Сағаттар музейі




Презентация қосу
Сағаттар музейі

Орындаған:Тайпин Дамир
Тобы:АЭ-41
Сағат - тәуліктiң ағымдағы уақытын анықтайтын және
бір тәуліктен кіші уақыт аралықтарының ұзақтығын
бірліктермен өлшейтін құрал.
Өлшемі мен ыңғайлылығына қарай:
қалта сағаттары, қол сағаттар, үстелге қоятын
сағаттар,қабырға сағаттары, жерде тұратын
сағаттар,мұнаралы сағаттар.
Күн сағаттары — күн сәулесі арқылы уақыт анықтауға
қолданылатын аспап. Ол ортасында дүние осіне параллель бағытта
қозғалмайтын етіп бекітілген өзекшесі мен пластинкасы бар тең
бөліктерге бөлінген циферблаттан тұрады.
Өзекшенің циферблатқа түскен көлеңкесі өзінің әр уақыттағы тұрған
қалпымен күннің тура уақытын көрсетіп тұрады. Әдетте күн
сағаттарының дәлдігі бірнеше минуттан аспайды.
Кейбір деректерге сүйенсек алғашқы күн сағатын орта
ғасыр астрономия және математика ғалымы Жабир ибн
Әфлаһ ойлап тапқанның айта аламыз.
Күн сағаты қашан және қай жерде пайда болғаның
нақты айтуға қиын, алайда зерттеушілер күн
сағаты Мысырда пайда болғандығын айтады. Бірінші
қалалық күн сағаты Күн құдайдың (Ра) құрметіне арнап
ескерткіш ретінде Мысыр қалаларында салынған.
Осындай ескерткіштер ғибадатханалар алдында
орналасатын. Осылайша, мысыр халқы ескерткіштен
пайда болатын көлеңкені пайдалана отырып, сағатты
анықтай алатын.
Қазақстандағы күн сағат

Нұр-Сұлтан қаласындағы күн
сағат жобасының авторы
сәулетші Антон Максимов.
Сағаттың тілінде маңызды
тарихи күндер бейнеленген.
Автордың идеясы бойынша
сағатқа маңызды тарихи
оқиғалар мен әйгілі
тұлғалардың туған күндері
жазылған. Сонымен қатар,
сағаттың төменгі жағында
келешек ұрпақтың маңызды
даталарын жазатын арнайы
орын қалдырылған.
Су сағаты

Негізгі механизмі құм
сағаттар тәрізді. Су
сағатында су бір ыдыстан
екінші ыдысқа бірқалыпты
тамшылап құйылып тұратын.
Мұндайда көрсеткіш тілі бар
қалтқы жоғары көтеріліп
немесе төмен түсіп,
уақыттың дәл мезгілін
білдірген. Бұл сағат уақытты
күндіз де, түнде де көрсете
беретін - тек суын еселеп
отыруды ұмытпасаң,
болғаны. Ал құм сағаты
болса, осы заманға дейін
пайдаланылып келеді.
Римдіктерде су сағаты үлкен қолданыста болды.
Римдегі алғашқы су сағатын Скипион Назика жасап
шығарған(б.з. д. 157 ж.).
Помпейдің су сағаттары басқаларына қарағанда ерекше
болған.Олар алтын мен тастан жасалған әшекейлерімен
танымал болды.
Механикалық сағаттар

Механикалық сағаттар жөніндегі алғашқы деректі
ғалымдар ежелгі византиялық қолжазба нұсқалардан
тапты. Бұл кезең 578 жылмен тұспа-тұс келеді.
Алғашқы мехникалық сағаттардың тек бір ғана -
сағаттық тілі болған.
1404 жылы Мәскеуде Кремльде тұңғыш мұнара сағаты
орнатылады. Көп кешікпей мұнара сағаттары басқа да
көптеген қалаларда пайда болды.
Шамамен, мұнан жүз жылдан кейін Еуропада алғашқы
қалта сағаттары пайда бола бастады

Ұқсас жұмыстар
Мұражай классификациясы
Музей ісі дамуы
МУЗЫКА АСПАПТАР МУЗЕЙІ
Хронофармакология ғылым ретінде
Музыкалар үйі
Талдықорған қаласы
Қазақстандағы экскурсиялық істің дамуы мен қалыптасуы
Павлодар қаласы
ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ МҰРАЖАЙЫ
Rolex компаниясының пайда болу тарихы
Пәндер