Шығармашылық қиял



Қиял
Орындаған: Мұхтар А.
Қабылдаған:Есентаева Б.

ЖОСПАРЫ:
Қиял түрлері.
Қиялдың механизмдері, әдістері
Қиялды дамыту жолдары

ҚИЯЛ
Қиял - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «. . . барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби) .

01
Қиял түрлері:
активті - ырықты,
пассивті - ырықсыз,
продуктивті,
репродуктивті,
түс көрушілік,
елестетушілік,
қайта жасау қиялы
шығармашылық қиялы,
арман және мұң.

Пассивті қиял
Қиял бейнелері спонтанды түрде адам еркі және тілегінен туындайды. Яғни, адамның алдына мақсат қоймай-ақ, басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ойлау кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағлып өтіп жатуы. Осы екі мысалдардың бірінші жағдайында - қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда - сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес - қиялдың пассив түрі.

Ырықты қиял.
Ұшқыш, дәрігер, мұғалім т. б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын ала көз алдарына елестетеді. Оларды орындауға қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырдың жолдары бар. Олар - қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі - ырықты (активті) қиял. Активті қиял - адам өзінің тілегімен және еркімен өзінде сәйкес бейнелер тудыра алады. Бұл - адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады.
.

Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркендіргіш қызметін әртүрлі суреттер мен сызулар, сызбалар мен кестелер, ноталар атқарады. Ал психологиялық құрылысы - екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші сигналдық бейнелерге айналдыру. Мысалы, мұхитты көрмеген адам біреудің сол мұхитты суреттеп жазғанымен таныса отырып, оның ұшы-қиырсыз бейнесін қиялдайды. Қайта жасау қиялындағы мақсат жаңа, соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету болып табылады. Қайта жасау қиялы - адамның ой-өрісін дамытып отыратын психикалық процесс. Қиялдың бұл түрінің тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызы бар. Мысалы, оқырмандар Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Дәркембайдың бейнесі арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін көз алдарына елестетіп, пайымы кең, ақыл-парасаты терең кісілердің оқырман адамдардың арасынан да жиі кездескендігіне көз жеткізеді.

Жасампаздық
Машиналардың жаңа түрлерін ойлап табу, бұрынғы машиналарды реконструкциялау, мал тұқымын асылдандыру, өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын өсіріп шығару, ғылымда, өнер мен әдебиетте, құрылыс пен халық шаруашылығының басқа салаларында жаңалық ашу - мұның бәрі де шығармашылық қиялға жатады. Мұндағы процеске тек қиял ғана емес, тұрақты зейін, әр түрлі ойлау әрекеттері, ерік процестері т. б. әрекеттер де қатысады. Дегенмен, ырықты қиял жетекші рөл атқарып, адамның барлық процестері мен істеріне жол сілтейді.
Қиялдың ең жоғары түрі - жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындалар - қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Жасампаздық қиял - қоғамдық мәні бар жаңа, соны өмімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс.
.

Шығармашылық қиял
Шығармашылық қиял арқылы жасалатын жаңа туындылар мен өнімдер әрқилы жорамалдар жасап, көп ізденуді талап етеді. Алға қойған міндеттерді шешуде көпке дейін нәтиже шықпай, іздеген образ жасалмайды, зат тетіктері үйлеспейді. Шығармашылық қиялдану үстінде адамның іздегені күтпеген жерден, кенеттен тууы да мүмкін. Адам басында көптен бері жүрген мәселенің кенеттен, күтпеген жерден шешім табуы, оған тиісті жауап алынуы психологияда интуициялық процесс деп аталады. «Интуиция» латын сөзі - шұғылданып қарау деген мағынаны білдіреді.

Арман
Адам қиялының ерекше бір түрі - арман. Бұл - актив әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат-мүддемізді іс жүзінде асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман - келешектегі әрекеттерге арналған қиял. Ол - шығармашылық қиял емес, бірақ, соған дайындықтың бастапқы сатысы. Бос қиялдың өмір үшін ешбір пайдасы жоқ, ол - арманның тиімсіз түрі. Бұл - қажырсыз қиял. Мұндай қиял адамды белгілі бір мақсатқа не нәтижеге жетелемейді. Арман - қиялдың ерікті түрі, ол әрі саналы, әрі белсенді сипатқа ие. Әрекет етудің орнына адам бос қиялға берілсе, онда оның бұл жағдайы босқа адасу, жігерсіз әрекет болар еді.

Адамның жігерсіз іс-әрекетіндегі бір түрі - мұң. Мұң - адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз оқиғалары мен сәтсіз істері жайындағы ойы, мақсатты істерінің жүзеге аспауы туралы, оған себепкер болған жайттар жайындағы қиялы. Осындай қолайсыз бейнелердің тізбегі кім-кімнің болмасын тынышын кетіріп, ойын бөледі. Бұл - қиялдың әрекетсіз түрі, сондай-ақ, шындықтан жалтару болып саналады. Әдетте, еркі күшті адам мұндай қолайсыз қиялдан арылудың жолын іздестіріп, мақсатты істі жүзеге асыру әрекетіне ауысады да, өзін-өзі меңгереді.
Продуктивті қиял - мұнда шындық саналы түрде құралады. Репродуктивті қиял - шындық қандай түрде бар сондай түрде елестетіледі. Мұнда фантазияның кейбір элементтері бар, мұндай қиял шығармашылықтан гөрі қабылдау және жадыда сақтауды елестетеді. Адам қиялымен көркемдік шығармашылық процесі байланысқан.

Елестетушілік (галлюцинация) - адамның қоршаған шындықпен ешқандай байланысы жоқ, фантастикалық елестеу. Олар әдетте адамның психикалық немесе организм бұзылуының нәтижесі. Мұңның (грезы) елестетушіліктен айырмашылығы - бұл қалыпты психикалық жағдай, ол келешекті елестететін тілекпен байланысты фантазия. Арманның мұңнан ерекшелігі ол көп мөлшерде шындықпен байланысқан. Арман және мұң адамның көп уақытын алады, әсіресе жастық шақ кезінде.

02
Қиял түрлері елестеулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентеровка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі қолданылады.
Қиял белгілерінің жасалу жолдары

Анализ - құраушы элементтерін зерттеу арқылы тұтасты зерттеу.
Синтез (гр. , synthesis құрастыру, тіркестіру) -берілген қасиеттерін ескере отырып, бүтінді құру
Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинке, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың констуркциясы (амфибия, танк, судан алатын жеңіл танк, аэршона- суға қонып, ұша алатын самолет құрастырылады.
Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілер үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Гипербола белгілі бір бейнелердің алға шығып, айқын байқалуына жағдай жасайды. Ертегілерде, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп қолданылады

03
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz