ОРМАН ЖӘНЕ ЖАРЫҚ




Презентация қосу
4 Дәріс
Тақырыбы: ОРМАН ЖӘНЕ
ЖАРЫҚ
Қарастырылатын
сұрақтар:
1 Орман тіршілігіне жарықтың маңызы.
2 Ағаш түрлерінің жарыққа қатынасы
және жарық сүйгiштiгi.
3 Ағаш түрлерінің жарық сүйгiштiгi және
оның сыртқы белгiлерi.
4 Жарық сүйгiштiктi анықтаудың
арнаулы әдiстерi.
5 Ағаш түрлерінің жарық сүйгiштiк
шкалалары.
6 Ормандағы жарықтануды реттеудiң
орманшылық әдiстерi.
1 Орман тіршілігіне жарықтың
маңызы.
Жарық – өсiмдiктер тiршiлiгiндегi
қажеттi фактор. Хлорофиллдiң құрылуы,
фотосинтез, транспирация,
бүршiктердiң, жасушалардың,
жапырақтардың, гүлдердiң, жемiстердiң
пайда болуы мен өсуi, жасушалар
арасында заттар алмасуы және т.б.
жарықтың қатысуымен өтедi.
2 Ағаш түрлерінің жарыққа
қатынасы және жарық сүйгiштiгi.
Әр түрлi ағаш түрлерінің жарық режиміне
қатынасын салыстыра отырып, ежелден
орманшы мамандар ағаш түрлерінің жарық
сүйгiштiк және көлеңкеге төзiмдiлiк дәрежесi
әрқилы болатыны жөнiнде қорытынды жасады.
Орманшылықта жарық сүйгiштiктi тiкелей сол
ұғымда емес, қайта көлеңкеленуге терiс
реакция ретiнде қабылдайды.
Көлеңкеге төзгiштiк көлеңкелену кезiнде
фотосинтездiң бiршама жоғары белсендiлiгiн
сақтау қабiлетi деп түсiндіріледi.
3 Ағаш түрлерінің жарық сүйгiштiгi
және оның сыртқы белгiлерi.
Ағаш түрлерінің жарық сүйгiштiгiн ағаштың және сүрекдiңнiң сыртқы белгiлерi бойынша анықтайды.
Оларға жататындар:
– ағаш желегінің тығыздығы және селдiрлiгi – селдiр желекті ағаш түрлері тығыздылармен
салыстырғанда жарық сүйгiштеу келедi. Бiрiншiге, мысалы, мыналар жатады: қайың, қарағай,
балқарағай, екiншi топқа, шырша, шамшат, майқарағай.
– ағаш желегінің ұзындығы – едәуiр ұзын желекті ағаш түрлері (майқарағай, шырша) көлеңкеге
төзiмдiлер болып саналса, ал қысқа желектілер (қайың, терек) жарық сүйгiштер болып табылады.
– ағаш қабығының қалыңдығы – көлеңкеге төзiмдi ағаш түрлері – шырша, майқарағай, шамшат –
жұқа қабықты болса, жарық сүйгiштер – қарағай, балқарағай – қалың қабықты болып келедi.
- өсу жылдамдығы – жарық сүйгiш ағаш түрлері, әдетте, баяу өсетiн көлеңкеге төзiмдiлерге
қарағанда тез өседi.
– дiңдердiң бұтақшалардан тазару жылдамдығы – жарық сүйгiш ағаш түрлерінде дiңдердiң
бұтақшалардан тазаруы жылдам жүретiндiгi анықталған.
- табиғи сиреудiң жылдамдығы – жарық сүйгiш ағаш түрлерінен құралған сүрекдiңдердiң жасына
қарай табиғи сиреуi, көлеңкеге төзiмділерден жылдамырақ жүредi;
- қалың сүрекдiң шымылдығы астындағы өскiннiң шығымының өсу қарқыны мен ұзақтық
дәрежесi – жарық сүйгiш ағаш түрлерінің өскiндерi көлеңкеде тез жойылады, көлеңкеге
төзiмділердің өскіндері басылыңқы жағдайда болса да ұзақ уақыт өмiр сүредi;
- орман шымылдығы астындағы топырақтың жарықтану дәрежесі– жарық сүйгiштерде ол
жоғары болса, ал көлеңкеге төзiмділерде аз болады. Аумағы бойынша ағаштар саны бiрдей
болғанымен жарықтану дәрежесiнiң айырмасы 80-90 пайызға жетедi;
- жапырақтардың қалың болуы – ағаш желегі қалың, көлеңкеге төзiмді ағаш түрлерінде ғана
жапырақтар бiр-бiрiн көлеңкелеуге төзе алатын қабiлетi болғандықтан, осы ағаш түрінің желегі
неғұрлым қою болса, ол көлеңкеге көп төзiмді келедi.
4 Жарық сүйгiштiктi
анықтаудың арнаулы әдiстерi.
Ағаш түрлерінің жарық тұтынушылығын анықтау үшiн
аспаптарды, өлшемдердi, есептеулерді қолдану арқылы
алынатын тәжірибелік (экспериментальды) деректерге
негiзделген арнайы әдiстер ұсынылған және олар
объективтi немесе арнаулы деп аталады.
Оларға мыналар жатады:
1) фотометриялық әдіс (жарықты тiкелей өлшеумен
байланысты);
2) фитометриялық әдіс (ағаштардың өздерiне өлшеу
жүргiзiледi);
3) анатомиялық әдіс (зерттелетiн ағаш бөлiктерiнiң
анатомиялық құрылымы зерттеледi);
4) физиологиялық әдіс (физиологиялық құбылыстар
зерттеледi).
5 Ағаш түрлерінің жарық
сүйгiштiк шкалалары.
М.К. Турский ұзақ бақылау материалдарының және басқа зерттеушiлердiң көп жылғы
тәжiрибелерiн жинақтай отырып, ағаш түрлерінің жарық сүйгіштігі бойынша мынадай
шкала ұсынды: балқарағай, қайың, кәдiмгi қарағай, көктерек, тал, емен, шаған, үйеңкі,
сұр қандыағаш, шегіршіндер, қырым қарағайы, қара қандыағаш, жөке, шырша, шамшат
және майқарағай.
П.С. Погребняк ағаш түрлері мен бұталардың көлеңкеге төзiмділігiн көрсететін бiршама
үлкен шкаласын ұсынды.
1969 жылы Н.Д. Нестерович және Г.И. Мартайлик кешендi көрсеткiштер негiзiнде
Белоруссия аумағының 45 ағаш түрлерінің жарық сүйгіштік жинақталған шкаласын
шығарды.
Қазақстан Республикасы аумағындағы ағаш түрлерінің жарық сүйгіштігінің
дифференциалдық шкаласы:
І) Жарық сүйгiш ағаш түрлері: кәдімгі қарағай, сібір балқарағайы, ақ қараған, ақ тал,
сары қараған, кәдімгі мойыл, қотыр қайың, көктерек, ақ қандыағаш, үлпек қайың.
ІІ) Салыстырмалы жарық сүйгiш ағаш түрлері: кәдімгі шаған, күміс түсті үйеңкі, кәдімгі
емен, кәдімгі шетен.
ІІІ) Аралық немесе орташа жарық сүйгiш ағаш түрлері: тікенді шырша, шаған жапырақты
үйеңкі, кәдімгі орманжаңғақ ағашы, қара қандыағаш, ат талшын.
ІV) Бiршама көлеңкеге төзiмді ағаш түрлері: қатпарлы шегіршін, кәдімгі шегіршін, дала
үйеңкісі.
V) Көлеңкеге төзiмді ағаш түрлері: сібір майқарағайы, шырша, үшкір жапырақты үйеңкі,
ірі жапырақты жөке, ұсақ жапырақты жөке.
6 Ормандағы жарықтануды
реттеудiң орманшылық әдiстерi.
Көптеген орманшылық шаралары
ормандағы жарықтануды реттеуге және
онда жарықтану режимін құруға
негiзделген, олар сүректi өсiмдiктер
өсуiнiң түрлi кезеңдерiнiң талаптарына
сай келедi.
Бақылау сұрақтары:

1. Жарықтың орман тіршілігіндегi маңызы
неде?
2. Ағаш түрлерінің жарыққа қатысы қандай?
3. Ағаш түрлерінің жарық сүйгiштiгiн
сыртқы белгiлерi бойынша қандай
әдiстермен анықтайды?
4. Ағаш түрлерінің жарық сүйгiштiгiн
құралдармен анықтаудың қандай әдiстерi
бар?
5. Жарық сүйгiштiк шкалаларын атаңыз.

Ұқсас жұмыстар
Жарық әсерінен өсімдіктердің қозғалуы
Орман тұқым ісі
Орманның құрлысы
Ағаштар мен бұталардың жеміс беруі. Оның ішінде алма ағашы. Орман тұқымын сақтау және тасымалдау
Ингредиенттер - қауымдастықтың басты және басты емес қабаттарындағы басқа қатысушылар
Жалпақ жапырақты ағаштардың жапырақ зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Тундра мен орман тундрадағы индикациялық заңдылықтар
Артқы жағындағы дене кеңейген
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ(1873-1938)
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КІТАПТАР ШЫҒАРУ
Пәндер