Жазудың құралдарын пайдалана білу



Алматы, 2022
СӨЖ
Оқушының жазу мәдениетін дамыту
Қазак ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Жазу мәдениетінің жетіліп, жазба нормалардың қалыптануы, қазақ тілінің ресми іс қағаздарында жаппай қолданылып келе жатқан қазіргі кезең болашақ тіл маманына жазуымыздың тарихынан, қолданыстағы емле нормаларының уәжділігінен білімі болуды міндеттейді. Егемендік жылдарынан бастап қазақ тілі, әдебиеті, тарихы, мәдениетімен қоса қазақ жазуына да жаңакөзқарас, тарихына жаңаша бағам пайда бола бастады. Қазақ орфографиясының ғылыми негіздерін 60 ж. бастап академик Рабиға Сыздық зерттесе, қазақ әліпбиінің фонологиялық негіздерін 90 ж. профессор Нұргелді Уәли іздеп, түсіндірмелі емле, уәждемесі бар сөздік жариялады. Осы еңбектердің нәтижесінде ҚР-ның ЖОО-нда «Қазақ жазуының тарихы», «Қазақ тілі орфографиясы мен орфоэпиясы» атты пәндер жүр-гізіліп жатыр

Жазу - адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатары-на жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Адамзат мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу Типінің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткені- нен хабар береді. Бүгінде жазу кеңістігі ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тіл, жазу және коммуникациясияқты іргелі ұғымдар оппозициясында қарауға болады.

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмыстың негізгі мақсаты - балаға хат таныту, оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс.
Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементтерін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу жаза, оның жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.
Көркем жазу пәнінде әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы болуға тиіс.

Көркем жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының ( қаламсап, қарындаш, бор) көмегі керек. Бұл заттардың қолданылу жолдарын білу міндетті.
Ережесі:
1. Жазудың құралдарын пайдалана білу;
2. Дәптердің дұрыс орналасуы;
3. Дұрыс отыра білу;
4. Қолдың дұрыс қозғалысы;


Дұрыс жазу үшін:
1. Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу;
2. Баспа әріпті жазбаша түрде жаза білу;
3. Әріптің дұрыс жазылуын білу;
4. Әріпті байланыстыра білу(үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан ) ;
5. Әріптің біркелкілігін сақтау;
6. Сызықтар арасында және бір сызықта жаза білу;
7. Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу;
8. Жазудың бағытының дұрыстығы;
Бұл ережелерге оқушылар бірден емес 2 - 3 жылда қалыптасады. Жазу барысыында оқушы көптеген талаптарды орындау қажет.

Сол себепті Жазылым кезінде оқушыларға үнемі қолдау көрсетіліп отырғаны дұрыс. өз бетінше жазудың алдында - идеяны тұжырымдауға қолдау көрсетеді, жоспарлаудың әртүрлі әдістерін үлгілеп көрсетеді және бастапқы нұсқаны жазу үдерісін ұйымдастырады; жазу барысында - оқушылардың нақты іріктелген лексикалық бірліктерді қолданғанын (тіркестерді таңдау), грамматикасы ережеге сай екенін (мысалы, етістіктің шақтарын дұрыс қолдануы), сөздердің үйлесімдігін (байланыстырушы сөздердің қолданылуы) қадағалайды; жазып болғаннан кейін - жұмыстың алдын ала белгіленген критерийлерге сәйкестігін тексереді, түзетеді, жетілдіреді, мәтін аудиторияға сай келе ме, жоқ па, мақсатына сәйкес пе, жоқ па екенін анықтайды. Оқушыға жазғанын қайта қарап шығуға мүмкіндік беруі керек.

Жазылым дегеніміз - жазбаша сөйленімнің өнімді түрі. «Жазылым» термині «жазу» (жазудың түрлері, әріптін жеке т. б. ) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа Біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу». Жазылым - тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс. Жазылым - тілдік тұлғалардын графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік матералының мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.

Жазылым үшін қажетті қабілеттер
Көру арқылы еске сақтау
Назар аудара білу
Логикалық ойлау
Елестете алу
Болжай алу

Жазылым үшін маңызды сұрақтар
Не үшін жазамын?
Қандай сөздер мен фразаларды таңдаймын?
Қалай жазамын?

ЖАЗЫЛЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Синтаксис: Сөйлемдердің құрылымдары, сөздердің орын тәртібі
Мәтінді ұйымдастыру: Сөйлемдерді абзацты байланыстыру
Мазмұны: логикалық жағынан тақырыпқа, мақсатқа сәйкестігі
Жазылым техникасы: графика, орфография, пунктуация
Жазылым процесі: композиция, жоспарлау

ЖАЗЫЛЫМНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Оқырманға өз ойын дұрыс жеткізе білу
Оқырманға әсер ету, оны сендіру, оның назарын аудару.
Оқырманды қызықтыру, оқырманның реакциясын тудыру

ЖАЗЫЛЫМ ДЕГЕНІМІЗ -
1. Коммуникативтік әрекет. Неге, кімге, не үшін жазып жатырмыз, осыны нақты түсіну қажет.
2. Процессуалдық әрекет. Жазылым процесі көбінесе қалай бастаймыз, не жазамыз, қалай аяқтаймыз деген сияқты ізденістерден тұрады.

Жазу дағдысын қалыптастыру жаттығулары
Толықтыру: Жіберілген сөздерді толтырыңыз.
Сөйлемдерді аяқтаңыз.
Сөйлемді бастаңыз.
Трансформация: Азатжолды аяқтаңыз (оның басы беріледі) .
Мәтіндегі фразаны кеңейтіңіз немесе фразаны ( абзац) қысқартыңыз.
Сөйлемді басқа синонимдік құрылыммен ауыстырыңыз.
Сөйлемнің барлық нұсқасын жазыңыз.
Бірнеше сөйлемді бір сөйлемге біріктіріңіз.

Жазу дағдысын қалыптастыру жаттығулары
Толықтыру: Жіберілген сөздерді толтырыңыз.
Қай қоғамда да еңбектің маңызы . Еңбек арқылы адамның ,
көрінеді. «Жауынмен жер көгерер, еңбекпен ер көгерер» деп халық айтылғандай, бұл қоғамда еріншектерге жоқ. еңбегімен көзге түскен өте көп.

Сөйлемдерді аяқтаңыз.
Бүгін семинар болса. . .
Бүгін семинар болады екен. . . .
Бүгін семинар болатынын естіп. . .
Бүгін семинар болатындықтан. . .
Бүгін семинар болатынын біле тұра. . .
Сөйлемді бастаңыз.
. . . кішкене кешігіп қалдым.
. . . алайда бұл ұсынысыңыз маған ұнамады.
. . . бірақ осы мәселені қазір шешіп көрейік.
. . . себебі интернет ресурстарында бұл ақпарат жоқтың қасы екен.

Азатжолды аяқтаңыз ( абзацтың басы беріледі) .
1. Бүгін сейсенбі. Мен семинарға барамын. . .
2. Білім саласында жеткен жетістігіміз көп. Дарынды оқушыларымыз халықаралық олимпиадададан жеңіспен оралды. . .
3. Құшағы кең қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бауырына тартты. Қазақстанда бір шаңырақ астында өмір сүріп жүрген түрлі ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, ынтымағы басқа мемлекеттерге үлгі…

Мәтіндегі фразаны кеңейтіңіз немесе фразаны ( азатжолды) қысқартыңыз.
25 жасар бағдарламашы Асқат Мырзабаев аз уақытта екі миллионнан артық табыс тауыпты. Ол жарты жыл Ұлыбританияның Barclays банк тобында жұмыс істеген екен. Жас жігіт тапқан табысын қайырымдылық қорына аударыпты. Ол үшін басты мақсат ақша табу ғана емес. Осындай жаңа жобаларға қатысу арқылы жаңа достар тауып, тәжірибе жинайды.

Мәтіндегі диалогті кеңейтіңіз.
Ертеде кедейлерге мейірбан да әділ, бай кісі өмір сүреді. Бір күні бір сүт сатушы әйел сол кісіге келеді. Оның түрінен бір қиын жағдайға тап болғанын байқаған ол әйелден:
- Балам, бұйымтаймен келдің бе? - дейді…

Сұқбат үшін жауап үлгісін ұсыныңыз.
«Мен сыйға тартқан орамал» әнімен көпшілікке танылған Роза Әлқожа әншілігімен қатар, сазгерлігімен де белгілі. Әнді жүрегімен айтатын Роза редакциямызда қонақ болып, газетімізге сұхбат берген болатын.
- Бала күндеріңіздің бақытты естеліктері деп нені айтар едіңіз?
- Әнші болуға түбегейлі шешім қабылдаған кезіңіз және оған не ықпал етті?
- Сізді бақытқа бөлейтін не нәрсе?

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz