Девиация түсінігі


Slide 1

Тақырып : Девиантты мінез құлық әлеуметтануы

Негізгі ұғымдар: девиация, аномия, деликвентті мінез құлық, әлеуметтік бақылау, норма, белгі тағу, ақ жағалы қылмыскер, эндоморф, экзоморф, мезоморф, асоциалды мінез құлық.

Slide 2

Девиация сөзі латын тілінен аударғанда deviate деген сөзден шыққан. Deviate ауытқу дегенді білдіреді. Девиантты мінез құлық бқл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мінез құлқы. Адамның іс әрекеті, мінез құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге және одан күтілетін әрекееттерге, құндылықтарға сәйкес келмеуі.

Slide 3

Девиантты мінез құлықтың мәнін ашу “норма” түсінігімен байланысты. Өйткені норманы бұзған, яғни нормадан ауытқыған адамның мінез құлқы девиантты мінез құлық болып табылады.

Әлеуметтік норма бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның шектелген іс әрекеті. Норма мінез құлықтың реттелуін қамтамасыз етеді және мінез құлыққа әлеуметтік қадағалау жасайды.

Slide 4

ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында девиатты мінез құлықтың биологиялық және психологиялық себептерін түсіндіретін трактаттар шыға бастады. Итальяндық дәрігер Ч. Ломброзо қылмыстық әрекет пен адамның биологиялық ерекшеліктері тікелей байланысты деп түсіндіреді. Американдық психолог В. Шелдон да адамның дене бітімінің маңыздылығын атап көрсетеді.

Slide 5

Девиантты мінез құлықты әлеуметтанулық тұрғыдан ең алғаш болып Э. Дюркгейм түсіндірді. Ол әлеумееттік және мәдени факторлардың мәнін ашатын “аномия” түсінігін ұсынды. Аномия бұл реттіліктің, заңдылықтың болмауы.

Сонымен қатар, девиантты мінез құлықты зерттеген Р. Мертон болып табылады. Р. Мертон девиацияның себебі қоғамның мәдени мақсаттары мен оған қол жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдары арасындағы алшақтықта деп санайды. Р. Мертонның пікірі бойынша адамдар алдына мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін түрлі жолдарды таңдайды. Мәселен, жақсы немесе жаман жолдар. Жақсы жолмен мақсатына жете алмаған адам жаман жолмен жетуі мүмкін, бұны да девиацияның бір түріне жатқызуға болады.

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Э. Дюркгейм бойынша өзін - өзі өлтірудің түрлері

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Глоссарий

Девиация - көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу;

Аномия - қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы;

Деликвенттілік - заң бұзушылық, қылмыс жасау;

Әлеуметтік бақылау - әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың іс-қимылына қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тиым салу механизмі.

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

А. И. Икенов «Әлеуметтану негіздері»

Кравченко А. И “Социология”, М., 2000.

Тәжин М., Аяғанов Б “Әлеуметтану негіздері” А., 1993

Павленок П. Д. “Социология”, М., 2002

Булатова А., Исмағамбетов З. “Курс лекции по социологии”, А., 2002


Ұқсас жұмыстар
Девиация мен әлеуметтік бақылау
Девиантты мінез құлық әлеуметтануы
Девиантты мінез - құлық әлеуметтенуі
Онтогенез эмбрионизациясы
Девиацияның формалары
Девиантты мінез - құлықтың қалыптасу кезеңдері
Девиантты мінез - құлық ұғымы
ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Девиантты мінез - құлық
Жалпы суицид туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz