Құқық бұзушылық белгілері




Презентация қосу
Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Республикасының
медицина академиясы АК
Денсаулық Сақтау
Министірлігі

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы:Құқық негіздері жүйесі және медицина ғылымдары
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Шымкент 2022ж.
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Құқықтық жүйе оның салалары
2. Құқықтық нормалар
3.Медициналық қылмыстың түрлері
4.Құқық бұзушылық белгілері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықты
актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар
және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары
құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз —
мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы
адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға
бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық жүйесі - құқықтық сана сезімнен, құқықтық
қатынастар және заң нормаларынан құралатын күрделі
заң ұғымы. Ол ішкі бірлік және тұтастықпен
сипатталады,қоғамда жеке адамның еркіндігін және
өркениетті тұрмысты қамтамасыз ету үшін қажет.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге
қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл
халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын
іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам
мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен
реттейді.
Құқықтық норманың құндылығы
- құқықтың нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол
арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым – қатынастарына
дұрыс бағыт беріп отырады;
- құқықтың нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең
сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс - әрекеттерге
жауапкершілікті күшейтіп отырады;
- құқықтың нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды
қолдап, қолайсыздарын қысқартып, эканомиканың әлеуметтік
жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті,
бостандықты және тағы басқа демократиялық қағидаларды
қалыптастырады;
- құқық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты,
қатынасты жақсартудығ құралы
Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және
түрлері
Құқықтық нормалардың өздеріне тән арнайы құрылымы
болады. Құқықтық нормалардың құрылымы танудың теорияға
және тәжірбиеге мәні өте зор. Оны меңгеру, білу арқылы
заңгерлер құқықты қолдану процесі қызметінде кеңінен
пайдаланады.
Құқықтық норманың құрылымы дегеніміз– қисынды
мағынамен оның ішкі мазмұнының элементтерін айқындап
көрсету.
Құқықтық нормалардың құрылымы
мынандай элементтерден тұрады:

Гипотеза

Диспозиция (мінез-құлық)

Санкция (жаза)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 12 тарауы
«Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар» үшін
қылмыстық жауаптылық көздегендіктен, осы құрамдардың
субъектісі ретінде медицина және фармацевтика
қызметкерлерін танимыз. Жаңадан қабылданған
Қылмыстық кодексте «Медициналық қылмыстық құқық
бұзушылық» құрамдарына келесі құрамдар жатады:

Медицина және фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік
міндеттерін тиісінше орындамауы (Қылмыстық кодекстің 317-
бабы);
Клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін және
профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және
медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын
қолданудың тәртібін бұзу (Қылмыстық кодекстің 318-бабы);
Заңсыз түсік жасау (Қылмыстық кодекстің 319-бабы);
Науқасқа көмек көрсетпеу (Қылмыстық кодекстің 320-бабы);
Дәрігерлік құпияны жария ету (Қылмыстық кодекстің 321-бабы);
Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі
немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді
немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
(Қылмыстық кодекстің 322-бабы);
Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы
бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу
(Қылмыстық кодекстің 323-бабы);
Медицина саласындағы қылмыстық құқық
бұзушылықтардың субъектісі арнаулы субъект қатарында
орын алады. Медицина қызметкерлерінің қылмыстық
жауаптылығының ерекшеліктері олардың субьектісінің
ерекше мәртебесімен және кәсіби қызметінің әлеуметтік
мәнімен анықталады. Отандық қылмыстық құқық
доктринасына сәйкес, ҚК Ерекше бөлімінің баптарында
субъектінің ерекше белгілері көзделсе арнаулы субъект
болып танылады.
Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін
және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық
бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды
тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-
қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және
т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу),
тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс
қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі
қылмыс болып табылады.
Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік,
азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық
жауапкершілік қарастырылған.
Қорытынды:
Құқық нормасы — құқықтың білдірілу
нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа
да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы (заң, жарлық,
қаулы) міндетті тәртіп.Біртекті қатынастарды реттеп, құқық
саласын құрайтын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық және
т.б.) құқық нормасының жиынтығы.Құқық нормалары жалпыға
міндетті күшке ие, жауапкершілікті бұзған жағдайда,
субъектілерге заңдық құқықтар мен міндеттерді беруді
қарастырады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
2. Халықаралық құқық. 1-кітап 2017жыл
3. Құқық негіздері Т.Алайдарова 2018жыл

Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері
Құқық бұзушылық түсінігі
Әкімшілік жауапкершілік
Қылмыстық құқық бұзушылы объективті жағы
Әкімшілік құқық бұзушылық
Фармацевтикалық қызметінде тәртіптік жауапкершілік
Қылмыстық құқық бұзушылықтар
Сот отырысының хатшысы
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы
Пәндер