Элементтер Құрамы, Тәуліктік қажеттілігі
Презентация қосу
Макроэлементтердің адам организміндегі
маңызы. Жеткіліксіздігі мен артық
кезіндегі өзгерістер.
Кіріспе
Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған
ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы
ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға
химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі.
Ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен химиялық
элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті
орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға
жуық элементтің биологиялық рөлі анықталды.
Гипотеза
Макро және микроэлеменнтердің тағаммен толық, керекті мөлшерінің
ағзаға түсуі өмір сүру тепе-теңдігін сақтайды.
Соңғы жылдарда әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-
теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық
элементтердің адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін
маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда.
Химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық
болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні
анықталған.
МАКРОЭЛЕМЕНТТЕР – адам ағзасында көп мөлшерде
кездесетін минералды элементтер. Минералды заттар,
тамақтанудың алмастырылмайтын құрам бөліктеріне жатады.
Минералдық элементтер ферменттік жүйенің құрылымына,
организмде жүріп жатқан пластикалық процестерге қатысады.
Әсіресе организмнің қышқыл-сілтілік тұрақтылығын ұстап
тұруда, қан құрамына, тұз-су алмасуын реттеуге, сүйек тіні
қалыптасуында маңызы зор.
Макроэлементтердің тәуліктік
қажеттілігі
Элементтер Құрамы, % Тәуліктік қажеттілігі
Кальций 800-1200 мг
Фосфор 1200-1500 мг
1,1
Калий 3-5 г
0,35
Күкірт 1г
0,25
Натрий 2-6 г
0,15
Хлор 1000-3000 мг
0,15
Магний 300-500 мг
0,1
Минералды компоненттердің тәуліктік нормасы:
Қабылдау
Ересектер мен Жүкті және
Элементтер Өлшеу бірлігі Нәрестелер Балалар
балалар бала емізетін
(1 жасқа дейін) (1-4 жас)
( 4 жастан) әйелдер
Кальций г 0,6 0,8 1 1,3
Фосфор г 0,5 0,8 1 1,3
Темір мг 15 10 18 21
Цинк мг 5 8 15 18
Мыс мг 0,6 1 ≤2 ≥2
Магний мг 70 200 400 450
Йод мкг 45 70 150 150
Макроэлементтер
осморегуляцияға;
қаңның ұюына;
нуклеин қышқылының синтезіне;
гликолиз бен гликогенолизге;
сүйек және тіс ұлпаларының түзілуіне қатысады;
фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар
құрамында болады;
қан сұйықтығында концентрленеді.
КАЛЬЦИЙ. Адам ағзасында 1000-1200
грамм кальций болады, соның 99 пайызы
сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі
жасушада, қан құрамында маңызды рөл
атқарады.
Елімізде жарты миллионға жуық адам
остеопороз ауруының зардабын тартуда.
Ал бұл тікелей осы кальций элементінің
жетіспеуі салдарынан
туындайды.
Кальций – қанның құрамдық бөлігі;
Жасуша протоплазмасы, ядросында
кездеседі;
Қан ұюға қатысады;
Жүрек бұлшық еттің жиырылуына
әсер етеді.
Кальцийдің сіңуіне әсер ететін
факторлар:
Белок пен лактоза қатысуында
сіңімділігі артады, сондықтан сүт пен
ашыған сүт өнімдерінің кальциі
жақсы сіңеді;
Тағам құрамында фосфор, калий,
магний, май көп болса кальций
сіңімділігі төмендейді.
• КАЛЬЦИЙДІҢ ҚАНДАҒЫ ДЕҢГЕЙІНІҢ ТӨМЕН ТҮСУІНІҢ
СЕБЕПТЕРІ
• Қалқанша бездің зақымдалуы мен алып тастау
• Радиоактивті йод препараттарымен емдеу
• Псевдогипопаратиреоз
КӨРІНІСТЕРІ МЕН АСҚЫНУЛАРЫ
• КАЛЬЦИЙ ЖЕТІСПЕСЕ: бұлшықеттердің тырыспасы ТЕТАНИЯ,
ірі қан тамырлардың, көмейдің спазмы, ЛАРИНГОСПАЗМ
• КАЛЬЦИЙ ЖОҒАРЫЛАСА: гиперкальциемиялық криз: іштегі
ауру, шөлдеу, толастамайтын құсу, зәрдің бөлінуінің жоғарылауы,
кейін олигоурия, қан айналымның тежелуі, кейін тоқтауы
Фосфор - ағзада көптеген алмасу
үрдістеріне қатысатын әр түрлі
қосылыстардың (АТФ, АДФ, АМФ т.б.),
биологиялық тотығу үрдісінде пайда
болатын, энергияның аккумуляторы.
Фосфор сүйек, ет, жүйке тіндерінің
құрамында көп, ол кальциймен бірге сүйек
тінінің негізін құрайды. Фосфор жүйке және
ет тіндерінде жүретін алмасу үрдістерінде
айрықша роль атқарады.
Құрамында фосфоры ең көп тағамдық
азықтар: сыр, сүзбе, жұмыртқа, уылдырық,
қарақұмық және сұлы жармалары, бұршақ
тұқымдастар, балық. Фосфордың сіңімділігі,
тағамның құрамындағы кальций мен
ақуызға байланысты. Астық
тұқымдастардың құрамындағы фосфордың
сіңімділігі нашар, себебі, ол олардың
құрамында нашар сіңетін фитин қышқылы
түрінде болады.
Магний - жүйке қозуының берілуіне және жүйке жүйесінің
қозғыштығын реттеуге қатысады, кальцийдің антогонисі, ағзаға
көп түскен кезде кальцийді қосылыстарынан ығыстырып
шығарады, ал магнийдің тағамда жеткіліксіздігі, кальцийдің
артерия қабырғасына, жүрекке, еттерге көбірек жиналуына ықпал
етеді.
Магнийдің тәуліктік қажеттілігі 400 мг, бұл жағдайдағы кальций
мен магнийдің ең қолайлы арақатынастары 1:0,5. Магнийдің
негізгі көзі -нан, бұршақ, үрме бұршақ, әр түрлі жармалар.
МАГНИЙДІҢ ТӨМЕНДЕУі
•СОЗЫЛМАЛЫ АЛКОГОЛИЗМ
•БАУЫРДЫҢ ЗАҚЫМЫ
•АШ ІШЕКТІҢ РЕЗЕКЦИЯСЫ
•ДИАРЕЯ
•ГИПОПАРАТИРЕОЗ
•ИНСУЛИНДІ ЕНГІЗУ
Натрий және хлор. Қанда және тін сұйықтарында осмостық
қысымды сақтауға, қышқылдық-сілтілік тепе теңдікті қамтамасыз етуге,
жүйке-ет қозуына, жасуша ішілік және тін аралық алмасу үрдістеріне
қатысады. Натрий хлориді, сондай-ақ, тағамның дәмін жақсартады және
тамаққа тәбетті қоздырады.
Тағамда натрий хлориді жетіспеуі кезінде немесе термен, құсу, іш өту, күйік
кездерінде, натрий хлориді көп жоғалған жағдайда, тіндердің сусыздануы
жүреді, белоктардың ыдырауы күшейеді, асқазан сөлінің қышқылдығы
төмендейді. Натрий мен хлор тұздарының көп болуы, ағзада судың
ұсталуына ықпал етеді, сөйтіп, жүрек пен бүйрекке ауырлық түсуіне әкеп
соғады.
Натрий хлоридінің тәуліктік қажеттілігі - 10-15 г, бұл қажеттілігі
тағамдық азықтардың (3-5), нанның (3-5 г) құрамындағы тұздардың
және тамақ дайындау үшін қолданатын, сондай-ақ, тамақ ішу кезінде
дәміне байланысты қосылатын ас тұзының есебінен қамтамасыз
етіледі.
Бүйрек ауруы, гипертония ауруы, ісіктер, қабыну үрдістері, семіру,
стеройд гормондарымен емдеу кездерінде тұз қабылдауды шектеген
жөн. Ыстық климат жағдайында, ыстық цехтарда жұмыс істегенде,
термен натрий хлоридінің жоғалуының көбеюіне әкеп соғатын
интенсивті дене жұмысы кезінде, ағзаға тұз енгізуді көбейту
ұсынылады.
НАТРИЙДІҢ ДЕҢГЕЙІНІҢ ТӨМЕНДЕУІНІҢ
СЕБЕПТЕРІ
•Ұзақ уақыт зәрдің шығуының азаюымен болған аурулар;
•Операциядан кейінгі жағдайда;
•Өздігінен немесе бақыланбаған зәрайдағыш препараттарды
қабылдау.
Калий– организм тіршілігі үшін организмнен сұйықтықты
шығаруды күшейтеді;
Жасуша ішілік алмасу буфер жүйесінің түзілуіне қатысады;
Бұлшық етке нервтік қозу өткізуіне қатысатын ацетилхолиннің
түзілуіне қатысады;
Құрамында натриі аз, калиі мол емдәм жүрек жетіспеушілік
ауруларында, организмде су жиналғанда беріледі.
КАЛИЙДІҢ ТӨМЕНДЕУ СЕБЕПТЕРІ
• Калийдің жасушаішілік орын алмасуы
• Алкалоз
• Альдостеронизм
• Кортикостероидты преператтарды қабылдау
• Алкогольді артық қолдану
• Бауыр патологиясы
• Аш ішектегі операция
• Инсулинді инъекция
• Қалқанша безінің гипофуНкциясы
•КАЛИЙДІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ: атония, бұлшықеттің
әлсіздігі, алкалоз, ішектің өткізгіштігінің жойылуы,
қарыншалардың фибрилляциясы, жҮрек ритмінің өзгерісі,
өмірсуларға төзімділіктің төмендеуі, энцефалопатия,
атриовентрикулярлы блакада,
•КАЛИЙДІҢ ЖОҒАРЫЛАУЫ: паралич, жүрек айну,
парестезия, құсу, қарыншалардың фибрилляциясы мен
жүрекшелердің тоқтауы, квадриплегия
Күкірт – метионин, цистеин, цистин амин
қышқылдарының және тиамин, биотин витаминдерінің
ұйқы безі бөлетін инсулиннің құрамына кіреді.
Күкірттің негізгі бөлігі ақуыздармен байланысқан.
Сонымен қатар, нерв, сүйек тіндерінде, шашта, өт пен
қанда едәуір мөлшері кездеседі.
ҚОРЫТЫНДЫ:
1. Адам организімінде химиялық элементтер
маңызды рөл атқарады;
2. Химиялық элеменнттер адам организмінде
синтезделмейді, тағам арқылы түседі;
3. Элементтердің жетіспеушілігі түрлі ауруларға
себеп болады;
4. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі;
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Скурихин И.М., Шатерников В.А. Как правильно питаться.
—М.: 1986.
2. Тагидиси Д.Г., Алиев С.Д. Микроэлементы и здоровье. Х
1979.
3.Искусственная пища: за и против. Х 1998.
4. Хьюз М. Неорганическая химия биологических процессов.
— М: Мир, 1983.
5. Т.Ш.Шарманов Тағам гигиенасы. 2006. Алматы.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz