Химиялық стерилизация


Slide 1

Коммити: Аурудың биологиялық негіздері Модуль 4. Қабыну тақырып: №2 Микроорганизмдерге физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың әсері 2 курс ЖМФ

Дайындаған: Ильдербаева Г. О

Slide 2

Жоспар

Серилизация және дезинфекцияның негізгі әдістерін және қолданылуы

Медициналық ұйымда эпидемияға қарсы тәртіп принциптері

Асептика ұғымы туралы

Антисептика ұғымы туралы

Медицинада қолданылатын антисептика түрлері

Химиялық құрылымы бойынша антисептиктер тобы

Физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсер ету механизмы

Микроорганизмдерге температураның, рН ортаның әсері

Микроорганизмдерге атмосфералық және осмостық қысымның әсері

Микроорганизмдерге радиация мен ультрадыбыстың әсері

Стерилизацияның негізгі әдістерін және оларды қолдануы

Стерилизацияның түрлерін (физикалық, химиялық, механикалық) және қолданылуы

Физикалық стерилизация түрлері

Химиялық стерилизация түрлері

Механикалық стерилизация түрлері

Дезинфекцияның негізгі әдістері

Дезинфекцияның түрлері

Дезинфектанттардың түрлері және медицинада қолданылуы

Slide 3

Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторлары микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді:

бактерицидты -бактерияның өліміне әкеледі;

бактериостатикалық -микроорганизмдердің көбеюін тежейді;

мутагенды-микробтың геномын өзгертетін.

Slide 4

Физикалық факторлардың ішінде микроорганизмдерге температура, ылғалдылық, рН, сәулелену әсер етеді

Slide 5

Микроорганизмге кептірудің әсері

Кептіру. Микроорганизмдердің сусыздануы көптеген функциялардың бұзылуына әкеледі. Мысалы, гонококк, менингококк, холера, іш сүзегі, дизентерия кептіруге өте сезімтал.

Қақырық шырышымен қоршалған микроорганизмдер кептіруге төзімді. Қақырықта туберкулез таяқшасы 90 күнге дейінгі кептіруге төзімді. Капсула және шырыш түзетін бактериялар кептіруге төзімді. Бактерияның спорасы қоршаған орта факторларына төзімді болып келеді.

Slide 6

Микроорганизмдерге температураның әсері

Төмен температурада өсетін бактериялар: психрофилдер

(-10-20˚C)

Орташа температурада өсетін

(20-40˚С, орташа 37˚С) - мезофилдер

Жоғары температурада- термофилдер (+40-60˚) . Актиномицет, спора түзетін бактерия.

Slide 7

Микроорганизмге рН ортаның әсері

Ортаның рН әсері. Көптеген микроорганизмдерге оптималды рН 7, 0. Холера қоздырғышы сілтілі ортаны қаежт етеді, ацидофилды бактерия қышқыл ортаны қажет етеді. рН орта төмен (<3, 0) немесе жоғары (>9, 0) болғанда микроорганизмдер көбеюін тоқтатады және өледі.

Дезинфекциялық және антисептикалық заттарды қолданғанда, микроорганизмдерге қышқыл және сілтілі орталар теріс әсер етеді.

Slide 8

Атмосфералық және осмостық қысымның әсері

Атмосфералық қысым бактерияға маңызды әсер етпейді. Микроорганизмдер төменгі және жоғарғы осмостық қысымға өте сезімтал, яғни жасуша мембарансының бұзылысына және бактерияның өлуіне әкеледі.

Slide 9

Радиацияның, ультрадыбыстың микробтарға әсері

Сәулелену микроорганизмдерге зақымдаушы әсер етеді. Иондаушы сәуле (ɣ-сәуле және электрондар энергиясы) нуклеин қышқылы, ақуыздар, липидтерді зақымдайды, яғни бактерия жасушасының өліміне әкеледі.

Микроорганизмнің вегетативты формасы сезімтал болып келеді. Иондаушы сәуле лабораторлы ыдыстарды, құралдарды стерилизациялау үшін қолданады.

Slide 10

Ультрадыбыс.

Ультрадыбыстың белгілі жилігі органелла, микробты жасушаның деполимеризациясын тудырады. Жергілікті қыздыру және қысым жоғарлау нәтижесінде микроорганизмнің құрылымдарының денатурациясын тудырады. Микроб жасушасының дезинтеграция жолымен антигендерді алу үшін осы феномен қолданылады.

Slide 11

Биологиялық факторлардың әсері

Микроорганизмдер бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынаста өмір сүреді. Әртүрлі 2 организмнің бірге өмір сүруі симбиоз деп аталады (грек. simbiosis - бірлесіп өмір сүру) .

Пайдалы қарым-қатынастың бірнеше түрлері бар:

метабиоз

мутуализм

комменсализм

сателлизм

Slide 12

Стерилизация

Стерилизация (лат. sterilis - бесплодный) -объектілерден микробтарды толығымен жою.

Жылулық, химиялық, сәулелі стерилизация түрлері бар және сүзгішпен (фильтр) стерилизациялау.

Slide 13

Стерилизация түрлері

Физикалық: жылулық стерилизация, құрғақ ыстық ауамен стерилизациялау, бумен стерилизациялау, сәулелі стерилизация, ультракүлгін сәулелену

Химиялық: газбен және ерітіндімен

Механикалық: фильтрмен стерилизациялау (суық түрі)

Дробная стерилизация: тиндализация

Пастеризация: төменгі температуралы және жоғары температуралы пастеризация, ультра жоғары температуралы пастеризация

Қыздыру: спирттік шам t 400˚С

Slide 14

Физикалық стерилизация

Сухожаровой шкаф

Автоклав

автоклав

Инфра қызыл әдіс

Slide 15

Иондаушы (радиация) сәулемен стерилизация

Бір рет қолданылатын заттар: полимерлы шприц, қан құю системасы, Петри табақшасы, пипетка және нәзік, термолабилды заттарды радиациялық әдіс немесе гамма сәулемен сәулелі стерилизация, арнайы аппаратта жүргізіледі. Гамма сәулесі арқылы, ультра күлгін сәуле, ультра дыбыс арқылы антимикробты шара жүргізіледі. Со60 және Cs137 изотоптары қолданылады, өтімді радиацияның дозасы 20-25 мкГр болу керек, яғни қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Тығыз жабылатын аппаратта құралдар және басқа материалдарды стерилизациялау жүргізіледі, орамасы егер бүтін болса 5 жылға дейін сақталады.

Бір рет қолданылатын: шприц, тігіс материалын, катетерды, зондты, қан құю системасын, перчатканы стерилизациялауда қолданылады.

Slide 16

Химиялық стерилизация

Плазмалық әдіс сутегі асқын тотығының сулы ерітіндісі және төменгі температуралы плазма (иондалған газ) негізінде биоцидты орта түзеді. Бұл стерилизациялаудың заманауи әдісі. Электроприборды, кабель, қуысты құралдарды стерилизациялауға болады.

Slide 17

Химиялық стерилизация (антисептиктер ерітіндісі)

Химиялық антисептиктер ерітіндісімен стерилизациялау, сәулелі және газды стерилизация сияқты суық стерилизациялау түріне жатады, хирургиялық құралдарды стерилизациялау үшін қолданылады. Стерилизациялау үшін үштік ерітінді, 96° этиль спирты, 6% сутегі асқын тотығы қолданылады. Суық стерилизациялау кезінде құралдарды толығымен ашық түрінде көрсетілген ерітіндіге батырады. Спиртке және үштік ерітіндіге батырғанда 2-3 сағат қойып қою керек, сутегі асқын тотығы ерітіндісіне батырғанда - 6 сағатқа.

Антисептик ретінде қолданылады: фенол, трикрезол, хинозол, нипагин, нипазол, хлорэтон, меркурофен, цефирол, хлоркрезол, хлорбутол, фенилмеркурнитрат, төрттік аммоний қосылысы (бензалконий, цетримид) .

Slide 18

Стерилизациялаудың механикалық әдісі. Бактериалды фильтрация

Фильтрдің механизмы микробтар адсорбциясы теріс зарядталған сүзетін материал саңылауларында сүзу процессы жүреді. Микросаңылаулы сүзетін материал ретінде қолданылады:

каолин, фарфор, қағаз-асбестты масса, инфузорлы топырақ, коллодий және басқада саңылаулы материалдар, және шыны.

Slide 19

Стерилизацияның механикалық әдісі. Бактериалды сүзгі

Стерилды микро саңылаулары бар сүзгілер арқылы сұйықтықты микробтардан тазарту. Сүзгінің механизмы: микробтар адсорциясы. Сүзетін материал микро саңылаулар ретінде каолин, фарфор, қағаз-асбест массасы, инфузорлы топырақ, коллодий, шыны қолданылады.

Slide 20

Бактериологиялық ілмекті және инені стерилизациялау үшін спирт шамын қолданады. Қыздыру процессы.

Slide 21

Асе́птика - жараға микроорганизм түсуін алдын-алу үшін қолданылатын шара.

Антисептика (лат. anti - қарсы, septicus - шіру) -жарада, патологиялық ошақта, мүшелерде және тіңдерде, адам ағзасында микроорганизмдерді жоюға бағытталған шара, механикалық және физикалық әдістер қолданады, белсенді химиялық заттар және биологиялық факторлар қолданады.


Ұқсас жұмыстар
Стоматологиялық құрылғы мен құралдарды күту
Адам денесінің микрофлорасы
Биопрепараттар технологиясында стерильды ыдысты дайындау әдістері мен тәсілдері
Медициналық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру
Дезинфекция түрлері, әдістері
Дезинфекцияның әдістері
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ТӘСІЛДЕРІ
Медициналық құралдарды залалсыздандыру тәртібі
Толықтырғышсыз қоюлатылған сүт көнсервілері
Химиялық заттарды енгізу арқылы стерилизациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz