ҮСТІНЕН КИЕТІН КИІМ АТАУЛАРЫ



Қазақ ұлттық киім атауларына этнолингвистикалық талдау
Орындаған; Куралбаева Р.
Қыдырмолдаева А.
Тексерген; Ордабекова Х. А.

Киім-кешек атауларына танымдық, этнолингвистикалық тұрғыда талдау жасауда:
Ш. Уәлиханов, Р. Сыздық
Ә. Марғұлан, Е. Жанпейісов
С. Мұқанов, Ж. Манкеева
Ө. Жәнібеков, Т. Байжанов
С. Қасиманов т. б. А. Сейілхан
Қ. Қайрбаева

Киім-кешек атаулары
Ұлттық мəдениеттің ерекшелігін танытумен қатар, қазақ лексикасы байлығының бір бөлшегін құрайды. Адамдардың киім киісі олардың ақыл- парасатын, мəдениетін, əлеуметтік жағдайын, мінез-құлқын да аңғартады. Қазақ киімінің ұлттық сипатын ғалым Ө. Жəнібек өз еңбегінде былайша танытады: «Қазақ киім-кешегі - ұрпақтан ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сəндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс. Оның қай-қайсымыздың болса да, ұлттық мақтаныш сезімімізді оятатыны хақ»

күнделікті тұрмыстық салтанаттық-сəндік
Жәрдем Кейкін

Киім атаулары тілімізде этнографизмдер қатарынан танылып, халық мəдениетін танытуға жол ашады. «Киім-кешек атаулары ұлттық, мəдени, тілдік процестер туралы «ақпарат» беріп қана қоймайды, олар тілдік шығармашылықтың «тірі қазынасы» іспетті. Талғам мен салтанаты жарасқан қазақтың киімі ұлттық мəдениеттің жарқын көрінісі».

Ж. Манкеева киім атауларына қатысты лингвистикалық және этнографиялық зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып классификация ұсынады.
1. Сырт киім атаулары
2. Үстінен киетін киім атаулары
3. Іш киім атаулары
4. Бас киім атаулары
5. Әскери киім атаулары
6. Аяқ киім атаулары
Киімнің құрамдас қосымша бөліктерінің атаулары
8. Киімге тағылатын әшекей бұйымдар атаулары
9. Киімнің маусымдық ерекшеліктеріне қарай аталуы

1. Киімнің маусымдық ерекшеліктеріне қарай аталуы:
а) қыстық киімдер: күпі, тон, ішік, жарғақ, шидем шекпен (тон сыртынан киілетін киім), иленген қой терісінің жүнін ішіне қаратып тіккен тері шалбар, жарғақ шалбар (ешкі не киік терісінен иленіп, боялып тігіледі) ;
қысқы бас киім: екі құлағы және артқы етегі бар шошақ тымақ, елтірі не аң терісінен тігілген шошақ төбелі бөрік;
қыста киіетін еркектердің аяқ киімдерінің атаулары: өкшесі биік, қонышы тізені қаптап тұратын шоңқайма етік, былғары саптама, аңға киетін қайқы бас тұмсық жұмсақ етік т. б.
ә) жазғы киімдер: жейде, ішкиім, барқыт пен қыжымнан тігілген шалбар, жеңіл шапан, тақия, жалбағай, шошақ төбелі ақ қалпақ, кең етекті айыр қалпақ, желбіршек көйлек, мауыты мен шұғадан тіккен камзол;
ерлер мен әйелдердің жазғы аяқ киімдері: тағалы жеңіл етік, жұмсақ теріден тігілген мәсі, сауыр былғарыдан тігілген кебіс, шоқай (көбінесе аңшылар мен малшылар киген шәркей, шабата) .

Бөрік сөзі бүр - бүру, бүрлеу етістігімен де байланысты болуы мүмкін деп топшылаймыз. Себебі моңғол тілінде: «бүрээс - покрышка, покрывало; бүрхээк - покрывать, накрывать сверху» бөрік>бөр (бүрке) Дмитрев. Бөрік - жеткіншектерден бастап, ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Ол етегін айналдыра қымбат тері жапсырылып дөңгеленген пошымда тігіледі. Оның пошымына, тігілген материалына қарай шошақ бөрік, үкілі бөрік, камшат бөрік сияқты түрлерге белінеді.
Бөрік - елтіріден, аң терісінен істеліп, матамен тысталған құлақсыз баскиім .
Бөрік

а) бойжеткен қыздар мен жас келіншектер киімінің атаулары: көйлек, бүрмелі көйлек, кестелі көйлек, желбіршекті көйлек, қос етек, бешпент, шапан, үкілі тақия, кәмшат бөрік т. б. ә) ұзатылған қыздың (қалыңдықтың) және жаңа түскен келіншек киімінің атаулары: шошақ төбелі сәукеле; сәукеленің бөлшектері: салпыншақ, бетмоншақ, жақтау, желек (бір жыл өткен соң келіншекке желек салынады, оны 1-2 бала тапқанша салады) . б) 30-40 жастағы және орта жастағы әйелдер киімінің атаулары: кимешек, оның әшекейлерінің атаулары: төбелдірік, бергек, түйреуіш, жаулық // ақ жаулық (бірнеше бала туған орта жастағы әйелдер көзге түсерліктей әшекейі жоқ кестелі кимешек не ақ жаулық тартады) . в) кәрі әйелдер мен кемпірлер киімнің атаулары: камзол, кимешек, үлкен ақ шаршы орамал, күндік (кимешектің үстінен орайтын ақ мата) .
2. Киімнің жас ерекшелігіне қарай аталуы:

«Сәукеле» лексемасы «сәу» және «келе» толық мағыналы екі сөзден құралған. «Сәу» компоненті көпшілік түркі тілдерінде кездеседі: көне түркі тілінде say- здоровый, целый, хороший ; тат. сау- целый, чув. тыва - здоровый т. б. Ал екінші компонентін қарастырайық, қырғ. күлә - «тюбетейка, надеваемая под чолму, конусообразная шапка», парсы тілінде куга - шапка календера; чаг. кylyk - головная повязка: азер: гүллә -башня мағыналарында берілген.
Е. Жанпейісов

3. Киімнің жергілікті, аймақтық, ру-тайпалық ерекшелігіне қарай аталуы: оңтүстік қыздары киімдерінің атаулары: бүрмелі көйлек, жібек орамал (латте деп те атайды), қасаба (сәнді бөрік түрі) . Оңтүстікте әнижан жаулық // әндіжан жаулық, батыс өлкеде күліш көйлек атауларынан көрші елдердің әсері сезіледі.
4. Әлеуметтік жағдайға байланысты киім атаулары: а) күйеуге шыққан әйел киімінің атаулары: кең тігілген жон көйлек, камзол, жаулық, сұлама (жаулықтың орнына арқасы мен иығын жауып тұратын жаулық түрі) .
ә) киімнің ру-тайпалық ерекшелігіне қарай қалыптасқан атаулары: керей тымақ, найман тымақ, арғын тымақ, албан бөрік, қызай қалпақ т. б.

Кимешек (киім-кешек) киім-кешек деген сөздердің кірігіп -шек кішірейткіш жұрнағы арқылы пайда болған кәрі әжелер киетін бас киім сияқты
Кимешекті 25-40 жас аралығындағы әйелдер киген. В. В. Радлов сөздігінде «кімашак / kir/ - головной убор старых женщин» деп түсіндіреді.

5. Тойда, әртүрлі ұлттық мерекелерде киетін біркиер киім атаулары: а) ер адамдар киімнің атаулары: бешпент, кең шалбар, шапан, шекпен, ақ киіз қалпақ, айыр қалпақ, дөңгелек тақия, қайқы тұмсық етік. ә) әйелдердің салтанатты киімдерінің атаулары: қос етек көйлек, жеңсіз қынама бел камзол, кемер белдік, үкілі тақия, қарқара (төбесі биік, шошақтау келген, жайлауға көшкенде бай қыздары киетін, қауырсын қадаған сәнді бас киім; оны жас әйелдер де киген), сәукеле.
Қос етек көйлек - жібек, торғын, шәйі сияқты асыл матадан тік жаға, кең етек етіп тігілетін көйлек. Етегіне өрнектеліп, бүрмеленген қос желбіршек салынады, сондықтан "қос етек көйлек" деп аталады.

Тымақ - ер адамның бас киімі. Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы - түлкі тымақ. Тымақтың маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді

Шапан
Ж Ш
Жап>жаб>жау
Баскаков: жупан ~ жопан `провинциальный правитель` - титул у булгар: < copan ~ žopan ` župan + jupan < copan. tsou-pan > copan `серетарь, канцлер`
Шапан - қалыңдықтың сырт киімі. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Шапанның өңіріне оюлы өрнек салынса, етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді. Бұл - өсіп-өнсін, өркенді болсын деген тілек белгісі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz