Жерді қорғау - оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау
Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
УНИВЕРСИТЕТІ
Жерді қорғаудың мақсаттары, міндеттері,
Тақырыбы:
тәртібі және мазмұны
Орындаған:Рысбек А.
Қабылдаған:Ахметкеримова Г.
Жерді қорғаудың мақсаттары,
міндеттері, тәртібі және
мазмұны
Жерді қорғау — оның табиғи қасиеті мен шаруашылық
мақсатын қорғау. ҚР Жер кодексінің 17-тарауы жерді қорғауға
арналған, ал 139-бапта жерді қорғаудың мақсаттары мен
міндеттері анықталған. Бұл бапқа сәйкес, жерді қорғау қоршаған
ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді ұтымды
пайдалануға, жерді ауыл шаруашылығы мен орман
шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға,
сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен
арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық,
технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.
Жерді ұтымды пайдалану ауыл және орман шаруашылығында
топырақтың құнарлығын арттырумен байланысты
агротехникалық шараларды жүргізу арқылы жер пайдалануды
білдіреді.
Жерді қорғау мақсаттары болып мыналар
табылады: өндірістің экологиялық қауіпсі
зтехнологияларын ынталандыру және орман
мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да
іс-шараларды жүргізу арқылы жердің тозуы мен
бұлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да
қолайсыз зардаптарын болдырмау; тозған
немесе бұлінген жерді жақсарту мен қалпына
келтіруді қамтамасыз ету; жерді оңтайлы
пайдаланудың экологиялық нормативтерін
тәжірибеге енгізу. Жерді қорғаудың аталған
мақсаттары мен міндеттерінің барлығы
нысаналы болып табылады, оларды жүргізу үшін
жер туралы заңнамада ауыл және орман
шаруашылығы өндірісі және құрылыс объектісі
процесіне қатысатын жауапты тұлғалар
белгіленген.
Жерді ұтымды пайдалану мен оны
қорғауға қатысты жүргізілетін
бақылаудыкелесі түрлерге бөлуге
болады:
· мемлекеттік бақылау;
· ведомстволық бақылау;
· өндірістік бақылау;
· қоғамдық бақылау.
Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. ҚР
Үкіметінің 1997 жылғы 19-ақпандағы № 235 қаулысымен Жерді
пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
тәртібі туралы ереже бекітілді. Бұл ережеде аталғандай, жерді пайдалану
мен қорғауға қатысты мемлекеттік бакылауды жергілікті атқарушы
органдар, жер ресурстарын басқару, табиғатты қорғау жөніндегі
атқарушы органдар және өз құзыреті шегінде өзге де уәкілетті органдар
жүзеге асырады.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де уәкілетті
органдардың қатарынан келесі органдар аталған:
· Қазақстан Республикасының Денсаулық қорғау министрлігі;
· Қазакстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі;
· Қазакстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитеті.
Бұл органдар өз функцияларын жергілікті атқарушы
органдармен және өзара бірлесе отырып жүзеге асырады.
Ереженің күші жергілікті бюджеттен қаржыландыратын,
жергілікті атқарушы органдар құрған жергілікті инспекцияларға
да таралады. Жер инспекцияларына әдістемелік басшылықты
Қазақстан Републикасының Жер ресустарын басқару жөніндегі
агенттігі жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде жерді пайдалану
мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын
органдардың нұсқаулары учаскелерінің меншік иелері мен жер
пайдаланушылардың барлығы үшін міндетті болып табылады.
Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың
құнарлылығын және ластанған аумақтарды
қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ
ауыл шаруашылығының тозған
алқаптарының, химиялық, биологиялық,
радиоактивтi және басқа да зиянды
заттардың жол берiлетiн шектегi
қоспаларының және жол берiлетiн шектегi
әсер деңгейiнiң белгiленген
нормативтерiнен артық ластанған, өндiрiс
және тұтыну қалдықтарымен, ақаба
сулармен ластанған жердiң, сондай-ақ
карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк
аурулары жұққан жердiң топырақ
құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн
болмаған жағдайларда Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейтiн
тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi.
Жерді қорғау мақсатында көптеген компаниялар экологиялық
қауіпсіздікті сақтап.қоршаған ортаны қорғауға ат салысуда.
Мысалға алсақ, 2005 жылы «ҚазТрансГаздың» еншілес
компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ Кешенді экологиялық
бағдарламаны Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен келісіп,
қабылдады және сол уақыттан бастап қоршаған ортаны қорғау
бойынша өз еркімен өзіне алған міндеттемелерін бұлжытпай
орындап келеді. 2007 жылы Компания DIN ISO 14000-2004
«Қоршаған ортаны қорғау» халықаралық стандарты бойынша
сертификациядан өтті. Экологиялық саясаттың қолданыстағы
редакциясында дүниежүзілік өндірістік тәжірибенің жаңа
тенденциялары, дүниежүзілік экологиялық стандарттар
бойынша жұмыс істеуге, өндірістік және қаржылық мәселелерді
шешкенде қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселелеріне
маңызды орын бөлуге талпыну көрініс тапқан.
Қорытынды
Қорыта айтқанда жерді, қоршаған ортаны және жер қойнауларын қорғау -
зиянды заттардан ластанудан,экологиялық апаттардан, жердi
құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден,
су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден,
тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық,
радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан қорғау.
Экономикалық,экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздіктерді сақтау -
ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген жаңа ҚР Экологиялық кодексіне
және қоршаған ортаға зиян келтірмей тұрақты экономикалық дамуды
қамтамасыз ету;
табиғатты қорғау шараларын орындау;
энергия сақтағыш технологияларды енгізу;
таза қоршаған табиғи ортаға құқылы адамдарға қамқорлық жасау сияқты
жалпыға ортақ халықаралық қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz