Қазақ тілі тарихындағы 1072 - 1940 жылдар аралығындағы алфавиттердің ауысуы




Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы

Қазақ тілі тарихындағы 1072-1940 жылдар аралығындағы алфавиттердің ауысуы.

Латын әліпбиі.
Латын алфавиті - көне және халықаралық
алфавит. Латындар - римдік көне тайпалар.
Олардың алфавиттері біздің дәуірімізден
бұрын VIII-VII ғасырларда пайда болған.
Кеңес Одағы кезінде түркі тілінде сөйлейтін
халықтардың арасынан шыққан көрнекті
ғылым қайраткері Н. Н. Нариманов араб
алфавитінен жалпы түркіге ортақ жаңа
алфавитке көшу қажеттігі жайында ұсыныс
жасады. Латын алфавиті 1928-1929 жылдары
Қазақстанда қолданыла бастады. Сөйтіп
1929-1939 жылдары Қазақстанда жаңа
алфавитке көшу жазба мәдениетімізде
белгілі бір тарихи кезең болған. Х. Досмұха
-медов латын Әліпбиіне қарсы болса да,
мемлекет қайраткері ретінде қазақ тіліне
үйлестіріп латын әліпбиін жасады.

«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады»
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауынан

2006 жылы Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында:
«Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», - деген еді.


Латын графикасына байланысты пікірталастардың басталуы.
1920 жылы «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ», «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Жаңа мектеп» газеттерінде көрініс тауып, газет төңірегіне ұйыса бастайды.
Н. Төреқұлов «Бізге қандай әліппе керек», Ә. Байдилдиннің «Жаңа әліппе тарихынан», Б. Байтоғайұлы, Қ. Басымов, М. Дулатов, Т. Шонанұлының «Бізге жаңа әліппе не үшін керек», О. Жандосұлы, М. Жолдыбаев, Қ. Жұбанов, Е. Омаров, Қ. Кемеңгеров, Н. Қаймекеұлы, Ж. Аймауытовтың, М. Мұхтарұлы «Дыбыс белгілерін негізінен өзгерту керек» т. б.
Жалпы Шығыс елдеріне жақын орналасқан дамымаған мемлекеттердің алғашқы жазу графикасы ретінде латын әліпбиінің енуі 1924-32 жылдар аралығын қамтиды.


Айдос САРЫМ, саясаттанушы:
- Қазақ тілінің латын әрпіне көшуі - алдымен қазақтың шаруасы. Орыс тіліне, орыстың мектебіне, басқасына бұның ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан бұл мәселені тым саясиландырмай, шын өзіміздің ұлттық мүддемізден туындайтын осындай қадамдар жасауымыз керек.
Бұның артында үлкен саясат және үлкен экономика жатыр. Үлкен саясат дейтініміз - Қазақстан ерте ме, кеш пе, детоталитаризация және деколонизация үдерістерін өзінің басынан өткізуі керек. Рухани құлдықтан шығудың, Ресейдің ықпалынан шығудың бірден-бір жолы, жалпы түркі халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы - ортақ әліпбиде жүру. Менің түсінігімде, Өзбекстан тәжірибесі аса мәз емес. Кем дегенде Әзірбайжан сияқты мемлекеттердің осындай үлкен қадам жасағанын ескеру керек. Біз де ХХ ғасырдың өзінде 2-3 рет әліпбиді ауыстырдық. Сол тәжірибенің бәрін зерттейтін үлкен орталық ашып, сонда 2-3 жыл бойы барлығын саралап, бүгінгі заманға лайықты әліпбидің нұсқасын жасап, жүйелі түрде үлкен саяси шешіммен, жігермен іске асыратын болсақ, қазақ ұлты ол тұрғыдан ұтылмайды. Керісінше, ұтады.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, профессор:
Бүгінгі жағдайда латын қарпіне көшу арқылы біз мәдениетімізден айырыламыз, жауһар қазынамыздан айырыламыз, деген байбаламдарды мен өз басым негізсіз деп есептеймін. Латын қарпіне көшуді біздің замандастарымыздың, зиялыларымыздың кемі 85 пайызы қолдайды. Кеңестік тұстағы түрлі тілдік практикалық қателіктердің барлығы түзетіледі деп есептейді.
Тәуелсіздік кезеңінде латын қарпіне көшу туралы мәселе 1992 жылы көтерілді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz