Өркен және өркендер жүйесі


Slide 1

Тақырыбы: Өркен және өркендер жүйесі

Slide 2

Өркеннің бұтақтануы үш түрлі болады:

дихотомиялы (айыр) моноподиалды симподиалды.

ӨРКЕН

Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған

жас сабақ.

бұтақтану кезінде өсу конусы екі еселенеді де, екі өркен береді, әрі қарай оның әрбіреуі тағы да екі өркеннен береді және т. с. с. Бұл - бұтақтанудың ежелгі тәсілі (плауындар, мүктер)

бұтақтану кезінде бірінші реттің негізі білігінен жоғары қарай өсуі шектеусіз ұзақ болады, одан екінші ретті және қалған реттегі қысқа жанама біліктер өседі (шырша, самырсын және т. б. жалаңаштұқымдылар) .

бұтақтану кезінде негізгі білігі өзінің өсуін ерте тоқтатады, бірақ оның жоғарғы жағының үстінен жанама бүршіктер шыға бастайды. Осы шыққан бүршіктер бірінші реттің білігін(осін) жалғастырған тәрізденеді.

Slide 3

Өркеннің бұтақтану типтері. А - дихотомиялы; Б - моноподийлі; В - симподийлі; Г - жалған дихотомиялы. 1, 2, 3, 4-бірінші және одан кейінгі реттердегі өстер.

Slide 4

Өсімдіктердің басым көшпілігінің өркендері бұтақтанады, сонымен қатар бұтақтанбайтын өсімдіктер де кездеседі (мысалы, бақ-бақ) .

Бұтақтанудың тағы бір түрі түптену деп аталады. Түптену бұталарға, көп жылдық, сол сияқты бір жылдық шөптесін өсімдіктерге, оның ішінде астық тұқымдасына тән.

Мұнда негізгі өркеннің төменгі жағынан жанама өркендердің тобы пайда болады. Бұл жанама өркендер негізгі өркеннің жер астындағы немесе топырақ деңгейіндегі қысқарған буындарынан өсіп шығып, бұта тәрізді пішінге ие болады. Түптену кезінде өсімдік сабағының буын аралықтары оның тіршілігінің соңына дейін қысқарған қалпында қалады. Астық тұқымдастары сабағының түптенуі кезінде жанама өркеңдер беретін буын түптену буыны (аймағы) делінеді және түптену буынынан өсіп шыққан әрбір өркен гүл шоғырымен аяқталады. Соңдықтан астық тұқымдасының бұтақтанып өсетін сорттары мол түсім береді.

Түптену ерекшелігіне қарай астық тұқымдасы борпылдақ түпті бұтақтану (рыхлокустовые) және тығыз түпті бұтақтану (шотнокустовые) деп бөлінеді. Борпылдақ түпті бұтақтануда жанама өркендер мен қосалқы тамырлар сабақтың жер астындағы буындарынан, ал тығыз түпті бұтақтануда жер үстіндегі буыңдарынан өсіп шығады. Тығыз түпті астықтардың түптенуінен өте тығыз шым пайда болады.

Slide 5

Астықтардың түптенуі: А - тығыз түпті бұтақтанған астықтар (аққараған), Б - борпылдақ түпті бұтақтанған (коңырбас, қара бидай) ; В - тамырсабақты (бидайық) ; 1 - дән; 2 - ұрық тамырлары; 3 - қосалқы тамырлар; 4 - түптену буыны; 5 - негізгі өркен бірінші ретті өсі; 62 63 64 65 - екінші және одан кейінгі реттердегі өркендер; 7 -тамырсабақ.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік мүшесі. Оның атқаратын қызметі - фотосинтез (жапырақтар арқылы) . Споралы өркендер, сол сияқты гүл де көбею қызметін атқарады.

Өркеннің тамырдан басты айырмасы - жапырақтың болуы. Сабақтың жапырақ (бір немесе бірнеше) өсіп тұрған тұсын буын деп атайды. Кейбір өсімдіктер тобында (астық тұқымдастарда, қалампырларда, қырықбуындарда) сабақтың буын орналасқан жері білеуленіп айқын білініп тұрады, ал кейбір өсімдіктерде ол нашар байқалады. Егер жапырақ немесе жапырақтар шоғы сабақты толық орап алса, онда ол жабық буын деп, ал жапырақ буынды қоршамай орналасса, ашық буын деп аталады.

Slide 9

Өсімдіктің алғашқы өркені, ұрық бөлігінде ұрық бүршігінен жетіледі. Ол тұқым жарнағының астыңғы қалтасынан, тұқым жарнақтарынан және негізгі өркеннің қалған метамерлері қалыптасатын бүршіктен тұрады. Орналасуы бойынша бұл - төбе бүршігі. Осы бүршіктен өркен бойлап өсіп, оның жаңа метамерлері пайда болады.

Өркеннің ұшы (апексі) алғашқы түзуші ұлпалардан тұрады. Осы ұлпаның белсенді бөлінуінен өркеннің алғашқы (түпкілікті) ұлпалары мен барлық мүшелері қалыптасады. Жас жасушалардың үздіксіз түзілуі апикальді (төбе) меристемасының инициальды жасушаларының шексіз бөлініп, меристемалық қасиетін сақтауына байланысты.

Slide 10

Өркеннің бой конусы тамырдағыдай тегіс емес. Оның бетінде жапырақ примордиялары (латынша primordialis - алғашқы) деп аталатын жапырақ бастамаларының төмпешіктері үздіксіз қалыптасады. Олардың пайда болуы акропетальды ретпен төменнен жоғары қарай жүреді.

Өркеннің ұшында жас өркен метамерлері пайда болады. Кезекті метамер пайда болғаннан кейін апекстің дистальды (апекстің ең жоғарғы ұшы) бөлігінің көлемі едәуір кішірейеді. Келесі метамерге дейін апекстің көлемі белгілі бір мөлшерге дейін ұлғаюы қажет. Бұған кеткен уақыт аралығын пластохрон (грекше «пласто» - жасау, қалыптастыру, «хронос» - уақыт) деп атайды. Пластохронның ұзақтығы барлық өсімдіктерде бірдей емес, өсімдіктің өсуіне қарай өзгеріп отырады.

Slide 11

ӨРКЕНДЕРДІ ЖІКТЕУ

НЕГІЗГІ ӨРКЕН тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды

ЖАНАМА ӨРКЕН жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ бұтақталады.

ҚОСАЛҚЫ ӨРКЕН қосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады.

ҰЗАРҒАН ӨРКЕННІҢ буанаралығы алыс орналасқан.

ҚЫСҚАРҒАН ӨРЕННІҢ буанаралығы жақын орналасқан.

ВЕГЕТАТИВТІК ӨРКЕН жапырақ пен бүршік

шығарады.


Ұқсас жұмыстар
Тамырдың өсіп қалыптасуы
Қос жарнақты тұқымда
Вегетативті мүшелердің түрлене өзгеруі
Қос жарнақты тұқымның құрылысы
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ ӨРКЕНДЕР МЕН БҮРШІКТЕР
Жанама өркен
Жыныстық көбею
Тірі организмді классификациялау ерекшеліктері
Комсток сымыры
Өсу этаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz