ҚАННЫҢ ФОРМАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ


Slide 1

Тақырыбы: Қанның жасқа байланысты гистологиясы және регенерациясы

Slide 2

Жоспары:

I. КІРІСПЕ

ҚАН, ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ҚАН ПЛАСМАСЫ

ҚАННЫҢ ФОРМАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

ҚАН КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ГИСТОЛОГИЯСЫ МЕН РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ

III. ҚОРЫТЫНДЫ

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН САЙТТАР ТІЗІМІ

Slide 3

ҚАН - (sanguis, hаеma) - қан тамырларының ішінде болатын ағзадағы сұйық тін, құрамында қан плазмасы мен қанның формальды элементтері . Қан плазмасының жалпы мөлшері 55-60% болса, ал қан жасушалары қанда 40-45%. Адам ағзасының 5-9% қан. Орта есеппен 70кг салмақтағы адамның денесінде 5-5, 5қан бар.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

ҚАН

Slide 4

ҚАННЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ:

Транспорттық - әр түрлі заттарды (газдар, қоректік заттар, гормондар, ақуыздар, иондарды және т. б. ) тасымалдау. Қанның осы функциясының арқасында бір қатар жеке функциялар атқарылады:

а) тыныс алу - оттегіні өкпеден тіндерге және көмірқышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдау

(яғни газ алмасуды қамтамасыз сту) ;

б) трофикалық - қоректік заттарды жасушалар мен тіндерге тасымалдау;

в) экскреторлық - тіндер метаболизмінің ақырғы өнімдерін, бөгде заттарды сыртқа шығару;

г) регуляциялық - әр түрлі тіндер жасушаларының функцияларын реттейтін биологиялық активті заттарды (гормондар, осу факторларын және т. б. ) тасымалдау; д) терморегуляциялық - мүшелер арасында жылуды болу және оны сыртқы ортаға

шығару;

Қорғаныш - организмді бөгде және өзгертілген оз антигендерінен қорғауды қамтамасыз ету, лейкоциттердің әрекеттері арқасында микроорганизмдерді жою, зақымданғанда қан ұюы арқылы қансыраудың алдын алу;

Гомеостаздық - организмнің ішкі ортасының қатынасты динамикалық тұрақтылығын (мысалы, дене температурасын, осмостық тепе-теңдікті, қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті және т. б. ) сүйемелдеу.

ҚАННЫҢ НЕГІЗГІ

ФУНКЦИЯЛАРЫ:

Slide 5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ҚАН ҚҰРАМЫ

40-45% қан жасушалары:

• эритроциттер

• лейкоциттер

• тромбоциттер

55-60% плазма

Slide 6

Плазма - қанның формалық элементтерін шығарып тастағаннан кейін қалатын қанның сұйық жасушааралық заты. Ол қанның бірқатар функцияларын орындауға қатысатын судан (90-93%), ақуыздардан (6, 0-6, 5%), басқа органикалық қосылыстардан (0, 5-2, 5%) және бейорганикалық заттардан (1%) тұрады.

ПЛАЗМА

Slide 7

ЭРИТРОЦИТТЕР

ЭРИТРОЦИТТЕР (гр. erythros - қызыл, cytus - жасуша) - құрамында гемоглобині бар қызыл түсті, ядросынан айырылған жасушалар (постжасушалық құрылымдар) . Эритроциттердің құрылысы және мөлшер саны олардың басты функциясын - тыныс алуды қамтамасыз етеді (төменде қарастырылған) . Бұған қоса, эритроциттердің бұл сипаттамаларының кейбір патологиялық процестерді диагностикалауда маңызы зор.

Эритроциттердің функциялары:

1) тыныс алу

2) транспорттық

3) регуляциялық және қорғаныш

Slide 8

Лимфоциттердің осылай аталуы олардың тек ғана қанда емес, лимфада да тұрақты түрде кездесетіндігіне байланысты. Бұл - организмдегі лимфоциттердің тек қана 2%, ал олардың басым бөлігі - 98% иммундық реакцияларды атқаратын лимфалық жүйенің тіндері мен ағзаларында (лимфа, лимфа түйіндері, талақ) орналасады.

Лимфоциттердің функциялары:

1) организмге бөгде және өзгерілген антигендер мен жасушаларға қарсы спецификалық иммундық реакцияларды гуморалдық және жасушалық иммунитетті қамтамасыз ету

2) спецификалық иммундық реакциялар қалыптасуына қатысатын басқа жасушалардың

тіршілік әрекеттерін (өсуі, пролиферациясы, дифференциялануын) реттеу.

Лимфоцит функциялық түрлері:

ЛИМФОЦИТТЕР

Slide 9

1 2 3

Эритроцит 2. Тромбоцит 3. Лейкоцит

ТРОМБОЦИТТЕР (гр. thrombos - ұйыган, тромб; cytus - жасуша), немесе қан табақшалары - сүйектің қызыл кемігінің мегакариоцит деп аталатып алып жасуша цитоплазмасының ядросыз фрагменттері. Тромбоциттердің негізгі фулкциясы - қансырауды тоқтату процестеріне тромб (қан ұйығы, қан қатпасы) қалыптастырумен қан ұюын белсендіру арқылы қатысу . Романовский-Гимза бойынша боялған қан жағындысында тромбоциттердің түсі ашық-көк. Әрбір қан табақшасы екі аймақтан тұрады :

1) ашық-көк түске боялатын перифериялық бөлігі - гналомерден (гр. hyalos - әйнек, meros - бөлік )

2) түсі күңгірттеу, түйіршікті орталық бөлігі - грапуломерден (лат. granulum түйіршік, гр. meros - бөлік) .

ТРОМБОЦИТТЕР

Slide 10

ҚАН

Қанның ұюы (гемостаз, коагуляция) - қан сұйық түрінен қоймалжың ұйынды - тромбқа ауысатын биолоиялық және биохимиялық үрдіс. Тромб тамырды тығындап, қан кетуді тоқтатады.

Қанның үю кезеңдері:

Алғаткы кезеңі (тамырлық-тромбоциттік гемостаз)

Коагуляциялық гемостаз.

Соңғы кезеңі (ретракция, фибринолаз)

ҚАН ҰЮЫ

Slide 11

ҚАННЫҢ ФОРМАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Формальды элементтер

Эритроциттер

Лейкоциттер

Тромбоциттер

Жасуша құрылысы

Қанның қызыл түйіршікті жасушалары

Қанның ақ түйіршікті жасушалары

Қан пластинкалары

Түзілетін жері

Сүйектің қызыл кемігі

Сүйектің қызыл кемігі, лимфа түйіндері, көк бауыр

Сүйектің қызыл кемігі

Жойылатын жері

Бауыр, көк бауыр

Бауыр, көк бауыр, қабыну процестері жүретін орындар

Бауыр, көк бауыр

1 мм3 қанда:

4, 5-5 млн.

6-8 мың

300-500 мың

Қызметі

Тыныс алу қызметіне қатысып, оттегі мен көмірқышқыл газын синтездейді

Қорғаныштық қызмет атқарады. Микробтарды фагоцитоз әдісімен жояды

Қорғаныштық, Қан ұйытуға қатысады.

Slide 12

ҚАН ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ЖАСҚА Байланысты өзгеруі


Ұқсас жұмыстар
Постнаталдық кезеңдегі қанның өндірілуі
Эритроциттердің қызметі
Плазманың құрамы
ТРОМБОЦИТТЕРДІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Қанның реологиялық қасиеттері
ҚАН ПЛАСТИНКАЛАРЫ
Қан құрамы
Қанның функциялары
Плазма құрамы
Қан және лимфа. ЭМБРИОНАЛЬДЫҚ ҚАН ЖАСАУ.ҚАННЫҢ ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ГИСТОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz