Альфавирустар тұқымдастығы



Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы”
Презентация
Тақырып:Тогавирустар. Рабдовирустар
Орындаған: Кемалов Ж
Группа:ЖМҚА 07-20 Қабылдаған:

Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Тогавирустар, Рабдовирустар
2. Альфавирустар тұқымдастығы
3. Құтыру вирусы
III Қорытынды

Тогавирустар.
Таговирустар лат. (toga-плащ-жамылғы) - буынаяқтылар арқылы жұғатын, адамдарда жүйелі дене қызбасын және вирустық энцефалиттер қоздыратын арбовирустардың (arthropod borne -буынаяқтылармен берілетін) бір тобына жатады.

Таксономиясы.

Альфавирустар.
Құрылымы, Химиялық құрамы. Альфавирустардың құрылымы күрделі, мөлшері бойынша гетерогенді липидті сыртқы қабаты (суперкапсиді) бар, симметриясы куб (икосаэдр тәрізді) типті. Вирустың сыртқы құрамында гемагглютинині болады, гликопротейнді «тікенекшелермен» ұзындығы 10 нм қоршалған. Вириондары сфера пішінді, диаметрі 45-75 нм. Біржіпшелі (+) РНҚ молекуласынан тұратын геномы симметриясы куб типтес, капсидте орналасқан вирустық (+) РНҚ ақпараттық и РНҚ ның қызметін атқарады.

Антигендік құрылымы.
Бұл вирустардың екі антигені бар.

Дақылдандыру. Кез келген вирустар сияқты оларды дақылдандыру үшін бірнеше тәсілдер бар:

Таговирустардың репрадукциялануы жасуша цитоплазмасында атқарылады. Репродукциялану циклы 4-8 сағатқа созылады. Вирус жасушаға адсорбцияланғаннан кейін оның ішіне виропексис (эндоцитоз) жолымен енеді. Вирустық (+) РНҚ цитоплазмада босанып шығады. Вирустық (+) РНҚ иРНҚ-ның молекуласының симметриясына ұқсас болғандықтан, (+) РНҚ рибосомалар танып алады және тасымалданады (трансляция) . Өте үлкен полипротейнді молекула пайда болады.

Төзімділігі.
Липидқұрамды сыртқы қабықшасы болтындықтан олар эфирдің, детергенттердің әсеріне сезімтал келеді, және де 56 С температурада сақтайды. Бұл вирустар УК сәулесінің, формалиннің, хлор құрамды дезинфектанттардың әсеріне өте сезімтал.

Эпидемиологисы.
Альфавирустар табиғатта кең таралған, оңтүстік ендікте орналасқан елдерде жиірек кездеседі. Тасымалдаушы жәндіктердің белседілігінің арту мерзіміне байланысты індеттің маусымдылығы байқалады. Арбовирусты инфекциялар табиғи - ошақты ауруларға жатады және кең таралған тасымалданушылықпен сиатталады. Жәндіктерден басқа олардың, негізгі иесі омыртқалы жануарлар болып табылады (ұзақ мерзімді вирусемия болуына байланысты) . Арбовирустар жәндіктердің сілекей бездерінде шоғырланады және сілекеймен бірге шығады. Вирустар кенелерде трансовариальды жолмен ұрпақтарына беріледі, яғни негізгі берілу механизмі болып табылады. Адамдаға әдетте масалар, кенелер, шіркейлер шаққанда жұғады (трансмиссивті жолмен берілу) .

Патогенезі және клиникалық көріністері.
Вирустар буынаяқтылардың тіндері мен ағзаларында, соның ішінде сілекей бездерінде, көбейеді. Адамдардың немесе жануарлардың қанын сорған кезде вирус қанға түсіп, ішкі ағзаларға тарайды. Қоздырғыштың ағашқы репродукциялануы қан тамырларының, лимфалы түйіндердің, фагоциттердің эндотелиялық жасушаларында ақарылады. Содан кейін көбеиген вирустар қайтадан қанға түседі, нәтижесінде осындай екіншілік вирусемия дене қызбасын көтеруге себепкер болады. Ал нейротропты вирустар ОЖЖ - өтіп, жасушаларының бұзылуын туғызады (энцефалиттердің ауыр түрін қоздырады) . Альфавирустар және де дене қызбасы дамитын әртүрлі аурулар, тері беткейлерінде бөртпелер қоздыруы мүмкін, кейде артриттер, қан кету туғызуы ықтимал.

Иммунитеті.
Ауырып тұрғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. антиденелер 1 жылға дейін сақталады, олардың жоғарғы титрде табылуы инфекцияға жақын арада шалдыққанын көрсетеді. Вирусбейтараптаушы антиденелер және антигемагглютининдер бірнеше жыл бойы сақталады.

Микробиологиялық диагноз қою.
Зерттеуге алынатын заттар:
Вирусты бөліп алып(индукциялау) :
қан(вирусемия кезінде), жұлын сұйықтығы (меингоэнцефалит кезінде), несеп, секциялық материялдар.
біріншілік және ауыспалы жасша дақылдарына (ЦПӘ, түйіндақтар түзілу) және жаңа туылған ақ тышқандарға (сал болу, өлім туғызу) жұқтыру.

Емдеуі.
Антивирустық преператтар - рибавирин, интерферон, реаферон т. б. қолданылады.
Алдын алуы.
Спецификалық профилактика мақсатында инактивацияланған өлі вакцина қолданылады.

Рабдовирустар.
Рабдовирустар (грекше; rhabdos - шыбық, таяқ деген мағына береді) - сүтқоректілерде, балықтарда, жәндіктерде, қарапайымдыларда және өсімдіктерде әртүрлі зақымдану туғызатын, РНҚ - құрамды вирустар, олардың 80-нен астам түрлері белгілі. Rhabdoviridae тұқымдастығы өкілдерінің табиғи иесі кең ауқымды олар әртүрлі омыртқалы және омыртқасыз жануарларға патогенді. Адамдарға везикулярлы стоматит және құтыру вирустары патогенді болып табылады.

Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Rhabdoviridae
Туыстастығы: Vesicolovirus - везикулярлы Индиана стоматит вирусы.
Lyssavirus - құтыру вирусы.
Ephemerovirus - сиырдың біркүндік қызба вирусы.
Cytorhabdoviru - салатта сарғшнекер қоздырытын вирус.
Nucleorhabdovirus - картопта сарғыш ергежейлік қоздыратын вирус. .
Novirhabdovius - Гематопоэздің жұқпалы некрозын қоздыратын вирус

Құрылымы.
Вириондары оқ (пуля) тәрізді немесе таяқша пішінд, мөлшері 170*70 нм. Сыртында екі қабатты липидқұрамды қабықшасы (суперкапсид) болады, одан гликопротеинді тікенешелер (ұзындығы 5-10 нм, диаметрі - 3 нм) шығып тұрады. Вирионның ортасында сыртқы қабатпен матристік ақуызбен( М) бөлініп тұратын, симметриясы спираль типті нуклеокапсид (РНП) . Геномы біржіпшелі сызықшалы фрагменттелмеген (-) РНҚ. Вириондарының құрамында біренеше ақуыздар болады: капсидтік және матристік ақуыздар, РНҚ полимераза және басқа да ферменттер, және де сыртқы қабықшаның тікенек тәрізді өсінділерінің құрамына кіретін гликопротеин.

Антигендері.
Нуклеопротеин (NP) топтықспецификлық антиген (ИФР, КБР мен анықталады) . Сыртқы қабықшының гликопротеині типтік спецмфмкалық антиген, вирионның жұқпалылығына және гемагглютинациялаушы белсенділігіне жауапты (БР және ГАТР мен анықталады) .

Коксаки, ECHO вирустар және 68-71 типті энтеровирустар
Коксаки вирусы 1948 жьшы АҚШ Коксаки мекенінде полиомиелит тәрізді аурумен ауырған науқастың нәжісінен бөлініп алынған.
Коксаки вирусы жаңа туған тышқандар үшін патогендік дәрежесі бойынша 2 топқа бөлінеді - А Коксаки (баяу салды тудыра отырып қаңқа бұлшықеттерін зақымдайды) жөне Б Коксаки (тырысу салын дамыта отырып ОЖЖ зақымдайды; тышқандардың өліміне әкеледі) . Антигендік қасиеті бойынша ажыратылатын А тобы 23 серологиялық топпен, В тобы 6 серологиялық топпен сипатталады.


Ротавирустар
Ротавирустар - адамның жедел гастроэнтеритін тудыратын қоздырғыштар, 1973 жылы табылған.

Таксономиясы, морфологиясы, химиялық кұрамы.
Ротавирустар Reoviridae түқымдасына, Rotaviras туысына жатады. Вирус сфералық пішінді, екі жіпті бөлшектен РНҚ-нан түрады. Ерекшелігі екі капсидке ие -сыртқы және ішкі. Вирустың аталуы капсидтің ерекшелігіне байланысты (латын тілінен rota - дөнгелек) . Сыртқы липопротеидті қабығы жоқ.

Эпидемиологиясы.
Ротавирусты гастроэнтериттер барлық жерде таралған, кебінесе 6 айдан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды зақымдайды (балалардың іш өту ауруының 40-60% құрайды) . Ерекшелігі қысқы айларында көтеріледі. Су, тағам, жан-ұялар, аурухана ішілік инфекциялар түрінде тіркеледі. Инфекцияның көзі - аурулар мен вирусты тасымалдаушылар. Таралу механизмдері - фекалды-оралды.
Иммунитеті, клиникасы, зертханалык диагностикасы барлық энтеровирустарға тән.

Құтыру вирусы
Құтыру (синонимдері: rabies, lyssa, hydrophobia - судан сескену) -адам мен жылы қанды жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруы, зақымдалған жануарлармен қатынас (тістеу, микрожаралардың сілекейленуі) кезінде таралады, ОЖЖ зақымдануымен . және өліммен аяқталуымен сипатталады.
Құтырудың вирустық этиологиясын 1903 жылы П. Ремленже дәлелдеді.

Таксономиясы.
Құтыру вирусы - РНҚ-құрамды вирус, Rhabdoviridae түкымдасына (грек сөзі rhabdos - шыбық), Lyssavirus туыстығына жатады.

Морфологиясы және химиялық құрамы.
Вириондарының пішіні оқ тәрізді, гликопротеидті табиғатты тікенегі бар липопротеидті қабыкшамен қоршалған жүрекшеден тұрады. РНҚ - минус жене бір жіпшелі.

Дақылды өсіру.
Құтыру вирусын ақ тышкандардың, сириялык аламандардың, орқояндардың, егеуқүйрық, теңіз шошқасы, қойлардың милык тінінде өсіреді. Жүқтырылған жануарлардың аяқтарында сал дамиды, кейін олар өледі. Құтыру вирусы алғашқы және ауыспалы жасуша дакыддары мен тауық эмбрионында бейімделуі мүмкін. Вируспен зақымдалған жануарлардын бас миының жасуша цитоплазмасында немесе тіндік дақылдарында спецификалық қосындылар пайда болады, оларды алғаш В. Бабеш (1892) пен А. Негри (1903) анықтаған, сондықтан Бабеш-Негри денешіктері деп аталады. Қосынды сфералық немесе сопақша пішінді, қышқыл бояулармен жақсы боялады, қүрамында диагностикалық маңызы бар вирустық антиген орналасады.

Антигендік кұрылымы.
Құтыру вирусының құрамында жүрекшелік және беткейлі антигендер анықталған. Гликопротеидті антиген (тікенді ақуыз) көрнекті иммуіюгсндік қасиетке ие. Құтырудың антигендік касиеті ұқсас екі вирусы бар: жануарлардың арасында таралған, адамға патогенді жабайы вирус және орқояндардың миы арқылы жабайы вирусты ұзақ уақыт зертханалық жағдайда пассаждау жолымен Л. Пастермен бекітілген вирус (virus fixe) . Бекітілген вирустың адам вирулентгілігін жоғалтуына байланысты Л. Пастер осы в антирабиялық вакцина түрінде қолданды.

Резистентгілігі.
Құтыру вирусы қоршаған ортада тұрақсыз: сәулесі мен УКсәулелердің, дезинфекциялык ерітінділер ( хлорамин, формалин) әсеріиен жылдам жойылады, майеріткіштер сілтілі ерітінділерге сезімтал. Темен температурада ұзак сақталады.

Эпидемиологиясы.
Құтыру ауруы көне заманнан белгілі, жер беті кеңінен тараған зоонозды инфекция. Құтырумен барлык жылық- жанауарлар ауруы мүмкін. Дегенмен, таралу механизімінің ерекшелгі (тістеу арқылы) байланысты табиғатта вирустың айналуын жабайы және етқоректі үй жануарлары, соның ішінде ит, қасқыр, түлкі, шие" мысықтар т. б. қамтамасыз етеді. Қүтырудың табиғи ошақтары барлық жерде орналасқан. Адам эпидемиялық урдістің кездейсоқ тобы болып келеді, сондықтан табиғатта вирустың айналымына қатыспайды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz