Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
Презентация қосу
Тақырып 1:
Криминалистиканың пәні,
жүйесі, міндеттерімен әдістері
Нұрмұхамбет Дария Ғалымжанқызы
ЮҚқ222
Дәріс сұрақтары:
1. Криминалистиканың пәндік
сипаттамасы
2. Криминалистиканың жүйесі
3. Криминалистиканың әдістері
1 сұрақ
Криминалистиканың пәндік
сипаттамасы
Криминалистика
қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға
және тергеуге керекті заттай
дәлелдемелерді процессуалдық заңға
сүйене отырып, іздеп табу, бекіту, алу,
зерттеу үшін пайдаланатын
техникалық кұралдар, тактикалық
тәсілдер мен тергеу әдістемелері
жөніндегі ғылым
Криминалистикада
қолданылатын тәсілдер мен
әдістер бағытталады:
1) заттай дәлелдемелерді іздеп
табуға;
2) заттай дәлелдемелерді бекіту және
алуға;
3) заттай дәлелдемелерді зерттеуге
Заттай дәлелдемелерді іздеп
табу дегеніміз
тергеу органдарының қылмыстық
құқық бұзушылықты ашуға, керекті
дәлелдерді іздеуге байланысты
жүргізілетін жұмыс әрекеті.
Бекіту және алу дегеніміз
криминалистикалық аспектіде әдейі
тауып алынған заттай дәлелдемелерді,
іздерді сол күйінде сактап қалу үшін,
оларды арнайы криминалистикалык
тәсілдермен белгілеу және алу.
Криминалистикалық зерттеу
үстінде
заттай дәлелдемелердің қалайша
пайда болғанын, оның тергеліп
отырған қылмыстық құқық
бұзушылық оқиғаға қандай
қатысы бар екендігі анықталады.
2 сұрақ
Криминалистиканың жүйесі
Криминалистика ерекше, дербес
ғылым бола тұра, өзі жеке бөлімдерден
құралады:
- криминалистиканың теориялық және
әдістемелік негіздер;
- криминалистикалық техника;
- тергеу тактикасы;
- жекеленген қылмыстық құқық
бұзушылықтыарды тергеу әдістемесі
Бірінші бөлімде беріледі:
- криминалистиканың пәндік
сипаттамасы;
- криминалистиканың жүйесі;
- жеке бөлімдерінің қысқаша мазмұны.
Екінші бөлімде айтылады:
заттай дәлелдемелерді және іске керек
деректерді іздеп табуға, бекітуге, алуға,
зерттеуге керекті тәсілдер мен
әдістер, осыған байланысты
қолданылатын техникалық қүралдар
жөнінде
Үшінші бөлімде баяндалады
криминалистикалық тактика, тергеу
әрекеттерін жүргізгенде
қолданылатын тиімді, нәтижелі
әдістері, оларды қолдану қағидалары.
Төртінші бөлімде сипатталады
жекеленген қылмыстар бойынша
жүргізілетін тергеудің әдістемелік
тәртібі көрсетіледі және
криминалистикалық тергеу
болжауларының теориялық негіздері,
анықтаушының, анықтама
органдарының, тергеушінің іс
жүргізуіндегі қарым-қатынас
қағидалары.
3 сұрақ
Криминалистиканың әдістері
Криминалистикалық объектілерді
зерттеуде, басқа ғылым салаларында да
жиі қолданатын жалпы ғылыми тәсілдер
пайдаланылады. Мысалы: бақылау,
бейнелеп суреттеу, салыстыру, өлшеу,
эксперимент т.б
Бақылау тәсілі дегеніміз
бір нәрсені (не затты) арнайы
қадағалап қарап, оны зерттеп,
қабылдап түсіну
Криминалистикада объектілерді
бақылау сатлы:
1) заттай дәлелдемелерді, яғни қылмыстық құқық
бұзушылық жасауға байланысты пайда болған іздер,
жеке заттар, құжаттар, олардың үлгілерін, осы
заттай дәлелдемелердің белгілерін, қасиеттерін
бақылау;
2) жеке адамдарды, олардың түр сипатының белгілерін,
мінез-қүлқын, темпераментін бақылау;
3) адамдардың іс-әрекеттерін, оның ішінде қылмыстық
құқық бұзушының қылмыстық құқық бұзушылық жасау
тәсілдері мен қылмыстық құқық бұзушылықтың ізін
жасыруға байланысты жасаған әрекетін бақылау.
Салыстыру
өте күрделі логикалық талдауды
қажет ететін ойлау процесі.
Салыстыру үстінде белгілі
қорытындыға келу үшін зерттеуші
логикада қолданылатын талдау,
синтез, абстракция, болжау және т.б.
тәсілдерді пайдаланады.
Эксперимент дегеніміз
объективтік нақтылы тануға
қолданылатын ғылыми тәжірибе.
Тергеу эксперименті келесі мәселелерді
анықтау үшін жүргізілед:
а) белгілі бір іс-әрекетті деректерде
көрсетілгендей жағдайда істеуге
(жасауға) бола ма, жоқ па?
ә) іс бойынша тексеріліп отырған
оқиғаны белгілі қашықтықта және
жарықтықта көріп қабылдауға бола ма?
б) іздің пайда болу механизмін зерттеп
анықтау
Криминалистикалық әдістердің
ішінде айрықша орын алатыны —
зерттеу тәсілдеріне жатады :
- криминалистикалық фотографиялық
әдістер;
- трасология мен криминалистикалық
баллистиканың, қолжазбатану, автортану,
қүжаттарды техникалық зерттеулердің,
габитологияның, қылмыстық тіркеудің
және криминалистикалық тактиканың
әдіс-тәсілдері.
Тәсілдерді қолдану үшін белгіленетін
шарттар:
1. Пайдаланылатын тәсілдер мен әдістер оларды
қолданатын адамның өміріне қауіп-қатер
туғызбайтын, денсаулығына зиян келтірмейтін
болуы тиіс;
2. Пайдаланылатын тәсіл этикалық нормаларға,
процессуальдық заңға қайшы келмеуі керек;
3. Қолданылатын тәсіл тексерілген ғылыми
қағидаларға сүйенетін, ғылыми түрде толык
сипатталған, оның нәтижелігі ғылыми жолмен
дәлелденген болуы қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1. ҚР Конституциясы, Алматы, 1995ж.
2.ҚР Қылмыстық кодексі, Алматы, 2014 ж.
3 ҚР Қылмыстық-процестік кодексі,
Алматы, 2014 ж.
4. Криминалистика. Е.Тілеубергенов –
Алматы Дәнекер, 2002 ж.
5. Криминалистика негіздері. жоғары және
ортра кәсіптік білім беретін оқу
орындарына арналған оқулық/А.Я.Гизнбург
және т.б., Алматы, Мектеп – 2007 ж.
6. Криминалистика. оқулық/Жәкішев Е.Ғ
және т.б.., Алматы Жеті Жарғы – 2006 ж.
7. Тергеу әрекеттерінің тактикасы.
С.Е.Еркенов, С.И.Сұлтанов – Алматы,
Дәнекер, 2002 ж.
8. Криминалистика негіздері А.Ғ.Абуов –
Алматы, Жеті жарғы, 2004 ж.
9. Қылмыстық іс жүргізу. Е.Ерешов –
Алматы – 2006 ж.
10. Қылмыстық іс жүргізу құқығы.
Ү.Нұрмышов – Алматы Жеті Жарғы - 2008
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz