Вирустардың нуклеин қышқылы



Астана медицина университеті
Молекулярлық биология және
медициналық генетика кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: «Вирустардың генетикалық аппараттарының ерекшеліктері.
ДНҚ және РНҚ бар вирустар».
Орындаған: Абдумуталапова А. Т
Тексерген:Тажединова А. И.
Нұр-Сұлтан 2022ж

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Вирустардың құрлымы мен вирустардың морфологиясы
Вирустардың нуклеин қышқылы
ДНҚ-лы бар вирустардың жіктелуі және олардың кейбір қасеттері.
РНҚ-лы бар вирустардың жіктелуі және олардың кейбір қасеттері.
Вирустардың көбейюі
Вирус ауруларының патогенезі
Вирусқа қарсы иммунитет
Вирустық инфекцияларды химиялық препараттармен емдеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Вирусология ғылымдарының даму жолында әр түрлі кезеңдерде вирустарды реттеп, бір жүйеге келтіру классификация жөнінде ұмтылыстар болды.
Вирустардың тұқымдастығы. Вирустар тұқымдастығының аты viridae деп аяқталады. Тұқымдастың өзі туыстан тұрады және оның мүшелерінің антигендік қаситеті, морфологиясы, сондай-ақ нуклеин қышқылының түрі бірдей болып келеді.
Вирустардың тұқымдас тармағы. Вирустардың тұқымдас тармағының аттары virinae деген жалғаумен аяқталады.
Вирустардың туыстары. Вирустар туыстарының аты virus деп аяқталады.
“Туыс”- дегеніміз физикалық, химиялық және серологиялық қасиеттері бірдей топ вирустар. Туысқа кіретін вирустардың эволюциялық жетілуіде бірдей.
Қазіргі кезде вирус тұқымдастарының саны 55-тен артық. Вирустардың көпшілігі әлі бір жүйеге келген жоқ. Адамдар мен жануарлар вирустары 19 топшаға тұқымдасқа бөлінеді. Олардың
7-і ДНҚ-ды, 12-сі РНҚ-ды вирустар

ВИРУСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ВИРУСТАР МОРФОЛОГИЯСЫ
Вирустар дүниесі өздерінің құрылымына, көлеміне, пішініне және химиялық құрамына сәйкес әр түрлі болады. Могрһе - грек тілінен алынған пішін, бейне, түрі деген сөз. Вирустардың мынандай түрлері бар:
Икосаэдралық (икосаэдр - 20 қырлы көпбұрыш), немесе куб сиякты. Мал мен адамның жұқпалы ауруын тарататын вирустардың негізгі көпшілігінің түрі осындай болады (олар-реовирустар, пикорнавирустар, аденовирустар т. б. ) .
Вирустардың таяқша немесе цилиндр тәрізді түрлері (оларға рабдовирустар, өсімдік вирустары жатады) .
Сферикалық немесе дөңгелек шар тәрізді түрлері (оларға парамиксовирустар, ортомиксовирустар, ретро вирустар т. б. жатады) .
Сперматозойдқа ұқсас түрлері - олар бактериофагтар (бактериялардың вирустары) .
Жіп тәрізді оралған түрлері кейбір бактериофагтарда кездеседі.
Сопақша түрлері кейбір өсімдіктер вирустарында кездеседі.
Спиральный тип симметрии имеет вирус гриппа - а.
герпеса - б
аденовируса - в
полиомиелита - г

Вирустардың мөлшері де әр түрлі болады. Соған байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Өте ұсақ вирустар: олардың мөлшері 20-50 нм (парвовирустар, пикорнавирустар) .
Үлкендігі орташа вирустар: мөлшері 50-150 нм (тогавирустар, ортомиксовирустар, ретровирустар, аденовирустар) .
Ірі вирустар: олардың мөлшері майда бактерияларға жетіп калады (поксвирустар) .
Жануарлар вирустары өздерінің құрамына сәйкес жай қарапайым (қабыбықшасыз) немесе күрделі (қабықшалы) болып екіге бөлінеді
Жай вирустардың құрамында тек нуклеин қышқылы мен ақуыз ғана болады, ал күрделі вирустардың қосымша қабықшалары бар. Қабықшаның құрамында көмірсулар, липидтер, ақуыздар болады. Вирустардың қандай түрі болмасын (жай немесе күрделі), олардың генетикалық материалы вирустың тек ортасында ғана болады, ол жерді «нуклеоид» деп атайды. Жоғарыда айтылғандай вирустардың торшалардан ерекшелігі - вирустарда нуклеин қышқылының тек бір түрі ғана болады: РНҚ немесе ДНҚ. Нуклеин қышқылы сыртынан қабықпен қоршалған, ол қабат «капсид» (латын тілі-нің capsa - қап, тыс деген сөзінен алынған) деп аталады Капсид ақуыздан тұрады. Нуклеин қышқылын сол тысқы қабатымен қосылып «нуклеокапсид» деп атайды. Жай вирустарда «нуклеокапсид» «вирион» деген ұғыммен бірдей. Капсидтің өзі капсомерден тұрады. Капсомердін вирустар құрамындағы саны мен орналасу ерекшеліктері әр түрлі.

Соған сәйкес вирустар бірнеше топқа бөлінеді. Ал капсомердің өзі белгілі бір құрылымдардан тұрады, оны «құрылымды бөліктер» деп атайды. Олар ақуыздың химиялық жетілген бір бөлігі. Құрылымды бөліктер «ақуызды суббөліктерден» тұрады. Ал ақуызды суббөлік полипептид тізбектерінен құралады. Полипептид тізбегі аминкышқылдарынан тұрады да әр түрлі вирустарда түрліше болады. Демек, капсомер дегеніміз ақуыз суббөліктерінен туратын үлкен агрегат.
Мысалы: капсид - капсомер - құрылымды бөлік - ақуызды суббөлік - полипептид тізбегі - аминқышқылы.
Қүрделі вирустардың құрамында нуклеокапсидке қоса липопротеидтен тұратын сырткы кабыкша және бар. Оны «суперкапсид» немесе «пеплос» (гректің peplos - жапқыш, жамылғыш деген сөзінен) деп атайды. Кейбір вирустардыц суперкапсидінің сырткы жағында шығып тұратын өскіндері -«пепломерлері» бар. Күрделі вирустардың нуклеокапсиді вирионның ортасында орналасады. Сондыктан да оны «жүрекше» деп атайды.

Вирустың қабықты екіжіпті генетикалық материалы. ДНҚ немесе РНҚ ақуызды қабықпен қоршалған. Вирустың ДНҚ құрылымы.
оспы вирусы
Вирус герпес Біржіпті РНҚ
Қызылша шошқа мойын вирусы
Құтыру вирусы
лейкоза, СПИД
вирусы
Қабықсыз
Екіжіпті ДНК
иридо - вирусы
адено - вирусы

Вирустардың құрылысы қандай? Вирустардың бірнеше түрін электрондық, микроскоп арқылы қарап көргенде олардың капсомерлерінің орналасу ерекшеліктері белгілі болды және капсомерлердің симметриялық жағдайда ғана орналасатыны анықталды. Осыған байланысты капсид симметриясының мынандай түрлері болады:
Куб тәрізді немесе икосаэдралық симметрия. Бұл симметрияның құрамы 20 қырлы көпбұрышқа ұқсайды, яғни өзара бірдей 20 үшбұрыштан тұрады. Әрбір үшбұрыштың қабырғасы, төбесі және қыры бар. Капсомер-лер екіден (димер), үштен (тример), төрттен (квадример), бестен (иентамер), алтыдан (гексомер) өзара бірігіп вирусқа белгілі бір пішін береді, вирустар осыған сәйкес әр түрлі болады. Куб тәрізді симметриядан туратын вирустардың көбінің сыртқы қабықшасы жоқ (оларға иридовирустар, аденовирустар, паповавирустар, реовирустар, калицивирустар, пикорнавирустар, парвовирустар жатады) .

Ақуыз молекулаларының спираль тәрізді орналасуы мына жағдайларға байланысты: а) спираль айналымына, демек 1 толық айналымға сәйкес; б) бір айналымға келетін бөліктер санына сәйкес; в) екі бөліктің ара қашықтығына сәйкес. Спиральді симметрия темекі ауруының вирусында терең зерттелген. Онда 2150 ақуыз молекуласының, 6000 нуклеоидтың бар екені анықталды.
Симметрияның спираль тәрізді немесе бұрама түрі. Мүндай жағдайда ақуыз молекулалары нуклеин қышқылының ұзын бойына оралып спираль сияқты орналасады. Айтылған симметрия вирустарға түтікшеге ұқсас пішін береді. Айта кететін бір жағдай, мұндай вирустардың ақуыздарының өзара белгілі бір қалыппен жиналу ерекшелігі бар, соның арқасында біркелкі полипептид тізбегінен дұрыс орналасқан капсид пайда болады. Бұл жаналықты бірінші рет 50-ші жылдары темекі ауруының вирусын зерттеген ғалымдар Шрамм мен Френкель-Конрат ашты. Осындай орналасу ерекшеліктері генетикалық материалдың аса үнеміді жұмсалуына мүмкіндік береді

ВИРУСТАРДЫҢ НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛЫ Вирустардың жасушалардан ерекшелігі, оларда нуклеин қышқылының тек бір түрі ғана - ДНҚ немесе РНҚ кездеседі, ал жасушаларда ДНҚ мен РНҚ -ның екуі де болады. Құрамында ДНҚ кіретін вирустардың генетикалық материалы ретінде ұзынша немесе қос тізбекті ДНҚ атқарады. Вирустардың барлық ақуыздары жөніндегі ақпарат ДНҚ-да кодталған. Олардың ДНҚ-сы бір немесе қос тізбекті және жасуша иесі прокариот немесе эукариотты болуына байланысты болуы мүмін
Вирустар құрамында кездесетін нуклеин қышқылдарының түрлерін схема ретінде мынандай етіп белуге болады:
Екі спиральді жіпті сызықшалы ДНҚ (герпес, аденовирустарда және т. б. болады) .
Екі спиральды сақиналы ДНҚ бір жібі үзілмелі (гепатит В вируста) .
Екі спиральды өзара шиеленіскен ДНҚ (паповавирустарда кездеседі) .
Бір жіпті сызықшалы ДНҚ (парвовирустарда) .
Бір жіпті сақиналы ДНҚ (фагтарда) .

ДНҚ-лы бар вирустардың жіктелуі және олардың кейбір қасеттері.
№
Тұқымдастар
Қабықшалы н-е
қабықшасыз
Каспид
Семет
риясы
Вирион
Мөлшері
нм
Торшада
өсіп өнеді
Түр өкілдері
1
Поксивирустар
қабықшалы
күрделі
250
Цитоплаз
мада
Адам, сиыр, қой шошқа, түйе, жылқы, құс шешегінің вирустары. ОРф, миксома, фибросма вирустары
2
Герпесвирустар
куб тәрізді
150
ядрода
Ірі қараның жұқпалы ринотрахит, ауески марек ауруларының, жылқы ринопневмониясының вирустары
3
Гепаднавирустар
күрделі
80
ядрода
В гепатид, үйрек бауыр ауруының вирустары
4
Иридовирустар
қабықша
сыз
куб тәрізді
130
Цитоп
ДНҚ ядро
Шошқаның африка обасының вирусы
5
Аденовирустар
50
ядрода
Ірі қара, шошқа, қой, ит, құс, және адамның алденовирустары
6
Паповавирустар
20
ядрода
Адам, мал басқа жәндіктер сүйелінің вирустары
7
Парвовирустар
70
ядрода
Сүтқоректілер және құс парвовирустары

Схемалық құрылым РНҚ-лы вирустың сперальді типі симметриялы және қосымша липопротеидті қабықшалы сол жақта 2 суретте көрсетілген, ал оң жақта үлкейтілген көлденен кесіндісі көрсетілген.
РНҚ вирус бөлшегінде қарапайым шиыршық түрінде соңғы ақуыздың макромалекуласы болып саналатын цилиндрге тасылған, ішінде қуыс канал бар. Бұл каналдың диаметрі 4нм.
Ақуыздардың макромалекуласы ұсақ пентид тізбектернен (суббірліктен) тұрады, олар темекі вирусының әр бөлшегінде орта есеппен 2200 жуық. РНҚ спиралінің үстінен жабылатын «жамылғыш» тәрізденген осы тізбектер неғұрлым ірі диаметрі 17-18нм тең. Спираль 360 градусқа айналған сайын ақуыздың «жамылғышқа» 16 1/3 жаңа пентид тізбектері қосылып, оның ұзындығы 2, 3 нм ұзарады. Орамдардың жалпы саны 130-ға жуық
1 - жүрекшесі (сердцевина) біржіпті РНК;
2 - ақуызды қабықша (Капсид) ;
3 - қосымша липопротеидті қабықша;
4 - Капсомерлер (Капсидтің құрылымдық бөлігі) .

РНҚ- ды вирустар адам және жануарлар дүниесі вирустар ішінде 80 пайызға дейін жетеді. Вирустар құрамындағы РНҚ әр түрлі болып келеді. Бір тізбекті РНҚ-лары бар вирустарды 2 типке: “плюс”- тізбекті және “минус”- тізбекті деп бөлінеді. Бірінші типтегі вирустардың РНҚ тізбегі жасуша иесіне тікелей м-РНҚ ретінде қызмет жасаса, екінші типтегі вирустардың “минус ” тізбегінде алдымен РНҚ- полимеразалардың көмегімен “плюс” тізбек түзілуі қажет. Жануарлар вирустары бірінші және екінші типте кездессе, өсімдіктердің көптеген вирустары “плюс” типке жатады. РНҚ-ның жіптері:
Бір жіпті, үзілмелі РНҚ. РНҚ-ның үзілген фрагменттері әртүрлі ақпаратты сақтайды. Ортомиксо, ареновирустарда кездеседі.
Бір жіпті үзілмелі сақиналы РНҚ-ның түрі. Мұндай сақиналы молекулалар соныңдағы сутегі арқылы байланысып тұрады. Бұларға буньянвирустары жатады.
Екі жіпті үзілмелі РНҚ. Бұл РНҚ-ның ерекше түрі. Оған реовирустар жатады. Үзілімдер 10-12-ге жетеді.
Бір жіпті РНҚ 2 малекуладан тұрады өзара бірдей РНҚ-ның мұндай түрі ретровирустарда кездеседі.

РНҚ-лы бар вирустардың жіктелуі және олардың кейбір қасеттері.
№
Тұқымдастар
Қабықшалы н-е
қабықшасыз
Каспид
Семет
риясы
Вирион
Мөлшері
нм
Торшада өсіп өнеді
Түр өкілдері
1
Пикорнавирустар
қабықшасыз
куб тәрізді
25
Цитоплаз
мада
Аусыл, А гепатит вирустары, адам энцефаломиокардиттік вирусы, риновирустар
2
Калицивирустар
35
Шошқа тері ауруының вирусы, адамның калицивирустары.
3
Тогавирустар
қабықшалы
60
Жылқының шығыс және батыс амаерикалық энцефалит, сары безгегі, шошқаның европалық оба вирустары
4
Бирнавирустар
60
Тауықтың жұқпалы бурсит вирусы
5
Короновирустар
Спираль
Тәрізді
100
Құстың жұқпалы ларингит ауруының, шошқаның трансмиссивті ішек-қарын ауруының, адам, тышқан ауруының короновирустары
6
Парамиксовирустр
225
Ньюскаль ауруының, парагрипп 1, 2, 3, 4 ірі қара және ет қоректілер обасының, РС вирустары
7
Рабдовирустар
120
Цитоплаз
мада
Құтыру ауруының, адам, жылқы ауруларының вирустары
8
Ортомиксовирустар
100
Цитоп. РНҚ ядро
Тұмау вирусының А. В. С. түрлері
9
Бульянвирустар
95
Цитоплаз
мада
Бульямвера, Рифт алқабының Найроби вирустары.
10
Ареновирустар
50-300
Тышқанның лимфоцитарлы хориоменицит, Ласса вирустары
11
Ретровирустар
күрделі
90
Ядро и
Цитоп
Онковирустардың С. В. Д. Түрлері, көбікті вирустар, висна маэди вирустары
12
Реовирустар
қабықшасыз
куб тәрізді
70
Цитоплаз
мада
Адам, мал реовирустары, ротавирустар, орбивирустар

ВИРУСТАРДЫҢ КӨБЕЙЮІ
Вирустар- адам, жануар, құс, өсімдік және бактериялардың вирус ауруларын қоздырушылар.
Вирустар- тек жасушаның ғана ішінде тіршілік ететін тоғышарлар немесе ағзанаң ішінде ғана өсіп жетіледі.
Вирустар жоғары сатыдағы азғалар сияқты жыныстық жолменде, бактериялар сияқты бөліну жолымен көбеймейді. Сондықтан да көбею деген сөздің “репродукция” латынның re-қайталану, producere- өндіру, пайда болу деген сөздерінен шыққан деген термин қолданылады.

Әлгіеде айтып өткендей, вирустарда ерекше дисьюктивтік көбею жолы кездеседі. Бұл ерекшелікті мынадай жағдайдан байқауға болады: зақымданған жасушада вирус жоғалып кетеді де, олардың компоненттерінің құралуы біраз уақытқа созылады. Вирус белгілі бір мерзімде және кеңістікте өсіп жетіледі. Мысалы, вирустардың нуклеин қышқылы жасушаның ядросында пайда болады, ақуыздары цитоплазмада, ал вирус- цитоплазма мембранасының ішкі жағында жиналады да, қабықшасы вирус жасушадан шыққан кезде бүршіктену жолымен пайда болады.
Вирустардың көбею сатылары:
Адсорбция- вирустың жасушаға жабысуы;
Вирустың жасушаға енуі;
Депротенизация- вирустың жасуша ішіндегі бөлінуі

ВИРУС АУРУЛАРЫНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ
Вирустардың тек торша ішінде ғана тіршілік ететіндіндігіне орай, вирустың әсерінен болатын жасушадағы өзгерістерді зерттеген кезде, әрейне бір ғана жасуша зақымданбайды, жасушалар тобы зақымданады.
Зақымданған жасушада ауру қатерлі немесе созылмалы түрде өтеді.
Аурудың қатерлі өтетін жағдайда инфекция өршиді, жасушалар тобы зақымданып өледі.
Індеттің созылмалы түрінде инфекция ұзаққа созылады. Аурудың бұл түрін жасырын, персистенттік (персистенция- деген сөз латынның persistere- ұзаққа қалу, көнбеу деген мағана береді) стационарлық түрі депте атайды.
Вирустардың ағзаға таралуына сәйкес ағзадағы аурулар
Аурудың өршіген түрінде вирустардың қан-
мен, лимфамен нерв жүйесі арқылы тараған
Кездерінде кездеседі. Аурудың бұл түрі көпке
созылады. Мысалы, шешек ауруы вирусы тері-
ні де, кілегейлі қабықты да зақымдайды. Ауру-
дың өршіген түрінде гуморальді факторлардың-
Иммуноглобулиннің G, M кластарының ма-
ңызы зор. Аурудың ошақты түрі кейде өршіген
түріне уысып кетуі мүмкін.
Аурудың ошақты түрінде вирус енген
жерде белгілі бір ағза зақымданады.
Мысалы, тыныс жолы ауруын алайық,
оның шектелген аурыратын орны- тыныс
жолының кілегейлі қабығы. Аурудың шектел-
Ген түрі тез өтеді. Себебі ағзаны қорғайтын
факторлар иммуноглобулиндердің А тобы
(Ig, A) тез іске қосылады. Олар тыныс жолының
кілегейлі қабығының сілекейлерінде кездеседі

ВИРУСҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ
Вирусқа қарсы иммунитеттің негізгі қызметі- ағзаға енген вирустарды тауып алу және ағзаны сол вирустан, олардың антигендерінен және вирус зақымданған жасущалардан тазарту.
Вирусқа қарсы тұрудың екі түрін атап өту қажет:
Вирусқа деген табиғи немесе туа біткен түрде және нәсілдік қасиетке сәйкес төзімділік. Ол жағдай туа біткен қасиетке немесе өсе келе ағзаның белгілі бір ауруға қарсы тұрарлық қасиетіне сәйкес болады. Көрсетілген екі жағдайда ағзада вирус өсіп көбейе алатын жасушалар болмайды немесе фагоцитоздың, нигибиторлардың (ағзадағы арнаулы емес қорғану факторлары) арқасындаағзада вирусқа қарсы тұрақлық жағдайлар жеткілікті болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz