Мәдениет ұғымы



1 дәріс Мәдениет ұғымы, қалыптасуы

Мәдениет ұғымы. Шығу тарихы. Адамның мәдениеттегі рөлі.

Мәдениет дегеніміз не?
"Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Немесе мәдениет дегеніміз - табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетіледі.

Мәдениет - жеке адамның өзіне тән қасиеттерінен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін қамтитын күрделі ұғым. Мәдениетті жасайтын және оны тұтынатын - адам. Сондықтан мәдениет, ең алдымен адам әлемі ретінде саналады. Өйткені мәдениеттің қандай түрі болмасын онда адамның ақыл-ойы, парасаты, наным-сенімі, дүниетанымы, эстетикалық талғамы заттандырылып, материалдық және рухани игіліктер көрініс тауып отырады.

Мәдениеттің шығу тарихы
Алғаш рет әдебиетте «культура» термині Римнің атақты философы әрі шешені Цицеронның (б. д. д. 45 ж. ) «Тускул кеңесі» атты еңбегінде кездеседі. Оның этимологиялық негізі «өңдеу», «тазалау» деген сөздерден шығады. Алғашқыда агротехникалық термин (жерді өңдеу) ретінде қолданылды. Ал, Цицерон болса алғаш рет оны ауыспалы мағынада «адам ақыл-есіне ықлал жасау» үшін қолданды. Цицерон философияның адам өміріне ықпал жасау әдістерді қарастыруды мақұл көрді. Тек осымен антикалық азаматтарды дайындау, ессіз баладан ер адамдық деңгейге дейін қалыптасу жағдайлары сипатталады. Гректер бүл жағдайды «пайдейя» (жас бала) түсінігімен белгіледі. Гректердің - «пайдейя» термині екі мағынада: біріншісі тікелей тәрбиелеу, үйрену, ал екіншісі білімді, білімділікті ағартушылықты, мәдениетті анықтайды. Олар адамдарды белгілі кәсіби емес, керісінше тұлға етіп айқындалған құндылықты қалыптастырды. Мәдениеттің мақсаты мынада болды: адамның ойлау қабілетін, эстетикалық сезімнің әдемілігін дамытып, адамның іс әрекетінде сезімділік өлшемі мен әділеттілікті қарастыруға жол ашу.

Мәдениет деген сөз қазақ тіліне араб тілінен енген. О баста арабтың маданият деген сөзі “қала”, “қалалық” деген ұғымды білдірген. Көне заманда мәдениет “жерді өңдеу” деген ұғымды білдірген. Кейінірек Цицеронның еңбектерінде (б. з. д. 45 ж. ) бұл сөздің мағынасы тереңдеп “жанды жетілдіру” деген ұғымда жұмсалады. Уақыт өте келе Европада мәдениет сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметттеу” сияқты мағыналарда қолданыла бастайды.

Мәдениеттану туралы түсінік беру үшін алдымен осы мәдениет сөзінің этимологиясын, яғни шығу тегін түсіну керек.
Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” - қала, қалалық, деген сөзінен енген.
Осы “мәдениет” термині мен мағыналас “культура” термині де кең қолданысқа ие.
“Культура” термині латын тілінде көне заманда жерді өңдеу деген мағынаны білдірген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронның еңбектерінде (б. ғ. д. 45 ж. ) бұл сөздің мағынасы тереңдеп “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдіреді. Бірте-бірте еуропалық тілдерде культура сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу”, деген сияқты мағыналарға ие бола бастады.

Мәдениеттің басқа да түрлері:
этникалық мәдениет
ұлттық мәдениет
тіл мәдениеті
сөйлеу мәдениеті
киіну мәдениеті
жазу мәдениеті
экологиялық мәдениет
тұрмыстық мәдениет, т. б

Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке (культураға) төмендегідей анықтамалар берілген:
а) мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмекен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т. б. ) ;
б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т. б. ) ;
в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т. б. ) .

Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды.
XVIII ғасырға дейін, яғни ағартушылық дәуіріне дейін, басты құндылық-адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін “мәдениет” сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пйдаланылды.
Жаңа заманда (XVII - XIX ғ. ) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оны шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі - буржуазиялық қайта құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды.

Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді:
«Олар - терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі»
Мәдениет - адамның шығармашылығының нәтижесі болғандықтан да тікелей адам іс-әрекетімен байланысып жатыр. Адам қолынан шыққан, адам санасының жемісі болып табылатын барлық нәрселер сияқты мәдениет те өз бойына тұлғалық бастаманы сыйғызады.
Мәдениет қашанда мәдениеттер шекарасында, олардың біруақыттылығында, олардың сұхбатының арқасында өмір сүреді өрі дамиды.



Адам және Мәдениет

Мәдениет - адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
Әл-Фараби айтқандай, адам - «хайуани мадани», яғни, адам мәдениетті жан. Адам - табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екеніне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам - табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.

Адамға ең қиыны - адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.

Мәдениеттану -мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениет қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т. б. ) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, тәуелділіктерімен зерттейді.

Мәдениеттану пәнінің мақсаты-мәдениеттану тілінің қоғамдағы орны мен ролін, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани ізденістерін студенттермен бірге талқылау.
Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.

Мәдениет теориясы- мәдениеттану
Мәдениеттану- хх ғасырда ғана ғылыми пән ретінде қалыптасқан ғылымдардың бірі. Бірақ мәдениет зерттеу пәні ретінде XVII ғасырларданбастап философтар мен тарихшыларды қызықтыра бастады.

Мәдениеттану-мәдениет теориясы- кешенді гуманитарлық ғылым. Оның қалыптасуы мәдениет туралы ғылыми білімнің интерграциясының жалпы тенденциясын көрсетеді. Ол тарих, философия, әлеуметтану, жантану, антропология, этнология, этнография, өнертану, семиотика, лингвистика, ақпараттану пәндерімен өзара түйіскен.

Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы Иммануил Канттың (1724-1804) пікірінше, тек екі нәрсе адамды таңдандырады, жұлдызды аспан және адамның ішкі рухани дүниесі. Соңғының өзегін рухани мәдениет құрастырады.

Мәдениеттану пәні нені зерттейді?
Мәдениеттану пәні Батыс елдерінде мәдени антропология (адам туралы ілім) құрамында қалыптасқан. Мәдениет - ашық жүйе, оның негізгі мақсаты, өзін басқаға жеткізу, ол монологтан гөрі диалогқа- сұхбаттасуға жақын.
Осы тұрғыдан төменгідей тұжырым жасауға болады; мәдениеттану мәдениетті нақтылы тарихи- әлеуметтік процесс түрінде қарастырады.

Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, адамгершілік, әлеуметтік, саяси, көркемдік және т. б) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми көркемдік, және ьарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін, алуан мәдениет түрлерінің өзара байланыстары мен тәуелділіктерін зерттейді.

Мәдениеттану: пәндік ерекшеліктері
Мәдениетті әртүрлі тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне деген үлкен қызығушылықтан туса керек. Оған дәлел ретінде 1964 жылдары батыс әдебиетінде мәдениетке 257 анықтама берілгендігі жөнінде амер кан мәдениеттанушылары А. Кребер мен К. Клахконның мәліметтерін келтірсек те жеткілікті сияқты.

Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады, өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өмірдегі толып жатқан құбылыстарын жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдері, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, және т. б ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен бардық ғылымдар саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады.

Мәдениеттің құрылымы Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді:

Мәдениет құрылымына білім беру жүйесі, ғылым, өнер, әдебиет, мифология, адамгершілік, саясат, заң, дін жатады. Сонымен қатар, мәдениеттану аясында оның құрылымдық элементтері: әлемдік және ұлттық, таптық, қалалық, кәсіптік, рухани және материалдық түрлері бар.

Мәдениеттің шартты түрлері:
Материалды мәдениет
Рухани мәдениет
Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет дейміз.
Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. «Рухани мәдениет» - адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол өзінің құрамдас бөлігі ретінде эстетика мен этика нормаларын қабылдауға мәжбүр болды. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болды.
Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды.







Материалдық мәдениет түрлері:

Рухани мәдениет түрлері:



2
Мәдениеттің ұйымдық элементтеріне бірлестіктің мына үлгілерін жатқызуға болады:

5

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz