Дәм сезу мүшесі


Slide 1

Дәріс тақырыбы:

Лекция 5. Сенсорлық жүйелердің дамуы

Дәрежесі: б. ғ. к., қауымдастырылған профессор

Кафедра «Жаратылыстану ғылымдары» ФИО: Қожамжарова Латипа Сейдахметқызы

Slide 2

Дәріс жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

Анализаторлар туралы түсінік;

Көру жүйесі;

Есту тепе-теңдік мүшесі;

Иіс сезу мүшесі;

Дәм сезу мүшесі;

Тері қабаттары мен құрылысы.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon - мүше, ағза; лат. sensuum - қабылдау, сезу) - ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.

Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.

Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар - ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфатамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі -проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.

Slide 4

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы) ; (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) - шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады:

1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар) ; 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім.

Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.

Slide 5 Slide 6

Сезім мүшелері - сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның өзінің ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы анатоми-физиологиялық жүйе, Сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.

сыртқы - терінің сыртқы қабатында орналасып, сырттан келген тітіркенулерді қабылдайды. Мысалы, ыстық затқа қолы тиген адам қолын бірден тартып алады.

ішкі -ағзаның ішінде орналасып, тітіркенулерді ішкі мүшешелерден қабылдайды.

Slide 7

Көру жүйесі

Вспомогательные органы

глаза

Көз алмасы

Көз алмасының

қабықшылары

Ішкі ядро

Көз алмасының б/е

Көз жас аппараты

Қабақ

Жас ағатын өзек

Көз жасының көлі

Көз жас безі

Фиброзды

қабықша

Қасаң

қабық

Склера

Торлы

қабықша

Тамырлы

қабықша

Нұрлы

қабықшы

Кірпікті

дене

Меншікті

Тамырлы

қабықша

Шыны тәріздес

дене

Көз бұршағы

Көз алмасының

сұйықтығы

Таяқшалар

Колбашалар

Slide 8

Есту тепе-теңдік мүшесі

Сыртқы құлақ

Ортаңғы құлақ

Ішкі құлақ

Ұлу

Сыртқы есту

жолы

Есту

сүйекшелері

Дабыл

жарғағы

Дабыл қуысы

Есту түтігі

Ұлу

Кіреберіс

Жартылай иірімді

түтікшелер

Slide 9

Тері

Эпидермис

Дерма

Терінің қосалқы

мүшелері

Торлы қабат

Емізікті қабат

Май

бездері

Тырнақ

Сүт бездері

Тер бездері

Түтіктер

Slide 10

Иіс сезу мүшелері - адамның иіс сезу мүшелері мұрын қуысының жоғарғы бөлімінде, яғни жоғарғы мұрын қалқаны мен мұрын қалқасының жоғасыр бөлігінде орналасқан. Заттардың иісі ауамен бірге мұрын қуысына еніп, иіс сезу мүшелерінің иіс сезетін, жүйке клеткаларынан түзілген рецепторларда қабылданады. Бұл клеткалардың орт. өсінділері бассүйектің тор сүйегі арқылы миға өтетін 15 - 20 иіс сезу жүйкелерін құрайды. Мидың ілгек деп аталатын бөлігінде иіс сезу мүшелерінің (анализаторының) орталығы орналасқан. Осы орталықта әр түрлі иістер саналы түрде қабылданады.

Slide 11

Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілекейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналаскан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Көру сезу
Иіс сезу мүшесі
Есту мүшесі
Көру мүшесі
Көру анализаторы
Иіс сезу мүшесін тап
Дәм сезу анализаторы
Рецепторлы жасушалар және рецепцияның механизмдері
Көз жас мүшелері
Дәм сезу механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz