ЖАСУШАНЫҢ ЕСКІРУ МЕН ӨЛУІ


Slide 1

Тақырып:Жасушаның зиянды әсерлерге реакциясы. Жасушаның ескіру мен өлуі.

Орындаған: Тухтарбаев Д

Топ: ЖМҚБ-08-21

Тексерген: Жумашов С. Н

SOUTH KAZAKHSTAN

MEDICAL

ACADEMY

Шымкент 2022

Презентация

Slide 2

Жоспары

Жасушаға әсер етуші факторлар

Жасушаның ескіруі мен өлуі

Жасуша органеллаларының өзгерістері

Slide 3

Цитология (гр. Κύτος - «қойма», бұл жерде: «жасуша» и гр. Λόγος - «оқу», «ғылым») - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын, құрамын және қызметін зерттейді. Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын, қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология, тәнтану, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекулалық биология және т. б.

Slide 4

Жасушаға әсер етуші факторлар

Ағза және оның жасушалары әр түрлі: химиялық, физикалық, биогенді факторлардың әсеріне ұшырап отырады. Бұл факторлар жасуша құрылымына әсер етіп, оның функционалдық жағдайын өзгертеді, яғни жасушадағы АТФ синтезі тоқталады оттегіге қажеттілік көбейеді, гликолитикалық процесстер күшейеді. АТФ мөлшері азайып, протеолиза активтенеді. Әр түрлі факторлардың әсерінен цитоплазмада болатын өзгерістер “ паранекроз” деп аталады

Slide 5

Жасушаның ескіруі мен өлуі

Жасушаның тіршілігін жоғалтуы некроздық және апоптоздық жолдармен болады.

Некроз (грек. -өлі) - деп жасуша тіршілігінің қайтымсыз жоғалуын айтады. Тіршілігін жоғалтқан жасушалардың айналасына фагоциттер шоғырланып, қабыну үрдісі байқалады. Некрозға ұшыраған жасушалар лизосомалық ферменттердің және оттегінің белсенді бос радикалдарының қатысуымен ыдыратылады. Жасуша құрылымдарының осындай жолдармен өзін өзі ыдыратуын аутолиз дейді. Бүлінген және некрозға ұшыраған жасушалардың ыдыратылуы фагоциттердің және микробтардың протеолиздік ферменттердің қатысуымен жүреді.

жасушалардың некрозға ұшырау алдындағы жағдайын некробиоз дейді.

Slide 6 Slide 7

Апоптоз - жасушаның алдын ала бағдарланған гендік ақпараты бойынша тіршілігін жоюы. Дамуын қадағалайтын екі түрлі гендер белгілі. Апоптоз дамуын тежейтін ген Вс1-2 қадағалауымен антиапоптоздық нәруыз түзіледі. Ол митохондрилардың мембранасының өткізгіштігін төмендетіп, жасуша цитоплазмасына, апоптозды сергітетіе фактор цитохромС шығарылуын азайтады

Апоптоздың гендік бағдарламасын дабылдық ақпарат жүзеге асырады. Ал, некроз бүліндіргіш ықпалдың әсерінен дамиды.

Апоптоз кезінде жасуша тығыздалып, ядросы ыдырайды, ДНҚ молекуласы бөлшектенеді. Артынан жасуша бөлшектеніп апоптоздық денешіктер пайда болады. Оларды макрофагтар мен нейтрофильдер жеп қояды.

Slide 8

Жасуша органеллаларының өзгерістері

Митохондрий. Жасушадағы ең ірі органеллаға жатады. Митохондридің өсуі мен көбейюі жасушаға тәуелсіз, өз есебінен жүре алады.

Тироксин гормонын ұзақ қабылдағанда, зат алмасу үрдісі күшейгенде, кейбір жұқпалы ауруларында жасушадағы митохондрий көлемі ұлғайып оларда кристалл саны көбейеді, ісік тінінде әр түрлі пішінді мегамитохондрилер пайда болады, мысалы, ісіктерде, алкогольдәк бауырда.

Slide 9

ДНК

Ашық мембрана

Ішкі мембрана

Түйіршіктер

Рибасома

Кристы

Мембраналық кеңістік

Матрица

Молекулы АТФ-синтазы

Slide 10

Эндоплазмалық тор жасуша ішіндегі барлық органелаларды бір бірімен байланыстырып тұрады.

Эндоплазмалық тор көптеген өзектерден, кеңейген көпіршіктерден немесе цистерналардан тұрады. Гиперплвзиясы мен атрофиясы, Цистерналардың кеңейіп бөлек бөлек вакуольдер түзуі оның фрагментациясы жатады. Канцерогенез кезінде жасушаларда эндоплазмалық тор, рибосомалар саны көбейіп оның көлемі ұлғайып қызметә едәуір күшейеді.

Slide 11 Slide 12 Slide 13

Гольджи апараты өте күрделі құрылысқа ие, ол жалпақ цистерналардан, майда визикулярдан және ірі вакуольдерден түзілген.

Белок заттардың организмге түсуі азайғанда комплекс семіп, оның компоненттері кішірейіп қалады, цитоплазмада секреторлық гранулар азаяды немесе бүтіндей жоғалады.

Slide 14

Лизосомалар жасуша ішіндегі ас қорыту үрдісіне белсенді қатысатын ең кейінгі ашылған органелларға жатады.

Арнайы лизосомалық ферменттердің жнеткіліксіздігі организмде әр түрлі химиялық заттардың жасушадан шығарылмай немесе ыдыратылмай қалуына соқтырады, жасушада жиналып, жасуша қызметі тән бүтіндей бүдіреді.

Slide 15 Slide 16

Пероксисомалар немесе микроденешіктер саны 70-тен 100 ге дейін жетеді. Пероксисомалар үш қабатты мембранамен қоршалған, барлық жасушаларда кездеседі, әсіресе, бауыр мен бүйрек жасушаларында болады.

Slide 17

Рибосомалар организмде белок синтесін реттейді. Оның құрамында белок, РНҚ мен азырақ липидтер болады. Ісік жасушаларында рибосомалар саны көбейеді, ал олардың азайюы белок синтезінің әлсіреуінің белгісі болып есептеледі. Дистрофия кезінде рибосомалар эндоплазмалқ тормен байланысын үзіп жоқ болады, ал полисомалар бөлшектеніп кетеді.

Slide 18

Қорытынды

Жасушаның бүлінуі мен өлуіне және ескіруіне көптеген себептер және факторлар әсер етеді.

Жасушаның бүліністері пайда болуында әсер ететін ықпалдармен бірге, жасушаның өзінің ішкі жағдайы өте маңызды. Жасушаның алғашөы жағдайына байланысты кез келген ықпал қорғаныстық немесе бүліндіргіш әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар адам алкогольдік, наркотикалық заттардан аулақ болып, барлық тазалық шараларын сақтауы қажет! Қалыпты тіршілік еткен жағдайда жасуша қызмет ету барысында ескіріп, тіршілігін жойып және оның орнына жаңа жасушалар пайда болады.

Slide 19

Пайдалынған әдебиеттер

Кузнецов С. Мушкамбаров Н Гистология цитология и эмбриология изд. МИА

А. И. Струков В. В. Серов Патофизиология

Аяпова Ж. О Гистология, цитология и змбриология

Slide 20

SOUTH KAZAKHSTAN

MEDICAL

ACADEMY

Шымкент 2022


Ұқсас жұмыстар
АПОПТОЗ НЕКРОЗ
НЕКРОЗ АПОПТОЗ
Жасушаға әсер етуші факторлар
Жасушалық цикл туралы түсінік
Апоптоз қарулары
Апоптоздың белгілері
Сыртқы әсерлерге жасушалардың реакциясы
Ескіру процесі
Инфаркты циркуляторлық некроз
Қалыпты жасуша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz