ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы аумағындағы
цифровизация деңгейі және сол
аумақта қашықтықтан зерделеу
Орындаған: Шаншар Мырзагелді
Тексерген: Асен Н.Қ.
«Цифрлық Қазақстан»
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама)
мақсаттары орта мерзімді перспективада
Қазақстан Республикасы экономикасының даму
қарқынын жеделдету және цифрлық
технологияларды пайдалану есебінен халықтың
өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ
мерзімді перспективада Қазақстанның
экономикасын болашақтың цифрлық
экономикасын құруды қамтамасыз ететін
түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге
жағдай жасау болып табылады.
Мақсатқа қол жеткізу дамудың екі бағыты
бойынша жүруді білдіреді:
«Қазіргі экономиканы цифрландыру» - нақты сектордағы нақты жобалардан
тұратын прагматикалық бастауды қамтамасыз ету, экономиканың қазіргі
салаларын, мемлекеттік құрылымдарды цифрландыру және оларды
технологиялық қайта жабдықтау жобаларын іске қосу және цифрлық
инфрақұрылымды дамыту.
«Болашақтың цифрлық индустриясын құру» - адами капиталды дамыту деңгейін
көтеру, инновациялық даму институттарын құру және жалпы алғанда, цифрлық
экожүйені қарқынды дамыту есебінен ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз
ету, елдің цифрлық трансформациялауды іске қосу.
2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылатын Бағдарлама еліміздің флагмандық
салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін беруді қамтамасыз етеді
және еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.
БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ БЕС НЕГІЗГІ
БАҒЫТЫ:
1. «Экономика салаларын цифрландыру» - еңбек өнімділігін арттыруға және
капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді
пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын
түрлендіру бағыты.
2. «Цифрлық мемлекетке көшу» - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен
бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын
түрлендіру бағыты.
3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» - ішкі контур үшін де, Қазақстан
Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің,
сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын
дамыту бағыты.
4. «Адами капиталды дамыту» - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін
креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.
5. «Инновациялық экожүйені құру» - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты
көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау
бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе
катализаторы ретінде әрекет етеді.
Көрсетілген бес бағыттың шеңберінде 17 бастама мен 100-ден астам іс-шара қалыпта- 6
стырылды, оларды іске асырудан түсетін қайтарылымды алдағы жылдардың ішінде айқын
көруге болады, сондай-ақ болашақ экономикасының жаңа саласы ретінде цифрлық секторды
қалыптастыруға негіз болатын іс-шаралардың негізгі нәтижесін келесі онжылдықтан байқауға
болады.
Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджет қаражатынан 109 млрд. теңге көлемінде
қаржыландыру тартуды болжайды. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 169
млрд. теңгеден астам қаражатын тарту күтілуде.
Бағдарламаны іске асыру бенефициарлары Қазақстан Республикасының барлық халқы, бизнес
және мемлекеттік органдары болады, өйткені ол өмірдің барлық салаларына әсер етеді және
мемлекеттің әрбір азаматы мен тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған.
Бағдарлама жұмыспен қамту құрылымында елеулі өзгерістерге әкеледі - атап айтқанда, 2022
жылға қарай цифрландыру есебінен 300 жұмыс орны құрылады. Қазақстан экономикасын
цифрландырудың қазіргі орташа деңгейі бүгінгі күні кедергі болмайды, бірақ дамуға сапалы
серпіліс жасау мүмкіндік, бұл елімізді әлемдік аренада бірінші орынға шығаруға мүмкіндік
береді. Ол үшін осы Бағдарламада сипатталған бес бағыт бойынша және оған қосымшада
аталған іс-шаралар шеңберінде шаралар кешенін және жүйелі жұмыстар қабылдау болжанады.
Іс-шаралар тізбесі жаңартылып отырады
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Әлемдік экономикалық дағдарыстар алдымызға жаңа сын-тегеуріндерді қойып,
мемлекеттік саясаттың халықты қажетті әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз
етуге бағдарлануы салдарынан мемлекеттің экономикаға көбінше қатысуына
әкелуде. Мемлекеттің жоғары белсенділігінің кері әсері – халық пен бизнестің
тәуекелдер мен қазіргі заманның сын-тегеуріндері жағдайларында
экономикалық агенттер ретінде өз мінез-құлқын өзгерту қажеттілігіне дайын
болмауы. Дегенмен, көз алдымызда болып жатқан цифрлық революция
Қазақстанға цифрландыруды мемлекеттік саясат ретінде өзінің даму
жоспарына енгізу қажет екендігіне әкелуде.
БҰҰ аясында есептелетін АКТ дамуының негізгі әлемдік рейтингінде – ICT
Development Index, – Қазақстан 2015 жылдан бері өзінің жағдайын өзгертпей,
2016 жылы 175-тің ішінен 52-орын алды. Бағдарламаны және өзге де
стратегиялық бағыттарды іске асыру нәтижесінде еліміз рейтингте 2022 жылға
қарай 30-шы, 2025 жылға қарай – 25-ші, 2050 жылға қарай – 15-ші орынға
дейін көтеріледі.
ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫНДАҒЫ
ЦИФРЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРУЛЕР
Жаңа цифрлық революция бүгінгі өндіру тәсілдерін, жеткізу тізбектері
мен қосылған құнды құру тізбегін өзгертеді. Өнеркәсіптің цифрлық
трансформациялану драйвері бірі болып табылатын Индустрия 4.0
қосымша құндылық физикалық объектілердің, процестердің, цифрлық
технологиялардың бірігуінің есебінен қамтамасыз етілетін өндірісті
ұйымдастыру тұжырымдамасы болып табылады, бұл ретте нақты уақыт
режимінде физикалық процестердің мониторингі жүзеге асырылады,
орталықсыздандырылған шешімдер қабылданады, сондай-ақ
машиналардың өзара және адамдармен іс-қимылы жүреді. Барлық
физикалық объектілердің толассыз цифрландырылуы және олардың
бірігуі жаппай өндірістен жаппай даралануға көшуге негіз жасайды,
өндірістің икемділігі артады, жаңа өнімді игеру уақыты қысқарады, өз
кезегінде олар жаңа бизнес-модельдерді іске асыруға және клиенттермен
дараланған жұмыс тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Осының
барлығы өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігі мен бәсекеге
қабілеттілігін айтарлықтай дәрежеде арттырады.
ӨНДІРУ, ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР
ЭНЕРГЕТИКАСЫ
Жер қойнауын пайдалану қазіргі таңда Қазақстан экономикасының нақты секторының негізін құрайды. Алайда, осы
күнге дейін өңдеу өнеркәсіп секторы жоғары деңгейде 11 жеткілікті дамымаған. Электр энергетикасы халық пен
өңдірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, бірақ технологиялық және ресурс үнемдеу деңгейіне көшуді талап
етуде. Қазақстан минералдық ресурстарының қоры бойынша әлемдегі көшбасшылар қатарында кіреді. Еліміздегі
шикізат қоры барланған мырыш, вольфрам, барит қорлары бойынша әлемде бірінші орында, уран, күміс, қорғасын
және хромит бойынша – екінші, алтын бойынша – алтыншы, мұнай бойынша – он екінші, табиғи газ қоры бойынша
он төртінші орында тұр. 2015 жылы минералдық ресурстарға жалпы әлемдік бағаның төмендеуіне байланысты, тау-
кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,5%-ға төмендеді, мұнай өндіру 1,7%-ға, көмір және лигнит өндіру 7,2%-
ға, сондай-ақ темір кенін өндіру 22%-ға қысқарды. 2016 жылы тау-кен саласында өндіріс көлемінің құлдырауы
2,7%-ды құрады. Дегенмен, ұзақ мерзімді перспективада мұнай және тау-кен секторлары қазақстандық
экономикасының жұмыс істеуі үшін маңызды мәнін сақтайды. Бұл ретте жер қойнауын пайдалануда еңбек
өнімділігі өндірістің технологиялық жабдықталуы сияқты төмен деңгейде қалып отыр. Тау-кен өндіру және өңдеу
өнеркәсіптерінде Индустрия 4.0 тұжырымдамасына сәйкес жаңа технологиялық деңгейге көшу маңызды тренд
болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі әлемдік көшбасшылармен салыстырғанда
технологиялық жабдықталуы жағынан жеткіліксіз күйде, тұтастай алғанда, ол төмен еңбек өнімділігі мен бәсекеге
қабілеттілікке әкеледі. Еліміздегі кен орындарының бір бөлігі (21%) заманауи жабдықтар мен деректерді берудің
дамыған желілерімен жабдықталғанына қарамастан, кен орындарының айтарлықтай бөлігі жаңғыртуды қажет етеді.
Осылайша, кен орындарының 56% желілердің болмауымен немесе олардың жеткілікті түрде дамымауымен
сипатталады, кен орындарының 23% жабдықтарын толық ауыстыруды талап етеді.
Өндіру өнеркәсібінің цифрлық құрамдас бөлігін дамытудың елеулі тежегіш
факторларының арасында қаржы ресурстарының шектелуі, салада да, АТ да гибридті
мамандануы бар білікті кадрлардың жетіспеушілігі, цифрландыруды енгізуден
экономикалық пайданың жеткіліксіз түсінуі, сондай-ақ инфрақұрылымның шектелуі
болып табылады. Өңдеу өнеркәсібі – дамуы Қазақстанның орнықты дамуының
маңызды шарттарының бірі болып табылатын экономика саласы. Өңдеу салалары
жоғары технологиялық қызметтерге сұранысты қалыптастырады, инженерлік
құзыреттерді және сапалы жұмыс орындарын жасайды. Бұл ретте технологиялық
даму бөлігінде өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының 80%-дан астамы
автоматтандырылудың және цифрлық технологиялардың енуінің төмен дәрежесімен
сипатталады. Осылайша, мысалы, қазіргі уақытта мұнай өңдеуде МӨЗ жөндеу
жұмыстарына жыл сайынғы жоспарлы тоқтатулар пайдаланылады, бұл жөндеу
процестерінің оңтайландырылмауын және құрылғыға қызмет көрсетпеуін дәлелдейді,
тиісінше толығымен шығындардың ұлғаюын әкеп соқтырады. Желінің барлық
элементтері мен қатысушылары арасындағы тиімді ақпарат алмасуды, ірі
іркілістерден, табиғи катаклизмнен, сыртқы қатерлерден қорғауды және өзін-өзі
қалпына келтіруді қамтамасыз ету мақсатында түрлі Smart технологияларды енгізу
энергетикадағы негізгі әлемдік тренд болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау
саласы жедел, шынайы және толық ақпаратты қажет етеді. Осыған орай
автоматтандыру мәселелерінің маңызды стратегиялық мәні бар, өйткені бұдан әрі
қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет нәтижелері тек материалдық базаның
жай-күйінен, персоналдың біліктілігінен ғана емес, сондай-ақ барлық экологиялық
ақпаратты ұсынудың дұрыстығы мен жеделдігінен де құралатын болады.
ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Бұл бағытты табысты іске асыру 2025 жылға қарай мынадай жетістіктердің
болуын білдіреді:
1. Басым салалардың әрқайсысында еңбек өнімділігінің деңгейін әлемнің
алдыңғы 30 елінің деңгейіне дейін көтеру.
2. Басым салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндіріс.
3. ҚР ірі компанияларын капиталдандырудың принципиалды түрде жаңа деңгейге
шығуы.
4. Жергілікті дамыған электрондық сауда.
5. Көлеңкелі экономиканың үлесін әлемнің алдыңғы 30 елімен теңдес деңгейге
дейін төмендету.
Цифрлық технологияларды жаппай енгізу, өнімділіктің өсуін қамтамасыз ету, олардың бәсекеге қабілеттілігін, соның
ішінде халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін
береді. Осылайша, цифрландыру нәтижесінде шикізат саласында да, агоөнеркәсіптік кешенде де сыртқы нарықтарға
отандық экспорттың өсуі қамтамасыз етілетін болады, бұл өз кезегінде ірі өндірістік ком- 30 панияларды
капиталдандырудың өсуіне әкеледі. Сонымен қатар, өнімділіктің өсуі үшін Бағдарлама өнеркәсіптің базалық салаларын
технологиялық қайта жарақтандыру жөнінде шаралар кешенін іске асыруды көздейді, онда Индустрия 4.0 элементтері
қолданылатын болады. "Тау-кен металлургиялық кешенінің ірі компанияларының цифрландыру жобаларын іске асыру"
шеңберінде Интернет арқылы байланысқан объектілер желісі, оның ішінде енгізілген жүйелерден түсетін деректерді
жинауға және алмастыруға қабілетті бергіштер (датчиктер) іске қосылады. Бағдарламада Индустрия 4.0 жобаларын іске
асыру аясындағы жабдықтарға қойылатын арнайы талаптар Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік
бағдарламасының талаптармен үйлестірілетін болады. "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингісінің бірыңғай
мемлекеттік жүйесін" құру саяси және құқықтық аспектіде: тұрақты дамудың ұлттық стратегиясында іске асыруға және
экологиялық апатты алдын алуға ықпал етуге; қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау саласында жариялық пен
қоғамды демократияландыруды іске асыруға ықпал етуге; елдің қалың топтарына экологиялық ақпараттық ресурстарға
қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды жасауға; экология проблемалары бойынша халықтың қоғамдық пікірінің
мониторингін іске асыруға мүмкіндік береді. Экономикалық аспектіде – табиғи ресурстарды пайдаланудың, қоғамдық
өндірістің тиімділігін арттыруға; халықтың өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға мүмкіндік
береді. Әлеуметтік аспектіде – денсаулықты жақсартуға және халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға; халықтың
экологиялық мәдениеті мен экологиялық білімін арттыруға жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді
перспективада шаралардың табысты енгізілуі электрондық сауданың, АКТ және қаржы секторының, сондай-ақ "жаңа
экономика" салаларының рөлін арттыра отырып, экономиканың құрылымының біртіндеп өзгеруіне алып келеді.
ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТКЕ КӨШУ
Цифрлық трансформациялану деректер негізіндегі проактивті деп аталатын
қызметті қоса алғанда, жаңа бизнес-моделдердің туындауына әкеп соғады.
Провайдер өз клиенттері туралы неғұрлым көп білсе, олар соғұрлым клиенттер
қажеттіліктеріне барынша сәйкес келетін және клиенттердің өздері де білмейтін
қажеттіліктерден асып түсетін қызметтерді ұсына отыра, одан әрі дербестелген
ұсыныстарды жасауы мүмкін. Бұл транзакциялар талдауын ескере отырып,
белгілі бір қызметте қажеттілікті болжамдап, азаматтар мен кәсіпкерлерге
қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді.
Қызметтерді көрсету тәсілдерін және мемлекеттің азаматтар және бизнеспен
өзара іс-қимыл етуін трансформациялау үшін негізгі бағыт ашық архитектура
қағидаттарына (OpenAPI) өту болады, оның жанында коммерциялық секторы
бар кооперацияның сапалы жаңа деңгейі құрылатын болады. Бұл цифрлық
инфрақұрылымға шоғырланып, мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі
"соңғы милді" үкіметтік емес және бизнес-қауымда- 38 стығына беріп,
ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекеттік емес
ақпараттық ресурстар азаматтар мен кәсіпкерлер бастамашылық ететін және
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ала алатын жекелеген өзіндік экожүйелерге
мемлекеттік қызметтерді біріктіріп, фронт-енд болып табылатын болады.
Азамат емес, мемлекет, азаматтардың қажеттіліктерін түсініп, мекемелерге олардың
баруы қажеттілігінсіз мемлекеттік қызметтер көрсету үшін олармен байланысатын,
басқарудың моделі іске асырылатын болады. Бұл ретте, кез келген уақытта, кез келген
орында және кез келген құрылғыда (байланыс орталығы, веб-портал, зиаткерлік
мессенджерлер, мобильді қосымшалар, SMS-хабарламалар) ақпарат пен қызметтердің
қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай "фронт-офисті" құру жолымен,
омниканальді қызмет көрсету моделін іске асыру үшін бүгінде шашыраңқы ақпараттық
жүйелер мен арналарды біріктіру жоспарлануда. Аталған модельге көшу азаматтарға бір
арнадан (портал, мобильді қосымша или байланыс орталығы) қызметті бастауға және
оны басқа арнада (мысалы, қол қою халыққа қызмет көрсету орталықтарында болады)
аяқтауға мүмкіндік береді. Барлық процестерді (G2C, G2B, G2G) жетілдіру үшін бірінші
кезектегі негізгі қағидат "paper-free" форматы – қағаз құжат айналымын жою, "бір
өтініш" қағидатына ауысу бойынша өзара іс-қимылды іске асыру болады. Тиісінше,
ақпарат қағаз жеткізгіштерде ұсынылатын процестерді болдырмау үшін процестерді
талдау, өмірлік жағдайларды сипаттау және ақпараттық жүйелерді біріктіру бойынша
жүйелі түрде жұмыс жүргізілетін болады. Егер, Gartner әдіснамасына сәйкес
"электрондық үкімет" дамуының бастапқы кезеңдерінде тиімділіктің негізгі көрсеткіші
көрсетілген электрондық қызметтер саны болса, онда тиімділіктің жаңа көрсеткіштері
көрсетілген қызметтер санының төмендеуі және онлайн түрде "жапсарсыз" көрсетілетін
өмірлік жағдайлар санының өсімі болады. Осылайша, аталған шараларды таяу арада іске
асыру 20 млн. астам анықтамаларды толығымен алып тастауға мүмкіндік береді.
Қазіргі қоғамда кеңістікті деректер туралы цифрлық ақпарат мемлекеттік басқарудың
стратегиялық ресурсына айналды және оның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына
арналған кілт болды. Елімізде әртүрлі кәсіпорындардың өндірістік қызметі нәтижесінде
алынған деректердің ауқымды көлемі жинақталды. Алайда үлкен көлем мен жинақталған
жиынтықтың құрылымдалмауы ақпараттық тосқауылды туындатады, ал кейде ақпаратпен
алмасу және осы ақпарат негізіндегі басқару процестеріне кедергі жасайды. Жергілікті жер
туралы ақпаратқа қойылатын нарықтың жаңа талаптары, ақпараттық технологиялардың
дамуы жаңа шешімдер іздеуге байлнысты. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолы электрондық
түрдегі кеңістікті деректерге тұтынушылардың қол жетімділігін және олардың тиімді
пайдаланылуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болмақ. Кеңістіктік деректерді
бірдейлендіру, дамыту және қолдау мақсатында мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету
жүйесі өзекті күйде жаңартылып, бірыңғай координаттар жүйесі құрылады, бірыңғай
нысандар мен деректер құрылымдары бойынша ашық пайдалану карталары орнатылады.
Оқшауланған кадастрларды бір ақпараттық кеңістікке интеграциялау бойынша жұмыс
жүргізілетін болады, осылайша, жаңадан пайда болған әрбір объект, үй болсын немесе жол
болсын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер рәсімдерін өту кезінде олар картада оны
жаңартып, көрсететін болады. Енгізу нәтижесінде жер қатынастары, архитектура, құрылыс,
экология, геология, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыл шаруашылығы
саласында халыққа көрсетілетін қызметтер қолжетімділігі мен сапасы артады, 39 сондай-ақ
карталарды жаңартуға кететін шығындар азаяды. Өзіне қызмет көрсету мүмкіндігін
кеңейтумен, мемлекеттік қызмет көрсетуді жоспарлау және кейіннен тек қана электрондық
нысанда көрсетуді қарастыратын "Digital by default" қағидатын іске асыру негізгі іс-шара
болып табылатын болады.
Назарыңызға рақмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz