Көздің шаршауы



Көру анализаторының этиология, патологиясы

Көз аурулары - көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру - су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына мехникалық (әр түрлі жарақаттар алу, т. б. ), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т. б. ), химиялық (күкіртті сутек, мышьяк, т. б. әсері) және физикалық-химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, т. б. ) факторлар әсер етеді.

Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басыр, бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу, т. б. Көзге ақ түсу, лейкома (leu coma corneae) - көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді (қраңыз [1] ) . Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да Көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз, Аргайлл Робертсон белгісі, т. б. Емделмеген Көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін.

Көру анализаторы үш бөлімнен: көз ағзасы, көру нервтері және көру орталығынан құралады. Шүйде (желке) қыртысында I көру аймағы орналасқан (17 алаң) -көз торы рецепторы. 17 алаңның қасында тағы 18 мен 19 алан жатыр- II көру аймақтары. Бұнда жалғыз жарыққа емес, тағы тән және есту қоздыруларға жауап береді. Көру талдағышының қалған екі топ құрылымдары көз алмасында орналасқан. Көз алмасы - күрделі құрылысты мүше. Ол бас сауытының көз шарасында орналасқан, пішіні шар төрізді, тек алдыңғы жағы сөл дөңестеу келеді.
Көру анализаторын бұзылыстары

Көздің сыртын тығыз ақ қабық қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын тамырлы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат-пигмент болады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қарашығы деп атайды. Қасаң қабықтың артқы жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәріздес денеге толы болады. Көздің ақ қабығының артқы жағынан көзге көру жүйкесі кіреді. Көздің нұрлы қабығының түсі ондағы бояуға байланысты болады. Оның түсі көгілдір түстен қою қара түске дейін болуы мүмкін. Соған байланысты қара, көк, қоңыр т. б. көздерді кездестіруге болады. Кей адамдардың пигменті мүлде болмайды. Ондай адамның (альбиностың) көзі қызыл болады.

Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады. Бұл арнайы сұйық көз бұршағын қоректендіруге (көз бұршағының қан тамырлары болмайды), шыны тәрізді денені толықтыруға пайдаланылады. Көз бұршағы екі жақты дөңес келген мөлдір қапшықтың ішіндегі өте мөлдір қоймалжың зат. Көз бұршағының орта тұсы шетіне қарағанда тығыздау. Оның қапшығы тарамыс арқылы жоғары жөне төменгі жағынан бекітілген. Ол тарамыстарды Цинн тарамыстары дейді. Цинн тарамыстары көз бұршағының дөңестелуін реттейді.

Сонда көзге түскен бейне көздің тор қабығында қабылданып, ол сезуші жүйке арқылы көру орталығына жетеді және одан түйсік пайда болған соң көрудің қозушы жүйке арқылы қайта келеді. Көру анализаторы арқылы осылайша көрген нәрсе анықталады. Көру, организмді қоршаған ортадағы бейнелердің түсін, пішінін, үлкен-кішілігін, алыс-жақанын, пайдалы-зияндылығын білдіретін күрделі физиологиялық процесс.

Көрудің жойылу дәрежесінің түрлерін ажырату: абсолютті (тотальды) соқырлық, мұнда көріп сезу мүлдем болмайды (жарықсезгіштік және түсті ажырату) ; іс-жүзінде көрмеу (қалдық көру, мұндай көруі бар балаларды, жартылай көретіндер деп атайды), жарықсезгіштік жарықты қараңғыдан ажырату деңгейінде немесе қалдық көру, бет алдындағы қол саусақтарын санай алу, тура көз алдындағы заттардың түсі мен пішінін, контурын ажыратудың сақталуы. Көптеген соқыр балаларда қалдық көру болады.

Көру агнозия - көргенді ажырата алмау, танымау, затты, адамды көріп тұрса да танып айыру үшін қолымен ұстап қарау. Бұндай адамдардың үлкен жарты шарының шүйде бөлігі, миы қатты зақымданған болады.
Көру анализаторын бұзылыстары

Көру мүшелерінде кездесетін ауру түрлері. Көздің шаршауы. Көздің шаршауы астенопия деп аталады. Көздің шаршау симптомына жатады: ұсақ заттарды, әріптерді жақыннан қарағанда олардың бұдырауы, көздің, қабықтың сынып ауыруы, қастар арасының ауыруы, жарықтан қорғану. Астенопияның мынадай түрлері бар: аккомадативті, бұлшық еттік, жүйкелік, аралас. Блефаритер. Бұл қабақ шеттерінің қабынуы. Блефариттердің үш түрі бар: қарапайым, қабыршақты, жаралы.

Конъюктивиттер. Конъюктивиттің негізгі белгісі жарықтан қорғану, блефароспазм, жас ағу, көздің қызуы, қышынуы, ауыруы балып табылады. Көбіне көздің кірпікті шетіне қабыршақ тұрып, тәңертең қабақ жабысып қалады.
Трахома - бұл арнайы жұқпалы кератоконъюктивит, әдетте А типті вирустан туындап, созылмалы түрде жүреді. Жалпы пайдалынатын заттар арқылы жұғады. Көзді қозғау аппаратының патологиясы. Үйлескен қылшық.
Қылилық этиологиясы мен патогенезі әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Қазіргі зерттеулерде қылшық көз қозғалысының шартты-рефлекторлы координациясының бұзылысы ретінде қарастырылады. Ол бала жаста бинокулярлы көрудің қалыптасуы кезінде туындайды. Қылилық себебі ми бұзылыстары, жүйке және соматика саласының бұзылуы, сыртқы факторлар рөлі болуы мүмкін.

Салдық қылилық. Салдық қилылықтың негізгі белгісі көз қозғалысының зақымданған бұлшық ет жаққа қарай шектеулі болуы немесе болмауы болып табылады.
Нистагм. Нистагм көз қозғалысының спонтанды тербелісі болып табылады. Оның негізінде орталық немесе жергілікті генез жатыр. Нистагмның дамуы мишық, сопақша ми, гипофиз зақымдағанда, ісікті қабынуларда орын алуы мүмкін. Түріне қарай нистагм маятник тәрізді, дүмпу тәрізді, аралас, бағытына қарай: горизонтальді, ұзыннан, дөңгелек, диагональді болып бөлінеді.
Көру агнозия - көргенді ажырата алмау, танымау, затты, адамды көріп тұрса да танып айыру үшін қолымен ұстап қарау. Бұндай адамдардың үлкен жарты шарының шүйде бөлігі, миы қатты зақымданған болады.

Патогендік агенттердің эмбрионалды даму кезеңіндегі әсері (токсоплазмоз және басқа жұқплы, қабыну процестері, зат алмасудың бұзылуы) ;
тұқымқуалаушылықтың әсер етуі көздің аномалды дамуына әкеліп соғады - а) микрофтальм - көз құрлымының дөрекі өзгеруі, көрудің едәуір төмендеуі және бір немесе екі көз көлемінің кішіреюі; б) анофтальм - туа біткен көзсіздік; в) катаракта - шыны тәрізді көздің мөлдір денесінің бұлдырауы.
көздің туа біткен аурулары - көздің тор қабығының пигментті дистрофиясы (дегенерация), көру аймағының кішірейіп оның толық жойылуы ерекшелігі және астигматизм - аномалды рефракция, яғни көздің икемделу қасиетінің бұзылуы.
туа біткен зарарсыз ми ісіктері.
Көрудің туа біткен бұзылуының этиологиясы:

Жүре пайда болған аномалдар туа біткендерге қарағанда аз таралған. Бұл халыққа көрсетілген емді - профилактикалық көмектің жақсарғанына және денсаулық ақтаудың жетістіктеріне байланысты. Жүре пайда болған аномалдылықтың этиологиясы:
бала көзінің ауыр зақымдануы, өкпе ауруы, мерез, трахома, шешек көз ауруларының әсерінен;
көзге және миға қан құйылу, туу кезіндегі бас жарақаттары, көз және мидың түрліше жарақаттарынсыз зақымдануы (бастың соғылуы немесе жарақаты) ;
көздің жарақаттануы;
глаукома - көз ұлпаларының өзгеруі және көз іші қысымының көтерілуімен байланысы ауыр дәрежелі ауру;
көру нервісінің атрофиясы;
орталық нерв жүйесінің ауруы (менингит, менингоэнцефалит) ;
организмнің жалпы аурулардан кейін асқындауы, инфекция;
алыстан және жақыннан көрмеушілік;

Соқыр балалардың сөйлеу қызметі. Коррекциялық шаралардың арасында көрудің қалдық көріністерін дамытуды стимуляциялау үлкен орын алады. Кемістік емес сақталған функцияларды сақтауға қажетті көмек көрсету қажет.
Соқыр балалардың танып білу сферасы жағынан сипаттама. Сезінуі - баяу, аз, жеткіліксіз. Көру көріністері бұзылған -баяу сөздерді есте сақтау. Талдауда, синтездеуде, салыстыруда қиыншылықтар - теріс қорытындылар және тұжырымдық - заттық тәжірибелік дағдының жеткіліксіздігі.
Соқыр балалардың эмоционалдық - жігерлі сферасы жағынан сипаттама.
Көңіл - күйдің төмен болуы, астеник аутизация тенденциясын- қарым - қатынасқа қиыншылықтар, өз ішкі әлеміне гиперкомпенсаторлы (ену) . Бұл жағдайлардың қалыптасуын бала тәрбиесіндегі бағытты күшейтеді, бұл қатты көңілбөлу, жеке тұлғалық, әлеуметтік дағдылардың тежелуіне ықпал етеді.
Маман-дәрігерлердің қарауынсыз нашар көрушінің жалпы мектепте оқуын жалғастыра білуі, қалыптасқан үлгермеушілік, педагогикалық салақтыққа және көрудің әрі қарай бұзылуына әкеп соғады. Мұндай жағдайдағы бала арнайы режимді қажет етеді, жалғастырылған ақыл-ой және физикалық салмақтарды, жылдам қозғалу және секіру, басты еңкейту және т. б. -ды қоспағанда. Арнайы маңызды балалартобын көруі бұзылған балалар құрайды, оларға жеке көмек көрсетілген жағдайда жалпы мектепте оқи алады.

Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер мына қызметтерді атқаруы тиіс: оқыту-тәрбиелеу, түзетіп-дамыту, санитарлық-гигиеналық, емдеп-тәрбиелейтін, әлеуметтік-бейімдейтін.
Соқыр және нашар көретін балалардың психикалық дамуы, компенмсаторлық процестердің қалыптасуы біріншіден әлеуметтік жағдайға және біліміне тәуелді.
Елімізде көру бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде арнайы мектептің дамыған желісі бар. Кейбір жалпы біім беретін мектептерде көзді алдын-ала сақтау сыныбы болады.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер ( IIIжәне IV түрдегі арнайы мектептер) үш сатыдан тұрады.
I саты- бастауыш мектеп, II саты - негізгі мектеп және толық емес орта мектеп, III саты - орта мектеп. Мектеп сатылары бала дамуының негізгі үш этапына сәйкес келеді: балалық шақ, ересектік, жасөспірім.

I сатыдағы мектеп: баланың тұлға ретінде қалыптасуын оның потенциалдық мүмкіндіктерін толық дамытуды, емдеуді, көз гигиенасын сақтауды, оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеруді қамтамасыз етеді. Бастауыш мектепке көру арқылы қабылдау, есту, логопедиялық жаттығулар, кеңістікте бағдарлану жұмыстары жүргізіледі. Бастауыш мектеп оқушылары оқу іс-әрекет дағдысына, жазуға, санауға, түсінгенін айта білуге, гигиена талаптарын орындауға, өзін-өзі күте білуге үйренеді. Оқу арнайы жоспар бойынша, программамен, оқулықпен жүргізіледі.
II сатыдағы мектеп: жалпы білімдік және еңбекке дайындықтың негізгі фундаментін қалайды. Таным, қимыл-қозғалыс сферасының түзету жұмыстары жалғасын табады. Толық емес орта мектеп балалардың потенциалдық мүмкіндіктерін дамытады. Ғылыми көз-қарасын қалыптастырады, әр түрлі еңбек іс-әрекетінің түрлерін таңдай алу мүмкіндігін арттырады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz