ЖАҢА ТУҒАН БАЛАНЫ АНАСЫНЫҢ ӨЛТІРУІ
Презентация қосу
ЖАҢА ТУҒАН БАЛАНЫ
АНАСЫНЫҢ ӨЛТІРУІ
Нұрмұхамбет
Нұрмұхамбет Дария
Дария Ғалымжанқызы
Ғалымжанқызы
ЮҚқ222
ЮҚқ222
ЖАҢА ТУҒАН БАЛАНЫ АНАСЫНЫҢ ӨЛТІРУІ
Халықаралық зерттеулерге сүйенсек, жаңа туған балаларын
өлтірген аналардың көпшілігінің психикасында ауытқушылық бар
екендігі анықталған.
Еліміздің кейбір психологтары босанған аналар қылмысқа уақытша
психикалық ауытқушылықтың әсерінен баруы мүмкін. Өз шаранасын
өлтірген әйелдер сол сәтте аффектілік күйде болады, яғни өз
әрекеттеріне есеп бере алмайды. «Кез - келген жүкті әйелдің бойында
көңіл күй өзгерісінің болуы қалыпты жағдай. Ал кейбір әйелдер бала
туғаннан кейін жан күйзелісін бастан кешуі мүмкін. Оның себебі,
болашақ анаға босанғанға дейінгі ішкі және сыртқы
факторлардың қаншалықты деңгейде ықпал етуіне байланысты.
Ананың өз баласын жек көруіне екінші себеп – әйелдің ішімдікке
жақын болуы. Ащы суға салынған ананың жайы белгілі, ал егер
күйеуі де маскүнем болса, жүйкесін ішімдік жұқартқан ата-ананың
баланы жазым етуі жиі кездесетін жайт.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне «Жаңа туған
баланы анасының өлтіруі» деп аталатын 100-бап енгізілген болатын.
Бұл бап бойынша, «анасының өзінің жаңа туған баласын туып
жатқан кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын
күйзелтетін ахуал болған жағдайларда немесе есінің дұрыстығын
жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтіруі – төрт
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады».
Жаңа туған баланы анасының өлтіруі қылмысының объектісі - жаңа
туған баланың өмірі жатады.
объективтік жағының белгілері: қоғамға қауіпті әрекет немесе
әрекетсіздік, қоғамға қауіпті зардаптар, әрекет пен қоғамға қауіпті
зардаптар арасындағы себепті байланыс, қылмысты жасау орны,
уақыты, тәсілі мен жағдайы.
Заңда бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының
орындалуының үш оқиғасы мүмкін болады: баланы өлтіру босану
кезінде немесе босанғаннан кейін дереу жасалынады, психиканы
жаралаушы жағдай қалыптасқан, жауаптылықты жоққа
шығармайтын, психикалық күйзеліс жағдайы орын алуы мүмкін.
Анасының жаңа туған баласын өлтіргендігі туралы істерден мыналар
қарастырылады: мұндай қылмыстарға баланы босана салысымен
кіндігін кеспестен және емізуге әрекет жасамастан, яғни барлық
жағдай жаңа туған сәбидің өмірін сақтап қалуға ешқандай белсенді
шаралар қабылдамаған қылмыстар жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективті жағы - бұл
жасалған қоғамға қауіпті әрекетке, оның салдарына тұлғаның
ішкі, психикалық қатынасын сипаттайтын белгілердің
жиынтығы. Сонымен қатар белгілері: қылмыстың кінәсін,
ниетін, мақсатын құрайды. Қылмыстың мотиві мен мақсаты
қылмыстың субъективті жағының белгілері болғанымен, кінәдан
айырмашылығы міндетті белгілері емес, ал факультативті
белгілері болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субъектісі тек қана
қылмысты орындаушы ғана болады. Арнайы субъектімен
қылмысқа қатысушы ретінде арнайы субъектінің белгілері жоқ
тұлғалар бола алады. Қарастырылып отырған қылмыстың
субъектісі ретінде қылмыс жасау кезінде он алты жасқа толған,
бала туған әйел бола алады.
Анасының жаңа туған сәбиін босанғаннан кейін абайсызда
өлтіріп алу жағдайында оны қылмыстық жауаптылыққа
тартуға болмайды. Босану кезі мен босанғаннан кейін жаңа
босанған әйелдің психикалық көңіл-күйіне байланысты жас
нәрестеге дұрыс қарай алмауы, психиканы жаралаушы
жағдайда болуы оның қылмысты абайсызда жасауына себеп
болады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz