Капилярлар артерия қан тамырлары вена қан тамырларын байланыстыратын шаштың жуандығынан бірнеше есе жіңішке қан тамырлар
Презентация қосу
Жүрек-қан тамырлар жүйесі
(сердечно-сосудистая система,
systema cardiovasculare)
Жоспары
• Жүрек – қан тамырлар жүйесі
• Үлкен және кіші қан айналым шеңбері
• Журектің құрылысы
• Жүректің қызметі
Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі
жүйе. Оның құрамына қарай жүрек, қан және лимфа
тамырлары кіреді. Тамырлар атқаратын қызметі,
морфологиялық құрылысына қарай қан айналу
жүйесінің және лимфа айналу жүйесінің тамырлары
болып болып екі топқа бөлінеді.Олардың орталығы
жүрек. Қан айналу жүйесінің тамырлары атқаратын
қызметіне, құрылысының ерекшелігіне қарап артерия,
вена, капиляр қан тамырлары болып бөлінеді.
Артерия, вена, капиляр қан тамырларынан тұйық қан
айналу шеңбері пайда болады. Қан айналу жүйесінің
тамырларын зерттейтін ілім – ангиялогия.
Артерия қан тамыры – қанды жүректен мүшелерге жеткізеді. Ең
үлкен артерия қан тамыры қолқа , екіншісі өкпе сабауы. Артериялар
көлеміне қарай ірі, орта, майда болып бөлінеді. Орналасуына
байланысты беткейдегі, тереңдегі, париеталды, висцералды және
мүше лердің сыртындағы, ішіндегі ариериялар болып бөлінеді.
Мүшенің артериясы, оның ішінде артериолаларға дейін тармақталады,
қ
капиларларға жалгасады.
Капилярлар артерия қан тамырлары вена қан тамырларын
байланыстыратын шаштың жуандығынан бірнеше есе жіңішке қан
тамырлар. Капилярлар терінің эпидермис қабатында, көздің қасаң
қабығында, бұршақ тәрізді денесінде, шашта, тырнақта, тістің
эмалында, дентинінде болмайды.
Капилярлар торшасы – бір қабатты эндотелийден тұрады. Капиляр
және ұлпа арасында, ұлпаларда тіршілік әрекеті нәтижеінде зат
алмасу, сіңіру, сүзілу процестері үздіксіз жүріп жатады. Капилярлар
венулалармен жалғасады.
Вена қан тамыры арқылы қан мүшелерден жүрекке ағып келеді.
Қан алдымен венулаларға, одан мүшелердің ішіндегі майда венаға,
одан ірі веналарға бірігеді. Денедегі барлық вена бірігіп жүрекке
құяды. Өкпе веналары қанды өкпеден жинап жүрекке құяды.
Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол
жақтағы қарыншасынан қолқа болып
басталады. Артерия қан тамырлары денеге
қанды тарқатады. Вена қан тамыры қанды
денеден жинап жоғары және төменгі қуыс вена
болып, оң жақтағы жүрекшеге құяды. Сол
қарыншадан қолқа болып басталып, оң
жүрекшеге жоғарғы және төменгі қуыс веналар
түрінде құятын қан айналуының тұйық жүйесін
“үлкен қан айналым шеңбері” деп атайды. “Кіші
қан айналым шеңбері” оң қарыншадан өкпе
сабауы түрінде басталады. Өкпе сабауы екі
өкпе артериясы түрінде өкпенің қақпасы
арқылы кіреді. Өкпе артериялары,
артериолаларға одан капилярларға
тармақталып, оттегіге байып, екі өкпеден
қанды жинап, екі өкпеден төрт вена қан
тамырлары шығып, қанды жүректің сол
жүрекшесіне құяды. Жүрек пен өкпенің
арасындағы қан айналу жүйесі “кіші қан
айналым шеңбері”деп аталады.
е к
рЖү oro) r)
е к
ү р
Ж ред,цcе, c
(дсц
е
с е р
(
Топографиясы:
Жүрек көкірек қуысында екі
өкпенің арасында, төс
сүйектің астында көкетке дейін
орналасады. Жүрек көкіректі ң
үштен екі бөлігінде денені ң
орта сызығынан – солға, ал
үштен бірі оңға ауып, II – V
қабырғанын араығында
орналасқан.
Жүрек (сердце,соr) – ырғақты жиырылып босаңсуы
нәтижесінде қанды венадан тартып алып, артерия қан
тамырына айдайтын бұлшық етті тақ мүше. Жүректің
пішіні конусқа ұқсайды. Конустың ұшы төменге солға-
алға, табаны жоғары-артқа оңға қараған.
Жүректің негізі (основание сердце, basis cordis)
кеуденің ортлық сызығынан 8-9 см сол жақта, V-ші
қабырға аралығына дейін жетеді. Жүрекке орта
есеппен 250-300 см3 көлемде қан сыяды. Жүректің
салмағы ер адамдарда – 300 г, ал әйелдерде – 250 г,
орташа ұзындығы – 13 см, ені 10,5 см, қалыңдығы – 7
см.
Жүректің 3
беті бар
Алдыңғы- Бүйірдегі-
төс қабырға аралық беті
беті (facies өкпе
sternocostalis беті(Facies
) Төменгі pulmonis)
көкетке
қараған беті
(facies
diaphragmatic
a)
Жүрек шекаралары:
1.Жүрек ұшы-сол ортаңғы бүғанааралық сызықтан
1,5-2см медиальды, V қабырға аралықта.
2.Жоғарғы шекарасы (негізі)- III жұп қабырға
шеміршегінің жоғарғы жиегі.
3.Сол жақ шекара- жоғарыдан төмен доға тәрізді
сызықпен III сол қабырға шеміршегінен басталып,
жүрек ұшына дейін.
4.Оң жақ шекара- жоғарыдан төмен IIIоң қабырға
шеміршегінен төс сүйегінің оң жақ жиегімен IV оң
қабырғааралыққа дейін.
5.Төменгі шекарасы-оңнан солға қарай қиғаш IV оң
жақ қабырға аралықтан жүрек ұшына дейін.
Оң жүрекше Оң қарынша
(правое (правый
предсердие, atrium желудочек,
dextrum) ventriculus dexter)
Жүректің
құрылысы
Сол жүрекше Сол қарынша
(левое (левый желудочек,
предсердие, ventriculus sinister)
sinister)
Жүрекшелерге қанның келуі Қарыншаларға қанның келуі
)
Оң жүрекше – артында кеңейген, алдында тарылған.
Жоғарғы артында жоғарғы қуыс вена төменгі жағынан
төменгі қуыс вена(v. cava inferior) құйылады. Жүректің
алдына қарай шыққан қуыс өсінді оң құлақшаға
жағасады. Оң және сол құлақша қолқаның негізін, өкпе
сабауын қоршап тұрады. Оң жүрекше мен
қарыншаның арасында тесік бар. Тесікті үш жақтаулы
қақпақша жауып тұрады. Қақпашаның жармаларының
орналасуына байланысты алдыңғы(cuspus anterior),
артқы(c.posterior) және аралық(c.septalis) болып
бөлінеді. Олар эндокардтың тығыз дәнекер талшықты
тінінен пайда болған қатпарлар. Қақпаша қанды
жүрекшеден қарыншаға өткізіп, оны кері ағудан
сақтайды.
Оң қарынша - сол қарыншадан ет пердесімен
бөлінген. Оның қуысы екі бөліктен тұрады. 1.
Артқы қарынша бюстығы. 2. Артерия түтігі. Оң
қарыншаның артерия түтігі бөлігінде ет
трабекулалары бар. Артерия ішкі бетінде үш
бұлшық ет өсіндісі – емізік бұлшық еттері
орналасқан. Олардан жармаы қақпашаларға
сіңір талшықтары тартылған. Қан оң
қарыншадан өкпе сабауының тесігі(ostium
trunci pulmonalis) арқылы өтеді. Оң қарынша
мен өкпе сабауының арасындағы тесікті
жарты ай тәрізді қақпаша (valvula semilunaris
dextra)жауып, қанды кері ағудан сақтайды.
Сол жүрекше - оң жүрекшеге ұқсас арты кеңейген,
алды тарылған. Кеңейген бөлігіне төрт өкпе венсы
құяды. Бұл веналар арқылы жүрекке артерия қаны
құйылады. Жүрекше қарынша тесігі арқылы қан
жүрекшеден қарыншаға өтеді. Сол жүрекше мен сол
қарыншаның арасындағы тесікті екі жармалы (vaiva
atrioventricularis sinistra, mitralis) жауып тұрады.
Сол қарынша - ішкі қабырғасында екі емізікше бұлшық
ет, сіңір талшықтары бар қуыс. Қуыстың алдыңғы,
жоғарғы бөлігінен қолқа тесігі ашылады. Қолқа тесігін
жарты ай тәріздес қақпашалар жауып тұрады. Сол
жақтағы жүрекше мен қақпашадан өкпе оттегіге
байыған артерия қаны ағады. Сол қарыншадан қолқа
басталады.
Жүректің қабырғасы үш қабаттан тұрады:
Эндокард Миокард Эпикард
(Endocardium) (Myioardium) (Epicardium)
Эндокард қабаты жүрек қуыстарын іштен қаптап тұрады.
Эндотелий серпімді талшықтарға бай, бірыңғай салалы
бұлшық ет пен дәнекер ұлпалы эндотелий асты қабатынан
пайда болған. Эндокард құрылысы жағынан қан тамырлар
қабырғасына ұқсас. Жүректің ортаңғы бұлшық ет қабаты
миокард көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан және
кардиомиоциттерден тұрады. Кардиоциттер мен бұлшық
ет талшықтары бір бірімен ілмектеніп торланған. Олрдың
құрылысы жүрекшелер мен қарыншалардың толық
ырғақты жиырылуын қамтамасыз етеді. Эпикард –
жүректің сыртқы қабаты. Үлпершек пен эпикард
арасындағы саңылауда сұйықтық бар.
,
Жүрек қапшығы (перикард, pericardium) жүректі қаптап тұратын
жұқа қапшық. Перикардтың екі қабаты бар. Олардың құрылысы
әр түрлі . Сыртқы қабаты фиброзды, ішкісі – сірлі. Фиброзды
перикард (pericardium fibrosum) жүректің негізінде адвентицияға
өтеді. Сірлі перикард (pericardium serosum) екі жапырақшасы бар.
Эпикард сыртқы қабаты миокардпен біріккен, жүрек қабының ішкі
қабаты. Эпикард жүрекке келетін, шығатын қан тамырларының
қабырғасы арқылы перикардқа өтеді. Эпикард пен перикардтың
аралығында жүректі үйкелістен сақтайтын сір сұйықтығы бар
қуыс болады. Перикардтың пішіні конусқа ұқсайды. Оның төменгі
шеті көкетпен тығыз біріккен, ұшы қолқаның жоғарылаған бөлігін,
өкпе сабауын, жоғарғы және төменгі қуыс веналары қаптап
тұрады.
Жүректің қызметі
Артерия
Артерия
тамырындағы
тамырындағы
қан
қан бір
бір бағытта
бағытта
Одан
Одан кіші
кіші қан
қан Сол
Сол
айналым
айналым жүрекшесіне
жүрекшесіне
шеңберіне
шеңберіне н
н сол
сол
қарай
қарай ағады.
ағады. қарыншаға
қарыншаға
Оң Одан
жүрекшеден
жүрекшеден улкенқан
улкенқан
оң
оң айналым
айналым
қарыншаға шеңберіне
Жүрек вена қан тамырларынан қанды сорып алып,
артерия қан тамырларына айдуы, оның жүрекшелері мен
қарыншаларының ырғақты түрде рет-ретімен жиырылып,
босаңсуы нәтижесінде пайда болады.
Жүректің жиырылу кезеңі систола, босаңсуы диастола
деп аталады. Дені сау адамның жүрегі 1 минутта 60 – 90
рет жиырылып босаңсиды. Жүректің систоласы мен
диастолаының және оның керісінше алмасып отыруы
жүрек қызметінің циклі деп аталады. Жүректің бір циклінің
ұзақтығы 0,8 сек. және үш фазадан тұрады:
Жүрекшелер Қарыншалар
дің дың
систоласы систоласы
0,1 сек 0,3 сек
Жалпы
үзіліс
0,4 сек
Жүрекше систоласында қан жүрекшеден
жақтаулы тесіктер арқылы қарыншаға өтеді.
Жүрекше систоласында жарты ай тәріздес
қақпашалар жабық болғандықтан, қан жоғарғы
және төменгі қуыс веналарға өте алмайды.
Жүрекше систоласы аяқталысымен қарынша
систоласы басталады. Қарыншалар систоласы
екі сатыдан тұрады:
1. Жиырылу сатысы;
2. Қанды айдау сатысы.
Жаңа туған нәрестенің жүрегі минутына 140 –
160 рет, ал 6- 7 жастағы баланың жүреі 95 –
100 рет, 12 жаста 80 – 90 рет, ал ересек
адамның жүрегі 60 – 90 рет жиырылып,
босаңсиды.
Анатомиялық сөздік
Тест
1.Қанның қан тамырларымен тоқтаусыз ағу қызметін атқаратын жүйе?
А)қан айналу жүйесі
Б)кіші қан айналу жүйесі
В) үлкен қан айналу жүйесі
2.Қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамыр?
А)вена
Б)артерия
В)капилляр
3.Қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамыр?
А)капилляр
Б)артерия
В)вена
4.Ең жіңішке және тым жұқа қабырғалы тамыр?
А)артерия
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz