Ерітінділерден қатты еріткішті бөлу




Презентация қосу
А б а й атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
Университеті

БӨЖ-

Орындаған : Орынбаев Нұрғиса
Қ абылдаған : Ахтаева
Маржан
Ерітінділерден қатты еріткішті бөлу

Ерітінділердің түзілу процесі динамикалық құбылыс. Ерітіндіден ерітілетін зат молекулаларының
бір бөлігі ерітілетін затқа кері оралады. Соңғы процесс ерітіндіде еріген заттың концентрациясы
өскен сайын күшейеді. Соңында еріген заттың концентрациясы берілген температура үшін қандай
да бір шекті шама орнығады. Бұл нағыз да табиғи динамикалық тепе-тендік.
Затты тазалау үшін қайта кристаллдау əдісін жиі қолданады,бұл тазаланылатын заттың
ерігіштігімен ерігіштігі бірдей болатын қоспалардан тазалауға мүмкіндік береді. Егер бөлінетін зат
өзара ерігіштікке ықпал етпейді десек, онда ерітінді бөлінетін затқа қатынасы бойынша қаныққан
болады, бірақ қоспамен қанығу нүктесінен төмен болады. Еріткіштің бір бөлігін кетірген кезде,
мысалы, буландырумен, бөлініп алынатын затқа қатынасы бойынша ерітінді қаныққан болып,
одан түнба түсе бастайды. Бірақ ерітінді қоспаға қатынасы бойынша қанықпаған күйінде қалады
да одан қоспа тұнбаға түспейді.
Криоскопия
Криоскопия – ол таза еріткіштің
қатаю температурасымен
ерітінінің қатаю температуасын
салыстырғандағы төменеу
құбылысы. Криоскопиялық әдіс
ерітілген заттарың молекулалық
салмағын анықтау кезінде кеңінен
қолданылады.
Осмотикалық қысым
Осмотикалық қысым. Ерітінді көлеміндегі еріген
заттар молекулаларының жиынтығынан
туындайтын қысым. Ерітіндідегі беткейлік
тартылыс салдарынан оның құрамындағы
еріткіштің ішкі қысымы орасан зор болады,
сондықтан Осмотикалық қысымды көзбе-көз
қадағалау мүмкін емес. Бұл үшін əдетте жартылай
өткізетін мембраналар пайдаланылады, олар
еріткіш молекулаларын ғана өткізетін, ал еріген
заттарды тұтып қалатын қалқалар іспетті. Мұнай-
газ алаптарында жартылай өткізуге қабілетті
жыныстар ролін өзінің коллоидтылығын
жоғалтпаған саздар ғана атқара алады. Олардың
қуыстары сорылып алынған су молекулаларымен
бітелген, сондықтан саз қабаты арқылы тек қана
су массалары өте алады да, еріген заттар
тұтылып отырады.
Осмотикалық қысым.
Сұйытылған ертінділердің осмос қысымы

Осмос қысым деп, еріткіш молекуларының жартылай өткізгіштен
өтуін қамтамасыз ететін бірлік ауданға түсетін қысымды айтамыз.
Шексіз сұйытылған ерітінділер үшін осмос қысымы Вант-Гофф
теңдеуімен анықталады:

Сұйытылған ерітінділердің осмос қысымының мəнін
эбулиоскопия, криоскопия, бу қысымының кемуі сияқты
молекулалық массаны анықтау үшін қолдануға
болады, тек ерітіндіде еріген заттың ассоциациясы
мен диссоциациясы жүрмесе.
Осмос құбылысы өсімдіктер мен жануарлар
тіршілігінде маңызды орын алады, себебі клетка
қабығы еріткішті жақсы өткізетін шала өткізгіш рөлін
атқарады.
Нернст-Шилов таралу заңы.

Экстракция деп заттың екі өзара араласпайтын еріткіштердің
арасында таралу процесін айтады. Бұл процесс əрекеттесуші
массалар заңымен сипатталатын қайтымды процесс. Тепе-теңдік екі
араласпайтын сұйықтардың, яғни екі фаза арасында жүргендіктен ол
гетерогенді тепе-теңдікке жатады. Əдетте араласпайтын сұйықтың
біреуі су, екіншісі – органикалық еріткіш.

Көптеген органикалық сұйықтар сумен араласпайды. Осындай сұйықты суға қосқанда екі
қабат пайда болады. Егер органикалық сұйықтың тығыздығы судың тығыздығынан үлкен
болса, онда ол төменгі қабатта орналасады, ал керісінше органикалық сұйықтың тығыздығы
судың тығыздығынан кем яғни, аз болса, бұл сұйық судың үстіне шығып жоғарғы қабат
түзеді. Таңдап алған органикалық еріткішті судың ерітіндісімен шайқағаннан кейін оның
тамшылары тез қосылып бөлек қабат түзуі қажет. Екі қабатқа тез бөліну органикалық сұйық
пен судың тығыздықтарының қатынасына байланысты. Салыстырмалы тығыздық бірден
анағұрлым көп не кем болуы керек.
Нернст-Шилов таралу заңы
Экстракциялану жүйелеріндегі тепе-теңдікті Нернст-Шилов таралу заңы жəне
əрекеттесуші массалар заңымен сипаттауға болады. Фазалар түйіскенде заттың
бір фазадан екінші фазаға ауысуы байқалады. Бір фазада заттың концентрациясы
көбейеді, екіншісінде – азаяды. Концентрациялардың белгілі бір қатынасында
динамикалық тепе-теңдік орнайды

Екі араласпайтьн сұйықтықта (су мен бензол) үшінші затты ерітсек, ол еріткіштер арасында
белгілі түрде таралады. 3-ші заттың концентрациясы аз жəне оның бөлшектерінің
өлшемдері екі фазада бірдей болса, оның жүйедегі концентрациясын арттыру екі
фазадағы осы заттың коңцентрацияларын пропорционалды түрде өсіреді.

Таралу заңы: Берілген температурада 3-ші компоненттің тепе-
теңдіктегі екі сұйық фазалардағы концентрацияларыньң
қатынасы - тұрақты шама.
Нернст-Шилов теңдеуі

Кейбір еріткіштерде таралатын
зат диссоциация не
ассоциацияғаұшырауы мүмкін,
бұл кезде таралатын
заттың эр фазадағы
бөлшектерінің өлшемдері
əртүрлі болады. Бұл жағдайда
Нернст-Шилов теңдеуі
қолданылады.
Химиялық кинетика.
Х и м и я л ы қ р е а к ц и я л а р д ы ң уақытқа байланысты жүр у заңдылықтарын зерттейтiн
физикалық х и м и я н ы ң бөлiмi х и м и я л ы қ кинет ика д е п аталады. О л х и м и я л ық
п р о це с т ерд i ң жылдамдық тары м е н фазалардың өзгеру жы лд амд ық т ар ын
қарастырады.

Формалдық кинетика
Химиялық əрекеттесудiң механизмi
ол реакцияның механизмiн қарастырмай, реакция
жылдамдығын тек формалдық–математикалық түрде
сипаттайды реакцияның жүру механизімін сипаттайды

Ұқсас жұмыстар
Сублимация әдісі
Культуралық сұйықтық
Кристаллизациялау процестеріне арналған аппараттарда тамақ өнімдерін өндіру әдістері
Асқынудың себептері
Суспензияларға жалпы сипаттама және дайындау технологиясы туралы
Кристалдардың құрылуы
Микроорганизм түрлері
Бокс-Уилсон әдісі
Суспензияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу
Пәндер