Олимпиада жалауы



Олимпиада ойындары, қағидалары, дәстүрлері, ережелері, символикасы

Олимпиада оиындары - бұл спортшы-олимпиестердің жиынтықты халықаралық жарыстары, әлем жастарының ұлы мерекесі. Ойындар барлық елдердің мықты спортшыларын біріктіретін шыншыл және тең құқықты жарыстар. Олимпиада ойындарында әлеуметті, тәрбиелік, эстетикалық және адамгершілікті аспектілерін бұл мерекеден табу керек. Оларда олимпизм идеясы мен идеалдары, Олимпиадалық қозғалыс мақсаттарын таратылуда.

XIX ғасырдың орта кезінде түрлі жарыстар халқаралық аренаға көтеріле бастады. Көптеген спорт түрлерінен халқаралық жарыстар өтті. Халқаралық спорт федерациялары ұйымдасты. Мәселен, 1881 жылы Европаның гимнастика одағы құрылды. Спорт жарыстарын халқаралық деңгейде өткізу үшін оның бірегей ережесі мен салтын, дәстүрін қалыптастыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бұл осы заманға олимпиадалық ойындардың отауын тігуге қолайлы кезең туғанын аңғартады. Осы кезде талантты педагог, барон Пьер де Кубертэн көне олимпиадалық ойындардың бүкіл дүние жүзі жастарының сүйікті ісіне айналуына жол ашуды мақсат етті. Ол спорт жарыстары халқтардың мәдени байланысын нығайтуға жол ашатынын түсіне білді. Қазіргі олимпиадалық ойындар негізін қалаушы Пьер де Кубертэннің пікрі халқаралық спорт қозғалысында негізгі бағыт болып келдыі.
Алғашқы олимпиадалық ойындар өтетін қарсаңда Греция өкілдері оны « тек қана Афиныда өтетін болсын » деген ұсыныс айтты. Барон Пьер де Кубертэн бұл пікірге үзілді-кесілді қарсы шықты. Ол олимпиадалық ойындар әлемнің әр елінде өткендеғана спортты жер шарының түкпір-түкпірінде кең насихаттай аламыз деген шешімге келді.
Осы заманғы Халқаралық Олимпиадалық Комитетінің (1894-1896 ж. ) тұнғыш президенті олимпиадалық ойындардың ту тіккін Отаны - Грецияның азаматы, ақын Деметриус Викелас болды. Мұның өзі Грецияға көрсетілген құрмет еді. Пьер де Кубертэн бас секретарь болып сайланды, 1896 жылы Пьер де Кубертэн (Франция) МОК - тың президенті болып сайланды. Ол осы міндетті 1925 жылға дейін атқарады, 1937 жылы 2 сентябрь күні Лозанне қаласында МОК - тің екінші президенті, барон Пьер де Кубертэн дүние салды. Оның өсиеті бойынша денесі Олимп өңірінде жерленді. Оның қабыры басындағы ескерткіште мынадай сөздер жазылған: Оның тірі кезінде жүрегі ертедегі осы орын деп соқты, енді ол осынау қасиетті Олимпия топырағында мәңгілік тыныштық құшағына енді.
МОК-тың үшінші президенті болып граф А. де Бале-Латур (Бельгия) сайланды. Олимпиядалық ойындар қозғалысына 16 жыл ( 1925-1945 жылдар) жетекшілік етті. Бұл кезең олимпиядалық ойындар қозғалысындағы өте ауыр белес еді. Граф А. де Бале-Латур 1940 жылы қайтыс болды.
МОК-тың төртінші президенті болып, жеңіл атлеттердің халықаралық одағының председателі Зигфрид Эдстрем (Швеция) сайланды. Ол 1952 жылға дейін Халқаралық Олимпиядалық Комитетке жетекшілік етті. 1952 жылы оның орнына МОК президенті болып Э . Брендедж (АҚШ) сайланды. Ол бұл міндетті 1972 жылға дейін атқарады. 1972 жылы Э . Брендедждың орнына МОК-тың президанті болып лорд М. Килланин (Ирландия) сайланды.

Олимпиадалық ойындардың ережелері мен негізгі принциптерін Олимпиада Хартиясы деп атайды. Олимпиаданың мұндай уставтық үлгісінің негізі Пьер де Кубертэннің ұсынышы бойынша 1894 жылы Парижде өткен Халықаралық спорт Конгресінде бекітілген болатын. Бұл документ кейінірек сәл өзгертіліп, толықтырылғанымен бұрынғы негізгі мазмұнын толық сақтап келеді.
Олимпиада Хартиясы бойынша Олимпиадалық ойындар төрт жылда бір рет өтеді. Оған әлемнің бар елінің спортшылары қатыса алады. Жекелеген елге не спортшыға мемлекетінің құрылысына, нәсіліне, дініне және идеялық-сияси сеніміне ешқандай шектеушілік болмайды. Олимпиада қозғалысының басты мақсаты әлемде бейбітшілікті нығайтуға, халықаралық ахуалды жақсартыуға жастардың күш-жігерін жұмылдырып, адамгершілік сезімін жетілдіре түсуіне көмектесуге жағдай жасау болып табылады.
Осы заманғы олимпиадалық ойындар 1896 жылдары басталды. I Олимпиада 1896-1899 жылдары, II Олимпиада 1900-1903 жылдары өтті. Олимпиада белгіленген уақытта өтпей қалса да ретімен санала береді. Мәселен, 1916 жылы VI, 1940 жылы XII және 1944 жылы XIII Олимпиадалық ойындар өтпесе де өз ретін сақтап қалды.
Қысқы олимпиадалық ойындар жазғы олимпиадалық ойындар өтетін жылдың қысында өтеді. Ол 1924 жылы басталды. Жазғы олимпиадалық ойындар 15 күн, ал қысқы олимпиадалық ойындар 10-12 күн ішінде өтуге тиіс. Олимпиаданың өту орнын МОК белгілейді. Олимпиаданың өту уақытын олимпиада өтетін елдің ұйымдастыру комитеті белгілейді. Оны МОК белгілейді. Олимпиада ойындарының жарыстары олимпиада өткізу міндеті жүктелген қаладағы стадиондарда не қала маңындағы спорт құрылыстарында өтеді. Кәсіптік спортпен шұғылданатындар олимпиадаға қатыстырылмайды. Әр елдің спортшысы тек өз елінің жалауы астында ғана жарысқа қатыса алады. Олимпиадалық ойындар да, әлем біріншіліктерінде бір елдің құрама командасында жарысқа шыққан спортшы келесі ойындарда басқа елдің командасы құрамында жарысқа қатыстырылмайды. Олимпиадаға қатысушыларға жас жөнінен ешқандай шек қойылмайды.

Олимпиадалық ойындар өтетін қалалар. Олимпиада Хартиясына сәйкес олимпиаданы өткізу жауапкершілігі белгілі бір елге емес, қалаға жүктеледі. Олимпиадалық ойындарды өткізуге тілек білдірген қаланың жоғары әкімшілігі өз ұсынысын сол елдегі Ұлттық Олимпиадалық Комитетке бекіттіріп, МОК-ке жолдайды. Сонымен бірге қаланың кандидатурасын сол елдің үкіметі толық жақтауы тиіс. МОК олимпиадалық ойындар өтуден 6 жыл бұрын оны өткізетін қаланы бекітеді. Олимпиадалық ойындарды өткізуге тілек білдірген қала МОК-тың сессиясында көпшілік дауыс алуы тиіс. Егер қалалардың ешқайсысы белгілі мөлшерде қажетті дауысқа іліге алмаса, онда ең аз дауысқа ие болған қала алынып тасталып, дауыс беру рәсімі қайта жүргізіледі.
Олимпиадалық ойындар өткізу міндеті жүктелген қала МОК-тың бекітген жоспары бойынша олимпиадаға әзірлік жұмыстарын бастайды. Оны сол қала ұсынылған елдың Ұлттық Олимпиадалық Комитеті тікелей бақылауға алып, іс жүзіне асырады.
Олимпиада эмблемасы. 1913 жылы Пьер де Кубертэннің ұсынысы бойынша олимпиаданың эмблемасы бір-бірімен өріле қосылған бес сақинадан жасалды. Олар көкшіл, қара, қызыл (жоғары қатары), сары және жасыл (төменгі қатары) түстен тұрады. Сақиналардың бір-бірімен өріле қосылуы бес құрылық спортшыларының олимпиадалық қозғалысқа бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күш жұмсайық деген ниетін аңғартатындай белгі еді. Мұнда сонымен бірге «Читиус», «Альтиус», «Фортиус» (тезірек, биігірек, күштірек) ұраны да бар. Олимпиадалық эмблеманы пайдалану правосы МОК пен Ұлттық Олимпиадалық Комитеттерге ғана беріледі. Олимпиадалық эмблеманы коммерциялық мақсатта пайдалануға қатаң тыйым салынады. Сонымен бірге әр олимпиаданың өз эмблемасы болады. Мұнда 5 сақинамен бірге олимпиаданың өткен жылы және оны ұйымдастырушы қаланың символикалық белгісі болады.

Олимпиада жалауы. Ақ матадан жасалған, ортасында 5 сақыинасы (көгілдір, сары, қара, жасыл, қызыл түсті) бар жалау П. де Кубертэннің ұсынысы бойынша 1913 жылы МОК-тың мәжілісінде бекітілген. Бірінші рет олимпиада жалауы 1914 жылы осы заманға олимпиадалық ойындардың 20 жылдық мүшелді тойын атап өту рәсіміне орай Парижде көтерілді. 1920 жылдан бері барлық олимпиадалық жарыстарда олимпиада жалауы көтеріліп келеді.
Кезекті олимпиадалық ойындар басталар алдында осының алдында олимпиадалық ойындар болып өткен қаланың өкілі олимпиада жалауын МОК-тың президантіне табыс етеді. (Бұл жалауды 1920 жылы Бельгия Халықаралық Олимпиадалық Комитетке сыйға тартқан болатын) . Президант олимпиадалық ойындар өткелі отырған қаланың басшысына осы жалауды тапсырады. Жалау олимпиада өтетін стадионға қадалады. Олимпиадалық ойындар аяқталғаннан кеін олимпиада жалау олимпиадалық ойындар өткен қаланың бас әкімшілігі үйінде келесі олимпиадаға дейін (төрт жыл) сақталады. Қысқы олимпиадалық ойындардың өз жалауы бар. Оны 1952 жылы Осло (Норвегия) қаласы МОК-ке сыйлаған болатын.

Олимпиада анты. Бұл да олимпиадалық ойындардың өзіндік салты іспетті 1920 жылдан бері қалыптасқан дәстүрдің бірі. Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде олимпиада өтіп отырған елдің ең таңдаулы спортшысы өз елінің ұлттық жалауы астында тұрып, көне замандағы олимпиада салтымен ант етеді. Анттың мазмұны мынадай:
«Мен барлық спортшылардың атынан біздер бұл олимпиадалық ойындарға қатысатындығымызға, нағыз спорттық рұхта өтетін осы ойындар үшін белгіленген тиісті ойын тәртібін құрмет тұтып, сақтауға, спорттың даңқы үшін және өз командамыздың намысы үшін уәде беремін».
СССР Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің ұсынысы бойынша МОК 1968 жылдан бері мұндай антты жарыс төрешілері де қабылдасын деп шешті.
Олимпиада алауы. Алау ертедегі олимпиадалық ойындар өткен Грециядағы Олимп тауында күн нұрынан тұтатылады. Содан кейін факельді эстафеталық алып жүру рәсімі басталады. Эстафеталық шеру олимпиада басталған күні аяқталады. Олимпиадалық ойындар басталатын орталық стадиондағы үлкен табаққа алаудан от тұтатылады. Осы от олимпиадалық ойындар аяқталғанша жанып тұрады. Мұндай дәстүр 1936 жылдар бері жалғасып келеді. Қысқы олимпиадалық ойындарда 1952 жылдан бері олимпиада алауы жағылып жүр. Олимпиада алауы арқылы от тұтату олимпиадалық ойындар өтетін елдің ең таңдаулы спортшысына жүктеледі.
Олимпиада жүлдесі. Олимпиада ойындарында 1-3 орындарға ие болған спортшылар - медаль және дипломмен, ал 4-6 орындарға ие болғандар дипломмен наградталады. 1-орынға алтын медаль беріледі. (Алтын медальдің іші күміс, сырты алтынмен қапталған. Бір медальда таза 6 грамм алтын болады) . 2-орынға күміс, 3-орынға қола медаль беріледі. Әр медальдің диаметрі 60 миллиметр, қалыңдығы 3 миллиметр.

Олимпиадалық ережелер. Олимпиада ойындарының тарихы Ойындардың дәстүрлі рәсімдерінің ішінде
Олимпиада ойындары, Олимпиада ойындары - бұл біздің заманымыздағы төрт жыл сайын өткізілетін ірі халықаралық кешенді спорттық жарыстар. Ежелгі Грецияда болған дәстүрді 19 ғасырдың аяғында француз қоғам қайраткері қайта жандандырды Пьер де Кубертин. . . Жазғы Олимпиада деп аталатын Олимпиада ойындары, дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жылдарды қоспағанда, 1896 жылдан бастап төрт жылда бір рет өткізіліп келеді. 1924 жылы қысқы Олимпиада ойындары құрылды және олар жазғы олимпиадалармен бір жылы өтті. Алайда, 1994 жылдан бастап қысқы Олимпиада ойындарының уақыты жазғы ойындар кезеңінен екі жылға ауыстырылды.
Антикалық олимпиадалық ойындар
Ежелгі Грецияның Олимпиада ойындары Олимпияда өткізілген діни және спорттық мереке болды. Ойындардың пайда болуы туралы ақпарат жоғалады, бірақ бұл оқиғаны сипаттайтын бірнеше аңыздар сақталған. Бірінші құжатталған мереке біздің эрамызға дейінгі 776 жылдан басталады. д., ойындар бұрын өткізілгені белгілі болғанымен. Ойын кезінде қасиетті бітім жарияланды, бұл кезде соғыс жүргізу мүмкін болмады, дегенмен бұл бірнеше рет бұзылды.
Олимпиадалық ойындар римдіктердің келуімен маңыздылығын жоғалтты. Христиан діні ресми дін болғаннан кейін, ойындар пұтқа табынушылықтың көрінісі ретінде қарастырыла бастады және біздің эрамыздың 394 ж. NS. оларға император тыйым салды Теодосий I.
Олимпиадалық идеяның жаңғыруы
Олимпиадалық идея ежелгі жарыстарға тыйым салынғаннан кейін де біржола жоғалып кеткен жоқ. Мысалы, 17 ғасырда Англияда «олимпиадалық» жарыстар мен жарыстар бірнеше рет өткізілді. Кейінірек осындай жарыстар Франция мен Грецияда ұйымдастырылды. Алайда, бұл ең жақсы жағдайда аймақтық сипаттағы шағын оқиғалар болды. Қазіргі Олимпиада ойындарының алғашқы шынайы предшественниктері-1859-1888 жылдар аралығында жүйелі түрде өткізілген Олимпиадалар. Грециядағы Олимпиада ойындарын жандандыру идеясы ақынға тиесілі болды Panayotis Sutsos, оны қоғам қайраткері өмірге әкелді Евангелис Заппас.
1766 жылы Олимпияда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде спорттық және храмдық құрылыстар ашылды. 1875 жылы неміс басшылығымен археологиялық зерттеулер мен қазба жұмыстары жалғасты. Ол кезде Еуропада көне заман туралы романтикалық-идеалистік идеялар сәнге айналды. Олимпиадалық ойлау мен мәдениетті жаңғыртуға деген ұмтылыс бүкіл Еуропаға тез тарады. Француз бароны Пьер де Кубертин (фр. Пьер де Кубертин) онда: «Германия ежелгі Олимпияның қалдықтарын тапты. Неге Франция ескі ұлылықты қалпына келтіре алмайды? »
Олимпиадалық қозғалыстың 1913 жылы Кубертиннің ұсынысы бойынша ХОК бекіткен өзіндік эмблемасы мен туы бар. Эмблема - Олимпиадалық сақиналар. Ұраны - Citius, Altius, Fortius (жылдам, жоғары, күшті) . Ту - Олимпиадалық сақиналары бар ақ мата, 1920 жылдан бастап ол барлық ойындарда көтерілген.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz