Самай сүйектің дабыл бөлімі



ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырып:Самай сүйегінің өзектері
Қалыпты анатомия кафедрасы
Орындаған:Дүйсембай А. Е.
Тобы: ЖМҚА 105-21
Қабылдаған: Турекулова А. К.
Шымкент-2022

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Самай сүйектің дабыл бөлімі
2. 2Самай сүйектің тастақты бөлімі
2. 3. Самай сүйектің тастақ бөлігінің қырлары
2. 4. Самай сүйектің өзекшелері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
2

Самай сүйек(os temporale) бассүйектің ми сауыты бөлімінің 2жақ бүйір қабырғасын құрайтын жұп сүйек. Топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты бөліктерге бөлінеді: 1. Қабыршақтық (pars squamosa), самай шұңқырының қабырғасын түзеді 2. Дабылдық (pars tympanica), сыртқы есту жолы, дабыл қуысын құрайды 3. Тастық (pars petrosa), құлақ қаңқасын құрайтын қатты бөлік.
3
1. Кіріспе
1
2
3

Самай сүйектің қабыршақтық бөлімі (pars squamosa)
Қабыршақтық бөліктің сыртқы беті тегістеу және дөңестеу келген. Артқы қапталында:вертикаль бағытта орталық самайлық жүлге (sulcus arteriae temporalis media) орналасқан. Сыртқы бетінің жоғарғы бөлігінің алдында:сыртқы есту түтігі (porus acusticus externus), алдында бетсүйектік доғаны құраушы бетсүйектік өсінді, (processus zygomaticus), орналасқан. Ол еміздік үсті қырқаның (crista supramastoidea) тікелей жалғасы болып саналады.
Бетсүйектік өсіндінің тісшеленген ұшы тісшеленіп, бетсүйектің самай сүйектік өсіндісі мен самай-бетсүйектік жік (sutura temporozygomaticia) арқылы бірігіп, бетсүйектік доғаны құрайды (arcus zygomaticus) құрайды. Бетсүйектік өсіндінің басталар жерінің төменгі бетінде көлденең бағытта, сыртқы пішіні сопақша төменгі жақтық шұңқыр (fossa mandibularis) орналасқан. Бұл ойыстың тас-қабыршақтық саңылауға (fissurа petrosquamosa) дейінгі алдыңғы бөлігі, самай төменгі жақ буынының буын бетін құрауға қатысады.
Төменгі жақтық ойыстың алдында буындық төмпешік (tuberculum articulare) орналасқан. Сонымен қатар қабыршaқтық бөліктің екі жиегі немесе жиектері ажыратылады Алдыңғы төменгі қыры немесе сына сүйегімен шектесетін жиегі (margo sphenoidalis) . Ол тісшеленіп сына сүйектің қабықшалы бөлігімен сына-қабықшалы жік (sutura sphenosquamosa) арқылы байланысқан.
2. Негізгі бөлім

5
Самай сүйектің дабыл бөлігі (pars tympanica)
Ол самай сүйектің шағын бөлігі болып саналады. Сыртқы пішіні иіліп келген табақшадан тұрады. Бұл бөліктің төменгі беті ойыстау болып келуімен қатар, сыртқы есту тесігінің (porus ocusticus externus) төменгі алдыңғы және артқы қабырғасының жарты бөлігін құрауға қатысады.
Сонымен қатар, дабыл бөлігінің төменгі бетінде қабықшалы бөлігінің аралығында дабыл қабықшалы саңылауы (fissura petrosuqamosa) орналасқан. Бұл саңылау арқылы төменгі жақ ойысының буын беті дабыл бөлігінен бөлінген.
Дабыл бөлігінің сыртқы жиегі, бұл сүйектің қабықшалы бөлігі мен бірігіп, тұйықталынып, сырқы есту тесігін (porus ocusticus externus) құрайды. Дабыл бөлігінің медиалді бөлігі мен қабыршақтық бөліктін аралығы, дабыл қуысының қақпағынан төмен бағытта орналасқан табақша арқылы, бұл саңылау алдында орналасқан тас-қабыршақты саңылауға (fissura petrosquamosa) артындa тас-дабыл саңылауына бөлінеді.
2. 1. Самай сүйектің дабыл бөлімі

6

7
Самай сүйектің пирамидасы немесе тастақты бөлігі (pars petrosa)
Сыртқы пішіні пирамида тәрізді болып келгендіктен пирамида бөлігі (pars pyramidis) деп екіншіден тығыз орналасқан сүйектен тұрғандықтан тастақты бөлік (pars petrosa) деп аталады. Топографиялық орналасуына қарай самай сүйектің пирамидасы екі бөліктен тұрады:
Артқы латеральды немесе емізіктік тәрізді бөлігі (pars mastoideus) құлақтың сыртқы есту тесігінің артқа қапталында орналасқан. Сыртқы пішіні еміздік тәрізді өсіндіге(processus mastoideus) ұқсап төмен қарай бағытталынып орналасқан.
Сыртқы бұдырлы дөңестеу келген бетінде:емізік тәрізді өсіндінің тесігі (foramen mastoideum) орналасса ішкі қапталында екі қарыншалы бұлшықеттің қарыншасы бекитін тілігі (incisura mastoidea) және осы тілікке паралель бағытта орналасқан шүйде артериясының жүлгесі (sulcus arteriae occipitalis) айқын байқалады.
Артқы латерльды бөліктің ми сауытына қараған беті ойыстау және бұдырлы болып келген мұнда сигма атты қойнаудың жүлгесі (sulcus sinus sigmoideus) айқын көрінеді.
2. 2Самай сүйектің тастақты бөлімі

8
Еміздік өсіндінің терең қабаты ұяшықтар(cellulae mastoidea) арқылы қуысталған. Ұяшықтардың ішкі беттері шырышты қабықшамен көмкерілген, олар бір-бірімен шытырманды түрде өзара жалғаса отырып, қуысталған еміздік өсіндінің қойнауын құрайды. Бұл қойнау дабыл қуысымен кіре беріс тесігі (antrum mastoideum) арқылы өзара байланысқан. Пирамиданың үш қыры, үш беті ажыратылады.
Пирамиданың алдыңғы беті(facies anterior) қабыршақтық бөліктің алдыңғы бетінен, тас қабықшалы саңылау (fissura petrosquamosa) арқылы ажыратылады. Алдыңғы бетінің орталық бөлігінде доға тәрізді көтеріңкі (eminentia arcuata) орналасқан. Доға тәрізді көтеріңкі мен тас қабықшалы саңылаудың аралығында шағын келген дабыл қуысының қақпағы (tegmen tympani) орналасқан.
Пирамиданың алдыңғы бетінің ұшына таман үшкіл нерв түйінінің батыңқысы (impression trigemini) байқалады. Үшкіл нерв түйіні батыңқысының бүйір қапталында үлкен тастық нервтың саңылауы (hiatus canalis nervi petrosa majoris) айқын көрінеді, бұл саңылаудың ішкі қапталында кіші тастық нервтің саңылауы (hiatus canalis nervi minoris) орналасқан.


Пирамиданың артқы беті(facies posterior) артқы бетінің орталық бөлігінде, дөңгелек пішінді ішкі есту тесігі оның жолы (meatus ocusticus internus) орналасқан. Ішкі есту жолының тесігінен жоғарырақ доға-астылық шұңқырша (fossa subarcuata) орналасқан. Бұл тесік қызметі:ішкі құлақтан ми қабықшасының аралығына қарай бағытталған эндолимфатикалық сұйықтықты өткізу. Пирамиданың төменгі беті(facies inferior) мұнда сопақша немесе дөңгелек тәрізді болып келген мойындырықтықшұңқыр (fossa jugularis) орналасқан. Мойындырық шүңқыршаның артқы жиегі, мойындырық тілік(incisura jugularis) арқылы шектелген. Мойындырық тіліктің аралығында аралық мойындырықтық өсінді (processus interjugularis) айқын көрінеді. Мойындырық шұңқырдың алдында, ішкі ұйқылық артерия (canalis caroticus) өзекшесінің сыртқы тесігі (foramen caroticum externum) айқын көрінеді. Осы ұйқы артерия тесігі мен мойындырық ойыстың аралығында тастық бөлік шүңқыры (fossula) байқалады. Тастық шұңқыршаның табанында дабыл қуысына қарай бағытталған, дабыл өзекшесінің тесігі (canaliculus tympanicus) көрінеді. Бұл өзекше арқылы дабыл қуысына қарай бағытталған, дабыл нерві мен қантамырлар және лимфа тамырлары өтеді. Төмен қарай бізді өсінді (processus styloideus) орналасқан. Біз тәрізді өсіндінің арты мен еміздік өсіндінің арасында біз-еміздік тесігі (foramen stylomastoideum) орналасқан.


12
Тастық бөліктің артқы жиегі (margo posterior partis petrosae) тасты бөліктің артқы бетімен төменгі бетінің аралық шекарасы болып есептеледі. Артқы жиектің бойында, ми сауытына қараған бетінде төменгі тастық қойнаудың саласы (sulcus sinus petrosus inferior) орналасқан. Ол төменгі тастақ қойнаудың батыңқысы болып саналады. Бұл қырдың ортаңғы бөлігінде мойындырықтық ойыстың тұсында, сыртқы пішіні құйғышқа ұқсаған ұлу өзекшесінің сыртқы тесігі (apertura externa canaliculi cochleae) орналасқан.
Тастақ бөліктің алдыңғы жиегі (margo anterior partis petrosae) ол алдыңғы бетінің бүйір қапталында, қабыршақтық бөлік пен тастақ бөліктің аралығындағы тас дабыл саңылаудың (fissura petrosquamosa) бойында орналасқан. Алдыңғы қырдың терең қабатында іщкі ұйқы артериясының өзекшесі (canalis caroticus) бүйір қапталында бұлшықет-түтік өзекшесі (canalis musculo tubarius) орналасқан.
Тастақ бөліктің жоғарғы жиегі (margo superior partis petrosae) ол пирамиданың алдыңғы беті мен артқы бетінің түйіскен жерінде орналасқан. Бұл қырдың бойында жоғарғы тастақ қойнаудың жүлгесі (sulcus sinus petrosus superior) орналасып қана қоймай, мишық шатырының (tentorium cerebeli) бекитін орны болып саналады.
2. 3. Самай сүйектің тастақ бөлігінің қырлары

1. Ішкі ұйқы артериясының өзекшесі (canalis caroticus) ол тастақ бөліктің төменгі бетінің ортаңғы бөлігіндегі, бұл өзекшенің сыртқы тесігінен (foramen caroticum externum) басталады. Бұл өзекше, ең әуелі дабыл қуысының алдыңғы қапталының бойымен жоғары қарай бағыт алып, одан әрі алға қарай иіліп, горизанталді бағытта алға және медиалді бағытта өтіп пирамиданың ұшында аяқталады. Бұл өзекше арқылы ішкі ұйқы артерия мен оның бойындағы симпатикалық өрімдер өтеді.
2. Ұйқы-дабыл өзекшесі (canaliculi caratycotympanyci) шағын келген ішкі ұйқы артерия өзекшесінің қабырғасынан басталып, дабыл қуысымен байланыстырып тұрушы екі өзекшеден тұрады. Бұл өзекше арқылы, дабыл қуысын нервтендіруші симпатикалық ұйқы дабыл нерв(n. caroticotympanics) өтеді.
3. Бет ми нервінің өзекшесі (canalis facialis) ол ішкі есту жолының табанында орналасқан, өзіне тән меншікті тесікшеден басталады. Бұл өзекше, горизанталді бағытта, меншікті тесікше арқылы өткеннен кейін, алға және латеральды бағытта үлкен тастық нервтің өзегінің саңылауы (hiatus caanalis n. petrosi majoris) қарай өтіп, одан әрі кері бағытта сүйір бұрыш құрап, бет нерві өзекшесін құрап, одан әрі төмен бағытта өтіп, біз-емізіктік тесік (foramen stylomastoideum) пен аяқталады. Бұл өзекшеден біз-еміздік тесікке жетпей, дабыл қуысына қарай, дабылшегі нервінің өзекшесі (canaliculus chordae tympanizi) өтеді.
2. 4. Самай сүйектің өзекшелері

4. Дабыл шегі нервінің өзекшесі (canaliculus chordae tympanizi) ол бет нерві өзекшесінен біз-еміздік тесігіне жетпей, алға және жоғары қарай бағыт алып, дабыл қуысына қарай өтеді. Бұл өзекше арқылы XIII-жұп аралық ми нервінің (n. inter medius) дабыл шегі атты нерві (n. chorda tympani) өтеді. Дабыл қуысынан дабылтастақ саңылау (fissura petrotympanica) арқылы ми сауытынан сыртқа қарай бағыт алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz