Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау



Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау. Жиі ауыратын балаларды диспансерлеу және бақылау.
Қабылдаған: Асилбекова Г.
Орындаған: Жайсаңбай Б.
Тобы: ЖМ-720
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ

Жоспар
Кіріспе
Созылмалы ауруы бар балаларды диспансерлік бақылау;
Негізгі бөлім
Созылмалы өкпе қабынуы және бронхит;
Ревматизм;
Өт жолдары аурулары (холецистит, холецисто-холангит, дискенезия) ;
Созылмалы сары ауру және гастродуаденит;
Созылмалы пиелонефрит;
Ауыр лейкоз.
Қорытынды
Кері байланыс
Бейне сілтеме
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
«Диспансеризация» - балалардағы патологияны ерте анықтауға, қауіп топтарына бөлуге, бала ағзасында патологиялық өзгерістердің алдын алу үшін профилактикалық және сауықтыру шараларын жүргізуге, созылмалы процесті болдырмауға және созылмалы патологиясы бар балаларды реабилитациялауға бағытталған шаралар жиынтығы.
1 топ - сау балалар;
2 топ - сау балалар, функционалды өзгерсітері бар;
3 топ - компенсация сатысындағы созылмалы аурулары бар балалар;
4 топ - субкомпенсация сатысындағы созылмалы аурулары бар балалар;
5топ - декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулары бар балалар;
Денсаулық топтары:

Созылмалы өкпе қабынуы және бронхит
Мамандар қарау жиілігі:
Учаскелік педиатр ремиссия кезінде диспансерлік бақылаудың 1 жылда кемінде 3 рет, одан кейін жылына 2 рет. Отоларинголог жылына 1 рет. Стаматолог жылына 2 рет, фтизиатр және басқа мамандар көрсеткішіне қарай.
Ерекше көңіл аудару керек
Жалпы күй, тыныс жетіспеушілік дәрежесі, цианоз «барабан саусақ» симптомы, өкпе өзгерістері. Жүрек қан тамыр жүйесінде өзгерістер. Дене қызуы. Гематологиялық көрсеткіштерді талдау мен рентгенмен тексеру. Мұрын қуысын, миндалиндер, тістер күйі.
Қосымша тексеру әдістері:
Спирометрия және пневмотахометрия, бронхография көрсеткішіне қарай, қан және зәр анализі.
Сауықтырудың негізгі жолдары:
Таза ауада күніне қыста 3-4 сағат, жазда күні бойы. Тамақ В витаминдерінің тобымен, аскорбин қышқылымен, ретинмен байытылған. Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау. Ингаляция, ЛФК. Шынықтыру процедуралары, гипосенсибилизациялау емі. Санаториялық ем.
Нәтижелілік көрсеткіші:
Жалпы күйі. Бронхо өкпелік процесс ремиссия ұзақтығы және спирография, пневмотахометрия мәліметтері бойынша тыныс мүшелерінің функционалды көрсеткіштері. 2, 5 жылда бронхо өкпелік асқыну болмаса есептен шығарылады. Созылмалы пневмонияда 1 жыл дипансерлік бақылауда болады.
Созылмалы өкпе қабынуы және бронхит

Ревматизм
Ревматизм
Мамандар қарау жиілігі:
Учаскелік педиатр, ревматолог шабуыл уақытында тоқсанда, ай сайын, тоқсанда 1рет . Белсенді фазасында жылына 1 рет. ОРВИ баспадан соң 3 апта бойы ревматолог бақылауында, жылына 2 рет отоларингологпен стаматолог
Ерекше көңілді аудару керек:
Анамнез. Шағымы, жалпы күйі. Жүрек қан тамыр жүйесін күйі. Белсенді ревматикалық процесс белгілері. Миндалин, тіс, мұрын қуыс күйі. Баспа, ОРВИ мен ауру жиілігі. Жүрек қан тамыр қызметінің компенсациясы.
Қосымша тексеру әдістері:
Термометрия. Қан қысымы, пульс. ЭКГ, ФКГ. Ревмобайқау. Жылына 2 рет қан анализі, көрсеткішіне қарай қайталап. Баспа, ОРВИ - ден кейін қан тексеру, ЭКГ.
Сауықтырудың негізгі жолдары:
Режим, қосымша демалыс. Кезеңді емді сақтау. Шынықтыру емдік дене тәрбиесі. Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау. Тәулік бойы бициллинмен ем. Көрсеткішіне қарай арнайы санаторий, санаторий типті лагерлерде.
Нәтижелілік көрсеткіші:
Қайта шабуылдардың азаюы немесе жоғалуы. Жүрек патологиясының көбеймеуі. Жүрек ақауларының пайда болмауы. Созылмалы тонзиллит, баспа мен ауру сиреуі. 5 жылда процесс белсенбеген және жүрек ақауы пайда болмаған балаларды есептен шығарады.

Асқазан ішек жолдары аурулары бар балаларды диспансерлеу

Өт жолдары аурулары (холецистит, холецисто-холангит, дискенезия)
Өт жолдары аурулары (холецистит, холецисто-холангит, дискенезия)
Мамандар қарау жиілігі:
Педиатр 1 жылда әр 2-3 ай сайын, келесі жылдары әр 6 ай сайын, отоларинголог, стаматолог көрсеткішіне қарай.
Ерекше көңілді аудару керек:
Іш ауруы, оң бүйірінің басқанда ауырады. Бауыр ұлғаюы мен ауру сезімі.
Қосымша тексеру әдістері:
Дәретінде лямблийцист пен глист жұмыртқасына тән белгілер. Стационардан шыққан соң алғашқы жарты жылда 3 айда 1рет дуоденальды зонд жасау, кейін көрсеткішіне қарай. Бауырды тексеру ( билирубин, холестерин, аминотрансфераза)
Сауықтырудың негізгі жолдары:
Диета сақтау. Өт жолдары дискенезиясы түріне қарай холинолитикалық дәрілер. 6 ай бойы Демьян бойынша дюбаж аптасына 1 рет. Бауырға физиоем жылына 2-3 курс.
Нәтижелілік көрсеткіші:
Асқыныстар болмауы, бауыр ұлғаюы немесе оң жақ бүйірі ауырмаса, 1, 5 - 2 жыл бойы дуоденальды көосеткіштер қалыпты болса есептен шығарылады. Егер асқынумен өтсе 3жыл бақылауда болады.

Созылмалы сары ауру және гастродуоденит
Созылмалы сары ауру және гастродуоденит.
Мамандар қарау жиілігі:
Педиатр асқынудан кейінінгі жылда 3 ай сайын, келесі жылдары 6 ай сайын. отоларинголог, стаматолог - жылына 2 рет.
Ерекше көңілді аудару керек:
Жалпы күйі, дене салмағы динамикасы, асқазан дискомфорты, кекірік, құсу, лоқсу, тәбет төмендеуі.
Қосымша тексеру әдістері:
Қан талдауы, асқазан сөлін фракциялы тексеру, дуоденальды зондылау, асқазан мен ішектер рентгеноскопиясы, копрограмма. Дәретті лямблийцисты мен глист жұмыртқасына тексеру.
Сауықтырудың негізгі жолдары:
Тамақтану режимі, поливитаминдер. Көктеммен күзде 2-3 апталық қайталануға қарсы ем курсы, диета, физиоем. Дәрілік ем- мексаза, глютавит. Тіс, қосалқы аурулар санациясы.
Нәтижелілік көрсеткіші:
Дене салмағының қалыпқа келуі, шағымы жоқ. Асқазан секрециясы қалыпты, негізгі белгілер жойылғаннан соң 2 жыл өткен соң есептен шығарылады.

Зәр шығару жолдарының аурулары бар балаларды диспансерлеу
Диспансерлік бақылау емхана мен бала оқып жатқан мекеменің мед қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі.
Жиі зәр шығару жолдарының ауруларымен бала 6-7 жасында ауырады.
Бақылау жоспары:
Педиатр - тоқсан сайын 1 рет
Лор дәрігер және стоматолог жылына 1 рет
Созылмалы гломерулонефрит, нефропатия жасөспірімдер бөліміне дейін бақылауда болады.
Басқа мамандар көрсеткіш бойынша
Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау
Емханада зәр және қан анализі
Егулер кесте бойынша
Әлеуметтік гигиеналық факторларды қалпына келтіру
Индивидуальды диетотерапия
Иммунологиялық статусты коррекциялау
Фитотерапия

Созылмалы пиелонефрит
Созылмалы пиелонефрит
Мамандар қарау жиілігі:
Педиатр айына 1 рет.
Ерекше көңілді аудару керек:
Жасырын бүйрек жетіспеушілігімен өтетін ауру түрлерін анықтау.
Қосымша тексеру әдістері:
Қан, несептің жалпы талдауы. Несепті бактериологиялық зерттеу. Қалдық азотпен мочевина мөлшерін анықтау. Зимницкий бойынша бақылау. Қан қысымын өлшеу. Экскреторлы урография.
Сауықтырудың негізгі жолдары:
Жалпы шынықтыру емшарасы. Интеркурентті ауруларды болдырмау. Витаминге бай тағам.
Нәтижелілік көрсеткіші:
Бүйректің шығару қызметі көрсеткіштерінің қалыпқа келенше есептен шығармау. Толық жазылудан соң 3 жылдан кейін дипансерлік бақылаудан шығаруға болады.

Ауыр лейкоз
Ауыр лейкоз
Мамандар қарау жиілігі:
Педиатр мен гематолог ремиссия кезеңінде 2 аптада 1 рет.
Ерекше көңілді аудару керек:
Жалпы күй, шаршағыш, сүйек пен бас ауруы, жүрек айну және басқа диспепсиялық көріністер. Геморрагиялық синдром, шеткері бездері, бауыр, көкбауыр, аналық без көлемі, менингиальды синдром, ОЖЖ - де ошақты өзгерістер. Несеп түсі, шеткері қан өзгерістері және миелограмма.
Қосымша тексеру әдістері:
Ремиссия кезінде 2 аптада 1 рет қандағы тромбоцитттер деңгейін анықтау. 2 айда 1 рет сүйек миын зерттеу, 2- 3 айда 1 рет қанның биохмиялық талдауы.
Сауықтандырудың негізгі жолдары:
Қолдаушы дәрі - дәрмектік ем: 6 - меркаптопурин, метотрексат, циклофасфан, винкристин( кезекпен) .
Нәтижелілік көрсеткіші:
Есептен шығарылмайды. Алдын алу егулер мен дене тәрбиесі мен айналысуға тиым салынады.

Жүрек қантамыр жүйесінің аурулары бар балаларды диспансерлеу
Физикалық жүтемелереді шектей отырып, қатаң режимдерді сақтай отырып кардиологпен бірлесе бақыланады
ЛОР ағзаларының аурулары бар балалады диспансерлеу
Диагноз: ГНМ, аденоидтар, созылмалы тонзиллит. Бұл балалар ЛОР дәрігердің бақылауында рецидивке қарсы ем алады. Балалар мекемесі бақылауымен ағза резистенттілігін жоғарылату, фитотерапия жүргізіледі.

Жиі ауыратын балаларды диспансерлеу және бақылау

Жиі ауыратын балаларды диспансерлік бақылау және реабилитация
Жиі ауыратын балалар - бұл диагноз емес, бұл транзиторлы ауытқулар әсерінен болатын жүйелерде еш өзгеріссіз жүретін, бірақ жиі респираторлы инфекциямен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау.
ЖАБ тобына кіруге арналған критерилер:

ЖАБ тобын құру себептері:
Балалардың анатом-физиологиялық ерекшеліктері, соның ішінде иммунды жүйеде, екіншілік иммунды жетіспеушілік жағдайының дамуы;
Ұйымдастырылған ұжымдарға барғанда аурулармен қарым-қатынас жиілігінің көбеюі. Жиі ауыратын балалар тобына мектепке дейінгі балалардың 40% және бастауыш сынып оқушыларының 15% кіреді;
Тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруларымен ауруы төмендегі бұзылыстарға жиі әкеледі: физикалық және нерв-психикалық дамуы, иммунды жүйенің жетілуі, ЛОР ағзаларының созылмалы ауруларының пайда болуына, АІЖ бұзылысына, зәр шығару жолдарының және басқа да жүйелердің патологиясына әкелуімен қатар, әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі. Кейінгі кездері оппортунистік инфекциялардың ( герпес вирусы инфекциялары, хламидиоз, микоплазма) аталған топ науқастарында кең жайылуы, осы аурулардың еміне көшу керектігіне назар аудартады.

ЖАБ тобын анықтау критерилері
Медико-биологиялық факторлар бойынша:

Әлеуметтік факторлар бойынша

ЖАБ СИПАТТАМАСЫ БҰЛ БАЛАЛАРДА БОЛАДЫ:
1. Мұрын-жұтқыншақтың созылмалы инфекция ошақтары;
2. АІЖ-ның созылмалы аурулары (гастриттер, колиттер, энтериттер, холесциститтер, ферментопатия, дискинезия, дисбактериоздар) ;
3. Анамнезі мен статусында аллергияға бейімділік (ЭКД, аллергиялық дерматит, экзема, нейродермит) ;
4. Зәр шығару жолдарының инфекциялары (РН ортасын өзгертеді) ;
5. Иммунды статус ерекшеліктері (Т- лимфоциттер, Т-хелперлер, Т-супресорлар, секреторлы IgA төмендеуі) .

ЕМХАНАДАҒЫ ДИСПАНСЕРИЗАЦИЯ
1. Участкелік дәрігердің қарауы:
Егер бала 1 жасқа дейін болса - айына 2-3 рет;
Егер бала 1 жастан асса - тоқсан сайын;
2. ЛОР дәрігер қарауы - жылына 2 рет және одан көп;
3. Стоматолог дәрігер - жылына 1-2 рет және одан көп;
4. ЛФК дәрігері - жылына 1 рет;
5. Физиотерапевт дәрігер - жылына 2 рет;
6. Басқа мамандар - көрсеткіші бойынша (невропатолог, аллерголог) ;

ДИСПАНСЕРИЗАЦИЯ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ 4 ТОБЫ
1 Топ - бала ЖАБ тобынан эпизодты ауыратындарға өтті (сауығу)
2 Топ - бала сирек ауырады бірақ саны бойынша ЖАБ тобында қалады (жақсару)
3 Топ - бұрынғыдай жиі ауырады (өзгеріссіз)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz