Будда дінінің пайда болуы


Slide 1

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасы

Тақырыбы:

«Будда діні»

Орындаған:

Налібаева Айнур,

Қабылдаған:

Темиргалиев. К. А

Қарағанды 2022

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Будда дінінің пайда болуы

Будда діні философиясының негіздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Будда (санскрит बुद्ध) - будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі - Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгі Непал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 - 544 жылдары; санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған.

Slide 4

Будда дінінің пайда болуы

Тұңғыш әлемдік дін - будда діні б. з. д. алғашқы мыңжылдықтын ортасында Үндістанда пайда болған. Будда дінінің негізін салушы Силдхартха Гаутама 567 жылы Оңтүстік Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді. Сәбиді ғибадатханаға алып келгенде, құдайлардың мүсіндеріне жан бітіп, олар сәбиге тағзым ету үшін тақтарыан түседі. Содан кейін олар орындарына барып, қайтадан мүсіндерге айналады. Баласын босанғаннан кейінгі жетінші күні анасы Майя қайтыс болады. Сидхартха Гаутаманың дәл оның озінен жаралған ұл екенін басқа ешкім білмейтін. Шудходдана патша өз ұлы санағандықтан, Сидхартханы өте жақсы көретін. Біраз уақыттан кейін патша алғашқы әйелі Маяның туған сіңілісі Махапраджапатиге үйленеді. Сөйтіп, тәтесі Сидхартханың өгей шешесі болады.

Slide 5

Ұлының тағдырын білмек болып, Шудходдана сарайға бір данышпанды шақыртады.

Сәбиге мұқият қарап алып, данышпан:

Ол ұлы билеуші болады, әйтпесе үйсіз-күйсіз тентіреген кезбе болады, - деп сәуегейлік айтады.

Содан әкесі ұлы ешқашанда кезбе болмауы, қуаныш пен шаттыққа толы, бақытты өмір сүріп, қайғы-қасірет дегенді білмеуі үшін, қолынан келгеннің бәрін істейді. Оның бұйрығымен барлық қызметшілер мен қол астындағылар патша сарайында тек мерекелік киімдер киіп жүруге, ханзадамен кездескенде күлімсіреп тағзым етуге, ән салып, би билеуге тиіс болды. Барлық ауру-сырқаулар мен қарт адамдар сарайдан аулақ қуылды, өйткені бұл жерде ешкім өлмеуі және ешкім жерленбеуі керек

Ол он алты жасқа толғанда, әкесі мен өгей шешесі оны Яшодхара деген керемет сұлу қызға үйлендірді, ол да арғы атасы бойынша Гаутама болатын, сөйтіп Сидхартха немере қарындасына үйленген болып шықты. Үйлену тойының құрметіне әкесі оған үш патша сарайын және 84 әйел қызмет көрсететін гарем сыйлайды.

Міне, болашақ Будда осындай салтанатты жағдайда, өмірдің тек мереке ғана емес екенін, онда қайғы-қасірет пен азап та, күйзеліс те болатынын білмей өмір сүрді.

Slide 6

Жиырма тоғыз жасына дейін Сидхартха патша сарайынан ұзамаған соң, нақты өмірді білмеді. Алайда жиырма тоғыз жасында ол әкесінен жасырынып сарайдан шығып, қорғандай берік қабырғалардың ар жағында қандай өмір барын көруге бел буды. Бұлсапараында оған сенімді серігі әрі қызметшісі Чанна көмекші болды.

Дәл сол күні оның бұрынғы түсініктері мен көзқарастарын ғана емес, тұтас өмірін күрт өзгертуге себеп болған төрт кездесу орын алды. Ол алдымен дәрменсіз қартты көріп, қызметшісінен бұл адамның дәрменсіздігінің себебін сұрап, өмірде қартаю дегеннің бар екенің біледі.

Серуенде жүріп алапес аурумен ұшырасып, кәріліктен де өзге қасіреттің бар екенін біледі. Өлікті жерлегенді көріп, өмірдің соңы өлім екенін біледі. Төртінші кездесу - дүние қызығының бәрін тәркі етіп, кезбелікпен күнелткен дәруіш оны бұрынғылардан да бетер қалың ойға қалдырды.

Slide 7

Шакьямуни қасиетті інжір ағашының астында терең медитация құшағында отырған. Кенет оған нұр шашылып, санасы сәулеленіп, аян түсті. Нұрланып сәулелену деген санскритше- «Бодхи». Сол уақыттан бастап, Шакьямунитүбінде отырға ағаш «бодхи ағашы», яғни «нұрлану ағаша» деп аталады.

Slide 8

Бодхи ағашы

Үндістанның солтүстік-шығысында, Бахар штатының Урувули деген жерінде (қазір Бодх-Гая деп аталады

Slide 9

Будда дінінің философиясы

Будда дінінің дүниетанымдық негізін, әсіресе оның дамуының ерте кезеңдеріндегі негізін «төрт жоғарғы ақиқат» құрайды. Соларды ашуы арқылы Бұдданың Нұрлануы жүзеге асты. Бұл қайғы-қасірет, азап туралы, азаптың себептері туралы, азаптан құтылу, азаптан құтылудың жолдары туралы ілім еді.

Бұдда іліміне сәйкес, «дүниеге келу де - азапь, кәрілік те - азап, ауру да - азап; сүймеген адамыңа қосылу да - азап, сүйгеніңнен ажырап қалу да - азап; аңсағаныңа қол жеткізе алмау да - азап. . . » Азаптың себебі - өмірге құштарлық, осы өмірде тірі болып тіршілік етуге деген құштарлық.

Slide 10

БУДДАНЫҢ АШҚАН ӨМІР АҚИҚАТЫ НЕМЕСЕ ІЛІМІНІҢ НЕГІЗІ - «АЗАП ШЕГУШІЛІК», ОЛ ТӨРТ ИГІЛІКТІ АҚИҚАТТАН ТҰРАДЫ:

Бірінші ақиқат: өмір қуанышсыз және азапқа толы

Екінші ақиқат: азап адамдардың сараңдығы мен дүниеқоңыздығынан туындайды

Үшінші ақиқат: азаптан құтылу үшін, тілектен арылу қажет

Төртінші ақиқат: тілек-ниеттерден арылып, Бұдда ілімінің жолымен жүру келіп шығады.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Будда дінінің пайда болу тарихы
БУДДА ДІНІ
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін
Католиктік шіркеу
ШЫҒЫС ӘЛЕМДІК ДІНДЕР
Әлемдік діндер
Дін-тәрбие бастауы
Дін – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі және оның халықтың ұлттық сана - сезімін қалыптастырудағы рөлі
Діни архитектура
Діннің бастаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz