Шығарманың соңында




Презентация қосу
Тақырып: Қорғансыздың күні
әңгімесі(повесть)

Ғылыми жоба
Дайындаған: Эргешова Саида
Тобы:1701-69
Қабылдаған: Құрбанов А. Г.
Мақсаттары:
Оқушылар мен студенттердің бойына мейірімділік
пен аяушылық сынды қасиеттерді сіңдіру
Қорғансызға пана бола алатын ,кең пейілді ,ақ жүрек
ұрпақ тәрбиелеу
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөздің мағынасын
түсінген, қызды болашақ ана деп құрмет тұтатын
болашақ жастар санын көбейту
• Міндеттері:
• Мектеп бағдарламасына енгізіп, сабақ жоспары
мен шығарманың идеясын біріктіру
• Оқушылар мен студенттерге Джигсо әдісі бойынша
мазмұның түсіндіру
• Оқушылар мен студенттерге фишбоун әдісін
қолдану
• Ғазизаның іс-әрекеттің оқушылар арасында
талқылауға беру
• Блум таксономиясымен қортындылау
• Өзектілігі:
• Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтың "Абай жолы"
мен "Көксерек" шығармалары ғана назарға
ілігіп ,тырнақ алды туындысы "Қорғансыздың
күні " тасада қалып жүр. Осыған орай жобаның
өзектілігі төмендегідей ;•М.Әуезовтың бүкіл
шығармасының қазақ қоғамына "Қорғансыздың
күні" әңгімесінің идеясының жастарға
маңыздылығы; •Оқырман яки халықтың
жүрегіндегі мейірім махаббаттын ояту тиімділігі;
• Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист,
зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің
қазақ әдебиетінен алатын орны ерекше.Қазақ қоғамының гүлденуіне қапысыз
еңбек еткен М.О.Әуезовтің шығармашылық қайнарына бастау болған алғашқы
мақалаларының бүгінгі өміршеңдік сипатын ашып, ұлт танымы тұрғысынан
саралау арқылы жазушының шығармашылық толысуындағы алар орнын
айқындамақпыз. Көп қырлы, терең сырлы Мұхтар Әуезовтің фольклорлық
мұраларды жинақтау, оларды саралау ісінде үлкен жауапкершілік
танытты.Онда әдеби құбылыстарды терең талдап, көркемдік ойдың дамуын
ғылым тілімен жеткізе білген. Жазушы шығармасына шындықты арқау ете
отырып, әлеуметтік көзқарасын, дүниетанымын, кейіпкердің ішкі толғанысын
да шебер көрсете алған. Автор әрбір шығармасында кейіпкердің ішкі жан –
дүниесіне үңілумен қатар оның қоршаған ортаға деген қатынасын суреттеген.
Жігіттің ұнамсыз, әккі әрекетін, сонымен қатар сезім сезігі төмен, жылт
еткенге жымия қарайтын, өмірін қайғы мен түңілуден ада ету үшін
адамгершілік қасиеттерді аттауға да баратын Ақан сияқтылардың іс-
әрекеті жазушы шығармасына негізгі арқау болған. Қорланған
кейіпкердің пана болар қара орманы, үміт тірегінен тірідей қорланып,
соңынан ауыр панасыздықтан жапа шеккен Ғазиза сынды кейіпкерлер
шығармаларында адалдықтың ақ туын паш еткен. М. Әуезовтің қай
шығармасын алмайық кейіпкерлер өздерінің ар – намысы үшін
күресіп, оның аяққа тапталмауы жолында күрескер ретінде суреттелген.
Шығармаларында ауыр қайғыны көтере алмастан ақыл-есінен
айырылып көз жұмған сорлы шешенің аянышты тағдырын баян етеді.
М.Әуезов шығармаларына қуатты күш, тегеурінді серпін беріп, шығарманы
ажарландырып, көріктендіріп тұрған терең психологизм бар. Ол табиғат пен адам
арасындағы тығыз байланыс. Табиғаттың тылсым күші арқылы кейіпкердің ішкі
толғаныстарына, жан – дүниесіне оқырманды үңілту. Табиғатты да адам сияқты
сөйлете білу бұл автордың шеберлігі. М.Әуезов шығармалары қазақ
әдебиетіндегі кешелі-бүгінгі шығармалардың қай – қайсысымен де қатар
қойғанда мазмұны мен көркемдігі, тарихилығы жағынан басымдық танытып,
халықтық сипатымен ерекшеленеді, көркемдігін әлемдік әдебиет аясында
қарастырғанда ғана шығармашылық құдіретінің сыры мен мәнін ашу мүмкін
болады. М.О.Әуезовтің әңгімелерінде ел тағдырын жан-жақты толғайды, қоғам
өміріндегі қайшылыққа, тартысқа толы сәттерді баяндай отыра, өмір
тәжірибесіндегі оқиғаларды да қалтарыс қалдырмайды.
Әуезов осы шығармасында терең психологизм, лиризм басым, адам
жанының сан алуан құбылыстарын, нәзіктігін суреттеп, ішкі әлеміне терең
уңіледі. Жазушы қаламынан туған әр шығармада халықтың тек өзіне ғана тән
қасиеті, өмірлік ерекшеліктері, адамгершілік-рухани құндылықтары бой
көрсетеді. Алып сөз зергері елінің тағдырына аянышпен қарап, жетістігіне
қуанып, кемшілігіне қайғыра білетінін шығармалары арқылы білеміз. Демек
біз зерттеу барысында М. Әуезовтың шығармаларындағы табиғат пен адам
арасындағы терең байланысты талдау арқылы соған көз жеткіземіз.
Автордың кез келген шығармасын алсақ табиғат пен адамды бөлінбес бөлшек
ретінде сипаттайды.
С.Мұқанов: «1921 жылы
жазған «Қорғансыздың
күні» атты алғашқы
әңгімесімен Мұхтар шын
мағынасындағы европалық
прозаның дәрежесіне
көтерілді» деп баға берген.
Қ.Сыздықов «Қорғансыздың күні» жөнінде: «Осы әңгімеде тек құрдымға кеткен
қайғы-мұң ғана емес, мұнда білінер-білінбес болса да булқынып жатқан қайсар
күш бар, қарауытып тұнжыраған мылқау ағыстың астында жатқан табан толқын
бар сияқты» дейді. «Қорғансыздың күні» арқылы ол заманының шынайы
көрінісін, ащы шындығын, тұтас бір қорғансыздар әлемінің мұң-зарын көрсетіп,
оқырманның ішкі сезімін оятарлық жан түршігерлік оқиғаны баяндады. Осы
ащы, зарлы шындықты жеткізуде Әуезов асқан шеберлік танытты: оқиғаға
қатынасушы адамдардың тамаша портреттерін жасап, онысымен әрекет
иелерінің мінез-құлқын да білдірді. Ал, «Қорғансыздыңкүніндегі» Ғазизаны
өлімге итермелеген тіптен бөлек жағдай. Оның қорғансыздығы, ар- намысын
бәрінен биік ұстауы, қазақ қызына тән биязылық, намысшылдық, ұяңдық басым
болуы.
Мазмұны:
Қорғансыздың күні» әңгімесінде қаһарлы қыстың тұманды, қараңғы бір түні
суреттеледі. Ақ боран ұйытқи соғып, ойнақ салып, адамзатты өзіне тәуелді еткеніне
рахаттанып күліп тұрғандай. Табиғаттың бұл ашу шақырған мінезі жабырқап отырған
отбасын бұрынғыдан бетер күйзелте түсті. Ғазизаны алда күтіп тұрған қатыгездік,
өзінің адалдығы үшін күресуі соған араша іздеуі бәрі сол қатыгез табиғатпен тікелей
байланысты. Табиғат Ғазизаның алдыңғы өмірі қараңғы, күңгірт болатынын
сезгендей ол да қатыгездік танытып, оны өлімге итермелегендей болады.
Шығарманың басында екі атты адамның аяңдай жүріп, иесіз далада тұрған панасыз
отбасына келуі, ондағы соқыр ана, кәрі кемпір, 13 жасар сұңғақ бойлы, аз ғана
секпілі бар, дөңгелек ақсұр жүзді, сыпайы, сүйкімді қыз Ғазизаның үйіне келіп
паналауы оқырманды өзіне еріксіз тартады. Шығарма басында табиғат аса бір
сабырлық танытып, алда болатын оқиғадан оқырманды бейхабар етеді. Қонақ
болып отырған Ақан өзінің бойындағы екі жүзділікті, арам ойдың иесі екенін
шығарманың шарықтау шегінде автор тамаша суреттеген. Ол жас қыз Ғазизаны бір
көрген сәттен бастап оған ынтызар ауып, бұл әлемді, ар – ұятты бірден ұмытты, ада
етті. Өзінің арам ойын іске асыру үшін оңтайлы сәтті күтті. Бұл отбасының
қамқорлығын, пана болғандығын есінен шығарып жас қыздың өмірін күл талқан етті.
Оның бұл өмірден алған несібесі осы болды. Ары қарай қайта тұрып өмір сүруге
Ғазизаның ар – намысы жібермеді. Ол сол түні табиғат көрсеткен қаталдық пен Ақан
көрсеткен қатыгездіктің құрбаны болды.
Жазушының шеберлігі табиғат пен
адамды егіз ұғым сияқты суреттеуі.
Адамның ішкі толғанысы, жан дүниесі
бір – бірімен егіз сияқты. Автордың қай
шығармасын алмайық табиғат пен
адамды ажырамас бөлшек ретінде
суреттеген. Шығарманың соңында
Ғазизаның өлі денесін тауып алған қатал
табиғат жамандықтың болғанын аязы
арқылы берді.
Ғазиза-13 жастағы жіңішке сұңғақ бойлы,аз ғана сепкілі бар,дөңгелек ақсұр
жүзді,сыпайы,сүйкімді қыз.Ақан-жасы 30 шамасындағы болыс.Орта
бойлы,дөңгелек денелі,қысқа мұртты,шоқша сақалды кісі.Қалтай-Ақанның
атшабары.Аса пысық,сөзге ұста,қалжыңқой ер жігіт.Мұқаш-Ғазизаның туған
інісі.Жақып-Ғазизаның әкесі.Мәрден-Тобықтының жуан аулының кісісі.
Қорғансыздың күні - М.Әуезовтің 1921 жылы «Қызыл Қазақстан»
журналының 3-4 сандарында «Арғын» деген бүркеншік атпен
жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы Орынборда
«Қорғансыздың күні» деген атпен жеке кітап болып шықты. Мұхтар
Әуезов осы әңгімені жазғанда өзінің ішкі жан дүниесіндегі қиналған
кезін баяндап берген
М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» ұлы шығармасынан біз ХIХ
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының
бірқатар саяси, әлеуметтік, этникалық проблемаларын көреміз:
-Мемлекеттік билік, басқару жүйесінің күйреуі;
-- Әлеуметтік теңсіздік, яғни күштілердің әлсіздерге ашық зорлық
жасауы;
- - Шаруашылық саланың құлдырауы;
-- Адам құқығының аяққа тапталуы, адамға құрметтің жоқтығы;
-- Әйел теңсіздігі;
- Тұрмыстық қиянаттың өршуі;
-- Адамгершілік қасиеттің, моральдік, діни құндылықтардың,
мұсылмандық белгінің құлдырауы;-
- Денсаулық сақтау, емдеу ісінің жоқтығы
-- Әділет органдарының, сот-құқықтық жүйенің жойылуы.
Қорытынды
Соңғы айларда еліміздің бірнеше өңірлерінде қылмыскерлердің қолынан
балалардың өлтірілуі, соның ішінде балиғатқа толмаған жас қыздардың
зорлыққа ұшырап, айуандықпен өмірі қиылуы бүкіл қоғамды шиыршық
атқызды. Адамзат өз дамуының орасан жетістіктеріне қол жеткізіп
отырған XXI ғасырда мұндай жабайылық бейнедегі қиянат қылмыстың
орын алуы сөзсіз ашындырады, сонымен бірге қоғамдағы әлеуметтік
жағдай мен адамгершілік, ізгілік қасиеттердің ахуалы жөнінде ауыр
ойларға жетелейді. Мұндай сорақылықтың түбі қайдан шығады дегенде
ой-желісі өздігінен өткен тарихқа жетелеп, қолдан билік, бастан ерік
кеткен отарлық кезеңдердің көмескі, көлеңкелі күндеріне, сол зілді
заманның зұлматын ұрпақ санасынан өшірмеуді мұрат тұтқан өшпес
еңбектерге тағы бір рет оралып, қайта саралап, тереңірек ұғынуды қажет
еткендей. Өйткені, біз өмір сүріп отырған кеңістікте, арғысын
айтпағанда, соңғы жүз жыл көлемінде қоғамдық құрылыстың атаулары
мен сыртқы белгілері бірнеше мәрте өзгергенімен, ішкі дүниеде, сана-
болмыста айна-қатесіз қайталанып келе жатқан жайттардың қалып қоюы
алаңдатуы тиіс.
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Музыкалық шығармаларды талдау тәсілдері *Су тасушы қыз*
Сайын Мұратбековтың “Жусан иісі” повесіндегі Аян бейнесі
Д. Исабеков Ата үміті. Әңгімедегі адамгершілік пен ізгілік мәселелері
Д.Исабеков «Ата үміті».Әңгімедегі адамгершілік,ізгілік мәселелері
Шығарманың тілі
СЮЖЕТТІК ЭЛЕМЕНТТЕР
Ұлы суретші Ә.Қастеев
Бесеудің хаты
Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті
Көркем мәтіндегі авторлық бейне
Пәндер