ДНҚ РНҚ


Slide 1

Нуклеин

қышқылдары

Орындаған:

Найманғазы Айым, Калиаскарова Сымбат

Тобы:Бпқ311

Slide 2

Нуклеин қышқылдары - тірі организмдегі тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтай отырып, оны келесі ұрпақтарға жеткізетін күрделі құрылысты молекула.

Slide 3

Нуклеин қышқылдарын бұдан жүз жылдан аса уақыт бұрын (1869) Ф. Мишер ірің жасушасының ядросынан белокпен қосынды - нуклеин (лат. nuсleus - ядро) түрінде алғаш рет бөліп алған. Oны 1899 жылы Р. Альтман жануар ұлпасынан және ашытқы жасушасынан белоктан бос күйінде, ал 1936 жылы А. Н. Белозерский өсімдік ұлпаларынан бөліп алды.

Slide 4

Нуклеин қышқылдарының құрамынан мынандай пиримидин туындылары табылды: цитозин, тимин, урацил және т. б.

Slide 5

Цитозин, урацил және тимин мөлшері нуклеин қышқылдарында біршама болса, ал 5-метилцитозин және 5-оксиметилцитозин өте аз мөлшерде және оның өзінде де кейде кездеседі. Сондықтан да олар минорлық (экзотикалық) негіздер деп аталады. Белоктар құрамындағы сирек кездесетін амин қышқылдары сияқты оларды да нуклеин қышқылдары құрамында кейде кездесетін негіздер деп атауға болар еді. Нуклеин қышқылдарының пурин негіздері гетероциклдық-пуриннің туындысы болып табылады.

Slide 6

Нуклеин қышқылдарының құрылымдық элементтерінің арасынан пиримидин негіздері, пурин негіздері, көмірсулар және фосфор қышқылы табылған.

Кезектесіп келетін қосарланған байланысы бар алты мүшелік сақина түріндегі құрылымдық формула бензолға ұқсас. Атом аралық қашықтарды өзара салыстырып қарасақ, шындығында, пиримидин молекуласында әдеттегі қосарланған да, қарапайым да байланыстар жоқ, онда атомдар сақинасының барлық құрамдастарының π-электрондарының өзара әрекеті бар.

Slide 7

Нуклеин қышқылдарының құрамына бір-біріне ұксас екі моносахарид: рибоза және дезоксирибоза кіреді. Бұл моносахаридтер бос күйінде сақиналы-тізбекті таутомерия түрінен туындайтын барлық таутомерлік түрінде болады. Нуклеин қышқылдарының құрамында бұл екі моносахарид -D-рибофураноза түрінде кездеседі.

Slide 8

Нуклеин қышқылдарының қызметі:

Генетикалық ақпаратты тасымалдайды (сақтайды) ;

Организмдер көбейген кезде немесе клеткалар бөлінген уақытта генетикалық ақпаратты тасымалдайды;

Белок синтезіне қатысады.

Slide 9

Нуклеотидтер - нуклеин қышқылдарын құрайтын негізгі құрылымдық бірлік.

Нуклеотидтер бір-бірімен ковалентті байланыс арқылы байланысқан 3 түрлі химиялық бөліктен тұрады:

Slide 10 Slide 11

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуын қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылы. Бiр организмнiң барлық жасушаларындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды.

Slide 12

ДНҚ-ның қызметі:

Slide 13

ДНҚ үш құрылымдық бірліктен тұрады:

Slide 14

ДНҚ-ның екінші реттік қос спиральінің құрылымын 1953 жылы Френсис Крик пен Джеймс Уотсон ұсынды. Олар модельді Морис Уилкисон мен Розалинд Франклиннің рентген құрылымды деректеріне және Чаргаффа ережелеріне сүйене отырып құрап шығарған.

Slide 15

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) - жоғары молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. Организмде РНҚ ақуыздармен кешенді байланысқан рибонуклеотидтер түрінде болады. РНҚ генетикалық ақпараттың жүзеге асуы мен ақуыз синтезіне қатысып, барлық тірі организмдерде аса маңызды биологиялық рөл атқарады.

Slide 16 Slide 17
Ұқсас жұмыстар
транскрипцияның молекулалық негізі
ДНҚ - ның транскрипциясы
Транскрипция процессі
ДНҚ бөлімі
ДНҚ молекуласының құрылымы
Геннің экспрессиясы
Тұқым қуалау ақпараты берілу тиіптері
ДНҚ - ның құрылысы
РНҚ БИОСИНТЕЗІ
Вирустардың таксономиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz