Мал азықтық қызылша
Презентация қосу
Тақырыбы:
Тамыржемістіле
р
Дайындаған: Жумабекова Айым
Тексерген:
Мал азықтық қызылша
Мал азықтық қызылша (Beta Vulgaris) - екі
жылдық алабота тұқымдасына жататын өсімдік.
Бірінші жылы жуандау тамыр жемісін жəне тамыр
түбінен тараған жапырақтар түзеді. Екінші жылы
түбірдегі бүршіктерден гүл салатын өскіндер
шығып, сонда жеміс пен тұқымдар салады. Тамыры
кіндікті, 0,8-2,8 м тереңдікке бойлайды.
Тамырының негізгі бөлігі 40-50 см тереңдікте
орналасады. Гүл салған өскіндердің биіктігі 1м
дейін жетеді. Түбірінен шығатын жапырақтары
сағақты, жапырағы біртұтас жүрек-жұмыртқа
тəріздес. Сабағындағы жапырақтар ұзынша
үшбұрыш тəріздес. Түсі ашық-жасыл, беті тегіс.
Морфологиясы
Гүлшоғыры - сіпсебас, гүлі екі жынысты. Гүлдері топтасып өседі, бір
түйнегінде 2-6 тұқым түзеді. Тұқымы өте ұсақ, түйнегінің сырты қатты.
1000 түйнектің массасы 15-40 г. Мал азықтық қызылша суыққа шыдамды.
Тұқымы +3-4º жылылықта өсіп-өне бастайды. Вегетация кезеңіндегі
керекті температура жиынтығы 1500-2400ºс. Ылғалды көп керек етеді,
бірақ ылғалды тиімді пайдаланады. Транспирациялық коэффициенті 220-
450 ге тең. Ылғалды ең көп керек ететін кезеңі вегетативті массасы жəне
жапырақ көлемі толықтай шыққан кезі. Мал азықтық қызылша қысқа
күннің өсімдігі. Тамыржемісінің қарқынды өсуі күн қысқарған кезде
байқалады. Қазақстанда өсіруге ұсынылатын сорттары Полусахарная
белая, Сахарная округлая 0143, Эккендорфская желтая.
Жер алмұрты
Жер алмұрты немесе Топинамбур (лат.
Helianthus tuberosus) – астралылар
тұқымдасына жататын тамыр жемісті
көп жылдық өсімдік. Отаны — Солтүстік
Америка.
Жер алмұртыныңның сабағы,
жапырағы күнбағысқа ұқсайды, бірақ
жапырағының көлемі одан кішілеу,
сабағы жіңішке болады. Биіктігі 1-5 м.
Тамыр сабақтарынан көптеген (5 — 6,
кейде 30 — 40) ақ, сары, күлгін, қызыл
түйнектер дамиды. Олардың пішіні
ұзынша, сопақша, домалақ болады.
Құрамында протеин, фосфор, темір, С1, В1 витаминдері бар. Түйнегі
тағамға, малға жем ретінде, спирт және фруктоза алуға пайдаланылады.
100 кг тамыр түйнегі 25 — 27 азық өлшеміне тең, онда 1,5 кг сіңімді
протеин бар. Жер алмұртын көктемде немесе күзде егеді. 1 га-дан 200 —
250 ц түйнек, 350 — 500 ц көк шөп алуға болады. Топинамбурда 20%
инулин, 1,5—3% азотты заттар, 2—5% сахароза бар. ( Топинамбурды
малға жем ретінде, 1 спирт, инулин алу үшін және қуырып тағам ретінде
қолданылады.
Тамыр түйнектерін топырақ астында сақтап, қажет кезде қазып алуға
болады. Жер алмұрты мал азықтық дақыл ретінде Қазақстанның барлық
аудандарында өсіріледі.
Жер алмұртының 100 граммында 306 ккал бар. Құрамында A, B1, B2,
B6, C және E дәрумендері бар. Кұрамында кремний, калий, әк, фосфор,
темір және цинкпен қатар фруктоза, пектин өзегі мен аминқышқылдары
бар.
Жер алмұртының биологиясы
Сабағы біржылдық, тік, шеңбер тəріздес түктері қатты жəне жақсы
бұтақтанған. Биіктігі 1,5-4,0 м дейін өседі. Жапырағы қарапайым,
сабағы ұзын, пішіні жұмыртқа тəріздес, қалың түктілі. Жапырағының
саны орта есеппен 20-30 дана. Гүлшоғыры - себет тəрізді, гүлдері
түтікше келген. Гүлінің желектері сарғыш немесе қызғылт-сары түсті.
Өздігінен не болмаса айқас тозаңданады. Жемісі - қара сұр тұқымша.
1000 тұқымның массасы 7-9 г. Жер алмұртының түйнектері +4-6º С
жылылықта өсе бастайды да, оның қалыпты өсуі +8-12º С жүреді.
Өскіні мен қалыптасқан өсімдігі жылуды аса қажет етпейді жəне -6º С
шыдайды.Жер бетінде орналасқан түйнегі-10º С дейін суыққа
шыдайды. Оның осындай суыққа шыдамды қасиетін құрамындағы
инулин мен аздап қант болуымен байланыстырады жəне бұл өсімдік
ыстыққа да біршама шыдамды.
Сәбіз
■ Мал азықтық сәбіз (Daucus carota L.) – екіжылдық шатырша
гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Бұл ерте заманнан
тараған көкөніс дақылы, жер шарының барлық елдерінде
тараған. Сәбіздің отаны алдыңғы Азия, сол жерде оның
мәдени түрі пайда болды. Сәбіз еттің дәмділігін және құс
өнімін айтарлықтай көтереді. Сәбіздің тамыржемісі мен
ұсақталған жапырақтары малдар мен құстарға тамаша азық.
Олардың құрамында қорытылатын ақзаттар, кальций және
каротин көптеп кездеседі (53-ші сурет). Қазақстанда сәбізді
Орталық және Солтүстік аймақтарда өсіреді, ал оңтүстікте
суармалы жерлерде өсіруге тиімді. Оның әр гектардан
тамыржемісінің өнімі 250-350 ц, пәлегінің өнімі – 35-70 ц
шамасында. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.
Сәбіз екі жылдық өсімдік
Тарна және Шалқан
■ Бұлар —қырыққабаттар тұқымдасына жататын екі жылдық,
салқын, әрі ылғалды климаттың айқас тозаңданатын өсімдіктері.
Шалқан тарнаға қарағанда суыққа төзімдірек. Оның тұқымы 1-
2°С-та өне бастайды. Топырақ температурасы 8-10°С болғанда,
дымқыл топыраққа себілген тұқымның көгі 3-4 күннен кейін пайда
бола бастайды және -5°С бозқырауға шыдайды. Ал жетілген
өсімдігі -б°С суыққа шыдайды. Тарнаның да тұқымы +1-2°С-та
өнеді, бірақ өте баяу. Тұқымның сіңіру қабатындағы топырақ
температурасы +8-10°С болғанда, оның өскіні 4-5 күннен кейін
пайда болады. Екеуі де ылғал сүйгіш өсімдіктер, бірақ шалқан
басымырақ. Бұлардың өсуіне топырақтың қолайлы дымқылдығы
(ТДЫ) -70-75%. Тарна саздақ топырақтарды қалайды, ал шалқан
жеңіл топырақтарда да өсе алады. Топырақ ерітіндісінің реакциясы
рН-6,0-6,5 болғаны дұрыс.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz