Жүйенің қызметін анықтайтын мақсаттар міндеттер



Білім көп аспектілі
феномен ретінде.
Дайындаған: КАФ-31

Жоспар:
-Кіріспе
Негізгі бөлім
Білім беру ұғымы
Білім беру түрлері моделдері
Білім беру жүйесінің компоненттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Кіріспе

1. Әлеуметтік масштабта қарастыру, яғни әлемдегі, белгілі бір елдегі, қоғамдағы, аймақтағы, ұйымдағы және т. б. білім. Бұл жерде мемлекеттік, жеке, қоғамдық білім беру жүйесі бар.
2. Білім сатысы. Мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, толық емес орталау және орта білім, әр түрлі деңгейдегі жоғарғы білім, бакалавриат, магистратура, біліктілікті жоғарылату, аспирантура, докторантура, мамандарды тереңдетіп даярлау.
3. Білім профилі: жалпы, арнайы, математикалық, гуманитарлы, қоғамдық-ғылыми және т. б.
Білім беру үш өлшеммен қарастырылады:

Мазмұнының типі бойынша
Биологиялық;
Математикалық;
Дене тәрбиелік;
Экономикалық;
Филологиялық және т. б.
Білім беру түрлері
Доминантты мазмұнына байланысты
Теориялық
- гуманитарлық;
- жаратылыстану ғылымы;
Қолданбалы
- гуманитарлық;
- жаратылыстану ғылымы;
Адамзат әрекетін меңгеру шеберлігі мен түріне байланысты
Музыкалық;
Көркемдік;
Техникалық;
Технологиялық;
Педагогикалық;
Медициналық және т. б.
Білім берудің жүйе ретінде 3 өлшемде қарастырылуы

Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А. А. Вербицкий бойынша)
Бірінші тенденция- білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны, ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі) ;
Екінші тенденция- «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру.
Үшінші тенденция- басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.
Төртінші тенденция- оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т. б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру.
Бесінші және алтыншы тенденция- оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».

«Білім беру- жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдасқан әлеуметтену процесі» (Б. М. Бим-Бад, А. В. Петровский) .
«Білім беру- қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау жүйесі» (В. С. Безрукова) .
«Білім беру- білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту процесіндегі жетістігі жүйесі» (И. П. Подласый) .
«Білім беру- адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-қзі дамыту процесі» (Үлкен энциклопедиялық сөздік) .

Білім берудің психологиялық принциптері:
Қоғамның барлық тәрбиелеуші күштерінің, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатындағы (мектеп пен басқа арнайы институттар) бірлігі;
Ізгілендіру- қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретінде әр балаға көңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттері және дене қуаты жетілген азаматты қалыптастыруға бағдар беру;
Жіктеу (дифференциация) және даралау (индивидуализация), әрбір оқушының қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау;
Демократияландыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігін, шығармашылығын дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің мүдделерінен туған өзара әрекеттесу, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы.

Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (И. П. Раченко бойынша) :
Жүйенің қызметін анықтайтын мақсаттар мен міндеттер;
Оқыту мен тәрбиенің мазмұны;
Педагогикалық кадрлар:
Ғылыми кадрлар;
Оқушылар;
Материалдық-техникалық жабдықтау;
Жүйенің қаржымен қамтамасыздандырылуы және оның тиімділік көрсеткіштері;
Жағдайлар (психофизиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық және әлеуметтік) ;
Ұйымдастыру және басқару.
Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (Ф. Г. Кумбас бойынша) :
Жүйедегі әрекетті анықтайтын мақсаттар мен алғашқы міндеттер;
Оқушылар;
Жүйедегі әрекетті үйлесімді басқару, жетекшілік жасау және бағалау;
Оқу уақытының құрылымы мен бөлу, әртүрлі тапсырмаларға сәйкес оқушылардың бөлінуі;
Мазмұн;
Оқытушылар;
Оқу құралы;
Оқу процесіне қажет ғимарат;
Технология;
Білімді тексеру және бағалау;
Ғылыми-зерттеу жұмысы;
Жүйе тиімділігінің көрсеткіші, шығыны.

Білім беру моделдері
Білім беру моделі мемлекеттік-ведомстволық ұйым ретінде. Білім беру жүйесі мемлекеттік билік құрылымындағы халық шаруашылығының басқа да салалары сияқты өз алдына бөлек бағыт. Оның ведомстволық принцип бойынша қатаң түрде орталықтандырылған мақсаты болады. Білім беру мазмұны оқу мекемесінің номенклатурасы мен білім беру жүйесінің типіне сәйкес оқу пәндерін анықтаудан құралады.
Дамыта оқыту моделі (В. В. Давыдов, В. В. Рубцов және т. б. ) . Білім беруді ұйымдастыруды білім беру жүйесінің әртүрлі ранг, тип және деңгейлерінде кең түрде іс-әрекет кооперациясы арқылы жүзеге асырылатын ерекше инфрақұрылым ретінде қарастыруды меңзейді. Осындай құрылым білім беру қызметінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмақ және тез арада білім беру міндеттерін шешіп, білім беру спектрін кеңейтуді қамтамасыздандырмақ.
Дәстүрлі модель (Ж. Мажо, Л. Кро, Ж. Капель, Д. Равич, Ч. Финн т. б. ) . Жүйелі академиялық білім беру моделі мәдениеттің әмбебап (универсалды) элементтерін тасымалдау тәсілі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі концепцияға сәйкес білім беру жүйесі базалық білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру міндетін шешуі тиіс.
Рационалистік модель (П. Блум, Р. Ганьэ, Б. Скиннер т. б. ) . Білімді іскерлікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз ету арқылы қоғамға жас ұрпақты практикалық түрде бейімдеуді ұйымдастыруды шамалайды. Аталған модель аймағында жас ұрпаққа ауыртпалықсыз қоғамдық құрылымға енуге мүмкіндік беретін мәдени құндылықтарды тасымалдау-меңгерту жүзеге асырылады.
Феноменологиялық модель (А. Маслоу, А. Комбс, К. Роджерс және т. б. ) . Оқытудың тұлғалық сипаты білім алушылардың индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерін ескеруді, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне мұқияттылық пен құрметпен қарауды болжайды. Оның өкілдері мектепке «білім беру конвейері» деп қарауды теріске шығарады. Білім беруді гуманистік тұрғыда қарастырады.
Институционалдық емес модель (П. Гудман, И. Иллич, Ж. Гудлэнд, Ф. Клейн, Дж. Уолт, Л. Бернар және т. б. ) . Білім беруді әлеуметтік институттардан, соның ішінде мектеп және ЖОО тыс ұйымдастырудың қажеттігіне бағытталған, демек білім беру «табиғатта», интернет көмегімен, «ашық мектеп» жағдайында, дистанттық оқыту және т. б. жүзеге асырылады деген қағиданы ұстайды.

Білім беру жүйесінің басты міндеттері - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.
Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (7 - 8 ғ-лар) көптеген мектептер мен медреселер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары), діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, т. б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 18 - 19 ғ-ларда мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz