Жоғары жүйке әрекеті және оның баланың өсіп - дамуы барысында қалыптасуы




Презентация қосу
Дәріс тақырыбы:
Лекция 4. Жоғары жүйке әрекеті
және оның баланың өсіп-дамуы барысында
қалыптасуы

Дәрежесі: б.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Кафедра «Жаратылыстану ғылымдары» ФИО: Қожамжарова Латипа Сейдахметқызы
Дәріс жоспары:
Кіріспе
1.Балалардағы жүйке жүйесінің ерекшеліктері
2.Жасқа байланысты нейрондардың қалыптасуы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Балалардағы жүйке жүйесінің ерекшеліктері

Балалардағы ОЖЖ-нің негізгі ерекшелігі
дамуының толық жетілмеуімен сипатталады.
Баланың жұлыны туар кезде бас миының дамуымен
салыстырғанда жақсы дамыған. 7 жасқа дейін ми
қабы және ми асты қабының клеткалық құрамы
қарқынды дамиды. Әсіресе алғашқы екі жылда бас
миының көлемі ұлғайып,организм қызметінің
артуы байқалады. Жалпы жүйке жүйесінің үдемелі
өзгерісі 20-25 жасқа дейін жалғасады.
Ерте постнатальды кезендегі жүйке жүйесінің өзгерістері оның
жетілуімен байланысты өтеді. Нәрестенің ми қыртысында орналасқан
нейрондарының ядро мен цитоплазмасының арақатынасы өте жоғары
болады. Бала өскен сайын бұл көрсеткіш төмендей бастайды, өйткені
жасушаларда цитоплазманың үлесі артады. өзгерістер 6ipiншi болып
қыртыстың екінші және төртінші қабаттарында орныққан
пирамидалық нейрондарда байқалады. Түйіршік-жасушаларда, кiші
пирамидалық нейрондарда аталған өзгерістер баяу дамиды. Уақыт
алға озған сайын синаптикалық байланыстардың саны да өседі.
Нәрестеде бас миы қыртысының кейбір алаңдарында, мысалы маңдай
және самай иірімдері аймағында, аксондардың миелинді кабаттары
болмайды. Олар бала туғаннан кейін бipaз уакыттан соң пайда болады.
Жүйкелік талшықтар мен глияның мөлшері балаларда бipтe-бipтe арта
бастайды.
Нейрондардың қалыптасуы

Балалардың бас ми нейрондары туғаннан
кейін қалыптасады Туған кезде үлкен ми
жарты шар қыртысы нейрондары
нейроглио-тамырлық байланыста болады.
Бірақ көптеген нейрондар дұрыс емес
формалы, өсінділері айқын емес, мөлшері
кіші болады. Глиальды жасушалары ұсақ,
қан тамырлары жұқа, капиллярлы торы
сирек болады.
Жасқа байланысты нейрондардың
қалыптасуы
1-жаста бас ми нейрондарының жұлдыз және
пирамида тәрізді блып түрленуі жүріп үлкейеді, дендрит -
аксонды арборизациясы вертикал бағытта дамиды.
3-жаста нейрондардың топтасқан байланыстары
анықталады. Вертикалды дендритті,радиалды шоғырлар
қалыптасады.Аксондық коллатерилда-рын вертикалды
бағытта таралатын ұршыққа ұқсас жұлдызшалы нейрондар
көбейеді.
5-6 жаста нейрондардың полиморфтілігі
жоғарылайды, олардың қызметтік мамандануы жүреді, ішкі
горизонталдық байланыстар күрделеленеді.
9-10 жаста жасушалық топтар көбейеді, қысқа аксонды
нейрондардың құрылымы біршама күрделеніп, әр түрлі қыртыстық
аймақтардың ансамлбльдерінде анық құрылымды вертикалды
колонкалар түзейтін,барлық типті интернейрондардың аксондық
коллатералдарының торы кеңейеді.
12-14 жаста ансамбльдерде пирамидалық нейрондардың
маманданған түрлері өте анық ажыратылады, интернейрондардың
барлық түрлері саралануының жоғары шегіне жетеді;барлық
ансамбльдерде талшықтардың меншікті көлемі жасушалық
элементтердің меншікті көлемінен бірталай жоғары; қыртыс ішілік
артериялардың диаметрі және қабырғаларының қалыңдығы
әжептәуір өседі.
18 жаста қыртыстың ансамбльдік құрылуы өзінің
артитектоникасының негізгі параметрлері бойынша ересектердің
деңгейіне жетеді.
Қорытынды
Жалпы адам ағзасының белгілі бір реттілікпен
өзіне тән қызметінің реттеліп отыруы
өздігінен жүзеге аспайтыны анық. Оларды
басқарып отыратын жүйке жүйесінің де
адамның жасының өзгешелігіне байланысты
дамуы әртүрлі. Яғни соған байланысты өз
жасына байланысты қызметтерін атқаруы
жүреді олар жоғарыда айтылғандай
нәрестелерде немесе ересектерде әр түрлі.
Қолданылған әдебиеттер
1.Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрина , қазақ тіліне
аударғандар және жауапты редакторлары м.ғ.к. Р.Ж.Есимова,
м.ғ.к. К.Т.Нурсейтова “Гистология, эмбриология, цитология”,
издательская группа «ГЭОТАР-Медиа», Мәскеу 2014 – 304-
343 бб.
2.Ж.О. Аяпова “Цитология, эмбриология және
гистология”, “Кітап” баспасы, Алматы-2007

Ұқсас жұмыстар
Реттелу кезеңдері
ӨМІРІНЕ ДАЯРЛАУ
Жүйке жүйесінің морфологиялық субстраты рефлекторлық доға
Балалардың мектепке психологиялық дайындығы
Психика мен сананың дамуы
Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері туралы
Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция
Жануарлар психикасының дамуы
Қабілет туралы түсінік
Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым
Пәндер