Терінің мүйізді қабаты нәзік, жұқа


Slide 1

Нәрестелік кезеңнің шекаралық жағдайлары.

Slide 2

Түсінік

Жетіліп туған нәресте- 37-42 апта жүктілік кезеңінде туылған бала (260-294 гестациялық күн) .

Шала туылған нәресте- 22 аптадан 37 аптаға дейінгі жүктілік кезеңінде туылған бала. (260 -қа дейінгі гестациялық күн, салмағы 500 г жоғары) .

Уақытынан асып туған нәресте - 42 апта және одан жоғары жүктілік кезеңінен асып туған нәресте (294 гестациялық күннен астам)

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7

Жетіліп туған нәрестенің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері

орташа салмағы 3200-3300 г.

орташа бойы 50 см.

ұл балаларда ата безі ұмаға түскен.

қыз балаларда үлкен жыныс еріні кіші жыныс ернін жабады.

көзі ашық, дауысы қатты, қозғалысы белсенді.

Slide 8

Терісі

Бала туған сәтте терісі ақ-сұр түсті бастапқы майлылығымен(первородная смазка) жабылған, ол сыдырылған эпителий (слущенный) мен майдан тұрады.

Терідегі бастапқы майлылық жойылғаннан кейін 2-3 күн сақталатын физиологиялық эритема пайда болады. Келесі күндерде терісі қабыршақтанады(отрубевидное шелушение) және нәрестенің терісі нәзік- қызғылт түске ауысады.

Slide 9 Slide 10

Терінің мүйізді қабаты нәзік, жұқа. Эпидермис және базальды қабаты болбыр, бұл эпидермис пен дерманың арасындағы байланыстың әлсіз болуымен көрініп, терінің баздануы және іріңді аурулардың оңай пайда болуына ықпал етеді . Нәрестенің терісі қан тамырлармен және кең капиллярлармен жақсы қамтамасыз етілген. Май бездерінің қызметі жақсы дамыған, тер бездерінікі- төмендеген. Нәрестелердің терісінің беткей қабаттарының нәзік және жеңіл жаралығыштығының әсерінен оның қорғаныш қызметі төмендеген.

Нәресте терісі жылу мен ылғалды тез жоғалтады, сондықтан оларға дұрыс күтім болмаса бала тез қызып немесе тоңуы мүмкін.

Slide 11

Жетіліп туған нәрестенің тері асты май қабаттары жақсы дамыған,

Түк шаштары (лануго) арқаның жоғарғы бөлігін, иықты, маңдайды жабады.

Жетіліп туған нәрестенің тырнақтары тырнақ шетін толық жауып, фаланганың шетіне дейін жетеді.

Табандары көптеген сызықтармен көрінеді. Кіндік сақинасы семсер тәрізді өсінді мен қасаға аралығы ортасында орналасқан.

Кеуде клеткасы конус тәрізді. Қабырғалары -көлденеңінен орналасқан.

Кеуде шеңбері-32-34 см.

Slide 12 Slide 13

Сүйек жүйесі

Жетіліп туған нәрестенің сүйектері жұмсақ, серпімді.

Туа салысымен нәрестенің басы созылыңқы (долихоцефаликалық) формаға ие.

Бас сүйегі бет сүйегінен басым, конфигурацияланған, шашының ұзындығы 1-2 см құрайды. Бас шеңбері-34-36 см, кеуде шеңберінен 1-2 см-ге үлкен. Басының биіктігі денесінің ¼ құрайды.

Мойындары қысқа. Құлақ қалқандары қатты.

Нәрестенің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдер жоқ.

Аяқтары салыстырмалы түрде қысқа.

Slide 14

Родовая опухоль Generic tumor

Slide 15

Үлкен(алдыңғы) еңбек- екі төбе және маңдай сүйектерінің жіктерінің қиылысында орналасқан. Ромб тәрізді формалы, мөлшері 2-3, 0 см, 12-18 айында жабылады.

Кіші (артқы) еңбек- екі төбе және шүйде сүйектерінің жіктерінің қиылысында орналасқан. Ол үшбұрышты формалы, 20-25 % нәрестелерде ашық болады, өмірінің 2-3-ші айларында жабылады.

Slide 16

Большой родничок Large fontanelle

Slide 17 Slide 18

Бұлшықет жүйесі

Жетіліп туған нәрестенің бұлшықеттері әлсіз дамыған, бұлшықеттік физиологиялық гипертония тән. Дені сау нәрестеге флексорлы қалып тән: аяқ-қолдары жартылай бүгілген, саусақтары жұдырыққа жұмылған. Басын өз бетімен ұстай алмайды. Қозғалыстары келісілмеген, хаотикалық.

Slide 19 Slide 20

Жүрек-қантамыр жүйесі

Алғаш дем алғаннан кейін ұрықтық қан жолдары - артериальды (боталлов) және венозды (аранциев) өзектері, сопақша терезе және кіндік тамырларының қалдықтары- жабылады.

Жүрек сопақша формалы, кеуде торында биік, көлденең орналасқан. Нәрестенің қан айналымы ересектерге қарағанда 2 есе тезірек.

Туғаннан кейін алғашқы күндері нәрестенің жүрек соғу жиілігі минутына 140-160 рет, 2-3-ші аптада -125-140 рет/минутына. Оларға пульстың лабильділігі, аритмия тән.

Туған кезде артериальдық қысым: систоликалық- 66 мм с. б. б., диастолалық- 36 мм с. б. ; өмірінің 10-шы күндері артериальдық қысым жоғарылайды: 80 мм с. б. б. - систоликалық және 43 мм с. б. - диастоликалық.

Slide 21

Тыныс алу жүйесі

Мұрыны қысқа, төменгі мұрын жолдары нашар дамыған, қалғандары- тар. Мұрын қуысының шырышты қабаттары жұқа, қан тамырларға бай, ісінуге бейім.

Жетілген нәрестелердің өкпелері қан тамырларға, аралық тінге бай, эластикалық тіні нашар дамыған. Лимфатикалық саңылаулары және капиллярлары кең. Осы ерекшеліктерге байланысты өкпе толыққанды, серпімділігі төмен, бұл тоқырау құбылыстарының пайда болуына және инфекцияның дамуына жағдай жасайды.

Нәрестенің тынысы жиі, беткей және тыныстың лабильділігімен аритмиясы тән. Жетіліп туған нәрестенің тыныс алу жиілігі 40-60 рет минутына.

Нәрестенің тыныс алу қызметінің қалыптасуы өкпе сурфактантының қатысуымен жүреді (антиателектикалық фактор) . Сурфактант жетіспеушілігінде (мысалы гипоксияда) тыныс алу бұзылысы синдромы пайда болады.

Slide 22

Ас қорыту жүйесі

Нәрестенің ауыз қуысы салыстырмалы кіші, шырышты қабаты ашық-қызыл, нәзік, жеңіл жараланғыш.

Ұртында - сору актісіне үлес қосатын Биш май төмпешіктері бар. Еріндерінде емізікті тығыз қамтуға ықпалын тидіретін валиктер орналасқан(Робэн - Мажито қатпарлары) .

Жетілген нәрестенің асқазаны өмірінің алғашқы күндерінде 30-35 мл сұйықтықты сидыра алады. Асқазанның кардиальды бөлігінің бұлшықеттері, қалытқы (привратник) бұлшықеттеріне қарағанда аз дамыған, осыған байланысты нәрестелерде ауа жұтып қойғанда (аэрофагия), жоғары қозғыштықта, шамадан тыс тамақтандырғанда, кей ауруларда лоқсу және құсу жеңіл пайда болады .

Асқазан және ішек сөлдері құрамы бойынша ересектердегідей, бірақ асқазан сөлінің қышқылдығы және ферменттердің белсенділігі біршама төмен.

Ішектің шырышты қабаты микробтар мен токсиндердің жоғары өткізгіштігімен ерекшеленеді, бұл оның құрылысының ерекшеліктерімен түсіндіріледі: ол нәзік, қан тамырларға, лимфа түйіндеріне, талшықтарға бай, жеңіл жараланғыш.

Slide 23 Slide 24

Бала туа салысымен олардың ішектері стерильді. Бірнеше сағаттардан кейін әртүрлі жолдар арқылы оларға сапрофитті микрофлора түседі (бифидумбактерии, патогенді емес ішек таяқшалары т. б. ) .

Туғаннан 2-3 күннен кейін нәрестелерде меконий пайда болады, ол сыдырылған эпителийден (слущенного эпителия), ішек шырышынан, өттен, жұтылған құрсақмаңы суынан тұрады. Меконийдің түсі қара-жасыл, біртекті, тұтқыр, иіссіз . Кейіннен нәжіс ақшыл-сары түске ауысады. Нәрестенің нәжісінің жиілігі 1-3 -5 рет/тәулігіне дейін.

Нәрестенің бауыры үлкен, толыққанды (полнокровна), дәнекер тіні аз. Пальпация кезінде оның төменгі жиегі дөңгелектенген, қабырға доғасынан 1, 5-2 см шығыңқы.

Slide 25

Зәр шығару жүйесі

Нәрестелердің салмағына шаққанда бүйрек көлемі ересектердікіне қарағанда үлкенірек, сондықтан оларды пальпациялауға болады.

Өмірінің алғашқы 2-4 күндерінде нәрестелерге физиологиялық олигурия тән, ол организмге сұйықтықтың аз түсуімен байланысты. Келесі күндері зәр шығаруы тәулігіне 20-25 ретке дейін жиілейді. Өмірінің 4-5-ші күндерінен бастап және нәрестелік кезеңде зәрі түссіз, тұнық.

Slide 26

Шала туғандар-


Ұқсас жұмыстар
Балалардың терісі
ТЕРІ ТОПОГРАФИЯСЫ
Нағыз тері қабаты
Терінің сыртқы қабаты
Жануардағы тері және олардың туындылары
Тері құрылысы және химиялық құрамы
Терінің құрылысы. Терінің қызметі
Анализаторлар физиологиясы
Тері гигиенасы туралы
Терінің қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz