақуыздардан тұратын нуклеопротеид болып саналады. 70S Рибосомасының 60 - 65%-ы РНҚ және 35 - 40%-ы ақуыздан, ал 80S Рибосомасының50%-ы РНҚ-дан, 50%-ы ақуыздан құралады. Құрылымы жағынан Рибосомалар үлкен және кіші суббөліктерден тұрады. топтасып (5-70-тен) орналасып, полисомалар (полирибосома) түзеді. Рибонуклеопротеидтен құралған ( пен РНҚ) рибосомалар жасуша цитоплазмасында базофилді боялады, олардың құрамында ферменттер де кездеседі.

Негізгі қызметтері
Эндоплазмалық торда және оның жасушаларында орналасқан биосинтез бен ақуызды тасымалдайтын бірыңғай жүйе болып саналады. Рибосома митохондриялар құрамында да болады. Бос рибосомалар жасушаның өзіне керекті протеиндерді, ал эндоплазмалық тор қабырғасындағы рибосомалар жасушадан сыртқа шығарылатын протеиндерді түзуге қатысады.
Рибосомалар жасушада ақуыз синтезіне қатысатын құраушыларды ұстап тұру, оларды бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Эндоплазмалық тордың жарғақшасындағы рибосомалардың бірнешеуі бірігіп полирибосома құрайды. Олар жасуша жасуша тіршілігіне қажетті ақуызды синтездейді. Рибосомадағы ферменттер, магний мен кальцийдің тұздары зат айналым өзгерістеріне қатысады. Рибосомада минералдық элементтерден азот, фосфор, темір және мыс кездеседі.

Назарыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz