Ежелгі шығыстың саяси ойлары




Презентация қосу
«ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы

Семестрлік жұмыс №2

Тақырыбы: Ежелгі Шығыстың саяси ойлары (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, заңшылдар мектебі)
Кафедра: «Телекоммуникация және инновациялық технология»
Мамандық: 6B06201- Радиотехника, электроника және телекоммуникация
Тобы: RETk-21-7
Орындаған: Құрман Әділет Нұрланұлы
Қабылдаған: аға оқытушы Абуханов Ш.А.
Жоспар

1. Кіріспе
2. Ежелгі шығыстың саяси ойлары
3. Буддизм
4. Концуций ілімі
5. Даосизм
6. Заңшылдар мектебі
7. Қорытынды
8. Әдебиеттер тізімі
Кіріспе

• Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қарқынды дамыды. Онда қоғам шығыс
елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып
саналған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құлиеленушілік демократия
орын алды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың
саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты.
• Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Платонның екі жүздей еңбектері бар.
Саясаттануға қатысты еңбектері “Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Софист”, “Парменид” және т.б.
Платонның ойынша адамдар жеке дара өмір сүре алмайды. Адамдар бірігіп қажеттіліктерін өтейді. Осы
бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Ол қоғамдағы адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа
бөлді: 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер. Платон қоғамдық меншікті қолдап жеке меншікке
қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, олигархия, демократия, тимократия, тирания.
• Аристотель б.з.б. 384-322 ж.ж Саясаттануға қатысты “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика”,
“Риторика” деген еңбектері бар. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты- адамды,
мемлекетті жақсы тұрмысқа , молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Аристотелдің ойынша , мемлекет –
қауымның дамыған түрі, ал қауым-отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету
үшін бірігеді. Ол мемлекетті бұрыс және бұрыс деп екі түрге бөлді. Дұрыс түріне монархияны,
аристократияны және политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия, мен демократияны бұрыс
мемлекеттер қатарына жатқызды. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді.
Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса
байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды.
Ежелгі шығыстың саяси ойлары

• Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың (халиф, хан, патша, сұлтан, король,
император және т.т.) қолында болды.“Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі
үшін қызмет етеді” деген көзқарас қалыптасты. Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға
әкелік қамқорлық көрсетеді, ал оның қол астындағылардың оған ешқандай талап қоюға қақылары
жоқ.Себебі, билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді.Бұл елдердің тәртібі,
саяси ойы өткен ұрпақтың дәстүр-салтына берік берілгендікті білдіретін.Қоғамда орнатылған тәртіп
өмір бақи өзгерместей көрінді.Ондағы өзгерісті адамдардың құдай қағидаларын орындамағандықтан
туып отыр деп ұқты.Билік орнатылған тәртіпті, шындықты, әділеттікті, мамлекеттің қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің құралы деп есептелінді.біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты
діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді.
• Мұнда аса зор еңбек еткендер –Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл
ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыстыра қарады. Олар
саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте,
саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол ез заманында
лицей ашып. сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек
жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін
зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің – түсінігіміздей басын ашып бере
алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам
көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке,
әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп
түсінді. Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
• Ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық
құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген
сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық
сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы
әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте),
Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі
құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша
билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып
есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс.
Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына
философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон,
Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны
этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге,
адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
• Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар Әбу
Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және
билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философы бұл ұғымдарды синонимдер
ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ұсынды. Саяси мәселелерді
қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек ойшылдары Аристотель және Платонның
еңбектріне сүйенді. Саясат. Ол үшін өзі «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет істері
туралы ғылым болып саналады. Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір
басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын
түсінді.
Буддизм

• Буддизм діні.
• Тұңғыш әлемдік дін – будда діні б.д. дейінгі VI ғасырда көне Үндістанда пайда болды. Қазіргі уақытқа дейін
ол Оңтүстік, Шығыс-Оңтүстік, Шығыс және Орталық Азияға кеңінен таралды. Будда дінін ұстанатындардың
бір бөлігі Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік америкада өміР сүреді.
• Қазақстандағы будда діні.
• Қағанаттар дәуірінен көне түркілердің Тәңір дінін ұстанып келгені белгілі. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы
арқылы түркілер даласына жаңа дәуірдің бас кезінде өзге мәдениет үлгілері де, соның ішінде будда діні де
ішінара тарала бастады. Әсіресе II-ІІІ ғасырларда соғды, парфия және қаңлы дін уағызшылары белсенді
әрекеттер жасады. Бірақ, будда дінінің VІ ғасырға дейін қоғамға елеулі ықпалы болды деп айта алмаймыз. Тек
VІІ ғасырдың алғашқы жартысында ғана батыс түркілердің кейбір ел басшылары будда дінін қабылдап, оның
орнығуына ынта білдірді. Мәселен, VІ ғасырға жататын соғды тіліндегі Бугут жазбаларында Таспар қағанның
өз сарайына соғдылық буддашыларды алдырып, арнайы храм салдыртып, буддашылар қауымын құрып, осы
ілімді мемлекеттік дінге айналдыруға жасаған ұмтылыстары туралы деректер жеткізіледі.
• Бұдан қағандардың будда діні негізінде әлеуметтік-этникалық құрылымы әртүрлі қағанаттың басын бірік-
тіретін ортақ идеология жасауға ұмтылысы байқалады. Бірақ, 551 жылы басталған саяси дағдарыс және осыдан
кейін қағанаттың ыдырауы бұл процесті тоқтатып тастады. Дегенмен будда діні қағандықтың шығыс бөлігінде,
Енисей қырғыздары мен қимақтар арасында біраз уақытқа дейін сақталып келді. Ұлы Жібек жолы бойындағы
бірқатар қалаларда будда ескерткіштерінің сілемдері сақталған. Мәселен, қазба жұмыстары барысында Шу
аңғарынан, Сайрам маңынан буддизм мәдениетіне тән әшекей бұйымдары, иконография, т.б. табылды. Түрік
халықтарының ішінде ұйғырлар ғана будда дінін толық мойындап, мемлекеттік дін ретінде орнықтырды. Олар
Үндістанда, Тибетте, Шығыс Түркістанда жазылған будда мәтіндерін өз тілдеріне аударып, мол мұра жинады.
• VIII ғасырдан түркілер біртіндеп ислам дінін қабылдай бастады. Х ғ. ислам Қарахан
қағандығының ресми діні болып жарияланған соң будда діні өз әсерін жоғалта бастады.
• Буддизмнің Қазақстанға келуінің жаңа толқыны XVI-XVIII ғғ. жоңғар шапқыншылықтарымен
байланысты болды. Сол кезеңдегі будда ғибадатханаларының Жетісу, Балқаш және Орталық
Қазақстан далаларында сақталған қалдықтары табылған. XIX ғ. бас кезінде Медеу шатқалында
будда ғибадатханасы тұрғызылғаны белгілі.
• Алматы маңындағы Тамғалы-Тас қабырғаларындағы будда бейнелері мен діни тексттер әлі күнге
дейін сақталған. Тарихшылар осы жазбалардың нақты уақытына қатысты келісімге келе алмай
отыр. Бұл кезді олар XII ғ. дан ХVII-ХVIII ғғ. деп көрсетуде.
• Қазіргі таңда, Казахстанда ресми деректер бойынша бес буддалық бірлестік тіркелген. Оның
үшеуі тибеттік ламаизм және екеуі корейлік вон-буддизм. Тибеттік-буддалық орталықтарының бірі
1996 ж. Орал қаласында ашылды. Будда дінін ұстанушылар негізінен калмыктар мен корей
диаспорасы. Будда іліміндегілердің арасында өзге ұлт өкілдері де кездеседі.
Концуций ілімі

• Конфуций (лат. Confucius, қыт. 孔子, немесе қыт. 孔夫子, "Коң әулие"; бзд.551-бзд.479) — көне қытай ойшылы болып, оның
ілімі мен философиясы көне Қытай мәдениетіне, сондай-ақ Корея, Вьетнам және Жапония мәдениеттеріне үлкен ықпал еткен.
• Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу
заңдылықтарына еш көңіл бөлмеген. "Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік", — деген екен ол.
Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген.
Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.
• Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой
қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жень), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет
тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы.
Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты
сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық
салаларына өз әсерін тигізді.
• Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы
Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-дзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн және Сюньнің
аттарымен аталады. Мэн-дзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа
ойлармен толықтырып отырған. Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-дзы
философиясының негізгі өзегі болып табылады.
• Сюнь-цзы Конфуций іліміне материалистік нышан енгізген. Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады
(инь және ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары арқылы өмір сүреді, көк тәңірі - әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп,
сырын ұқса адамдардың мақсат-мүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы
болу адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай
емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки
бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр.
• Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V
ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде кеңінен таралып жатқан өзге
діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш
басында тұрды.
• Конфуцийшілдік – ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары
құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда
әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның:
«Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке — әке, ал ұл – ұл болу керек», — деген атақты сөзі мәлім.
• Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып
алдыңғы орынға пәндік оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін, оқуға деген жігерге және рухани сезінуге үйрететін мектеп
ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден — өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы
ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру.
• Конфуций Қытайдағы білім берудің демократияландырылуы үшін жақ болды, ол әркімнің оқуға бірдей құқығы болуы, өзіне
ұнаған ғылым түрін және ұстаз таңдау мүмкіндігінің болуын жөн көрді.
• Конфуцийды ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдық максимумдарға – биік
мораль, дұрыс тәртіп, әтикет этолондарына негіздеді.
• Дана философ Конфуций адамзат өміріндегі әрбір тарихи кезең өз дәуіріне сай саяси күрмеулерге ұшырап отыратын және
адамзаттың оларды шама-шарқынша сәтті түрде шешіп ұдайы ықыластық танытатыны көпшілікке аян. Егер біз ойша өткенімізді
шолар болсақ, ХХI ғасыр табалдырығын атап отырған сәтте қоржынымыздың сан түрлі ғажап әрі қайталанбас саяси ой тізбегі мен
даналыққа толы екендігіне көзіміз жеткен болар еді. Солардың ішіндегі ең бір өрелісі де, өзіндік нақыштарымен ерекше
айқындалатыны да конфуцийлік ілім. Аталмыш ой бүкіл көне Шығыстағы ең бір қуатты-ау дейтін идеялық-саяси ағымға жатады.
Оның негізін қалаушы біздің заманымызға дейін 551-479 жылдары Қытайда өмір сүрген Конфуций (Күн – фамилиясы, ал цзы –
ұстаз деген мағынаны білдіреді) болып табылады.
Даосизм

• Даосизм (қытайша «дао цзяо” – «жол ілімі”) б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда
болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император”)
ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал
оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын «Жол мен ізгіліктер туралы канонда”
(Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) «Чжуан-
цзыда” баяндалады.
• Тұтас жүйе ретіндегі даосизм «Лэ-цзы” (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) және «Хуаинань-цзы” (б.з.б. ІІ ғ.)
еңбектерінде тұжырымдалған.
• Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды
мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш
болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау.
Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім
жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао – бұл
барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол – мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да
жоқ болғанмен, ол – бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао – беймәлім, оны сезім органдары
арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты
көрінісі тек «дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ –
қоректендіруші. Тақуа мақсаты – даоны тану, ол оны «ғарыш үйлесімділігі” – адамның табиғатпен
қауышуы деп түсінеді.
• Даосизм философиясының мәні – бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы
ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі «киден” (алғашқы
материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.
• Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы «әрекеттенбеу” («у-вэй”) – табиғи әлемдік тәртіпке кереғар келетін
мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның
табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге
тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын әрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін
тәртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бәрін бір
тұтастық ретінде қарастырады, қарама-қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.
• «Чжуан-цзы” бойынша өмір мен өлім жалпылама метаморфозалардың тек сатылары ғана. Универсум
сияқты кіші әлем – адам да мәңгілік. Оның физикалық тәні өлгенде рухы әлемдік «арнаға” сіңеді. Өмір
бастауы ретіндегі даомен бірігу, діни пайымдау, тыныс және гимнастикалық жаттығу, жыныстық тазалық,
алхимия және с.с. арқылы ғана мәңгілікке жетуге болады.
• Тақуа-даошылар табиғат аясына кетіп, үйлесімділікке жету үшін онымен тұтасуға талпынды. Ажалды
жеңу мен ұзақ өмір сүру үшін кем дегенде, біріншіден, «рухты қоректендіру” қажет. Даошылар адамды
көптеген рухтардың мекені, құдіретті күштердің шоғырлануы ретінде қарастырады. Тәндік рухтардың осы
жүйесіне аспандық иерархия сәйкес келеді. Аспандағы рухтар адамның жақсы-жаман істерін тізіп, санап,
өмір ұзақтығын анықтап, өсиеттерді орындауға, ізгі болуға шақырады. Ұзақ өмір сүрудің екінші шарты
«тәнді қоректердіру” – қатаң диета сақтау және организмге тіршілік дарытатын эфирді тарататын тыныс
гимнастикасын жасау болып табылды.
• Ұзақ өмір сүру мен мәңгілік өмір сүру идеяларын уағыздау даошыл магтар мен уағыздаушыларға халық
арасында және император алдында үлкен бедел әкелді. Олар жаңа діннің негізін қалап қана қоймай, сонымен
қатар мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін дәрілер мен эликсирлер жасайтын «алхимияны” дамытты.
Сондай-ақ даошылдар астрология, бал ашу, геомантия, магия және дерт шалған адамды айықтыруға септесетін
медицинамен айналысты.
• Көне даосизмнің философиялық ұстанымдары ортағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды.
Ортағасырлық даосизмнің көрнекті өкілдері Гэ Хун (VІ ғ.), Ван Сюаньлань (VІІ ғ.), Ли Цюань (VІІІ ғ.), Тянь
Цяо (Тянь Цзиншэн) (X ғ.), Чжуан Бодуань (XІ ғ.). Конфуцийшілдік білім алған интеллектуалды элита да
даосизм философиясына қызығушылық танытты, оларға қарапайымдылық пен табиғилықтың көне культі қатты
ұнады, табиғатпен тұтасуда творчестволық еркіндікке қол жеткізілді. Даосизмге деген ықылас, әсіресе, Хань
династиясы құлап, конфуцийшілдік ресми дін ретінде өз мүмкіндігін сарқыған уақытта орын алды. Буддизмнің
Қытай жеріне бейімделуі барысында даосизм одан бірқатар культтер мен философиялық ой-тұжырымдарды
қабылдады, буддалық ұғымдар мен философиялық концепциялар қытайларға түсінікті даолық терминдерге
аударылды. Даосизм неоконфуцийшілдіктің дамуына ықпал етті.
• Магия және физиогномистикамен байланысқан оккульттік даосизм халық бұқарасын өзіне тартты, сол
себепті ол билік тарапынан қарсылыққа ұшырады. Билік одан көтерілісшіл-эгалитарлық дәстүр ұшқынын сезді.
Даолық көзқарастар құпия қауымдардың идеялық негізіне («Ұлы теңдік жолы”, «Ақ лотос ілімі” және т.б.) және
шаруалар көтерілісінің жебеушісіне айналды (мысалы, 184 жылғы «Сары орамалдылар” көтерілісі).
• Барлық адамдардың анасы, туылмаған Ана-Сиванму құдайының мекені – Батыс жұмағы туралы ілімді
дамытқан даошылар, баршаның теңдігі және әлеуметтік әділеттілік идеясын негіздеді. Емшілер мен
көріпкелдер де осы идеяларды жақтағандықтан, олар көпшілікке кең таралды.
Заңшылдар мектебі

• Легизм (заңшылдар немесе Фацзия мектебі) Көне Қытайдың тағы да басқа әлеуметтік
ілімі.Легизмнің негізін қалаушы Шан Ян мен Хан Фэй болған .(390-338 б.э.д) (288-
233б.э.д)ЦиньШи Хуа императорының кезінде (ІІІ ғ б.э.д) Легизм ресми идеология болды.Легизмнің
негізгі сұрағы: Қоғамда қалай басқару? Легистер заңға сүйенетін мемлекеттік зорлау арқылы бақару
керек дейді.Сонымен,легизм–нақты мемлекеттік биліктің философиясы болып табылады.Легизмнің
негізгі постулаттары.Адам бастапқыдан қатал табиғатқа ие адами хылықтардың қозғаушы күші
жеке эгоистік мүдделер болып табылады. Тәртіп бойынша,жеке инвалидтердің мүдделері өзара
қайшы келеді.Тұтас қастықтан, дауласудан қашу керек, қоғамдық қатынастарға мемлекет араласуы
қажет.Мемлекет (армия мен шен ) заңды тыңдаушы азаматтарды қорғап, заңға бағынбағандарды
қатал жазалауы керек. Көптеген адамдардың заңдық тәртібінің негізгі стимулы – жазалаудан қорқу
болып табылады.Заңды және заңсызтәртіптерді шектеудің негізі заң.Заң барлығына бірдей болуы
керек, ал жазалауды бастыққа да, қарапайым адамға да егер ол заңды бұзсса қолдану. Мемлекеттік
аппарат пен кәсіби мамандардан қалыптасуы қажет.Мемлекет –қоғамды реттейтін басты механизм,
сәйкесінше қоғамдық қатынастарға экономикаға азаматтардың жеке өміріне құқығы бар.
• Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д IIIғ.).
Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы
басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп
басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал
шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-
ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан жазалау
көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс
жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар
арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық
билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады.
• Конфуцийшылдардың «Мемлекет — үлкен отбасы, оның басшысы — халықтың әкесі» деген
ілімінің орнына легистер: «Мемлекет — өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші — өзін
ата-баба аруағынан да, халықтан да, Аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі
мақсаттары: 1. Ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясыңдағы (Қытай) мемлекет құру; 2. Осы
мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген қүштарлық теңелуі
қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі қолөнер немесе сауда емес, егін шаруашылығы болуы
керек. Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жүмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс».
Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде
де осы философиялық бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін
ескерткен артық болмас.
Қорытынды

• Қорытындылай келе буддизм бұл дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-
VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта
Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі
қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде
Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі т.б.
Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы
басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп
басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал
шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-
ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан жазалау
көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс
жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар
арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек.
Әдебиеттер тізімі

1. https://learn-more.kz/uchebno-metodicheskie-razrabotki/konspekty-urokov/ezhelgi-shy-ysta-y-sayasi-ojlar
/
2. https://kazislam.kz/eislam-416/
3. https://topreferat.com.kz/filosofiya/11961-konfuciy-ilimi.html
4. https://malimetter.kz/daosizm/
5. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B5%D0%B3%D0%B8%D0%B7%D0%BC_%D0%BC%D0
%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%B1%D1%96

Ұқсас жұмыстар
Тұлға саясат субъектісі
Ежелгі Мұсылман философиясы
Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт
Билік анықтамасы
Ұлы рухани ұстаздардың көшбасшылық туралы ойлары
Шығыс философиясы
Қара сөздері лексикасы Пушкин мұра
Римнің саяси ойлары
Антикалық мәдениет
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени - өркениеттік рөлін айқындау
Пәндер