Бактериялардың өсу фазалары


Slide 1

Микроорганизмдер физиологиясы Микроорганизмдердің көбеюі және тіршілік циклі

Орындаған: Мұхтазар А. Б.

Тобы:ХБ-20-1

Қабылдаған: Шолпанқұлова Г. А.

Slide 2

Жоспары

1. Бактерия клеткаларының өсуі

2. Бактерия клеткаларының көбею кезеңдері

3. Микроорганизмдерді қоректік ортада өсіру:

тығыз қоректік ортада және сұйық қоректік ортада өсіру

Slide 3

1. Бактерия клеткаларының өсуі

Бактерияның өсуі

- бұл бөлек торшаның көлемі және массасының ұлғаюы, яғни жасушаның барлық компоненттерінің бір мезгілде келісімді түрде ұлғаюын айтады. Жасушаның өсуі шексіз емес. Ең үлкен өсу деңгейіне жеткен кезде жасуша бөлінеді.

Slide 4

Бактериялардың көпшілігі көлденеңінен екіге бөлінеді.

Грам оң боялатын бактериялардың көпшілігінде бөліну көлденең қалқаның шетінен ортасына қарай синтезделуі арқылы жүреді

Грам теріс боялатын бактериялардың жасушаларының көпшілігінде көбею ортасынан тартылып, екіге бөліну арқылы жүреді.

Slide 5

Бактериялардың өсу фазалары

Slide 6

Әуелгі (1-2 сағ) - бактериялардың клеткаларының саны өзгермейді, аз ғана өседі

Көбеюдің кідіруі (лаг-фаза) - физиологиялық бейімделу кезеңі, жаңа ферменттер индукциясын, рибосоманың жиыны мен синтезін қосады. Бастапқы интенсивті жасушаның өсуі, бірақ бөліну жылдамдығы жоғары емес.

Экспоненциалдық фаза (логарифмдік) - жасушалардың тұрақты түрде максималдық жылдамдықпен бөлінуімен сипатталады. Бұл жылдамдық бактерия мен жылдамдық түріне байланысты болады. Бактериялардың арту уақыты генерациялану уақыты деп аталады, бұл уақыт бактерия түріне байланысты әртүрлі болады. Мыс: псевдоманад-14 мин, туберкулез таяқшасы-24 сағ.

Өсу жылдамдығының азаюы (2 сағ) - бактериальді жасушалардың активтілігінің төмендеуі және генерация кезеңінің ұзаруы ортада қоректік заттардың азаюынан болады, онда метаболизм өнімдерінің көбеюі және дақылдың ескіруі болады;

Тұрақты (стационарлы) (2 сағ) - тыныштық кезеңінде пайда болған және өлген жасушалардың саны арасындағы тепе-теңдік болады. Спора түзетін бактериялар (бациллалар, клостридиялар) споруляция кезеңіне өте алады;

Өлімнің жылдамдауы (бірнеше сағаттан, бірнеше аптаға дейін) ;

Логарифмдік өлім (3 сағ) ;

Өлімнің жылдамдылығының тежелу фазасы.

Slide 7

2. Бактерия клеткаларының көбею кезеңдері

Slide 8

Бактерияның көбеюі

- микроорганизмдердің

саны жағынан ұлғаюы,

өсіндінің қайта жаңару

қабілеттілігі.

- бактериялар бөліну

арқылы көбейеді. Бөліну

кезінде клетканың

ортасынан біртіндеп

қалқанша пайда болып,

клетка ішіндегі заттарды

екіге бөледі

Slide 9

Бактериялар бөліну арқылы көбейеді. Бөліну кезінде клетканың ортасынан біртіндеп қалқанша пайда болып, клетка ішіндегі заттарды екіге бөледі. Микробактериялардың кейбір түрлерінде бұл байқалмайды. Бәлінудің соңғы түрі, ересек бактерияларда байқалады

Егер таяқша тәрізді клеткалар бөлінгенде өз ара тең екі клетка пайда болса, оны изоморфты бөліну деп

клетка бірдей тен, екіге бөлІнбей бөліктері әр түрлі болса - гетероморфты бөліну деп атайды

Slide 10

Бактериялардың көбеюі

Жынысты

Жыныссыз

Вегетативті

Slide 11

Жынысты

Екі клетканың бір-бірімен түйісуінің нәтижесінде жүреді.

Жыныссыз

Спора түзу арқылы жүзеге асады.

Вегетативті

Клетканың жай ғана екіге бөлінуі арқылы жүреді.

Slide 12

Бұл кезде ортадағы бактерияның коректік заттары таусылады. Ұзақтығы түрлі микроорганизмдер үшін түрліше болып келеді.

Slide 13 Slide 14

Споралардың түзілуі, формасы, төзімділігі

Споралар- жасуша қабырғасының грам- оң сияқты, тыныштық жағдайдағы жағдайдағы бактериялардың өзгеше формасы.

Спора бактерияның тіршілік етуіне қолайсыз жағдайлар туған кезде түзіледі. Бактерия жасушасының ішінде бір спора түзіледі.

Slide 15

Споралардың формасы

Slide 16

Қоректік орта

Тығыз

Сұйық

Slide 17

Сұйық қоректік орта

Құрамына 0, 5%-ға дейін агар-агар қосылады.

Алу көзі: Жалпы агар немесе агар-агар - кейбір қызыл теңіз балдырларынан алынатын полисахаридтер қоспасы болып табылады.

Қолдану мақсаты: Микроорганизмдер мен бактерияларды өсіру үшін дақылдық орта дайындауда қолданылады. Ең алғаш 1883 жылы Кохтың зертханасында тығыз қоректік орта алу үшін агар қолданылған болатын.

Slide 18

Жартылай сұйық орта құрамына 0, 3-0, 7% агар қосылады.

Қатты қоректік орта құрамында 2% агар немесе 12-15% желатин болады.

Құрамында органикалық қосындылары жоқ, өте тығыз қоректік орталарды ығыстыру үшін силикагель немесе кремнексиль гелі қолданылады. Көкөністердің кесінді бөліктері мен ұйып қалған қан - тығыз қоректік ортаға мысал бола алады.

Slide 19

Тығыз - сұйық қоректік ортадан дайындалады, оған гельді агенттер - агар немесе желатин қосылады. Тығыз орталар микроорганизмдердің таза дақылдарын бөліп алу үшін, диагностикалық мақсатта, микроорганизмдерді сандық есепке алу, анықтау, протеолитикалық және антагонистік белсенділік үшін қолданылады.

Қатты қоректік орта құрамында 2% агар немесе 12-15% желатин болады.

Құрамында органикалық қосындылары жоқ, өте тығыз қоректік орталарды ығыстыру үшін силикагель немесе кремнексиль гелі қолданылады. Көкөністердің кесінді бөліктері мен ұйып қалған қан - тығыз қоректік ортаға мысал бола алады.


Ұқсас жұмыстар
БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ КӨБЕЮІ
БАКТЕРИЯ МОРФОЛОГИЯСЫ, ӨСУІ, КӨБЕЮІ, ҚОРЕКТЕНУІ ТУРАЛЫ
Микроорганизмнің таза культурасы
Микроорганизмдердің өсу кезеңдері
Микроорганизмдердің қоректенуі
Микроорганизмдерді культивирлеу әдістері
Метаболизм жолдары Биохимиялық Мысал механизмдер
Биологиялық ырғақ. Жарықкезеңділік.Радиация
Биологиялық ырғақ. Жарықкезеңділік. Радиация туралы
Ашыту процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz