Мәдениет семиотикасының сипаты




Презентация қосу
3-Дәріс
Мәдениет семиотикасының
сипаты
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен
жасағандары және жасап жатқандарының бәрін
түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және
тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің
асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі
ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының
өрісі кең.

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі
мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына
байланысты өзгеріп отырады.
Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің
мазмұны мен формаларына сөзсіз терең
өзгерістер енгізеді.
Мәдениет материалдық және рухани болып екіге бөлінеді.

Материалдық мәдениет- Рухани мәдениет көп қырлы
еңбек және материалдық құбылыс ретінде таныла отырып,
өндіріс мәдениеті, тұрмыс өзінің құрамына танымдық және
ақыл-ойлық, философиялық,
мәдениеті, топостың, яғни
адамгершілік, көркеменерлік,
тұрған 13 мекеннің үйдің, құқылық, педагогикалық, діни
ауылдың, қаланың мәдениетті енгізеді. Кейбір
мәдениеті, адамның өз мәдениет танушылардың
денесіне, дене тәрбиесіне пікірінше, мәдениеттің жекелеген
қарым-қатыныстың салалары материалдық та,
мәдениеті. рухани да мәдениеттің құрамына
кірмей, өз беттерімен мәдениеттің
қосылысын құрай отырып,
мәдениетті байыта түседі
Семиотика (гр semeion - белгі, танба) (семиология— таңбалық белгілер жүйесі
туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл мәдениет, салт
дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация)
немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы
қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты
әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін
зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым"
ретінде Семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байкауға
байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. "Семиотика"
термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал
оның заттық-мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған,
кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді
объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында
айқын байкалады.
Сол себепті тіл мен әдебиет Семиотикасы гуманитарлық Семиотика сының өзегі
болып табылады.
СЕМИОТИКА
Семиотика— таңбалық белгілер жүйесі туралы
ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы
(тіл, мәдениет, салт – дәстүр , кино т.б.), табиғаттағы
(жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе
адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту
арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың
сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі
таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің
жалпы мәселелерін зерттейтін ғылым
Семиотика таңба мен белгілерді зерттейді.
Таңбаның тарихы, мағынасы, қандай
мақсатпен бұл таңбаның салынғаны –
семиотика. Семиотика ғылым саласын
қазіргі таңда – лингвистикада, математикада,
әдебиетте, сәулет өнерінде, көркем суретте,
пәтерді жобалауда пайдаланады
Тіл мен әдебиет Семиотиканың негізін қалағандар 1920—30
жылдары Прага лингвистикалық мектебі мен
Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің өкілдері (Н. С.
Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В.
Брёндаль т.б.). Семиотика зандылықтары Семиотикалық
жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің
(фонема, морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарама-
қарсы келуі арқылы анықталады. Ғылыми
еңбектерде Семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген:
Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты
білдіретін синтактика;
Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарым-
қатынасты білдіретін семантика;
Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым-
қатынасты білдіретін прагматика.
Семиотика үш топқа бөлінген:
Бірінші топ таңбалық – иконы. Бұл таңба мен
таңбалық объект арақатынасы. Мысалы: «портрет»
нақты адамды бейнелеу.
Екіншісі таңбалық – индексы. Кеңістік пен уақыт
аралығындағы таңба мен белгіленетін объект. Оған
мысал келтірер болсақ: «түтін» оттың белгісі, «жол
көрсеткіштер».
Үшінші топ таңбалық – символ. Таңба мен объектің
арасындағы конвенционалды келісім. Бұл таңбалық –
символға келісім, салт – дәстүр немесе жай ғана
кездейсоқтық жатады
Алғашқы қауымдастық кезеңіндегі мәдениет

АДАМЗАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫРЫНЫҢ
ӨЗІНДЕ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСҚАН
БОЛАТЫН.ОЛЛАРҒА МЫСАЛ КЕЛТІРЕР
БОЛСАҚ
құрал-жабдық ұстау, Қолдану мәдениеті
Аң аулау өнері
Әйел мен ер адам арасындағы мәдениет
Кейінірек энеолит,мыс,қола дәуірлеріне
адамдарқа ра металлды игере бастады және де
осының әсерінен мәдениет өркендей түсті.
Таңба (знак; character, symbol) — есептеуіш
техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы.
Арифметикалық амалдар таңбасы (знак
арифметической операции; arithmetic operation
character) — арифметикалық амалдарды анықтайтын
алфавит белгісі (әдетте, +,-,*,/ ). Таңба - әлеуметтік
хабардың материалдық көрсеткіші
Таңба түрлері
1.Белгі таңба - заттардың өз бойындағы, одан бөліп алуға болмайтын белгісі (дене қызуының
көтерілуі - адам ауруының белгісі);

2.Жазуға дейінгі белгілер - жазу пайда болғанға дейінгі ауызша жеткізілетін хабардың орнына немесе
соған қосымша қолданылған түрлі заттардың символикалық мағыналары;

3.Тыныс белгілері - сөздердің сөйлемдегі қызметіне қарай сөз соңынан немесе сөйлемдерден соң
қойылатын белгілер;
4.Тілдік таңба;

5.Диакритикалық белгілер - жеке әріп (графема) мағынасының мәнін өзгерту немесе нақтылау үшін
қолданылатын белгілер. Олар жол үстінде, астында, кейде жолдың ішінде қолданылады. Мысалы, көне
славян тілінде жол үсті. Диакритикалық белгілер «титло» сөзінің қысқартылып жазылуын және кейбір
дыбыстардың түсіп қалуын көрсету үшін кең пайдаланылған. Диакритикалық белгілер әріпке жаңа
мағына беру үшін қолдануы мүмкін.
Жазу=Таңба
Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін,
мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның
алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде
пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын
басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен
бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа
садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда
тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған. Үндістер
соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. Елші оны
әкеліп жерге қояды, егер жау жақ оны көтерсе — соғысуды мақұлдағаны. Кейін
мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған.
Осылайша алғашқы Ж. пайда болған. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз
балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б. пайдаланған. Жазу жүйесі
таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не
буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір
мағынасы болады.
Ежелгі заманда адамзат
өмірінде жазу болмады .
Адамдар сол заманда
таңбаларды
қолданды.Оларға мысал
идеограмма,пиктограмма
тағы басқалары
Пиктографиялық жазу – жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың
бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Мұнда
хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады.
Пиктограммалық жазу суреттерге негізделген жазу. Сондықтан оны
кейде суретті жазу деп те атайды. Пиктографиялық жазудың
ескерткіштері әртүрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Бұл жазудың
ерекшелігі ол әртүрлі суреттерден құралады. Әр сурет бүтіндей бір
хабар бере алады. Бұл хабар графикалық жағынан жеке бөлшек сөзге
бөлінбейді. Осыған орай пиктограммалар тілдік форманы емес, оның
мазмұнын бейнелейді. Бұл жазуды әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар
түсіне алады. Себебі бұл тіл басқа тілдерден гөрі поллисинкретикалық
тілге біртабан жанасымды. Пиктограммалық жазудың таңбалары
питроглифтер немесе пиктограммалар деп аталады;
Идеографиялық жазу - жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет
немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің
тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы
болады.
Идеографиялық жазудың мысалдары: иероглиф жазу, цифр(сан).
Идеографиялық жазудың таңбалары қазіргі дыбыстық жазуда
қолданылады. Мысалы, цифрлар, математикалық, химиялық, т.б.
ғылыми-техникалық шартты таңбалар;
Буын жазуында - сөз құрамындағы әрбір
буын жеке таңбамен белгіленеді. Бұған
финикия, көне семит, тибет, бирма,
жапон, үнді жазулары жатады. Буын
таңбалары әуелде бір буынды сөздерді
белгілеген идеограммалардан жасалған;
Дыбыстық жазу (әріп жазуы) – жазудың дамып жетілген түрі, тіл
дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық
жазулардың ең көне түрлері – финикий, арамей және грек жазулары. Көе
түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Қазақ
халқының жазу тарихы көне түркі жазуынан басталған. Түркі жазуында
дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған, кейбір әріптер екі дауыссыз
дыбысты белгілеген. Әріптер жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратқан.
Әріптер белгілі жүйеде қолданылған. Түркі халықтары, оның ішінде қазақ
халқы кейін мұсылман дінінің таралуымен бірге келген араб әліпбиін ұзақ
уақыт қолданды. 1926 ж. Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиін қазақ тілінің
ерекшеліктеріне сәйкес жеңілдетіп, “төте жазу” әліпбиін жасады. 1929
жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп,
кейін кириллицаға көшті. Қазіргі түркі мемлекеттерінің көпшілігінде латын
әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі қайтадан бел алып келеді
Еліміздің тарихындағы таңбалар

Тастағы
таңбалар,
суреттер

Тастағы
жазулар

Таңбалытас

Әртүрлі
оюлар

Алтын адам киімінің оюлары
Тоныкөк жазулары
Тастағы тарихи таңбалар

Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген
адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең басы
аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең
бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін
жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап,
бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін,
немен айналысқандығын біле аламыз.
Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде
бар, тіпті, қазақ даласында да тұнып тұр.
Соның бірнешеуі туралы сөз қозғап
көрмекпіз.
Қазіргі заманғы таңбалар

Жол жүру
Мемлекеттік рәміздер ережесіндегі Мөрлер

таңбалар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында
шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың
сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде
нақышталған.
Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі
алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы –
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен
Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы –
дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы
шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн
сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң
жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар
бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес
бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде
«Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың,
уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі,
сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары –
белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде
танымал болған Қазақстанның гимні
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда
еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші
рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет
басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде
орындалды.Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов,
сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев.
Мәдениетте біздің рухани дамуымыз үшін ұлтымыздың әрбір
мемлекттік туымыз,елтаңбамыз,ән ұранымыз өте бағалы
құндылық болып табылады. Адамның күнделікті өмірі рәміздер
мен белгілерге толы. Олар белгілі бір жайтқа рұқсат ете немесе
тыйым сала отыра, оның мағынасын білдіре және толтыра отыра
адамның өзін-өзі ұстауын реттейді.
МӘДЕНИЕТ СЕМИОТИКАСЫ
Мәдениет семиотикасы туралы сөз қозғағанда біз мәдениеттің таңбалық сипатын ,
мәні мен ақпарат беруші жүйесін айтамыз . Бір мәдениетті түсіну дегеніміз - оның
семиотикасын түсіну , оның таңбалық сипаттагы құпияларын ашып оқу.
Семиотика нақты тарихи жайттардан бөлек таңбаларды зерттемейді . Семиотика
қорытындылаушы жүйе . Семиотика және семантиканы зерттеу әр кезеңдерде Ч. Т.В. Гамкрелидзе
Пирс, Ч. Моррис, Э. Кассирер, К. Лангер, М. Фуко,
Б. Рассел, Р. Барт, В. Тэрнер, К. Леви - Стросс, А.Ф. Лосев , сияқты т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қамтылады .
Мәдениеттің рәміздік функцияларын зерттеу - бірқатар ғалымдардың: этнология ,
мәдениеттану , философия , лингвистика , археология және тағы басқаларының да
Чарльз Пирс
өзекті тақырыптары болып табылады . Рәміз , белгі және олардың мәдениеттегі
маңызды мәселесімен М.А. Бахтин,
В.Я. Пропп, П.А. Флоренский, т.б айналысты . КСРО-да семиотиканы В.
Иванов , Т.В. Гамкрелидзелер және т.б өңдеді . Рәмізді мәдениеттанулық категория
ретінде Ю.М. Лотман , В.Я. Пропп, В.Ч. Антоновтар қарастырған . Мәдениеттегі
белгі теориясын және белгілік жүйелерді Тарту - Мәскеу мектебінің өкілдері:
Ю.М. Лотман, Б.А. Успенский , В.Н. Топоров, Т.В. Цивьян, Ю.К. Лекомцев, А.М
Пятигорский және басқалары дайындаған еді. Б.А. Успенский
Мәдениет рәміздері
Рәміз халықтың дүниетанымын тұрақтандыратын және оның барлық әрекеттеріне
негіздеме беретін, мәдениет философиясының эстетикалық мұраттарын
қалыптастыратын рухани ізденіс аймағы . Ұлттық ойлаудың негізгі ұғымдарының
бірі - рәміздер деп айтуға болады .

Біріншіден , ұлттық ойлау жүйесіндегі рәмiз категорияларында ,
табиғат пен социумның өзара байланысын анықтайтын , дәстүрлі
түсініктер негізінде көшпелі өмір салтынан байқалатын , адамдардың
ғасырлар бойы жинаған тәжірибесі мен дүниетанымы жатыр .

Екіншіден , дәстүрлі түсінік адамдардың іс - әрекетінің бастапқы
формасына , ойлау әдісі мен стиліне , жалпы рухани дүниесіне әсер
етіп , дүниені түсінудің алгоритмін қалыптастырады .
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi —
отбасының бейнесi. Түндік — таза көк
Рәміздер
аспанын бейнелейді Шаңырақтан
АҚШ-тың елтаңбасы
шыққан уықтар күн арайларын еске
Бір табанында ол 13 оқты,
салады. Бес бұрышты жұлдыз
екінші зәйтүн бұтағында,
елтаңбаның тәжi iспеттi
Америка Құрама Штаттары
Тұлпар —бостандыққа ұмтылған
«бейбітшілікті қалайды,
құлшыныстың бейнесi.
бірақ соғысқа әрқашан
дайын» ​екендігін білдіреді.
. Зәйтүн бұтағы дәстүрлі
түрде 13 жапырақ пен 13
зәйтүннен тұрады.
Бүркіттің басы зәйтүн
бұтағына қарай бұрылған,
бұл соғысқа емес,
бейбітшілікке көбірек
көңіл бөледі.
Швейцария елтаңбасы.Елтаңбаның қызыл қалқаны
қысқартылған күміс кресті көрсетеді. Қызыл және ақ
түстер елдің тәуелсіздігін білдіреді, ал крест
Швейцарияның егемендігіне қол сұғылмайтынын еске
салады. Көптеген ғасырлар бойы бұл эмблема іс
жүзінде өзгеріссіз қалды.

Біріккен Араб Әмірлігінің
елтаңбасы. Елтаңбада көп бөлігін
шөл дала алып жатқан сары
сұңқар бейнеленген. Ол елдегі
егемендікті білдіретін құс. Ал
құйрығындағы жеті қауырсын-
жеті әмірлікті білдіреді.
Таңбала р

Медицина эмблемасы

Балға және орақ. Кеңес халқының
бейбіт еңбегін бейнелейтін таңбасы.
Көгершін-бейбітшілік құсы

Шексіздік символы

Инь Ян - бұл екі диаметрлі қарама-қайшы және бір-
бірін толықтыратын принциптер туралы түсінік,
біздің әлемдегі барлық нәрсені (құбылыс, зат, күш)
қалыптастыратын идеалды құрал.
Жол ережелеріне арналған қауіпсіздік белгілері

Жаяу жүргіншілердің
қозғалысына тыйым
Жаяу жүргіншілер өтпесі салынады

Телефонды пайдалануға тыйым
салынады
Көңіл-күйді білдіруге арналған таңбалар

Ok Нұсқау
Жақсы көру

Керемет Нашар Жеңіс қолы

Ұқсас жұмыстар
Икондық таңбалар
МӘДЕНИЕТ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері
Өркениет азаматтық қоғам, қалалық мәдениет
Адам және мәдениет
Саяси мәдениеттің дәрежесі және әртүрлігі
САЯСИ МӘДЕНИЕТ
Қазіргі білім беру парадигмалары мен тұжырымдамалары
Мәдениет - тарихи құбылыс
Қазақ халқының мәдениеті мәдениеттану
Пәндер