Химиялық реакциялардың жылдамдығы


Slide 1

“ “Астана Медицина Университеті” АҚ Жалпы және биологиялық химия кафедрасы

Тақырыбы: Химиялық кинетика

Қабылдаған:Базарханқызы Айдана

Орындаған : Арапбай Жансәуле

Тобы: ЖМ - 115

Астана, 2018

Slide 2

ЖОСПАР:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Химиялық реакциялардың жылдамдығы

Химиялық реакциялар жылдамдығының температураға тәуелділігі

Химиялық реакциялар жылдамдығының катализаторлардың қатысуына тәуелділігі.

Химиялық реакциялардың молекулалығы мен реті

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Химиялық кинетика

Химиялық кинетика - химиялық реакцияның жылдамдығын, реакцияның жүру механизмін және оған әртүрлі факторлардың әсерін зерттейтін ғылым саласы

Бастапқы заттар

Реакция өнімдері

Slide 4

Химиялық реакциялардың жылдамдығы

белгілі бір уақытта әрекеттесетін заттар мөлшерінің өзгеруін айтады

Uорташа = ±

Slide 5

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар:

температура

қысым

катализатор

реакцияға қатысқан заттардың табиғаты

еріткіштің табиғаты

реагенттердің концентрациясы

Slide 6

Реакцияға қатысатын заттардың табиғатына байланысты

Гомогендік- әрекеттесетін және түзілетін заттар бірдей агрегаттық күйде болса

Гетерогендік- әрекеттесетін және түзілетін заттар әртүрлі агрегаттық күйде болса

Slide 7

Әрекеттесуші заттардың концентрациясы химиялық реакция жылдамдығына қалай әсер етеді?

Химиялық реакциялар тез жүруі үшін түйісетін молекулалар саны көп болуы керек, яғни концентрацияны өсіру керек. Реакцияның жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрацияларының әсерін зерттеген Норвегияның екі ғалымы Гульдберг және Вааге 1867 жылы мынадай қорытындыға келген: химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияласушы заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал болады, оны әрекеттесуші массалар заңы деп атайды.

Жалпы А + В = С теңдеуі бойынша жүретін реакциялар үшін бұл заң мынадай теңдеумен өрнектеледі. :

ν = k САСВ

Мұндағы СА және СВ - А және В заттарының концентрациясы, моль/л, k - жылдамдық константасы деп аталатын пропорционалдық коэффицент.

Slide 8

Химиялық реакциялар жылдамдығының температураға тәуелділігі

Температура жоғарлаған сайын химиялық реакцияның жылдамдығы артады. Гомогендік реакциялар жылдамдығының температураның жоғарлауына байланысты артуын 1884 жылы ашылған Вант- Гофф ережесі анықтайды:“Tемператураны 10° өсіргенде реакцияның жылдамдығы 2-4 есе артады”

υТ2 = υТ1 γТ2 - Т1/10,

мұндағы

γ - температуралық коэффициент

Slide 9

Химиялық реакцияның жылдамдығының температураға тәуелділігін график түрінде де көрсетуге болады:

U

t

g

Slide 10

Химиялық реакцияның жылдамдығының температурасы өсуіне сәйкес жоғарлауын 1889 жылы ашылған С. Аррениус теориясы дәлірек көрсетеді:

К= А• е - E a¢ /RT

К- жылдамдық константасы, А- соқтығысулардың жалпы саны

E a¢- активтену энергиясы, е- натурал логарифмнің негізі

Slide 11

С. Аррениус теориясы бойынша молекулалардың әрекеттесуі, олардың соқтығысқан кездегі энергия қорына байланысты, яғни реакцияға тек бойында артық мөлшерде энергия қоры бар молекулалар ғана қатыса алады да мұндай молекулар активтелген молекулар деп атайды. Орташа энергия қоры бар молекуланы реакцияға қатыса алатындай актив күйге келтіру үшін жұмсалатын энергияны активтендіру энергиясы дейді.

Химиялық реакцияның жүру температурасы өскенде химиялық әрекеттесуге әкеліп соғатын “активті молекулалардың” да саны артады.

Slide 12

Химиялық реакциялар жылдамдығының катализатордың қатысуына тәуелділігі

Катализатор деп, реакция жылдамдығын өзгертетін және реакция нәтижесінде өзгеріссіз қалатын заттарды атайды.

Егер катализатор реакция жылдамдығын арттыратын болса, оны оң, ал баяулататын болса теріс катализатор деп атайды.

Егер катализатор реакция барысында түзілсе, оны автокатализ деп атайды.

Кейбір заттар катализатордың әсер етуіне кедергі жасайды, ондай заттарды ингибиторлар немесе катализатор улары дейді.

Ал кейбір заттар өздері катализатор болмаса да, катализатордың активтілігін арттырады, ондай заттарды активаторлар дейді

Slide 13

Қышқылды - негіздік катализ

Қышқылды - негіздік катализ- қышқылдың реакцияға қатысатын заттың біріне өзінің протонын беруі арқылы жүретін катализдің түрі. Оның мысалы ретінде күрделі эфирлердің гидролизін көрсетуге болады.

Күрделі эфирлер гидролизденгенде Ингольстің теориясы бойынша мына сатылардан өтеді:

Slide 14

Бұл мысал қышқылдың катализаторлық үлесін көрсетеді:

1) Күрделі эфирге қышқыл өз протонын береді де өзі ионға айналады

2) Протонды қосып алу арқылы түзілген оксоний-ион тұрақсыз келеді де, одан әрі ыдырауға ұырайды, нәтижесінде карбакатион және спирт түзіледі

3) Әрі қарай карбакатион су молекуласымен әрекеттеседі

4) Соңғы түзілген оксоний-ион, реакцияның бірінші сатысында түзілген негізбен әректтеседі де, қышқыл реакциядан босап шығады

Slide 15

Химиялық реакциялардың реті

Реакциялардың реттілігі деп жалпы түрде экспериментальды жолмен табылған кинетикалық теңдеулердегі реагент концентрациясының дәрежелік көрсеткішінің қосындысын айтады.

Мысалы:

n 1А + n 2В = n3 С + n4Д

реакциясы үшін реакцияның реті

n = n1 + n2

Slide 16

Күрделі реакциялар


Ұқсас жұмыстар
Реакция жылдамдығы
Химиялық реакциялар
Ферменттердің әсер ету механизмдері
Химиялық реакциялардың кинетикасы
Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі
Химиялық кинетика
Ферменттер әсерінің кинетикасы туралы
Химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар
Ферментті катализ
ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ- ТЕҢДІККЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ, ҚЫСЫМНЫҢ ЖӘНЕ КОНЦЕНТРАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz